09.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 9 қыркүйек, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Ауыл шаруашылығы саласының

қарқынды дамуы ауылдағы шаруалардың

нәтижелі еңбегіне тікелей байланысты

екені белгілі. Ақсу қаласының шаруалары

да егін және мал шаруашылықтарымен

айналысу арқылы аграрлық сектордың

ел экономикасының жаңа драйверіне

айналуы үшін өзіндік үлесін қосуда. Биыл

мал азығы қорынан тапшылық болмайтын

сыңайлы. Дала еңбеккерлерінің жемшөп

дайындау жолындағы қарқынды

еңбектері соның нақты айғағындай. Қалай

айтсақ та, қазір піскен егінді уақытылы

орып, босқа ысырап етпеу және қалың

шыққан шөптен кейінгі жылдарға қор

жинап алу шаруалардың басты міндеті

болып отыр.

Биыл Ақсу бойынша 2,4 тонна сабан

шөп, 3 мың тонна пішендеме, 24 мың

тонна сүрлем дайындау жоспарлануда.

Қыркүйектегі деректерге сүйенсек, қазіргі

уақытта ауданда барлығы 104,6 мың

гектар шөп шабылып, 95,8 мың тонна

ірі жем-шөп дайындалды. Сондай-ақ,

4,0 мың тонна пішендеме әзірленді.

Жалпы, аудан бойынша 37,9 мың мал

басына 83,3 мың тонна шөп қажет. Сол

себепті де мал азығын дайындауға

жеке шаруашылықтармен қатар ауыл

шаруашылық тауар өндірушілер де кіріскен.

Ең бастысы, шөп шабатын, жинайтын,

орамаға түсіретін техникалар түгелдей

жұмылдырылған.

Ақсу қаласының ауылдық аймағында

алғашқылардың бірі болып шабындыққа

шалғы салғандардың қатарында

Сарышығанақ ауылдық округінің шаруалары

бар. Қазіргі таңда ауылдағы «Табыс»

шаруа қожалығында жұмыс қызу жүруде.

Аталмыш шаруа қожалығы ірі қара

мал мен ұсақ малды өсірумен айналысады.

Сондай-ақ, кейінгі кезде асыл

тұқымды малды көбейтуге ден қойған.

Шаруа қожалығы осыдан екі жыл бұрын

Ресейден герефорд тұқымды 107 бас

ірі қара малды сатып алыпты. Бұл асыл

тұқымды ірі қараның жем-шөпті жегеніне

қарай берер өнімділігі де өте жоғары.

Яғни, бірдей азықтандырған жағдайда

герефордтар тезірек салмақ жинайды.

Сондықтан қысқы мал азығын дайындау -

шаруа қожалығының алдында тұрған

маңызды міндеттердің бірі. Ағымдағы

Шабындықта

жұмыс қызу

жылы мал азығына 350 гектардан шөп

жинауды жоспарлап отырған қожалық, бүгінгі

таңда жоспардың 40 пайызын орындап

үлгерді. Шаруашылықтың басқарушысы

Изат Хасеновтің айтуынша, бүгінге дейін

100 гектардан астам шөп шабылып,

шамамен жылдық қордың 40 пайызы

жинап алынған. Шөп шабу науқаны одан

әрі жалғасып жатыр.

- Шөп дайындау - әрине, оңай шаруа

емес. Қазір - шаруалар үшін жұмыстың

нағыз қызған уақыты. Себебі шабылған

шөпті күнге қуратпай жылдам жинап алу

қажет. Әзірге ауа райы қолайлы болып

тұр. Ауа райының ашық күндерінде шөпті

шауып, оның нәрі түгелдей жойылып

кетпей тұрғанда жинап алу керек. Әдетте

мал азығын дайындау тамыз-қыркүйек

айларында жүреді. Осы уақыт аралығында

үлгермей қалсаң, әрі қарай шөп қурап,

бойындағы нәрі де азаяды, - дейді шаруа.

Отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған

қожалық басшысы Сымбат Сәкенұлы

бүгінде шаруашылықты кеңейтуді, мал

басын арттыруды жоспарлап отыр. Шаруа

қыстың қамына ерте кірісіп, шапқан

шөптерін жинап, қыстақ орындарына

тасып алу қамында жүр. Таңмен таласа

тұрып, ерте еңбекке араласқан шаруаның

бірі тракторға жайғасып шөп шауып

жүрсе, енді бірі шабылған шөптен орама

дайындау үстінде. Қожалық жетекшісінің

айтуынша, қазір шабындық басында

6 трактор жұмыс жасауда. Бұдан бөлек,

лизингпен алынған орама техникасы да

биыл шөп шабу науқанына жұмылдырылды.

Сондай-ақ, шаруашылық 8 адамды

тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.

Шабындық жерлерінен мол өнім алуды

көздеген бұл қожалық өздерінен артылған

шөпті сатылымға шығаруды да жоспарлап

отыр.

- Былтырғы жылы осы 350 гектар

шабындық жерден бір қысқа жететіндей

шөп алдық. Биыл да бұл мөлшерден кем

түспеуді жоспарлап отырмыз. Бір буылған

шөпте орташа шамамен 250-280 келідей

шөп болады. Шөптің түсімі былтырғы

жылмен салыстырғанда жаман емес, –

деді шаруа қожалығының басшысы Изат

Хасенов.

Статистикалық деректерге сүйенсек,

биыл Ақсу ауданында 37,6 мың бастан

астам ірі қара, 57 мың бастан астам қой

мен ешкі, 14,1 мың бас жылқы тіркелген.

Енді осынша төрт түлікті алдағы қыс

маусымынан қиналмай шығару үшін

ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары

83,3 мың тонна шөп дайындауы тиіс.

Басқарманың хабарлауынша, жоспарланып

отырған жем мен шөптің бұл

деңгейі малды қыстаудан шығынсыз әрі

өнімділігінің төмендеуінсіз алып шығуға

мүмкіндік беретін көрінеді.

Сарышығанақ ауылы,

Ақсу қаласы.

Суретті түсірген -

Есенжол Исабек.

РУХАНИЯТ

Қараоба орта мектебінің қабырғасында

Павлодар облыстық

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің ұйымдастыруымен

Қазақстан Республикасының

Конституциясы күніне орай

«Айбары асқақ Ата Заң» атты

іс-шарасы өткізілді.

Құнды

кездесу

Жиын барысында Конституцияның тарихи

мән-маңызы, Ата Заңымыздың - еліміздің

арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы,

жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары

екені айтылып, Ата Заңымыздың түп негізі –

«Жеті жарғы» заңы жайлы кеңірек мәлімет

беріліп, деректі фильм көрсетілді.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер

музейінің басшысы Ербол Мәтіұлы Қайыров

сөз сөйлеп, Ертіс-Баян өңірінен шыққан ұлы

қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығына

арналған танымдық көрмені таныстырды.

Атап айтар болсақ, Мәшһүр Жүсіп Көпеев,

Жүсіпбек Аймауытов, Естай Беркімбаев,

Қабдыкәрім Ыдырысов, Шәкен Айманов

сынды әдебиет және өнер майталмандарының

пайдаланған жеке заттары, жәдігерлері

және қолжазбалары жайлы қысқаша айтып

өтті. Мұражай қорындағы құнды жәдігерлер

қатарында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тұмары,

Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы жарық

көрген «Қартқожа» романының түпнұсқасы,

өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш

пышағы, Шәкен Аймановтың «Алдар көсе»

фильмінде киген бөркі, т.б. құнды заттары

болды.

Іс-шара соңында Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері

Сәуле Арынғазина «Туған жер», «Желбіре,

туы қазақтың» атты әндерін орындаса,

Назымгүл Шапағат жетіген аспабында

«Көзіңнің мөлдірін-ай» әнін тамылжыта

орындап, көрермендерге керемет әсер

сыйлады.

Өткеннің ұлағатын, бабалар аманатын,

тарихын, кешегі мен бүгінін сабақтастырып,

өскелең ұрпақтың баға жетпес, теңдесі жоқ

мұраларына айналдырып отырған рухани орда –

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер

музейіне өз алғысымызды білдіреміз. Мұндай

құнды кездесулер алдағы уақытта өз жалғасын

табады деп сенеміз.

Э.ҚАЛЫҚОВА,

Қараоба орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

Ақтоғай ауданы.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Қатаң жазаланады

Павлодарда жұмыспен қамту орталығындағы тексерістен кейін

бірнеше адамға қатаң сөгіс жарияланды. Анонимді шағым авторлары

облыс орталығының жұмыспен қамту орталығын қайтыс

болған адамдарды «жұмысқа орналастырып», құжаттарды қолдан

жасап, келісімшарттар бойынша сыйлық алған, мемлекет бюджетін

жымқырған, мүлікті теріс пайдаланған және басшылықтың

өкілеттігін асыра пайдаланған деп айыптады. Мекемеге бірнеше

айып тағылып, айыптаулар әлеуметтік желіде жарияланды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте Павлодар

қаласы әкімінің орынбасары Светлана

Гладышева мәлімдеді.

– Комиссия марқұмның жұмысқа орналасуына

қатысты төрт фактіні анықтады.

Олардың екеуі 2020 жылдың тамызында

қайтыс болды деп жарияланды. Ал қыркүйекте

бірыңғай жиынтық төлем жасалған. Сірә,

төлем Kaspi жүйесі арқылы өткен. Тағы екі

адамға қатысты іс жүргізілуде. Олардың бірі

2005 жылы туған, екіншісі 2017 жылғы, -

деді Светлана Гладышева.

Жұмыспен қамту орталығының директоры

жұмыстан кету туралы арыз жазған

және 12 қыркүйекте қызметінен босайды.

Сараптама қорытындысы бойынша, қала

прокуратурасы Павлодар қалалық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

басшысының орынбасарына бақылауды

әлсіреткені үшін және орталық директоры

мен орталықтың жұмыспен қамту

секторының бірнеше басшыларына жіберген

олқылықтар үшін қатаң сөгіс жариялаған.

Ал Павлодар облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының басшысы

Альмира Дисюпованың сөзінше, жұмыспен

қамту орталықтарында жеті мың жұмыссыз

есепте тұр. Олардың жұмысқа орналасуына

ұлттық жобалар арқылы да көмек

беріледі.

- Павлодар облысында он ұлттық жоба

жүзеге асырылуда. Олар 5500 – ден астам

жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жеке инвесторлар тоғыз мыңнан астам

жұмыс орнын ұсынды, - дейді А.Дисюпова.

Биыл «Күміс жас» жаңа жобасының

арқасында зейнеткерлік жасқа бір жыл

қалған 58 павлодарлық жұмыс тапқан.

Ведомство басшысының ақпараты

бойынша, тамыз айынан бастап жастар

мен халықтың әлеуметтік осал топтарына

400 АЕК-ке дейін өтеусіз гранттар бере

бастады. Осындай 1250 грант бөлу көзделіп

отыр, оларға үміткерлер «Бастау Бизнес»

бағдарламасы бойынша оқып жатыр.

– Ақсу қаласының жұмыспен қамту

орталығының жұмысы жаңа форматқа

көшті. «Қазхром «ТҰК» АҚ және «ЕЭК» ірі

кәсіпорындарымен ынтымақтастық жолға

қойылды. Бұдан басқа, пилоттық режимде

жұмыссыз жастарды «ERG Service»-ке жұмысқа

орналастыру жобасы іске асырылуда.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту

орталықтарының 18 мобильді кеңсесі

облыстың 260 елді мекенінен өтіп, жергілікті

тұрғындарға жұмыс іздеуге көмектеседі

Айдана БОРАНБАЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!