09.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 9 қыркүйек, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

Ахаң қалдырған

мәңгілік мұра

Павлодар қаласының Орталық кітапханасының О.Сүлейменов атындағы

оқу залында мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен

әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түркітанушы,

публицист, педагог, ақын және аудармашы, қазақ әліпбиін жазудың

реформаторы, Алашорда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының

150 жылдығына орай «Алашорда көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын талмай насихаттап

жүрген өңірімізге белгілі тіл-әдебиет жанашырлары өз ойларын ортаға

салып, жиналған жас буынмен дидарласты.

Аяулым ДУМАНҚЫЗЫ

Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық

сөз өнерінің тарихын, кеңестік

кезеңде саяси қуғын-сүргінге

ұшыраған Алаш зиялыларының

өмірі мен шығармашылық мұрасын

зерттеу қолға алынды. Кеңес өкіметі

тұсында көруге, жазуға тыйым

салынған тарихи-мәдени мұралар

мен ұмыт болған әдеби жәдігерлерді

басып шығару мәселесі күн тәртібіне

қойылды. Бұл іске павлодарлық

ғалымдар да атсалысты. Ел ішінде

оқыған жас ағартушының еркін

мінезді батыл ойшылдың беделі

мен атағы өсе бастайды. Оның

революциялық қозғалысқа араласуы

ХХ ғасырдың басында Қарқаралыда

тұрған жылдарынан басталады.

Оған 1905 жылы 17 қазанда

ЖЕТІ АТАДАН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР

жарияланған және мемлекеттік

тәртіпті «жетілдіруді көздеген,

осы бағытта біраз жеңілдіктер»

берген манифест түрткі болады.

М.Дулатовтың пікірінше, Ахметтің

қазақ бұқарасының көрнекті және

белсенді басшыларының біріне

айналатыны осы кезі болған.

- Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің

бір парасы қазақ сөзінің

қасиетін, табиғатын танытумен

байланысты. Сондықтан ғалымды

қазақ тіл білімінің негізін қалаушы

тұлға ретінде танимыз. Оқу-ағарту

идеясын ұстанған. Қазақ тілінің

дыбыстық жүйесін дәл көрсететін

әрі оқытуға жеңіл таңбаларды түзді.

Түркі халықтары қолданылып отырған

араб таңбаларын икемдеп (реформалап),

қазақ әліпбиін жасады.

Бұл шын мәнінде ұлттық жазу

еді. Оны кезінде түркі тілдерін

зерттеуші орыс, татар ғалымдары

«Байтұрсынов жазуы» деп атаса,

ғалымның өзі «Қазақ жазуы» деп

атады, қарапайым халық «төте

жазу» деген атау берді. «Маса»

кітабына енген өлеңдерінде ақын

қараңғылық, надандық, шаруаға

енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты

кемшіліктерді сынады. Көптеген

өлеңдері сол кездегі ағартушылық

бағытпен үндес болды. Автордың

«Маса» жинағындағы «Cөз иесінен»

атты беташар өлеңінде:

...Ызыңдап ұшқан мынау

біздің Маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын Маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки

қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның

айнала ұшып,

Қаққы жеп,

қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын аз да болса,

бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына

ызыңдаса»

деп айтқан жолдарынан «Маса»

деп отырғаны өзі екенін көруімізге

болады. Бүгінгі таңда автордың

айтқан ойларынан ағартушылық,

мотивациялық бағыт жастар үшін

де өзекті, - деді Торайғыров

университетінің профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Айтмұхамбет Тұрышев.

Шара барысында студент

жастармен «Көркемсөз» клубының

жас қаламгерлері ақынның туындылары

мен жүректен шыққан арнауларын

оқыды. Жас буын қайраткерге

байланысты тың деректерді біліп,

таным көкжиектерін кеңейтті.

- Биыл Алаш арыстарының

көсемі, қоғам қайраткері қазақ

қоғамнының біртуар тұлғасы Ахмет

Байтұрсынұлының туғанына - 150

жыл. Соған орай орталық кітапханада

ақынға арналған «дөңгелек үстел»

өтті. Өңіріміздің белгілі тұлғалары

қатысып, жиналған жастарға

түркітанушының жүріп өткен жолын

насихаттады. Тұлғаның қазақ қоғамы

мен әдебиетіне сіңірген еңбегіне

шолу жасап, түсіндіре білді. Бүгінгі

жиында жас ақындардың

арнау өлеңдері оқылды. Қазақтың

маңдайына біткен қайталанбас

әдебиет жанашырының «Маса»

және «Қырық мысал» жинақтарынан

алатын тәрбиенің рөлі ерекше, -

дейді Павлодар педагогикалық

университетінің «қазақ тілі және

әдебиет пәні» мамандығының 1 -

курс студенті Дидар Силамхан.

ХХ ғасыр басындағы ұлы

ұрпақтың рухани көсемі атанған

Ахмет Байтұрсынұлына қудалаудың

қанды құрығы бір емес, бірнеше

рет салынды. Сол қуғын-сүргінді

қайыспай көтерді, аңсаған асыл

мұраттарына деген адалдықты

саналы өмірінің соңына дейін

сақтады. Бүгінгі іс-шараны

қорытындылай келе, азаттық идеясына

қызмет еткен ұлт ағартушысы

әрі Алаш зиялысы ХХ ғасырдағы

саяси күрес пен азаттық қозғалыс

көшбасшыларының рухы, азаттықтың

жоқтаушысы ғана емес, барша

қазақты ойлаған нар тұлғалы

азамат ретінде қала бермек.

Көне заманнан сыр шертеді

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер

музейі - өңірдің жетекші мәдениет және өнер орталықтарының

бірі. Себебі, құнды қолжазбалар, кітаптар, мәдениет және

қоғам қайраткерлерінің жеке заттары жинақталған еліміздегі

теңдесі жоқ өнер ошағы.

Айдана БОРАНБАЕВА

Музей басшысының орынбасары Мағзия

Қайырбекқызының сөзінше, қазіргі уақытта

музейде сақтаулы тұрған экспонаттар саны

562 369-ға дейін жеткен. Оның ішінде тек

негізгі қор – 15 мың 193 бірлік.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990

жылғы 24 қаңтардағы №19 өкімін орындау

үшін Павлодар қаласында әдебиет және өнер

музейін ашу туралы шешім қабылданып,

оны тікелей Павлодар облыстық мәдениет

комитетіне бағындырды. Музей үшін ғимарат

бөлініп, екі жыл ішінде ішкі жөндеу және

музей экспозициясын жасау жұмыстары

жүргізілді. Музей 1992 жылы 22 наурызда

алғашқы келушілерін қабылдады. Өңіріміздің

әдебиеті мен өнерін насихаттау, сақтау

мен жинақтауда музей ауқымды жұмыстар

атқаруда. Музей ашылған жылы қорда

4 мыңнан астам экспонат болса, бүгінде

олардың саны 562 369-ға дейін өсті, -

дейді Мағзия Қайырбекқызы.

Олардың арасында ерекше экспонаттар –

қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы-драматург

Жүсіпбек Аймауытовтың көзі тірісінде жарық

көрген «Қартқожа» романы (1926 ж.) мен

жеке заттары, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

тұңғыш өлеңдер жинағы (латын қарпінде,

1933 жылы шыққан басылым, баспаға

Жүсіпбек Аймауытов дайындаған), қазақ

ұлттық кәсіби театрының тұңғыш директоры,

көрнекті режиссер, драматург,

актер Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр»

пьесасы (1925 ж.), ақын Иса Байзақовтың

өмірінің соңғы айларында пайдаланған

жеке заттары; ақын Сәбит Дөнентаевтың

томаға мен тостағаны, кинорежиссер

Шәкен Аймановтың тоны мен бөркі, Дихан

Әбілевтің жұмыс кабинетіндегі жиһаз (үстел,

кресло, кітапқа арналған шкаф), жазушы

Всеволод Ивановтың жұмыс кабинетінің

фрагменті, Қалмұқан Исабаевтың жазу

машинасы, Әміре Қашаубаевтың дауысы

жазылған сирек пластинка, Темірболат

Арғынбаевтың орындауындағы әндер, Әлкей

Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Мұзафар

Әлімбаев, Қалижан Бекхожин сынды

атақты жерлестеріміздің қолжазбалары,

Естайдың 23 әні (ноталардың түпнұсқаларын

Естайдың орындауынан Борис Ерзакович

жазып алған), Кәукен Кенжетаевтың аңызға

айналған «Аққу» домбырасы, атақты Қамар

Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап

берген домбырасы, белгілі әнші Тоқбай

Жұмағұловтың балалайкасы және т.б. бар.

Әдебиет және өнер майталмандарының

жеке заттары, қолжазбалары жәдігерлері

мен өздері жасаған заттары – музейдің

баға жетпес құнды қазыналары.

Музей құнды экспонаттарды жинау

мақсатында «Менің музейге қосқан үлесім»

секілді акцияларды жиі өткізеді. Акция

аясында бірнеше жәдігерлер музейге

тапсырылды. Сондай заттардың бірі -

С.Торайғыровтың латын қарпімен терілген

таңдамалы шығармалар жинағы.

- Кейде «Менің музейге қосқан үлесім»

деген акция жариялаймыз. Мысалы, соңғы

жылдары музейге келген құнды заттардың

арасынан Шәкен Аймановтың бөркін айтуға

болады. Ол бөрікті Алдар көсе рөлін

сомдағанда киген. Ш.Айманов біздің

өңірге іссапармен келген кезде нағашысы

Мұзапаровтар әулетіне соғады. «Командировкада

жүрген әртістің қалтасында

қайбір жөнді ақша жүрсін», – деп театрдың

реквизиті – бөркін нағашысына сыйға

тартқан екен. Мұзапар атамыздың ұрпағы

Орал Үтжанов бертін келе сол бөрікті біздің

музейімізге әкеліп тапсырды. Осындай құнды

жәдігердің бірі – С.Торайғыровтың латын

қарпімен терілген таңдамалы шығармалар

жинағы. Оны Халық жазушысы, ақын,

композитор, аудармашы Дихан Әбіловтің

жеке кітапханасынан алдық. Ол кісі көзі

тірісінде «Мен о дүниелік болғаннан кейін

кітапханамдағы заттарды бірінші Бұқар жырау

музейі келіп қарасын» деп айтып кеткен

екен. Біздің қызметкерлер С.Торайғыровтың

1933 жылы шыққан шығармаларын тауып

әкелді. Сұлтанмахмұттың бұл жинағы

Ж.Аймауытовтың арқасында жарық көрген.

Торайғыров ауырып жатқан кезде Жүсіпбек

Аймауытов оның қолжазбаларының бәрін

жинақтап, кіріспесін жазып, 1928-29

жылдары баспаға тапсырады. Өзі 1930

жылы атылып кетті. Ал мына кітап 1933

жылы жарыққа шығады. Сол кездегі қазақ

зиялылардың бір-біріне деген оң көзқарасы,

жанашырлығы – бізге үлгі болатын дүние, -

дейді М.Қайырбекқызы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!