20.02.2020 Views

20 ақпан, 2020 жыл №20 (15490)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

КӨКЖИЕК 20 ақпан, бейсенбі, 2020 жыл 7

кеңейтудің тетіктері қандай?

басқармасына құжаттарыңызды

тапсыра аласыз. Бұл ретте бұған

дейін мемлекеттік грант конкурсына

қатысқан-қатыспағаныңыз

назарға алынбайды.

Медет, Успен ауданы:

- Мен ауылда шағын

кәсіпкерлікпен айналысамын.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы

шетелдік мамандарды цехқа

шақырып, олармен тәжірибе

алмасуға болады дегенді

оқыдым. Қай мемлекеттен,

кімді шақыратынымды өзім

таңдаймын ба, әлде нақты бір

адамды жібере ме?

Зарина НҰРЛАНҚЫЗЫ:

- «Бизнестің жол картасы -

2025» мемлекеттік бағдарламасының

төртінші бағыты аясында «Аға

сеньорлар» жобасы жүзеге асырылады.

Оған сәйкес, шетелдік

озық мамандармен өз елімізде

тәжірибе алмасу мүмкіндігі

қарастырылған. Бағдарламаға биыл

енгізілген өзгерістер бойынша,

қазақстандық сарапшыларды да

өндіріс орныңызға шақыра аласыз.

Тек туыстарыңыз, достарыңыз,

таныстарыңыз, яғни сіз қалаған кез

келген адам келе алмайды. Арнайы

базада тіркелген, сіз еңбек ететін

кәсіпкерлік саласының қыр-сырын

жақсы білетін білікті сарапшыны

ғана жібереміз. Бұл жоба тегін

іске асатынын да ескергеніңіз

дұрыс. Яғни, қалтаңыздан қаржы

шығармайсыз.

Малика, Павлодар қаласы:

- Грант алу үшін қай салада

бизнес ашу керек? Тағы бір

сұрағым - «Бизнес-мектеп» деген

не? Оның «Бастау-Бизнестен»

қандай айырмашылығы бар?

Жайық ТАЛАПҰЛЫ:

- Мемлекет тарапынан

қайтарымсыз қаржы мал

шаруашылығынан басқа кез

келген салаға беріледі. Ол үшін

бизнес-жоспарыңыз нақты әрі

инновациялық, тың бағытта болуы

керек. Кейін ғалымдар, депутаттар,

бұқаралық ақпарат құралдары

және тағы басқа сала өкілдерінен

құрылған комиссия жобаңыздың

қоғам үшін мән-маңыздылығын

саралап, соған сәйкес шешім

шығарады.

Зарина НҰРЛАНҚЫЗЫ:

- Тағы бір талап - «Бастау-

Бизнес» немесе «Бизнес-Кеңесші»

оқуларынан өткеніңіз туралы

сертификаттың болуы. Атап

өтерлігі, «Бастау-Бизнес» жобасы

бойынша жұмыссыздар ғана

4 апталық оқуға қатыса алады.

Ал «Бизнес-Мектеп» компоненті

екі жоба - «Бизнес-Өсім» және

«Бизнес-Кеңесшіден» тұрады. Егер

грант алғыңыз келсе, «Бизнес-

Кеңесші» бойынша білім алуыңыз

тиіс. Бұған дейін аталмыш оқуға

қарапайым тұрғындар қатысса,

бағдарламаға биыл енгізілген

өзгерістер негізінде 3 жылдан астам

уақыт бизнеспен айналысып келе

жатқан кәсіпкерлер ғана қатыса

алады. Сонымен қатар, бұған

дейін аталмыш жоба бойынша оқу

2 күн болса, қазір 10 күнге дейін

ұзартылды. Кәсіпкерлік сабақтары

онлайн түрде оқытылмайды.

Толығырақ мәлімет алып, «Бастау-

Бизнес» немесе «Бизнес-Кеңесші»

жобасының оқуларына тіркелу үшін

Павлодар қаласы, Луговая көшесі,

16 мекенжайының үшінші қабатында

орналасқан Өңірлік кәсіпкерлер

палатасына келсеңіз болады.

Қарлығаш, Ертіс ауданы:

- Мен бюджеттік салада

жұмыс істеймін. Өз бизнесімді

де бастағым келеді. Тұрақты

жұмысымды атқара жүріп, кәсіп

ашуға грант алсам бола ма? Әлде

ол тек жұмыссыз, декреттік демалыста

отырғандарға беріле ме?

Жайық ТАЛАПҰЛЫ:

- Тұрақты жұмысыңыз бола

тұра мемлекеттік грант конкурсына

қатысуға толық мүмкіндігіңіз бар.

Ол үшін жеке кәсіпкерлік ашып,

кәсіпкерлік негіздері оқуынан өтіп,

құжаттар тапсырсаңыз жеткілікті.

Нұрсұлтан, Баянауыл ауданы:

- Менің тұрақты жұмысым

бар. Бірақ одан шығып, туризм

саласында жеке кәсібімді

бастауды ойластырып жүрмін.

Осы орайда қояр сұрағым -

«Бастау-Бизнеспен» оқу тегін

бе? Сабақ неше күн жүреді?

Не үйретесіздер?

Зарина НҰРЛАНҚЫЗЫ:

- «Бизнестің жол картасы -

2025» мемлекеттік бағдарламасы

аясында «Бастау-Бизнес» бойынша

оқу тегін жүргізіледі. Оқу осы

жылдың наурыз айында басталады.

Егер аталмыш жоба аясында

білім алып, бизнес бастаймын

десеңіз, соңғы 2-3 айда шотыңызға

зейнетақы аударымдары жасалмауы

тиіс. Яғни, жұмыссыз болсаңыз

ғана қатыса аласыз. Сабақтар

Баянауыл ауданының орталығында

4 апта бойы түске дейінгі уақытта

өтеді. Оның барысында кәсіпкерлік

негіздерін, бизнес-жоспар құрып,

жеке кәсіпкерлік ісін жүргізіп, салық

және басқа да міндетті төлемдерді

жасаудың қыр-сырын үйренесіз.

Кейін 530 мың теңге көлемінде

грант алуға мүмкіндігіңіз болады.

Бұл қаржыны бизнесіңізге қажет

құрал-жабдықтарды сатып алуға

жұмсай аласыз.

Салтанат, Тереңкөл ауданы:

- Мен ауылда дүкен ашсам

деймін. Банктен несие алайын

десем, кепілзат сұрайды. Ал

менің үйімді кепілдік ретінде

алмайды. Сол кепілзатсыз-ақ

мемлекеттік бағдарламалардың

бірі арқылы несие алуға бола

ма? Немесе мемлекет кәсіпкерге

қандай да бір кепілдеме бере

ала ма?

Ақбота МҰРАТҰЛЫ:

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту

қоры қолдау көрсете алады.

Нақтысын айтқанда, егер сіздің

бизнеспен айналысқаныңызға

3 жыл толмаса, алатын несие

сомасының 85 пайызына дейін

кепілдеме бере аламыз. Мәселен,

сізге 1 млн. теңге керек делік.

«Даму» қоры 850 мың теңгеге

кепілдік береді, ал 150 мың теңгені

депозитіңізге салып, сол депозитті

кепілдік ретінде қоя аласыз. Егер

кәсіп бастағаныңызға 3 жылдан

астам уақыт болса, 50 пайыз

көлемінде кепілдік жасалады.

Айта кететін жайт, бұған дейін

шағын және орта бизнес 20 млн.

теңгеге дейін ғана несие ала

алатын. Бағдарламаға енгізілген

соңғы өзгерістерге сәйкес,

60 млн. теңгеге дейін екінші

деңгейлі банктен қарыз алуыңызға

болады.

Нұрхан, Екібастұз қаласы:

- Соңғы жаңалықтардан

ТҮЙІН:

бизнес үшін алған несиелерді

субсидиялау уақыты өзгергенін

естідім. Бұл бұған дейін алынған

несиелерге де қатысты ма? Мен

осыдан бес жыл бұрын 10 жылға

кредит алғам, соған субсидия

алсам бола ма?

Ақбота МҰРАТҰЛЫ:

- «Бизнестің жол картасы -

2025» бағдарламасының бірінші

бағыты бойынша моноқалалар мен

ауылдық аймақтар кәсіпкерлері

50 пайыз, екінші бағыт аясында

облыс орталығының кәсіпкерлері

40 пайыз субсидия ала алады.

Бірақ соңғы өзгерістер 1 жыл

бұрын алған несиелерге ғана

қатысты. Өкінішке қарай, сіз несиені

5 жыл бұрын алғандықтан,

пайыздық мөлшерлеме субсидияланбайды.

Бақытжан, Ленин кенті,

Павлодар қаласы:

- Ленин кентінде үйім бар.

Соның жанына монша салып, оны

кәсіпке айналдырайын деп едім.

Мемлекет тарапынан қандай да

бір көмек бола ма? Грант алуға

қатысып, жеңілдетілген несие

ресімдей аламын ба?

Жайық ТАЛАПҰЛЫ:

- Мемлекеттік грант конкурсына

қатыса аласыз. Десе де, сізге

«Еңбек» бағдарламасының екінші

бағыты бойынша жеңілдетілген

несие ресімдеуге кеңес берер

едім. Соның аясында 16 млн.

теңгеге дейінгі сома 7 жылға дейін

6 пайыздық мөлшерлемемен

беріледі. Оған қоса, «Даму»

кәсіпкерлікті дамыту қоры 5 жылдық

мерзімге несие көлемінің 85 пайызына

дейін кепілдік қарастырады.

Ол үшін жұмыссыз болуыңыз да

міндетті емес. Тек жеке кәсіпкерлік

ашып, несие тарихыңыз жақсы

болса жеткілікті.

Айжан, Аққулы ауданы:

- Менің балам - студент.

Биыл колледж бітіреді. Бірақ

мамандығы бойынша программист

болып істегісі келмейді.

Фото, видеоға түсіретін жеке

кәсіпкерлік ашуды қалайды.

Диплом алған соң мемлекеттік

бағдарлама арқылы құралжабдығына

қажет қаржыны

қайтарымсыз негізде ала ала

ма? Әлде ол үшін еңбек өтілі

болуы міндетті ме?

Жайық ТАЛАПҰЛЫ:

- Әрине, алуына барлық

мүмкіндік бар. Өз ісін бастауды

қаласа, тиімді тетіктер ұсынатын

мемлекеттік бағдарламалар көп.

530 мың теңгеден 5 млн. теңгеге

дейін қайтарымсыз қаржы алуына

болады. Ол үшін Өңірлік кәсіпкерлер

палатасының мамандарынан кеңес

алғаны дұрыс.

Тілші сауалы:

- «Бизнестің жол картасы -

2025» бағдарламасы қаржылай

көмек көрсетумен қатар,

инженерлік желілерді тартуда

айтарлықтай қолдау жасайды.

Осы туралы толығырақ айтып

өтсеңіз...

Жайық ТАЛАПҰЛЫ:

- Иә, бағдарлама аясында

инфрақұрылымды дамытуға да

болады. Кәсіпкерлік нысанына жылу,

су, жарық немесе кәріз желілерін

тарту үшін қаржы қарастырылады.

Атап айтқанда, жобалық-сметалық

құжаты дайын, мемлекеттік сараптамадан

өткен, жалпы құны

1 млрд. теңгеден аспайтын жобаларды

қаржыландырамыз. Бұл

қомақты қаржы болғандықтан,

іріктеу де қатаң түрде жүргізіледі.

Құны 100 млн. теңгеден асатын

жобаларға қаржы республикалық

бюджеттен, 50 млн. теңгеге дейінгі

жобаларға жергілікті қазынадан

қарастырылады. Кәсіпкердің жобасы

облыстық құрылыс басқармасымен

келісіліп, өңірлік үйлестіру

кеңесінде жан-жақты талқыланып,

құзырлы министрліктерде қорғалады.

Содан соң ғана қажетті инфрақұрылым

жүргізіледі. Мұнда да

кәсіпкерлерге салықтың тұрақты

түрде түсуі, жұмыс орындарының

ашылуы, инженерлік желілердің

мақсатты түрде пайдаланылуы

сияқты талаптар қойылады.

Арнайы топ мемлекеттік қолдауға

ие болған кәсіпорынның жұмысын

бір емес, бірнеше жыл бойы

бақылайды.

«Тікелей желіні» жүргізген -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Редакциямызға алдын-ала келіп түскен сауалдар мен «Тікелей желі»

барысындағы толассыз қоңыраулар арқылы оқырман қауымның көкейінде

бизнес бастап, кәсіп кеңейтуге қатысты сұрақтардың көп екенін анық

байқадық. Меймандар әр сауалға тиянақты жауап беріп, ақыл-кеңестерін

айтты. Ендігі ретте тұрғындар мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған

барлық мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ой-жоспарларын сәтті жүзеге асырса

екен дейміз. Шағын және орта кәсіпкерлік дамыса, қазынамыз молайып,

жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтің әл-ауқаты жақсара түсері

айқын.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!