09.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 9 қыркүйек, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН

Үш тілде

сөйлеп үйренейік!

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы

– сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Ainalaiyn» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық

үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі

маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова үш тілде

сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен бүгін дәнді дақылдарға қатысты жаңа

сөздерді үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

Арпа

Ячмень

Вarley

Тары

Просо

Мillet

Күріш

Рис

Fig

Сұлы

Овес

Оats

Бидай

Пшеница

Wheat

Өлкемізде туризмді

қалай дамытамыз?

Туризм - әлемнің ЖІІ-нің 10 пайызын құрайтын ғаламат экономикалық

ұғым. Бұл саяхаттың маңыздылығы қазіргі әлемде өте

үлкен, себебі әлемнің әрбір мемлекеті оны қосымша немесе

негізгі экономикалық сала ретінде пайдалануда. Қазақстан

үшін де туризмнің орны ерекше. Бай тарихымыз бен мәдениетімізге

байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде осы саланы дамытуға

болады. «Туған елге тағзым» жобасы аясында Павлодар

облысының көрікті жерлерін аралап, облысымыздың қандай

мүмкіншіліктері бар екенін зерттедім.

Біріншіден, жағажайлық, яғни өзенкөлдерді

демалу үшін қолдану туризмі.

Ертіс өзенінің ағысына байланысты бұл

аймақта жағажайлық туризмді дамыту

оңай емес. Сондықтан басты назар

Баянауыл көлдеріне түседі. Баянауыл

аумағында орналасқан Сабындыкөл,

Жасыбай, Торайғыр көлдері жыл сайын

жергілікті және басқа өңірден келген

туристер үшін демалыс аймақтарына

айналды.

Екіншіден, емдік-сауықтыру туризмі.

Өлкемізде денсаулыққа пайдасы мол

Мойылды, Маралды, Тұздыкөл және т.б.

көлдерінің болуы аймақта шипажайлардың

дамуына мүмкіншілік береді. Бұл ретте

Мойылды санаторийін атап өтуге болады.

Өзінің ғасырлық тарихына байланысты

бұл шипажайдың аты ел арасында кең

танымал және жыл сайын бұл сауықтыру

кешені мыңдаған адамдарды қабылдайды.

ҰСЫНЫС

Мойылды шипажайын негізге ала отыра

басқа да сауықтыру кешендерін дамытып,

Павлодар облысын еліміздегі емдіксауықтыру

орталығына айналдыруға

болады.

Үшіншіден, тарихи-танымдық туризм.

Қазақстанның, әсіресе Кереку-Баян

өлкесінің мәдениеттер тоғысында

орналасуына байланысты бұл жерде

тарихи ескерткіштер саны өте көп.

Бұл өңірде темір, қола дәуірінен келе

жатқан қорғандарды, неолит пен тас

дәуірінен келе жатқан петроглифтерді

көруге болады. Ежелгі дәуірдің ерекше

флора мен фаунасымен танысуға

болады. Киелі Баян өңірінен шыққан

атақты дара тұлғалар да аз емес.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт

Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Шәкен

Айманов сияқты тұлғалардың өмірі де

өшпес тарих болып табылады.

Қорытындылай келе, Кереку-Баян

жерінің туристік мүмкіншіліктері орасан

зор. Жоғарыда аталған туризмге

бальнеологиялық, яғни балшықпен

емдеу туризмін, кемпинг, таулы туризм,

этнотуризм сияқты түрлерді қосуға

болады. Облысымыздың туризм саласын

біртіндеп дамытып, жоғары деңгейге

жеткізуге болады деп санаймын.

Ерасыл ҚАЖАТҰЛЛА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің

11 «А»-сынып оқушысы

Павлодар қаласы.

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Сиқырлы сөздер

Бір ауылда бай

мен кедей баласы өмір

сүріпті. Екеуі ауыл молдасынан

дәріс алып жүреді.

Медресе ауылдың шетінде

екен. Бай ұлы жаяу жүрмес

үшін астына тай беріп,

қымбат матадан тігілген

киімдер кигізіп қояды.

Кедей өзінің Кемеңгер деген баласына

мінгізер тайы болмапты. Кедейдің

әйелі баласына арзан матадан киім

тігіп береді.

Арада жарты жылдай уақыт өтеді. Бұл

кезде екі бала кітап оқитын дәрежеге

жетіпті. Бір күні бай мақтанғысы келіп,

баласының тілашар тойын жасайды. Тойға

ауылдың тайлы-тұяғы қалмай келіпті.

Бай көптің көзінше:

- Қане, Балпаң, кітап оқы, - деп бұйырады.

Ол кітаптағы жазуларды ежіктеп

оқып шығады.

- Қане, Балпаң, жазу жаз, - дейді

бай маңғазданып. Балпаң дәптеріне

әріптердің бірін үлкен, бірін кішілеу

қылып, сойдақтатып жаза бастайды.

- Қане, жаттаған тақпағыңды айт, -

дейді бай баласына. Балпаң тақпағын

айтып келе жатып, мүдіріп қалады. Бай

қабағын шытып:

- Қайтадан қайтала! – дейді. Балпаң

ортасына келгенде қайта жаңылысады. Сол

кезде Кемеңгер досының тоқтаған жерінен

тақпақты жалғастырып әкетеді.

Бай баласын қиындықтан құтқарып қалған

Кемеңгерге жұрт дән риза болады. Бұл

да молдадан оқитын бала ғой. Жазу мен

оқуын байқап көрейік, - деп жұрт шулап

кетеді. Кемеңгер кітапты сыдыртып оқиды.

Маржандай тізіп әріптерді жазады. Халық

баланы құрметтеп, ортаға отырғызады.

Қариялар батасын береді. Басқа байлар

балаға тай мінгізеді. Біреулері жаңа киім

алу үшін ақша береді.

Бай мұның бәрін қызғанады. Іштарлығын

көрсеткісі келмей, өтірік жымиып, кедей

баласының арқасынан қағып қояды.

- Бұл - менің баламның досы, - дейді бай.

- Балаңның досы жақсы екен, - деп

жұрт риза болады.

Тойдан соң байдың қызғанышы өрши

түседі. Бірақ біреудің жетістігін қызғанғаннан

не пайда?

Бай ұзақ ойланады. «Менің баламның

кедей баласынан еш кемдігі жоқ. Қарны

тоқ, уайымы жоқ, одан басқа не керек?»

деп ойлайды. Ол кедей баласының мұндай

жетістікке қалай жеткенін білгісі келеді. Сөйтіп,

кедей отбасының не кереметі барын білмек

болып, бай таңертең киіз үйдің сыртына

жасырынып, тың тыңдайды. Кедей баласы

Кемеңгерді сабағына шығарып салып тұр

екен.

- Сабағыңды жақсы оқы, балам! Мен

саған сенемін! – дейді әкесі.

- Әке, мен де ұстаз секілді мықты болады

деп ойлайсыз ба? – дейді Кемеңгер.

- Әрине, балам. Сен әлі үлкен ғалым

боласың. Сен мықтысың! Осы бетіңнен тайма! –

дейді әкесі баласының арқасынан қағып.

Бала зор құлшыныспен сабағына аттанады.

Бай үйіне кетіп қалады. Түске таман кедейдің

баласы сабақтан қайтып келе жатқанын

көріп, бай қайта жасырынып қалады.

- Күнің қалай өтті, балам? – деп сұрайды

кедей.

- Сабағым жақсы өтті. Бірақ көрші ауылдың

балалары Балпаң екеуімізге тиісті. Мен оны

қорғап қалдым, - дейді Кемеңгер.

- Досыңа көмектескенің өте дұрыс, -

деп кедей баласын бауырына басты.

Кедей отбасы дастарқанға отырды.

Дастарқан үстінде үш кесе саумал, бес-алты

бауырсақ, үш-төрт құрт-ірімшік қана жатыр

екен. Кедей қолын жайып:

- Е, Жаратқан ием! Отбасыма мол ас-ауқат

бергенің үшін шүкірлік қылам, - деп бетін

сипайды.

«Қайдағы мол дастарқан, ана тамақты

менің балам бір өзі жеп қояды ғой» деп

ойлайды бай. Астан с о ң к е д е й

жомарт жандар сыйлаған тайға баласын

отырғызып, үйрете бастайды. Сәлден

соң баласы тізгінді өзі ұстап, әрі-бері

жүре бастайды.

- Жарайсың, балам! Сені мақтан

тұтамын! – деп әкесі баласының мерейін

өсіріп қояды. Шешесі де баласының атқа

отырғанын көріп:

- Менің құлыным өскенде мықты

шабандоз болады, - деп сенімділігін

арттыра түседі. Кемеңгер біраздан соң

үйге кіріп, шешесіне қолғабыс жасайды.

- Көмегің үшін көп рақмет, балам! –

дейді шешесі.

Кедей отбасының бақытты сәттерін

бақылап тұрған бай ойланып қалады. Ол

үйіне қайтып келе жатып: «Бұл неткен

қарапайым сөздер? Жоқ, бұл қарапайым

сөздер емес, бұл - сиқырлы, керемет

сөздер! Мен балама мұндай сөздердің

бірін де айтпаппын-ау!» деп өкінеді. Сөйтіп,

баласын қайта тәрбиелей бастапты.

Асхат ӨМІРБАЕВ.

«Ainalaiyn» қосымшасының үйлестірушісі - Айдана БОРАНБАЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!