09.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 9 қыркүйек, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

10 қыркүйек, сенбі

2022 жыл

№101 (15869)

ssamaly29@gmail.com www.saryarka-samaly.kz facebook.com/saryarqasamaly @saryarqa_samaly

@saryarqa_samaly

ҚЫСҚЫ ЖЕМ-ШӨП

Шабындықта

жұмыс қызу

Нақпа-нақ

Ұлттық жобалар

шеңберінде

Павлодар

облысында

14 656

жұмыс орны

құрылды

САЯСАТ

Президент

мандаты –

7 жыл

7 жылдық президенттік мандат

сайлау алдындағы бағдарламаны

жүзеге асыруға, халыққа

берген уәдені орындауға жеткілікті.

Бұл туралы Сенат төрағасы

Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

Ертең - Отбасы күні:

БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ - АТА-АНА

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

Шаруалар қылышын сүйретіп келетін қыстан қысылып қалмаудың

қамын көктем келісімен ойлайды. Жер аяғы кеңігеннен тыным

таппай техникасын сайлап, мал азығын дайындауға кіріседі. Себебі

олар «жаздың бір күні – жылға азық» боларын жақсы біледі. Қазір

шөп шабудың қызған шағы. Шаруалар күн-түн демей, бел жазбай

жұмыс істеуде. Бүгінде аудан бойынша барлығы 104,6 мың гектар

шөп шабылып, 95,8 мың тонна ірі жем-шөп дайындалды.

Жалғасы 4-бетте

Аймағымызда өмірімен өнеге боп, өнерімен көзге түскен отбасылар баршылық. Әсіресе,

біздің өңірде шахтерлер, металлургтер, дәрігерлер, ұстаздар династиялары аз емес.

Отбасылық құндылықтарды барлығынан жоғары қойып, адал еңбегімен елдің өркендеуіне

үлес қосып келе жатқан сондай үлгілі шаңырақтардың бірі – Мұхтаровтар әулеті.

Толығырақ 10-бетте

«Барлық мәселені нақты айқындау үшін

Мәжіліс депутаттары алдағы сайлауды

жаңа норма бойынша өткізу бастамасын

көтеріп отыр. Яғни Президентті жеті жылдық

мерзімге сайлау ұсынылды. Осы орайда

алдағы уақытта түрлі түсініктеме болмас

үшін бұл сайлауды жаңа форматта өткізу

бастамасы жасалды. Жеті жылдық мерзім

бойынша норма не үшін ұсынылып отыр?

Жалпы, әлемдік тәжірибеде сайланған

Мемлекет басшысы басымдыққа ие болады.

Әлемдік тәжірибе бойынша сайланған

президенттер бұл орында 10 жыл қызмет

етеді», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы

отырысынан кейін тілшілер сауалына

жауап бере отырып.

Оның пайымынша, алдағы уақытта бір

адамның қолында биліктің шоғырлануын

шектеу үшін Мемлекет басшысы Қзақстанда

Президентті бір мерзімге сайлау

бастамасын ұсынды. Президент мандатының

ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен

шектеледі.

«Осы стратегиялық нормаға дұрыс қарау

керек. Бұл ретте Қазақстанда бәсекелес

саяси орта қалыптастыруға мүмкіндік

жасалады. Яғни билікті монополизациялау

қаупін азайтады. Егер әлемде бұл

мерзім 10 жыл болса, бізде 7 жылмен

шектеледі. Осы мерзім сайлау алдындағы

бағдарламаны жүзеге асыруға, халыққа

берген уәдені орындауға, ірі жобаларды

іске асыруға жеткілікті деп ойлаймын.

Сондықтан бұл норма Қазақстандағы

саяси реформалар бағдарламасының

бір бөлігі», - деді Сенат төрағасы.

Бұл тұрғыда М.Әшімбаев 7 жылдық

президенттік мерзімді қолдайтынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат

төрағасы алдағы сайлауда Парламентке,

Үкіметке жаңа адамдардың келуіне мүмкіндік

болатынын айтты.

Биыл қыркүйек айындағы Жолдауында

Мемлекет басшысы алдағы күзде

кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді

ұсынды.

Өз тілшіміз.


2 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА

Бүгінде елді мекендердегі

өзекті жайттардың бірі –

жайылымдық жердің

тапшылығы. Бұл күрмеулі

мәселенің түйінін тарқату

үшін заңсыз берілген

жер телімдерін мемлекет

меншігіне қайтару көзделіп

отыр.

Жер

телімдері

қайтарылады

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Көмірден тапшылық

болмайды

Павлодар қаласындағы жылу-электр орталықтары жылыту маусымына дайын. Орталықтарда

көмір мен мазут қоры жеткілікті. Қарапайым тұрғындар мен кәсіпорындарға қатты отынды

сататын орындар да қыстың қамына кірісті. Сондықтан 15 қыркүйекте әлеуметтік нысандарға,

26 қыркүйекте көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беруді бастау үшін толық негіз бар.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қала

мен аудан әкімдері, облыс басқармалары

басшыларының қатысуымен ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет.

Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан

халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері

бойынша жиын өткізді.

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші

орынбасары Олег Крук айтып өткендей,

келесі жылы өңірде инженерлік желілердің

құрылысы мен күрделі жөндеуі бойынша

20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұл желілердің тозу деңгейін қысқартуға

мүмкіндік береді.

Осы орайда Әбілқайыр Сқақов Мемлекет

басшысының тапсырмаларын орындау бойынша

нақты міндеттер қойды. Мәселен, энергия өндіру

қуатының нарығын кеңейту және «Инвестициялардың

орнына тарифтерді қайта қарау»

тұжырымдамасына қатысты ҚР Энергетика

министрлігіне ұсыныс жолдауға белсенді

қатысу міндеттелді.

Одан басқа, облыста пайдаланылмайтын

және заңнаманы бұзу арқылы берілген

жерлерді қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Айталық, мемлекет меншігіне 208,1 мың

гектар жер қайтарылды. Жоспар бойынша

жыл соңына дейін 100 мың гектар жерді

қайтару көзделуде. Әбілқайыр Сқақов бұл

бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

- Жайылымдық жер мәселесі аса күрделі

болып тұр. Қарапайым адамдар жайылым

таба алмай дал болуда. Қазіргі таңда барлық

аудандағы ең өзекті мәселе – жайылым.

Бір ауыл мысалында арнайы карта сызу

керек. Барлығын тәртіпке келтіретін уақыт

келді, - деді облыс әкімі.

ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттік

саясаттағы әлеуметтік саланың басымдығын

тағы бір дәлелдеді. Ең төменгі жалақының

мөлшері 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін

өсіріледі. Облыс әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова айтып өткендей, 2023 жылдың

1 қаңтарынан облыс бойынша 21 мың адам мемлекеттік

қолдауға ие болады. Сонымен бірге,

отбасыларға электрондық жүйе арқылы

әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік беретін

Отбасының цифрлық картасы пилоттық

режимде енгізілді.

Жиын соңында Әбілқайыр Сқақов шағын

және орта бизнесті дамыту, тұрғындардың

табысын көтеру мен әлеуметтік қолдау және

Мемлекет басшысы Жолдауын облыстың

әрбір тұрғынына жеткізу бойынша бірқатар

тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кеше облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов облыс орталығындағы үш

жылу-электр орталығының, көмір

сату орындарының жұмысымен

танысты. Алдымен аймақ

басшысы «ПавлодарЭнерго»

АҚ-на қарасты №3 жылу-электр

орталығына барды. Компания

директорының міндетін атқарушы

Вадим Лесиннің айтуынша, бұл

станцияға түсетін жүктеме көп

болғандықтан, жөндеу жұмыстары

1 наурызда басталды. Жоспар

бойынша, тиісті шаралар қазан

айының соңында аяқталады.

- Станция алдағы кезеңге

толығымен дайын. Тәртіп бойынша,

орталықта 10 күнге жететін

72 мың тонна көмір болуы керек

болса, қазір бізде 115 мың

тоннасы бар, - дейді В.Лесин.

Бұл ретте аймақ басшысы

жылу-электр орталығы тұрғындарды

ақпараттандыруға

басымдық беруі керек екенін

атап өтті.

- Қандай да бір апаттық жағдайлар

бола қалса, көпшілікке

бірден тиісті мәліметі таратылуы

керек. Апаттық жағдайдың

орын алғаны, мәселенің қанша

уақыттан кейін шешілетіні және

олқылықтың жойылғаны туралы

үш сатылы мағлұмат жалпақ

жұртқа қолжетімді болуы қажет, -

деп ескертті облыс әкімі.

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов

№2 жылу-электр орталығының

дайындығын тексерді. Бұл

станция 60 жылдан астам уақыт

бойы қаланы жылытып келеді.

Алдағы уақытта «Спорт-сити»

қалашығы аумағында жаңадан

бой көтеретін «Жастар» шағын

ауданын да жылумен қамтымақ.

Жоба бойынша, жаңа ауданға

барлығы 34 гигакалорий жылу

керек. Оның 20 Гкал-сы ТМ-37

магистраліндегі құбырлардың

диаметрін 800 мм-ден 1000

мм-ге дейін арттыру арқылы

беріледі. Қалған 14 ГКал алу

үшін №2 ЖЭО-нан жаңа магистраль

салынады.

- Қазір қолданыстағы қуаттылықтың

барлығын таратып

тастап, кейін жаңадан салынатын

тұрғын үйлер мен әлеуметтік

нысандарда жылу тапшылығы

туындамауы тиіс. Станция

басшылығы бизнес өкілдеріне

қалай, қандай көлемде орталық

құбырға қосылуға мүмкіндік

барын дөп басып көрсетуі керек.

Жалпы, орталық жұмысы кез

келген жағдайға дайын болуы тиіс.

Мәселен, қосымша бөлшектердің

қоры жасақталуы керек, - деді

аймақ басшысы.

«Қазақстан алюминийі»

АҚ-на қарасты №1 жылу-электр

орталығының басшысы Илья

Рожков станция алдағы кезеңге

әзір. Әбілқайыр Бақтыбайұлы

осыдан екі жыл бұрын орын алған

апаттық оқиғаны еске салып,

одан сабақ алу керек екенін

ескертті. Сол тұста құбырдың

жарылуы салдарынан қаланың

көптеген нысандары бірнеше

күнге «қатып» қалған еді.

Кейін «Павлодар жылу

желілері» ЖШС директоры

Марат Иманаев көпқабатты

тұрғын үйлердің 96 пайызы

ыстық суға қосылғанын атап

өтті. Қалған 4 пайызы, бұл

дегеніңіз – 42 үй бірнеше күн

дересінде ыстық суға қосылады.

Жалпы, 15 қыркүйекте әлеуметтік

нысандарға, 26 қыркүйекте

көпқабатты тұрғын үйлерге

жылу беріле бастайды.

Осы орайда кәсіпорын

басшысы жөндеу жұмыстары

кезінде қазылған учаскелерді

қайта қалпына келтіруге битум

тапшылығы кедергі келтіріп

отырғанын алға тартты. Жоспар

бойынша, облысқа бұл құрылыс

материалы келесі аптада

жеткізіледі. Содан соң қазылған

ой-шұңқырлардың барлығы

тегістеліп, үстіне асфальт төселеді.

Павлодар қаласының әкімі

Асайын Байхановтың сөзінше,

қазіргі уақытта қаладағы

көпқабатты тұрғын үйлердің

89 пайызы жылыту маусымына

дайын. Әзірше тек 136 үйде

тиісті жұмыстар сылбыр жүріп

жатыр. Оның басым бөлігінде

пәтер иелері кооперативтері,

мүлік иелері бірлестігі, қарапайым

серіктестік те жоқ.

- Өткен жылыту маусымы кезеңінде

319 үйде жылу параметрлері

төмен болған еді. Облыс

әкімдігі мен Орталық Азия

электроэнергетикалық корпорациясы

арасында жасалған меморандум

нәтижесінде «Павлодар

жылу желілері» компаниясы

бірқатар үйге сервистік қызмет

көрсетуге көшті. Мысалы, ең суық

болған Ткачев көшесі, 9, 11 және

13 үйлерде ішкі жылу бұрыштарын

өзгертті. Енді бұл баспаналарда

қиындық болмауы тиіс.

Бірақ бұл компанияның басқаруына

өткен кейбір үйлердің тұрғындары

әрі қарай серіктестік орнатудан

бас тартып жатыр. Олардың айтуынша,

«Павлодар жылу желілері»

серіктестігі жылу құбырларын

қалпына келтіргенімен, басқа

коммуналдық қызметтерді өз

деңгейінде атқармай отыр, -

деді А.Байханов.

Әбілқайыр Сқақов бұл іске

жергілікті атқарушы билік те

араласып, жағдайды бақылауға

алуы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Сәтбаев университетімен

бірлесіп, қаладағы

жерасты желілерінің цифрлық

баламасы әзірленіп жатқанын

жеткізді.

- Павлодар қаласындағы

жерасты желілерінің цифрлық

картасы жоқ. Сондықтан құбырлардың

қандай деңгейде екенін

біле бермейміз. Құбыр жарылып,

апаттық жағдай туындайтын сәтті

күтіп отырмас үшін желілерді

цифрлық форматта көріп отыруымыз

керек. Келесі жылыту маусымында

гидравликалық сынақтар

сол карта негізінде іске асуы

тиіс, - деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы облыс

орталығындағы ірі көмір сату

орындарының бірі «Элит KZ»

ЖШС-не де барды. Кәсіпорын

директорының орынбасары

Серғазы Дәулетбаевтың сөзінше,

қазір мұнда 80-90 мың тонна

көмір бар. Аптасына шамамен

150 көлік қатты отынды әкетеді.

Алайда кеніштегі көмір бағасының

7 пайызға, теміржол тасымалы

құнының 6 пайызға қымбаттауы

сәл салмақ салып тұр. Тұрғындар

да қазір қысқы отын алуға

асығар емес.

- Жергілікті әкімдіктер әлеуметтік

нысандардың, тұрғындардың

қатты отынмен қамтылуына

тікелей жауапты. Көмір қайда

сақталады, ауылға оны қанша

кәсіпкер жеткізеді, қандай бағамен

сатылады – осының барлығына

тиісті талдама жасалып, тізім

дайындалуы керек. Кеніштегі

көмір бағасының былтырғы 6300

теңгеден биылғы 6779 теңгеге

дейін өсуі қаншалықты негізді

екенін де саралау керек. Жаңбыр

жауып, жол батпаққа айналатын

кезде кеніштерден қатты отын

шығаруда қиындық туындамауы

үшін қазірден қамдану қажет.

Көмір өндіретін біздің өңірде

қатты отынның тапшылығы жоқ.

Тек қыркүйек-қазан айларында

ұзын-сонар кезек болмас үшін

тұрғындарға қазірден-ақ көмір

алудың қамына кіріскен жөн, -

деді Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, аймақ

басшысы бірнеше көпқабатты

үйлердің дайындығын байқау

үшін арнайы барып, пәтер иелері

кооперативтерімен тілдесті. Жалпы

алғанда, Павлодар қаласы алдағы

жылыту маусымына дайын. Тек

жөндеу жұмыстары уақытылы

аяқталып, апаттық жағдайлар

шықпаса болғаны.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 3

ДЕНСАУЛЫҚ

Жаңа орталық

ашылды

Облыс орталығында алғашқы

медициналық-санитарлық көмек

көрсету орталығы ашылды. Бұрынсоңды

өңірде мұндай орталық

болған емес. Жаңа емдеу орнының

ашылуы арқылы тұрғындардың

дәрігердің қабылдауына жазылу

айтарлықтай жеңілдейді.

«Мерейлі отбасы» облыстық

байқауының жеңімпаздарын

салтанатты түрде марапаттады.

Байқау мамыр айында

жарияланып, отбасы күніне

орай қорытындыланды.

Отан отбасынан

басталады

Павлодар қаласындағы бұрынғы

«Дәстүр» мейрамханасы заманауи

медициналық мекемеге

айналды. Мұндағы алғашқы

медициналық-санитарлық көмек

20 мың павлодарлыққа қолжетімді

болады. Тұрғындарға ауруларды

анықтаудан бастап, күндізгі стационарда

ем қабылдауға дейінгі

әртүрлі медициналық көмек

көрсетіледі. Бұрнағы күні аймақ

басшысы Әбілқайыр Сқақов

емдеу орнының жұмыс барысымен

танысты.

«Almaz Medical Group» ЖШС

филиалының бас дәрігері Қуаныш

Нысанбековтың айтуынша, жаңа

орталық бір ауысымда 150 адамды

қабылдай алады. Медициналық

мекеменің ашылуы тұрғындарға

үй маңында сапалы әрі жедел

қызмет көрсетуге мүмкіндік

береді.

- Біздің орталық жаңа құрал-жабдықтармен

қамтылған. Тұрғындар

үйлерінен алысқа бармай-ақ

заманауи медициналық көмек

ала алады. Әсіресе, емханаға

баруға қиналатын қарттарға жайлы

жағдай жасалып отыр, - деді

бас дәрігер.

Әбілқайыр Сқақов медициналық

қызмет көрсетулер қолжетімділігі

мен алғашқы медициналықсанитарлық

көмек көрсету сапасының

артуы өңірдегі жалпы

денсаулық сақтау саласындағы

басым бағытқа айналуы тиіс екенін

атап өтті.

- Аталған орталық облыстағы

басқа емханаларға үлгіге айналуы

керек. Мұнда барлық жағдай

жасалған. Қолжетімді медициналық

қызметтер мен сапалы сервис

бар. Бастысы, көмектің барлығы

үйдің маңында көрсетіледі, - деп

атап өтті облыс әкімі.

Күндізгі стационар терапия

мен гинекология профильдері

бойынша 12 төсек-орыннан тұрады.

Орталықта 26 білікті маман, оның

ішінде 11 дәрігер жұмыс істейді.

Бүгінде емханаға 13 мың адам

тіркелген. Олардың саны 20 мыңға

жетеді деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

Байқауға жалпы келіп түскен 27 өтінімнің ішінде тек 13 отбасы

ақтық мәреде бақ сынасты. Аудан, қалалардың намысын

қорғаған 13 отбасы салтанатты түрде марапатталып, бағалы

сыйлықтар табысталды. Екібастұз қаласының туын көтеріп келген

Новиковтар отбасы 3-ші орынға іліксе, 2-ші орынға Шарбақты

ауданының Рахметовтар әулеті жайғасты, бас жүлдені Мұхтаровтар

әулеті иеленді.

- «Отан отбасынан басталады» дегендей, жалпы, бүгінгі

күні отбасыларға мемлекетімізде көптеген қолдау көрсетіліп,

ауқымды шаралар жүріп жатыр. Енді осындай жағдайлар жасалып

жатқанда бұл сайысқа неге қатыспасқа? - дейді Мұхтаровтар

әулетінің отанасы Сұлушаш Қалдыбаева.

Байқауға қатысқан шаңырақ иелерін облыстық ақпарат және

қоғамдық даму басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов

марапаттады. Мерекелік іс-шарада ән де шырқалып, би де

биленді. Енді Мұхтаровтар әулеті аймағымыздың намысын

республикалық додада қорғамақ.

Мақсат КӨЛТАЙ.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

Даму тұжырымдамасын ұсынды

ЖОБА

Әбілқайыр Сқақов урбанистер ассоциациясының өкілдерімен кездесіп,

қала тұрғындарының демалысына арналған болашақ жобаларды

талқылады.

Жоба көңілден шықса, облыс

орталығында әмбебап саябақтар

пайда болады, орталық көшелерді

қайта жаңғырту және Усолкадағы

эко-саябақты абаттандыру

жұмыстары іске асады.

Инклюзивті жастар спорт саябағы

Ломов – Катаев көшелерінің қиылысында

орналаспақ. Оның негізінде

қалалықтардың әртүрлі жас ерекшеліктеріне

қарай тақырыптық

аймақтарды ұйымдастыру көзделуде.

Оның ішінде балаларға

арналған алаң, жасөспірімдер

аймағы, воркаут, спортшыларға

арналған скейт-аймақ, арқанды

саябақ, құрғақ фонтан және футбол

корты кіреді. Жастарға арналған

саябақ қысы-жазы жұмыс істейді.

Сонымен бірге, «Усолка»

эко-саябағының абаттандырылуы

жоспарлануда. Аумақтың

ерекшеліктеріне қарай саябақ

территориясы балық аулауға

арналған жағалау, пикник, серуен,

ағаш егу, кэмпинг аумағы және

қысқы сырғанаққа арналған төбелер

болып бөлінеді. Келушілердің

саябақтың шалғай жерлеріне деген

қолжетімділігін арттыру үшін саябақ

ішінде топырақты жол мен жаяу

серуендеуге ыңғайлы декингтен

жасалған эко-соқпақтар салынады.

Биатлон мен триатлонға

арналған ұзындығы 3,7 шақырымдық

әмбебап спорт саябағы

қаланың батыс бөлігінде,

Ертіс бойында пайда болады.

Көпфункционалды кеңістікте

памп трек трасса, спортшыларға

арналған пирс, өткелдер мен тротуарлар,

велосипед жолдары мен

модульдік құрылыстар орналасады.

Саябақтың ең басты ерекшеліктері

– әлемдік үлгідегі мұнара мен

өзен вокзалы маңындағы жаяу көпір

болмақ. Бұл болашақта Усолка

жағалауын Орталық жағалаумен

қосуға мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңашылдық Лермонтов

көшесіне қатысты. Өткізілген

сараптамалар негізінде көшенің

архитектуралық-көркемдік келбетін

ғана емес, жол-көлік оқиғалар

қаупін төмендету мақсатында жаяу

жүргіншілер мен көлік жүрісін қайта

қарауға тура келеді. Жоспарға

сәйкес, мұнда қауіпсіз веложолдар,

ойын алаңдары, белсенді және

парклеттері бар тыныш демалыс

аймақтары, сауда павильондары,

кіші архитектуралық

формалар мен аялдама

кешендері пайда болады.

Ландшафтық сәулетші

Роман Шнайдерман айтып

өткендей, барлық жобалар

қоршаған ортаға минималды

әсер ету және жасыл желек

қорының сақталуымен

жүзеге асырылады.

Өңір басшысының бастамасымен

Павлодар тұжырымдамасы

әзірленуде.

Жобалар әртүрлі болғанымен,

қала үшін аса қажетті.

Тұрғындармен келіссөздер

мен концептуалдық әзірліктер

жүргізілуде. Жоба

ағаш кесусіз экологиялық

таза идеялардан тұрады, -

деді урбанист.

Әбілқайыр Сқақов бұл іске

азаматтық қоғамды барынша

қатыстырудың маңыздылығын

атап өтіп, урбанистер идеяларын

қолдады.

- Төрт жобада да урбанистердің

жаңа көзқарасы, жаңа трендтері

сезіледі. Жаяу жүру мәдениетін

қалыптастырып, адамдардың демалысына

барынша жағдай жасау

керек. Бұл жерлер қалалықтардың

сүйікті орындарына айналмақ.

Тұрғындардың барлық өтініштерін

ескеруіміз қажет, - деді облыс

әкімі.

Облыс әкімі аталған жобаларды

келесі жылдан бастап

жүзеге асырып, қалалық ландшафты

жаңғырту үшін жобалықсметалық

құжаттама әзірлеу ісін

жеделдетуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Суретті түсірген -

Валерий Бугаев.


4 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Ауыл шаруашылығы саласының

қарқынды дамуы ауылдағы шаруалардың

нәтижелі еңбегіне тікелей байланысты

екені белгілі. Ақсу қаласының шаруалары

да егін және мал шаруашылықтарымен

айналысу арқылы аграрлық сектордың

ел экономикасының жаңа драйверіне

айналуы үшін өзіндік үлесін қосуда. Биыл

мал азығы қорынан тапшылық болмайтын

сыңайлы. Дала еңбеккерлерінің жемшөп

дайындау жолындағы қарқынды

еңбектері соның нақты айғағындай. Қалай

айтсақ та, қазір піскен егінді уақытылы

орып, босқа ысырап етпеу және қалың

шыққан шөптен кейінгі жылдарға қор

жинап алу шаруалардың басты міндеті

болып отыр.

Биыл Ақсу бойынша 2,4 тонна сабан

шөп, 3 мың тонна пішендеме, 24 мың

тонна сүрлем дайындау жоспарлануда.

Қыркүйектегі деректерге сүйенсек, қазіргі

уақытта ауданда барлығы 104,6 мың

гектар шөп шабылып, 95,8 мың тонна

ірі жем-шөп дайындалды. Сондай-ақ,

4,0 мың тонна пішендеме әзірленді.

Жалпы, аудан бойынша 37,9 мың мал

басына 83,3 мың тонна шөп қажет. Сол

себепті де мал азығын дайындауға

жеке шаруашылықтармен қатар ауыл

шаруашылық тауар өндірушілер де кіріскен.

Ең бастысы, шөп шабатын, жинайтын,

орамаға түсіретін техникалар түгелдей

жұмылдырылған.

Ақсу қаласының ауылдық аймағында

алғашқылардың бірі болып шабындыққа

шалғы салғандардың қатарында

Сарышығанақ ауылдық округінің шаруалары

бар. Қазіргі таңда ауылдағы «Табыс»

шаруа қожалығында жұмыс қызу жүруде.

Аталмыш шаруа қожалығы ірі қара

мал мен ұсақ малды өсірумен айналысады.

Сондай-ақ, кейінгі кезде асыл

тұқымды малды көбейтуге ден қойған.

Шаруа қожалығы осыдан екі жыл бұрын

Ресейден герефорд тұқымды 107 бас

ірі қара малды сатып алыпты. Бұл асыл

тұқымды ірі қараның жем-шөпті жегеніне

қарай берер өнімділігі де өте жоғары.

Яғни, бірдей азықтандырған жағдайда

герефордтар тезірек салмақ жинайды.

Сондықтан қысқы мал азығын дайындау -

шаруа қожалығының алдында тұрған

маңызды міндеттердің бірі. Ағымдағы

Шабындықта

жұмыс қызу

жылы мал азығына 350 гектардан шөп

жинауды жоспарлап отырған қожалық, бүгінгі

таңда жоспардың 40 пайызын орындап

үлгерді. Шаруашылықтың басқарушысы

Изат Хасеновтің айтуынша, бүгінге дейін

100 гектардан астам шөп шабылып,

шамамен жылдық қордың 40 пайызы

жинап алынған. Шөп шабу науқаны одан

әрі жалғасып жатыр.

- Шөп дайындау - әрине, оңай шаруа

емес. Қазір - шаруалар үшін жұмыстың

нағыз қызған уақыты. Себебі шабылған

шөпті күнге қуратпай жылдам жинап алу

қажет. Әзірге ауа райы қолайлы болып

тұр. Ауа райының ашық күндерінде шөпті

шауып, оның нәрі түгелдей жойылып

кетпей тұрғанда жинап алу керек. Әдетте

мал азығын дайындау тамыз-қыркүйек

айларында жүреді. Осы уақыт аралығында

үлгермей қалсаң, әрі қарай шөп қурап,

бойындағы нәрі де азаяды, - дейді шаруа.

Отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған

қожалық басшысы Сымбат Сәкенұлы

бүгінде шаруашылықты кеңейтуді, мал

басын арттыруды жоспарлап отыр. Шаруа

қыстың қамына ерте кірісіп, шапқан

шөптерін жинап, қыстақ орындарына

тасып алу қамында жүр. Таңмен таласа

тұрып, ерте еңбекке араласқан шаруаның

бірі тракторға жайғасып шөп шауып

жүрсе, енді бірі шабылған шөптен орама

дайындау үстінде. Қожалық жетекшісінің

айтуынша, қазір шабындық басында

6 трактор жұмыс жасауда. Бұдан бөлек,

лизингпен алынған орама техникасы да

биыл шөп шабу науқанына жұмылдырылды.

Сондай-ақ, шаруашылық 8 адамды

тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.

Шабындық жерлерінен мол өнім алуды

көздеген бұл қожалық өздерінен артылған

шөпті сатылымға шығаруды да жоспарлап

отыр.

- Былтырғы жылы осы 350 гектар

шабындық жерден бір қысқа жететіндей

шөп алдық. Биыл да бұл мөлшерден кем

түспеуді жоспарлап отырмыз. Бір буылған

шөпте орташа шамамен 250-280 келідей

шөп болады. Шөптің түсімі былтырғы

жылмен салыстырғанда жаман емес, –

деді шаруа қожалығының басшысы Изат

Хасенов.

Статистикалық деректерге сүйенсек,

биыл Ақсу ауданында 37,6 мың бастан

астам ірі қара, 57 мың бастан астам қой

мен ешкі, 14,1 мың бас жылқы тіркелген.

Енді осынша төрт түлікті алдағы қыс

маусымынан қиналмай шығару үшін

ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары

83,3 мың тонна шөп дайындауы тиіс.

Басқарманың хабарлауынша, жоспарланып

отырған жем мен шөптің бұл

деңгейі малды қыстаудан шығынсыз әрі

өнімділігінің төмендеуінсіз алып шығуға

мүмкіндік беретін көрінеді.

Сарышығанақ ауылы,

Ақсу қаласы.

Суретті түсірген -

Есенжол Исабек.

РУХАНИЯТ

Қараоба орта мектебінің қабырғасында

Павлодар облыстық

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің ұйымдастыруымен

Қазақстан Республикасының

Конституциясы күніне орай

«Айбары асқақ Ата Заң» атты

іс-шарасы өткізілді.

Құнды

кездесу

Жиын барысында Конституцияның тарихи

мән-маңызы, Ата Заңымыздың - еліміздің

арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы,

жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары

екені айтылып, Ата Заңымыздың түп негізі –

«Жеті жарғы» заңы жайлы кеңірек мәлімет

беріліп, деректі фильм көрсетілді.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер

музейінің басшысы Ербол Мәтіұлы Қайыров

сөз сөйлеп, Ертіс-Баян өңірінен шыққан ұлы

қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығына

арналған танымдық көрмені таныстырды.

Атап айтар болсақ, Мәшһүр Жүсіп Көпеев,

Жүсіпбек Аймауытов, Естай Беркімбаев,

Қабдыкәрім Ыдырысов, Шәкен Айманов

сынды әдебиет және өнер майталмандарының

пайдаланған жеке заттары, жәдігерлері

және қолжазбалары жайлы қысқаша айтып

өтті. Мұражай қорындағы құнды жәдігерлер

қатарында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тұмары,

Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы жарық

көрген «Қартқожа» романының түпнұсқасы,

өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш

пышағы, Шәкен Аймановтың «Алдар көсе»

фильмінде киген бөркі, т.б. құнды заттары

болды.

Іс-шара соңында Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері

Сәуле Арынғазина «Туған жер», «Желбіре,

туы қазақтың» атты әндерін орындаса,

Назымгүл Шапағат жетіген аспабында

«Көзіңнің мөлдірін-ай» әнін тамылжыта

орындап, көрермендерге керемет әсер

сыйлады.

Өткеннің ұлағатын, бабалар аманатын,

тарихын, кешегі мен бүгінін сабақтастырып,

өскелең ұрпақтың баға жетпес, теңдесі жоқ

мұраларына айналдырып отырған рухани орда –

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер

музейіне өз алғысымызды білдіреміз. Мұндай

құнды кездесулер алдағы уақытта өз жалғасын

табады деп сенеміз.

Э.ҚАЛЫҚОВА,

Қараоба орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

Ақтоғай ауданы.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Қатаң жазаланады

Павлодарда жұмыспен қамту орталығындағы тексерістен кейін

бірнеше адамға қатаң сөгіс жарияланды. Анонимді шағым авторлары

облыс орталығының жұмыспен қамту орталығын қайтыс

болған адамдарды «жұмысқа орналастырып», құжаттарды қолдан

жасап, келісімшарттар бойынша сыйлық алған, мемлекет бюджетін

жымқырған, мүлікті теріс пайдаланған және басшылықтың

өкілеттігін асыра пайдаланған деп айыптады. Мекемеге бірнеше

айып тағылып, айыптаулар әлеуметтік желіде жарияланды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте Павлодар

қаласы әкімінің орынбасары Светлана

Гладышева мәлімдеді.

– Комиссия марқұмның жұмысқа орналасуына

қатысты төрт фактіні анықтады.

Олардың екеуі 2020 жылдың тамызында

қайтыс болды деп жарияланды. Ал қыркүйекте

бірыңғай жиынтық төлем жасалған. Сірә,

төлем Kaspi жүйесі арқылы өткен. Тағы екі

адамға қатысты іс жүргізілуде. Олардың бірі

2005 жылы туған, екіншісі 2017 жылғы, -

деді Светлана Гладышева.

Жұмыспен қамту орталығының директоры

жұмыстан кету туралы арыз жазған

және 12 қыркүйекте қызметінен босайды.

Сараптама қорытындысы бойынша, қала

прокуратурасы Павлодар қалалық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

басшысының орынбасарына бақылауды

әлсіреткені үшін және орталық директоры

мен орталықтың жұмыспен қамту

секторының бірнеше басшыларына жіберген

олқылықтар үшін қатаң сөгіс жариялаған.

Ал Павлодар облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының басшысы

Альмира Дисюпованың сөзінше, жұмыспен

қамту орталықтарында жеті мың жұмыссыз

есепте тұр. Олардың жұмысқа орналасуына

ұлттық жобалар арқылы да көмек

беріледі.

- Павлодар облысында он ұлттық жоба

жүзеге асырылуда. Олар 5500 – ден астам

жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жеке инвесторлар тоғыз мыңнан астам

жұмыс орнын ұсынды, - дейді А.Дисюпова.

Биыл «Күміс жас» жаңа жобасының

арқасында зейнеткерлік жасқа бір жыл

қалған 58 павлодарлық жұмыс тапқан.

Ведомство басшысының ақпараты

бойынша, тамыз айынан бастап жастар

мен халықтың әлеуметтік осал топтарына

400 АЕК-ке дейін өтеусіз гранттар бере

бастады. Осындай 1250 грант бөлу көзделіп

отыр, оларға үміткерлер «Бастау Бизнес»

бағдарламасы бойынша оқып жатыр.

– Ақсу қаласының жұмыспен қамту

орталығының жұмысы жаңа форматқа

көшті. «Қазхром «ТҰК» АҚ және «ЕЭК» ірі

кәсіпорындарымен ынтымақтастық жолға

қойылды. Бұдан басқа, пилоттық режимде

жұмыссыз жастарды «ERG Service»-ке жұмысқа

орналастыру жобасы іске асырылуда.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту

орталықтарының 18 мобильді кеңсесі

облыстың 260 елді мекенінен өтіп, жергілікті

тұрғындарға жұмыс іздеуге көмектеседі

Айдана БОРАНБАЕВА.


SARYARQA SAMALY

10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл

5

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА

«Балалар жылы»

бүлдіршіндерге

бақыт сыйлады

Ағымдағы жылдың

1 қыркүйегінде ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың

Қазақстан халқына арнаған

Жолдауын ерекше зейін қойып

ыждаһатпен тыңдадым. Көптеген

мәселелердің шешімі табылғандай.

Құрметті балалар!

Сендерді келіп жеткен жаңа оқу жылымен

құттықтаймыз. Жаңа оқу жылында жаңа

табыстарға, биік белестерге жете беріңдер.

Балақайлар, естеріңде болса, биыл осы айдың бірінші

жұлдызында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өз

Жолдауын жолдады. Онда ол көптің көкейінде жүрген сауалдарға

жауап берді. Жолдауда сондай-ақ, келешек елдің іргетасын қалар

жастарға көңіл бөлінетінін атап өтті. Енді 2025 жылға дейін

800 бала заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалады.

Әр баланың шотына ақша аударылып отырады. Ол ақшаны балалар

18 жасқа толғаннан кейін өздерінің білім алуларына қолдануға болады.

Біздің еліміз сендердей жігерлі, талантты да талапты балалармен

ғана дамиды. Сол себептен, балалар қазірден бастап білім алып

талаптансаңдар, елдің гүлденуіне атсалысатын азамат

болып өсесіңдер. Іске сәт!

Құрметпен, «Ainalaiyn»

БӘРЕКЕЛДІ!

Ата-анасының

мақтанышы

Май ауданы Баскөл ауылының А.Иманов

атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы

Әлисұлтан Балтабек «Balapan» телеарнасының

күзгі маусымынан эфирге шығатын

«Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік

жобасына қатысуға мүмкіндік алды.

Өткен жылғы Жолдауында

Президент 2022 жылды «Балалар

жылы» деп жариялаған болатын.

Жолдауда айтылған көптеген

шешімдерді құптаймын. Әсіресе,

«Ұлттық қордан» балаларға

18 жасқа дейін әлеуметтік шот

ашылатынына қатты қуандым.

Енді демографиямыз өсіп, бала

туу көбейеді деп ойлаймын.

Бұрын ауылдарда әр үйде

5 баладан 10 балаға дейін

болатын. Өзім де көпбалалы

ана болғандықтан, әйелдердің

61 жаста зейнетке шығуын және

Президент айтып кеткен екінші

мәселе - тәрбиешілерді ынталандыру

және аккредитациядан

өткізу керек дегенін қолдаймын.

Қытай қайраткері Конфуции:

«Әуелі - тәрбие, сосын - білім»

деген. Барлық ұстаздарға да

айтарым осы. Әр ұстаз оқушыға

үлгі болуы қажет.

Сондай-ақ, салық кодексіне

жаңа қатал өзгерістер енгізу

қажет. Әр кәсіпкер адал еңбек

етіп, салығын дұрыс төлеуге

БІР дегенім – БІЛІМ,

Төрт пен Беске ілін.

Алып жүргін, балам,

Мұғалімнің тілін.

ЕКІ дегенім – ЕҢБЕК,

Еңбекпен іс өнбек.

Жалқау болсаң, балам,

Бар қиындық төнбек.

шақыру керек. Бұл - көлеңкелі

бизнесті жоюдың басты жолы.

Өткен жылы елімізде орын

алған Қаңтар оқиғасы барлығымыздың

есімізде мәңгілік сақталады.

Бұл жайлы Қ.Тоқаев өз

Жолдауында назардан тыс қалдырмады.

Оның шеруге қатысушыларға

бір рет рақымшылық жасағанын

адамгершілікке жатқыза

аламыз. Бірақ мұндай жағдай

елімізде ешқашан қайталанбауы

қажет.

Мемлекеттік қызметшілер

мансапқорлыққа берілмей, адал

әрі әділетті қызмет ету керек.

Әділетті Жаңа Қазақстан құрамыз

десек, әр адам оны өз ісімен

көрсете білу керек.

Дана ЖАРМАКИНА,

еңбек ардагері,

«Қазақстанның Құрметті

кітапханашысы»

төсбелгісінің иегері.

Әуелбек ауылы,

Ақтоғай ауданы.

Санамақ

Бұған дейін Әлисұлтан Нұр-Сұлтан қаласында өткен

іріктеудің 3 кезеңінен сүрінбей өтіп, 1000 оқушы

ішінен үздік жүздік қатарына енді.

Бағдарламаға республика бойынша 6-9 жас аралығындағы

оқушылар қатысты. Іріктеу кезеңдерінде Әлисұлтан

60 сұрақтан тұратын арнайы тест сұрақтарына жауап

беріп, логикалық, сыни ойлауға бағытталған есептер

және тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ, креативті

ойлау және коммуникативтік дағдыларын тексеретін

қазылар алқасымен бетпе-бет сұхбатқа қатысты.

2 кезеңді тренингтен өтіп, келесі мәре – додада бақ

сынады. Жоба алдағы уақытта ағымдағы жылдың

қыркүйек–желтоқсан айларында «Balapan» телеарнасынан

көрсетіледі.

Бұл жобаның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының

бойындағы сыни және креатив ойлау, коммуникативтік

дағдыларын дамыту. Телевизиялық жоба сонымен

қатар баланың шығармашылық қабілеттерін ашуды

көздейді.

Аталмыш турда Әлисұлтан туған жері Май ауданының

ерекшеліктеріне тоқталып, өзінің ауылын мақтан тұтатынын

атап өтті. Қазылар алқасы Әлисұлтанның озық ойы

мен математикаға жүйріктігіне жоғары баға берді.

Жас дарынымызға сәттілік тілейміз! Алға, Әлисұлтан!

Айдана БОРАНБАЕВА.

БЕС дегенім – БЕРІК,

Жақсылық болсын серік.

Жалқау досқа, балам,

Кете көрме еріп.

АЛТЫ дегенім – АҚЫЛ,

Бол ақылды, батыр.

Атаң не айтса, балам,

Құп алғаның мақұл.

СЕГІЗ дегенім – СЕНІМ,

Сенсін саған елің.

Соны да ойла, сенім,

Ақталмайды тегін.

ТОҒЫЗ дегенім – ТОҚТАМ,

Қызулы бол шоқтан.

Сақ болғайсың, балам,

Тілсіз жаудан – оттан.

ОЙҒА ТОҚЫ!

ОН дегенім – ОҚУ,

Қажет емес қорқу.

Білгеніңді балам,

Көңіліңе тоқу.

Нұрлан ҚАЛҚА.

ҮШ дегенім – ҮМІТ,

Өс бәрін де біліп.

Ақыл сөзге, балам,

Құлақты жүр түріп.

ТӨРТ дегенім – ТӨЗІМ,

Сабырлы бол өзің.

Ал асықсаң, балам,

Мәнсіз болар сөзің.

ЖЕТІ дегенім – ЖЕҢІС,

Тұр алдыңда көп іс.

Тым ұзаққа созбай,

Орындап шық тегіс.


6 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

ЖАРАЙСЫҢ!

Альмира жарады

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Альмира

Нұрланова химия пәнінен халықаралық олимпиададан

екінші орын алып, Оқу-ағарту министрі

Асхат Аймағамбетовпен кездесті.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен

шарада жеткен жетістігі үшін

оқушымыз Президент Қасым-

Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен

3 миллион 180 мың теңге

көлемінде ақшалай сертификатпен

марапатталды.

Альмира Павлодар қаласындағы

NIS-ке оқуға түскен

сәттен бастап химия пәніне

қызығушылық танытып, дарынды

ұстаз Ілияс Шормановпен бұл

пәнді тереңдетіп оқумен айналысты.

Оның жетекшілігімен

талай додаларда мектебіміздің

намысын абыроймен қорғап,

бірқатар белестерді бағындырды.

Ал биыл ол ең беделді химия

олимпиадасында – халықаралық

химия пәнінен олимпиадада

жүлдегер атанды.

Назарбаев зияткерлік

мектебінің баспасөз

қызметі.

Өзің бояп ал

Жалқаулықтың дәрісі

Қинағанда сақинасы

басыңның,

Батпағанда ешқайсысы

асыңның,

Жүгіретін дәрігерге,

әптекке

Әдеті ғой кәріңнің де,

жасыңның.

Әптек іші - ақ мәрмәр

жарқыраған,

Келер мұнда буыны

сырқыраған.

Шипасын бар дертіңе

көп дәрінің

Түсінетін болды ғой

нарқын адам.

Жарқыраған тура алдыңда

шыны тұр,

- Біріншінің

балалары,

Екпе алуға келіңдер!

- Мен екпеден

қорықпаймын,

Қорықпаңдар имене,

Салды инені - немене!

Қорқақтар бар аса тым,

Варя, Вера - құрбылар,

Жібермейді уақытты

Ешқашанда құр бұлар.

Ешкімге жоқ зияны -

Жинайды коллекцияны.

Құрбыларда - екі альбом

Кітап дерлік алып том.

Көрсетіп оны даурығад,

Іші толған лауреат!

Тұлғалар бар әртүсті;

Көресің таныс әртісті.

Ақын да бар, жазушы,

Көрнекті кен қазушы.

Одан әрі керегіңнің

мыңы тұр.

Қарапайым ережені

сақтамай,

Енді міне іздеп жүрсің

жақпа май.

Осында тұр түрлі-түрлі

шырын да,

Қолданатын оны адамдар

бұрын да.

Толып жатыр, толып тұр

басқасы да,

Ал мынасы - тамақтың

баспасына.

Ал мынасы тараған

көп шетелге,

Дәрігерден қашатын.

Ал мен болсам, қорқу түгіл,

Әзілге де басамын, -

Бірінші боп өттім алға,

Кіріп бардым тура залға.

Екпе

Жүйке деген темір менде,

Қорықпайтын мен

бір пенде.

Қолтаңба

Адамдар ғой кіл дарын

Қойған мұнда қолдарын.

Берді біреу қолтаңба

жүре түсіп,

Табу қиын енді оны

еске түсіп.

Алып жатыр бетін

түгел дәптердің,

Ұқсайды екен жазуына

шахтердің.

Қарайсың кеп қызыға -

Нағыз қымбат қазына!

Келіп-ақ тұр қолдан бәрі -

Алу жолы қолтаңбаны.

Сергей МИХАЛКОВ

Бірден-бір ем асқынған

көкжөтелге.

Өмірде бұл көп қой қатер -

бәрі сын,

Ауырасың -

айтпағанда әрісін.

Сатса, шіркін,

әптектерде әрдайым

Ем болатын

жалқаулықтың дәрісін.

Мендік ниет, бәлкім,

болар тосын да,

Шіркін маған табылса ғой

осында.

Жалқаулықты айықтырар

бойымнан

Маған керек сондай

дәрі расында!

Билет ойын-сауыққа

Жетпей жатса

бір қолға,

Бір шанышқан қауіп пе,

Ауысам оны уколға.

Дәрігер айтты: - Кіріңдер, -

Қабырғаға жабыстым,

Ойламаппын мен сонда

Тізелерді дірілдер.

Қарап тұрсаң әр ісін,

Сен де біліп аласың

Қолтаңба алу әдісін.

Жинасаң егер белгілер,

Бұрын ғой еді ел білер.

Марка да шыққан модадан,

Тоқтатты оны көп адам.

Қолтаңбаның атынан да,

санынан

Жаңылған соң көбін оның

таныман.

«Кімдер бұлар?»

деп сұрасаң, айтары:

«Керек болса,

өзің оны танып ал».

Сәнді көйлек

Өзінен үлкен тете аға

Сыйға тартты Катяға

Шетелдік көйлек өзгеше.

Тігінен де, көлденең -

Толған жазу, ел деген.

Ал, оқиық ендеше:

«ЛОНДОН», «ТОКИО»,

«ФЕРҒАНА» -

Бұлар енді жең ғана.

Арқада: «МАДРИД»,

«СТАМБУЛ»,

«МОНРЕАЛЬ», «ПАРИЖ»,

«КАБУЛ».

Кеудеде: «МАРСЕЛЬ»,

«МИЛАН»,

«РИМ», «ЖЕНЕВА»,

«ТЕГЕРАН».

Ары оқиық, не тұрыс:

«СИНГАПУР», «БРЮССЕЛЬ»,

«ТУНИС»,

«ЦЮРИХ», «НИЦЦА»,

«ВЕНА», «БОНН»,

Туғанына Бұлбұлдың -

ширек ғасыр,

Орманда - той,

сондықтан ұлан-асыр.

Жиылды оған, түгел келді

қыр мен ой,

Өйткені ол жай той емес -

мерейтой!

Құттықтаулар

жан-жақтан кеп ағылды,

Мұндай тойды бар қауым

көп сағынды.

Көңілді өтті салтанат

дастарқаны,

Той соңында шырқалды

жастар әні.

«КОПЕНГАГЕН»,

«ЛИССАБОН».

Кисе Катя көйлекті,

Жақындар оған көп епті.

«Көйлегіңді оқиық,

Көңілге бірден тоқиық», -

Дегендерге кейде көнсе,

Енді бірде көнбепті.

Тыңдасаң

сыныптастарын,

(Түсінсең сөздің астарын):

«Көйлек емес – оқулық!» -

Дейді шайқап бастарын.

Тек көкесі тұнжырап,

Мына жайды тұр сұрап:

«Бомбей, Дели арасы,

Алшақ кеткен, қарашы.

Мәскеуге жақын Панама,

Еш қонбайды санама!

Бұзған бәрін, жүйесін,

Қарадан қарап күйесің.

Жаттасаң көйлек

қаласын,

Екілік баға аласың!»

Бұлбұл мен қарға

Қарға ғана үнсіз отыр

мұңайған:

«Кіл жағымпаз

жиналыпты-ау маңайдан.

Ал мен болсам,

тіпті елуді еңсердім,

Тойлау қайда бағың ұшса

маңдайдан!

Жапалақ мені мақтап

жар салса да,

Қала берем ылғи

да бір тасада, -

Деді сонда қарға ұзақ

қарқылдап. -

Жүрсек - тағы ел алдында

жарқылдап.

Дарынды біз сияқты

көзге ілмейді,

Кімнің тойын тойлауды

да білмейді».

Орыс тілінен аударған -

Серік САТЫБАЛДИН,

Павлодар қаласы.


SARYARQA SAMALY

10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 7

КЕҢЕС

РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ СҮРЛЕУЛЕР

Дейл Карнегиден сәтті

болу үшін 10 кеңес

Емдік

шөптердің

атаулары

Дейл Карнеги - америкалық педагог,

психолог, жазушы. Өздігінен жетілу

туралы көптеген психологиялық курстары

бар. Оның кітаптары қазіргі кезде де

танымал.

Айналаңызға бір сәтке қарап,

сәттілікке қол жеткізген адамдарға

зер салып көріңізші. Олардың бәрі

басқаларға ұқсамайтын, басқалардан

бөліп тұратын ерекше мінез-құлыққа

ие болуы әбден ықтимал.

Біз сізге Дейл Карнегидің басқаларды

басып озатын және өзіңіздегі ашыла

алмай жүрген кейбір қасиеттерді

баяндап беруге тырысамыз.

Адамның мүмкіндіктері шексіз.

Біздің миымыз компьютер немесе

қатты диск сияқты толып қалмайды.

Ойлау қабілетіміз орасан. Сіз жаңа

мақсаттар мен армандарға қол жеткізу

үшін, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен

қабілеттеріңізді үнемі кеңейтіп отыруға

тиіссіз. Бұл үшін:

Қазіргі сәтпен

өмір сүріңіз

Көптеген адамдар өткен өмірлерін

жиі еске түсіреді. Олар күні бойы

бұрынғы істеген істерімен мақтануға

дайын. Бірақ мойындау керек, өткен

өмір өтті-кетті. Оны қайтарып ала

алмайсыз. Сондықтан, өткенмен өмір

сүру сізге тек зиянын тигізеді және

қабілетіңіздің бәсеңдеуіне әкеп соғады.

Бұл мәселемен жолыққанда «қалай

бұлай болды?» - сынды сұрақтармен

өзіңізді қинауыңыз мүмкін. Бірақ

бұл сізге көмектеспейді. Қайта

«мен мұны қалай түзеймін?» - деген

сұраққа жауап іздеңіз. Егер құнды

уақытыңызды жоғалтқыңыз келмесе,

өткенді саралаңыз. Осы шақта өмір

сүріңіз. Болашақ жайлы да ұмытпаңыз.

Мен сенің сөзіңе сенгенім -

Мен сенің өзіңе сенгенім.

Сен менің сөзіме сенгенің -

Сен менің өзіме сенгенің.

Серкені Серік ерте ме,

Серікті серке ерте ме?

Серке ерке ме,

Серік ерке ме?

Бақа батпақта ма?

Бақбақ батпақта ма?

Болмашы нәрсеге

мән бермеңіз

Кей кездері көшеде танымайтын

адамнан естіген дөрекі сөздер күні

бойы көңіл-күйіңіздің түсіп жүруіне себеп

болуы мүмкін. Егер де сіз өзіңізге сенімді

болсаңыз, мұндай майда нәрселерге

көңіл аудармаңыз. Ол үшін өзіңізден

сұраңыз: «Бұл жағдай 1 жылдан соң маған

әсер ете ме?» - деп. Егер жоқ болса,

бұл болмашы жайт күш-қуатыңызды

кетіріп, көңіліңізді түсіруге тұрарлық

па? Ең дұрысы, болашағыңызға тікелей

әсері бар нәрселермен шұғылданыңыз.

Барлығына

басқаларды

кінәламаңыз

Өз бойындағы кемшілікті жасырудың

ең оңай жолы - басқаларға кінарат

арту. Үкіметті немесе бастығыңды

аз айлық үшін, болмаса бүкіл әлемді

орындалмай қалған армандарың үшін

кінәлау оп-оңай. Дегенмен, есіңізде

сақтаңыз, алға қойған мақсаттарыңызға

жету үшін, жауапкершіліңізді сезінуіңіз

өте маңызды.

Сіз басқаларды кінәлай отырып

жауапкершіліктен құтылуыңыз мүмкін.

Бірақ өзгелерге өзіңізді басқару

мүмкіндігін беріп қоясыз. Егер сіз

100% өз өміріңіздің қожайыны болсаңыз

мақсатыңызға тез жетесіз.

Шағымдана

бермеңіз

Әрқайсымыз өмірде бір рет болсын

шағымданғанымыз рас. Себебі бұл -

барлық адамға тән нәрсе. Адам

үнемі шағымданатын болса, негатив

орталығына айналады. Егер сіз өз

тағдырыңызға риза болмасаңыз,

басқаларға шағымданудың орнына

оны өзгертуге тырысыңыз.

Үлкен мақсаттардан

қорықпаңыз

Көптеген адамдар сенімсіздіктен

өздеріне оңай мақсаттарды таңдайды.

Сәтсіздікке ұшыраудан қорықпау керек.

Ұмытпаңыз, тәуекел түбі - жел қайық.

Сіздің мүмкіндіктеріңіз аса зор, азына

келіспеңіз. Адам тек өз мүмкіндігін

сезінгенде ғана ірі мақсатқа ұмтылады.

Жаңылтпаштар

Бақа бақта ма?

Бақбақ батпақта ма?

Үш ұшқыш ұшады,

Үш ұшқыш ұшса,

Үш құс та ұшады.

Ұшқыш ұша ма?

Үш құс ұша ма?

Алатауда аңғарлар бар,

Алатауда заңғарлар бар,

Аңдар заңғарларда ма,

Проблемалардан

қашпаңыз

Біздің негативті көңіл-күйіміз жай

жарылатын бомба секілді. Кез-келген

сәтте жарылуы мүмкін. Сондықтан

сізді бір нәрсе мазалап жүрсе, оны

тап қазір шешіңіз. Проблемалардан

қашпаңыз, оларды шешіңіз.

Өз күшіңізге сеніңіз

Бір нәрсеге өзіңізді сендіру сөзсіз

сіз үшін өте маңызды. Егер сіз бір

мәселені шешуге сенбей тұрсаңыз,

ақылыңыз да бұған дәлел табады.

Егер де сіз өз күшіңізге сенсеңіз,

күшіңіз сізді әр уақытта тығырықтан

алып шығады. Өзіңізді зерттеу барысында

өзіңізге деген сенімділігіңіз одан

сайын арта түседі.

Басқалардың

көмегін

қабылдаңыз

Кей адамдар көмекке мұқтаж бола

тұра одан бас тартады. Бұл - барып

тұрған ақымақтық. Көмек сұраудан

ешқашан ұялмау керек. Кей кездері

бір мәселені шешуге кеткен бірнеше

сағат, біреудің көмегі арқылы бірнеше

секундта шешілуі мүмкін.

Мәселені кейінге

қалдырмаңыз

Жұмыстарды дәл қазір орындау

мүмкін болған жағдайда оларды кейінге

қалдыру сіздің мүмкіндіктеріңізді

өлтірудің бірден-бір дұрыс жолы. Егер

сіз алға қойған мақсаттарыңыздың

бірде-біріне жеткіңіз келмесе, оларды

үнемі кейінге қалдырып отырыңыз.

Егер жоспарлаған мақсатыңызға

жеткіңіз келсе, жұмысты дәл қазір

бастаңыз. Өзіңізге күмәнданбаңыз.

Ұнаған нәрселерді жасаған кезде сіз

әрқашан дұрыс жолдасыз.

Үнемі күліп жүріңіз

Ұмытпаңыз, үнемі жымиып жүру -

сіздің құпия қаруыңыздың бірі. Тіпті

сізге қатты ашуланған адам жүзіңіздегі

күлкіні көргенде абдырап қалып, сабасына

түседі.

Дереккөз: http://bilim-all.kz/

Аңғарларда ма?

Қаршығаның қарашығының

қарасынан,

Қарлығаштың қанатының

қарасы қара ма?

Әлде қарлығаштың

қарашығынан,

Қаршығаның қанаты

қара ма?

Тұрысбек ЕДІЛБАЙ.

Аскөк (укроп) – тыныштандыру, өт айдағыш, тыныс

жолдарын тазарту қасиетіне ие. Барлық ағзаны тазалайды

әрі ас қорыту жұмысын реттейді. Стенокардия,

гипертония, невроз секілді ауру түрлеріне де ем.

Бауырға да пайдалы.

Аскөк жапырақтарын кәдімгі шай ретінде, шай

орнына күні бойы ішсе, анемияға, жүрек астмасына

емі болады.

Ақжелек (петрушка, ақжелкен деп те атайды) А,

С, В, РР, Е дәрумендеріне, эфирлік майлар мен

фолий қышқылына бай. Фосфор, темір, магний,

калий бар. Ол жамбас аумағындағы қан айналымын

жақсартып, қабынуда жәрдемдесіп, қан тамырларының

қызметін, зат алмасуын реттейді. Денедегі ісікті

қайтарады, ішектерді тазалайды, семіздікпен күреседі.

Кариеске қарсы жақсы ем. Жаңа сөлін ішу арқылы

көру мүшесінің қызметін жақсартуға болады. Бұл шөпті

ескірмеген, балғын кезінде пайдаланады. Пісіргенде бар

қасиетін жоғалтатыны ойда болу керек. Мұздатқышта

сақтауға болады.

Ақжелкек (хрен обыкновенный) құрамындағы

биологиялық белсенді заттар ауыз қуысындағы бактерияларды

өлтіре алады. Бұл үшін жарты шай қасық

ұнтағын бір стакан суға салып шаю жеткілікті.

Желкөк (хрен) осы ақжелкек – тыныс алу жолдарының

ауруы бронхит, сондай-ақ цистит, түрлі қуық жолы ауруларын

болдырмайды. Жөтелді басып, ауыз қуысының

зиянын жояды.

Кәді (кабачок) несеп айдағыш, терінің түсін

жақсартып, ағзаны улы заттардан тазалайды. Артық

салмақпен де күреседі. Оның құрамында С және К

дәрумендері бар.

Үрме бұршақ (фасоль) ағзаны

улы заттардан тазартатын

щетка қызметін атқарып, ас

қорытуды жақсартып, адамды

қуаттандырады, күш береді.

Оның құрамында марганец,

магний, калий мен мыс

кездесетіндіктен, қан айналымын

жақсартып, иммунитетті

көтереді.

Қарақат (смородина) – жұқпалы вирустарды

жоюда шаймен қосып ішсе көмегі бар. Ондағы С

дәрумені суық пен қабынуға қарсы қабілетті арттырады.

Микробтарды да жоя алады.

Бүлдірген (земляника) – ыстық түсіріп, суықтауды

қайтарады, тыныс жолы жұқпаларын өлтіріп, жүйкені

жайландырады.

Асбұршақ (горох) – ем орнына жүреді. Оны суға

пісіріп, кептіріп, талқандап, ұнтағын сары майға араластырып

жесе, суық тиген кезде, тұмауратып, жөтел

қысқанда, қарықтан тазалауға пайдасы зор.

Лавр жапырағы - ағзадағы тұздарды шығарады.

Зәйтүн (оливка) – асқазан жарасының алдын

алады, ішекті дерттен сақтап, ларингитті болдырмайды.

Жемісін күйік шалғанда пайдаланса, жәрдемі

мол екен. Ал майын тұрақты пайдаланса, ас қорыту

жүйесі жұмысы қалыпқа түсіп, холестерин төмендейді,

жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алып, диабетті

болдырмайды. Зәйтүн майы бауырды, қан тамырларын,

асқазан-ішекті, бүйректі, буындарды да жылдар

бойы жиналған қақтан тазартады екен.

Шырғанақтың (облепиха) жемісі, бұтағы, тамыры, тіпті

жапырағы да тұнба жасап жағуға, ішуге болады. Бұлар

суықтағанға қарсы, қабынғанды басуға және ағзаны

нығайтып, жақсартуға, қан тамырларының беріктігін

қамтамасыз етіп, жүйкені жайландырар, дәруменмен

қамтамасыз ететін қасиетке ие. Сондай-ақ адамның

есте сақтау қабілетін қалпына келтіріп, қартаюды

тежеуге де ықпал ете алады. Бұлардан басқа да

пайдалы қасиеттері жетерлік екен. Шырғанақ майының

құрамында ағзаға пайдалы 206 түрлі зат бар. Оның

ішінде көп мөлшерде Е, С, А, В дәрумендері және флавон

бар. Бұлар шаршағанды басып, сергектікті арттырып,

бұлшық еттің белсенділігін реттейді. Асқазаннның кілегей

қабығын қорғап, қандағы холестеринді төмендетеді,

жараның, күйіктің жазылуын жеделдетеді.

Ибрагим БЕГІМХАН,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

№2 орта мектептің қазақ тілі

және әдебиет мұғалімі,

Ақсу қаласы.


8 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН

Үш тілде

сөйлеп үйренейік!

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы

– сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Ainalaiyn» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық

үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі

маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова үш тілде

сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен бүгін дәнді дақылдарға қатысты жаңа

сөздерді үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

Арпа

Ячмень

Вarley

Тары

Просо

Мillet

Күріш

Рис

Fig

Сұлы

Овес

Оats

Бидай

Пшеница

Wheat

Өлкемізде туризмді

қалай дамытамыз?

Туризм - әлемнің ЖІІ-нің 10 пайызын құрайтын ғаламат экономикалық

ұғым. Бұл саяхаттың маңыздылығы қазіргі әлемде өте

үлкен, себебі әлемнің әрбір мемлекеті оны қосымша немесе

негізгі экономикалық сала ретінде пайдалануда. Қазақстан

үшін де туризмнің орны ерекше. Бай тарихымыз бен мәдениетімізге

байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде осы саланы дамытуға

болады. «Туған елге тағзым» жобасы аясында Павлодар

облысының көрікті жерлерін аралап, облысымыздың қандай

мүмкіншіліктері бар екенін зерттедім.

Біріншіден, жағажайлық, яғни өзенкөлдерді

демалу үшін қолдану туризмі.

Ертіс өзенінің ағысына байланысты бұл

аймақта жағажайлық туризмді дамыту

оңай емес. Сондықтан басты назар

Баянауыл көлдеріне түседі. Баянауыл

аумағында орналасқан Сабындыкөл,

Жасыбай, Торайғыр көлдері жыл сайын

жергілікті және басқа өңірден келген

туристер үшін демалыс аймақтарына

айналды.

Екіншіден, емдік-сауықтыру туризмі.

Өлкемізде денсаулыққа пайдасы мол

Мойылды, Маралды, Тұздыкөл және т.б.

көлдерінің болуы аймақта шипажайлардың

дамуына мүмкіншілік береді. Бұл ретте

Мойылды санаторийін атап өтуге болады.

Өзінің ғасырлық тарихына байланысты

бұл шипажайдың аты ел арасында кең

танымал және жыл сайын бұл сауықтыру

кешені мыңдаған адамдарды қабылдайды.

ҰСЫНЫС

Мойылды шипажайын негізге ала отыра

басқа да сауықтыру кешендерін дамытып,

Павлодар облысын еліміздегі емдіксауықтыру

орталығына айналдыруға

болады.

Үшіншіден, тарихи-танымдық туризм.

Қазақстанның, әсіресе Кереку-Баян

өлкесінің мәдениеттер тоғысында

орналасуына байланысты бұл жерде

тарихи ескерткіштер саны өте көп.

Бұл өңірде темір, қола дәуірінен келе

жатқан қорғандарды, неолит пен тас

дәуірінен келе жатқан петроглифтерді

көруге болады. Ежелгі дәуірдің ерекше

флора мен фаунасымен танысуға

болады. Киелі Баян өңірінен шыққан

атақты дара тұлғалар да аз емес.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт

Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Шәкен

Айманов сияқты тұлғалардың өмірі де

өшпес тарих болып табылады.

Қорытындылай келе, Кереку-Баян

жерінің туристік мүмкіншіліктері орасан

зор. Жоғарыда аталған туризмге

бальнеологиялық, яғни балшықпен

емдеу туризмін, кемпинг, таулы туризм,

этнотуризм сияқты түрлерді қосуға

болады. Облысымыздың туризм саласын

біртіндеп дамытып, жоғары деңгейге

жеткізуге болады деп санаймын.

Ерасыл ҚАЖАТҰЛЛА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің

11 «А»-сынып оқушысы

Павлодар қаласы.

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Сиқырлы сөздер

Бір ауылда бай

мен кедей баласы өмір

сүріпті. Екеуі ауыл молдасынан

дәріс алып жүреді.

Медресе ауылдың шетінде

екен. Бай ұлы жаяу жүрмес

үшін астына тай беріп,

қымбат матадан тігілген

киімдер кигізіп қояды.

Кедей өзінің Кемеңгер деген баласына

мінгізер тайы болмапты. Кедейдің

әйелі баласына арзан матадан киім

тігіп береді.

Арада жарты жылдай уақыт өтеді. Бұл

кезде екі бала кітап оқитын дәрежеге

жетіпті. Бір күні бай мақтанғысы келіп,

баласының тілашар тойын жасайды. Тойға

ауылдың тайлы-тұяғы қалмай келіпті.

Бай көптің көзінше:

- Қане, Балпаң, кітап оқы, - деп бұйырады.

Ол кітаптағы жазуларды ежіктеп

оқып шығады.

- Қане, Балпаң, жазу жаз, - дейді

бай маңғазданып. Балпаң дәптеріне

әріптердің бірін үлкен, бірін кішілеу

қылып, сойдақтатып жаза бастайды.

- Қане, жаттаған тақпағыңды айт, -

дейді бай баласына. Балпаң тақпағын

айтып келе жатып, мүдіріп қалады. Бай

қабағын шытып:

- Қайтадан қайтала! – дейді. Балпаң

ортасына келгенде қайта жаңылысады. Сол

кезде Кемеңгер досының тоқтаған жерінен

тақпақты жалғастырып әкетеді.

Бай баласын қиындықтан құтқарып қалған

Кемеңгерге жұрт дән риза болады. Бұл

да молдадан оқитын бала ғой. Жазу мен

оқуын байқап көрейік, - деп жұрт шулап

кетеді. Кемеңгер кітапты сыдыртып оқиды.

Маржандай тізіп әріптерді жазады. Халық

баланы құрметтеп, ортаға отырғызады.

Қариялар батасын береді. Басқа байлар

балаға тай мінгізеді. Біреулері жаңа киім

алу үшін ақша береді.

Бай мұның бәрін қызғанады. Іштарлығын

көрсеткісі келмей, өтірік жымиып, кедей

баласының арқасынан қағып қояды.

- Бұл - менің баламның досы, - дейді бай.

- Балаңның досы жақсы екен, - деп

жұрт риза болады.

Тойдан соң байдың қызғанышы өрши

түседі. Бірақ біреудің жетістігін қызғанғаннан

не пайда?

Бай ұзақ ойланады. «Менің баламның

кедей баласынан еш кемдігі жоқ. Қарны

тоқ, уайымы жоқ, одан басқа не керек?»

деп ойлайды. Ол кедей баласының мұндай

жетістікке қалай жеткенін білгісі келеді. Сөйтіп,

кедей отбасының не кереметі барын білмек

болып, бай таңертең киіз үйдің сыртына

жасырынып, тың тыңдайды. Кедей баласы

Кемеңгерді сабағына шығарып салып тұр

екен.

- Сабағыңды жақсы оқы, балам! Мен

саған сенемін! – дейді әкесі.

- Әке, мен де ұстаз секілді мықты болады

деп ойлайсыз ба? – дейді Кемеңгер.

- Әрине, балам. Сен әлі үлкен ғалым

боласың. Сен мықтысың! Осы бетіңнен тайма! –

дейді әкесі баласының арқасынан қағып.

Бала зор құлшыныспен сабағына аттанады.

Бай үйіне кетіп қалады. Түске таман кедейдің

баласы сабақтан қайтып келе жатқанын

көріп, бай қайта жасырынып қалады.

- Күнің қалай өтті, балам? – деп сұрайды

кедей.

- Сабағым жақсы өтті. Бірақ көрші ауылдың

балалары Балпаң екеуімізге тиісті. Мен оны

қорғап қалдым, - дейді Кемеңгер.

- Досыңа көмектескенің өте дұрыс, -

деп кедей баласын бауырына басты.

Кедей отбасы дастарқанға отырды.

Дастарқан үстінде үш кесе саумал, бес-алты

бауырсақ, үш-төрт құрт-ірімшік қана жатыр

екен. Кедей қолын жайып:

- Е, Жаратқан ием! Отбасыма мол ас-ауқат

бергенің үшін шүкірлік қылам, - деп бетін

сипайды.

«Қайдағы мол дастарқан, ана тамақты

менің балам бір өзі жеп қояды ғой» деп

ойлайды бай. Астан с о ң к е д е й

жомарт жандар сыйлаған тайға баласын

отырғызып, үйрете бастайды. Сәлден

соң баласы тізгінді өзі ұстап, әрі-бері

жүре бастайды.

- Жарайсың, балам! Сені мақтан

тұтамын! – деп әкесі баласының мерейін

өсіріп қояды. Шешесі де баласының атқа

отырғанын көріп:

- Менің құлыным өскенде мықты

шабандоз болады, - деп сенімділігін

арттыра түседі. Кемеңгер біраздан соң

үйге кіріп, шешесіне қолғабыс жасайды.

- Көмегің үшін көп рақмет, балам! –

дейді шешесі.

Кедей отбасының бақытты сәттерін

бақылап тұрған бай ойланып қалады. Ол

үйіне қайтып келе жатып: «Бұл неткен

қарапайым сөздер? Жоқ, бұл қарапайым

сөздер емес, бұл - сиқырлы, керемет

сөздер! Мен балама мұндай сөздердің

бірін де айтпаппын-ау!» деп өкінеді. Сөйтіп,

баласын қайта тәрбиелей бастапты.

Асхат ӨМІРБАЕВ.

«Ainalaiyn» қосымшасының үйлестірушісі - Айдана БОРАНБАЕВА.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 9

-.

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Күрделі жөндеу керек

Екібастұз қаласы мен оған қарасты кейбір ауылдық аймақтардағы

балабақшалар тозып тұр. Жергілікті билік әбден ескірген

мектепке дейінгі білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден

өткізуді қолға алмақ.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин

шаһардағы балабақшаларды аралап, олардың

жұмыс барысымен танысты. Жалпы, Екібастұз

өңірінде 46 мектепке дейінгі ұйым бар.

Бұл мекемелерде алты жасқа дейінгі

16 891 бала тәрбиеленеді.

Олардың бірқатарына арнайы барған

шаһар басшысы ескертулер жасап, алдағы

жоспармен бөлісті.

- Тәрбие тазалықтан басталады. Балабақша

аулаларын күтіп-ұстау бойынша нақты

тапсырмалар бердім. Ол үшін қомақты

қаражат керек емес. Сондай-ақ, мектепке

дейінгі мекемелердің көбінде күрделі

жөндеу өткізу қажет. Бұл мәселені қолға

-

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Салтанатты шараның шымылдығын Абай,

Мағжан, Ілияс, Ахмет оқуларының жүлдегері

Б.Уахатов атындағы орта мектептің 9-сынып

оқушысы Ерхат Мерғалым «Ұлт ұстазы

Ахметке арнау» туындысымен ашты. Аудан

әкімі Абзал Балғабаев дарынды оқушыларды

және ата-аналарын марапаттап, ізгі тілегін

жеткізді. Барлық марапатталған 56 оқушыға

ақшалай сыйлық табыс етілді.

Жиын барысында облыстық Әбіш,

аламыз. Біріншіден жобалық-сметалық

құжаттамаларды дайындап, мәселені

облыстық білім басқармасымен бірлесіп

шешеміз, - дейді А.Бейсекин.

Сондай-ақ, Аян Уахитұлы жауапты сала

өкілдеріне бір апта аралығында шағын

аудандар бойынша балабақшаға сұранысты

талдап, сараптауды жүктеді.

Кеншілер шаһарында 3-6 жас аралығындағы

балалар балабақшамен толық

қамтылған. Ендігі міндет - 1-3 жас аралығындағы

балалардың қамту көрсеткішін

арттыру.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

«Дарындыға - дархан жол»

Аққулы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ахмет

Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс, республика

көлемінде жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау

мақсатында «Дарындыға - дархан жол» атты іс-шарасы өтті.

Мақатаев оқуларының жеңімпазы

А.Баймолдин атындағы орта мектептің

9-сынып оқушысы Әдия Маненова

А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру»

өлеңін мәнерлеп оқыды.

Ата-аналар атынан Лебяжі орта

мектебінің ата-анасы Ерболат Шәкіров

жылы лебізін білдірді. Шара концерттік

бағдарламамен жалғасты.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Ақсу қаласына қарасты ауылдық аймақ шаруалары күзгі жиынтерім

жұмыстарына мықтап кірісті. Бүгінгі таңда картоп, көкөніс

пен дәнді дақылдарды жинау ісі қызу жүріп жатыр.

Өнім жинау басталды

Ақсу қалалық ауыл шаруашылығы

бөлімінің мәліметі бойынша, әзірше түсім

жаман емес. Мәселен, осы уақытқа дейін

шаруалар 2,2 мың гектар аумақтан барлығы

59,4 мың тонна картоп алды. Яғни, әр

гектардан 270 центнер жиналды. Әлі

4 мың гектардан өнім алынуы тиіс.

Сол сияқты кәсіпкерлер көкөністерді

алқаптан сатып, қоймаға жеткізуді бастады.

Бүгінгі таңда 0,29 мың гектар алқаптан

10,2 мың тонна көкөніс тұтынушылар

мен қоймаға жөнелтілді.

Сонымен қатар, елді мекендердегі

алқаптардан 0,9 мың тонна дақыл

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

жиналды. Оның ішінде 0,1 мың тонна бидай,

0,8 тонна арпа, 0,02 тонна тары бар.

Айта кетейік, биыл облыс тұрғындарына

қолжетімді бағамен ұсынылатын әлеуметтік

маңызы бар тауарлардың көлемін арттыру

мақсатында ауылдық жерлердегі алқаптардың

аумағы ұлғайды. Мәселен, қарақұмық

алқабы былтырғыға қарағанда 0,5 мың

гектарға, майлы дақылдар егілген аумақ

0,2 мың гектарға, картоп 1,7 мың гектарға

және көкөніс алқабы 0,1 мың гектарға

көбейген еді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Қараоба және Әуелбек ауылындағы білім беру, денсаулық сақтау

орындарына, жолдарға күрделі, орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін

болады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында екі ауылдағы жөндеу

жұмыстарын қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен қаражат

бөлу жоспарланған.

Ауыл мәселелері шешіледі

ЕРТІС АУДАНЫ

Балалардың қауіпсіздігі

маңызды

Жаңа оқу жылы басталысымен жол қозғалысының кішкентай

қатысушыларына көмек көрсету үшін және мектептердің

жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім

беру мекемелерінің алдына полиция жасақтары қойылды.

Ертіс ауданының полицейлері жүргізушілерге

жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз

сақтауды ескертіп, мектептер мен балабақшаларға

жақын жерде, жаяу жүргіншілер

арналған жолдарды өту кезінде өте мұқият

болуды сұрайды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары

қоғамдық көлік жүргізушілеріне балаларды

қауіпсіз тасымалдау ережелерін қатаң

сақтау керектігін айтып, жаяу жүргіншілер

өткелдерінен өту, көлік құралдарының

тоқтауы мен тұрағы туралы ескертті.

Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілермен де

профилактикалық жұмыс жүргізілді.

- Полиция қызметкерлері оқушылармен

жол қозғалысы ережелері және оларды

қолдану дағдыларын түсіндіру бойынша

теориялық және практикалық сабақтар,

сондай–ақ, «Құқықтық жалпы оқыту» акцияларын

өткізді, - деді аудандық полиция

бөлімі бастығының бірінші орынбасары

Серік Үсенов.

А.МҰҚЫШЕВ.

Қараоба ауылында осы бағдарлама

бойынша ұзындығы 3,2 км кентішілік

жолдарға жөндеу, дене шынықтырусауықтыру

кешенінің құрылысы, Қараоба

орта мектебі мен дәрігерлік амбулаториясына

күрделі жөндеу және бұрынғы

интернат ғимаратын балабақша етіп қайта

жаңарту жүргізілетін болады. Қараоба

ауылындағы осы әлеуметтік нысандарға

930 млн теңге бөлу жоспарланған.

Әуелбек ауылында ұзындығы 2,3 км

ауылішілік жолдарға орташа жөндеу,

үлгілік ауылдық мәдениет үйіне, Ыдырысов

атындағы орта мектепке, медициналық

пунктке күрделі жөндеу жүргізіледі. Әуелбек

ауылының осы әлеуметтік нысандарына

740 млн теңге бөлу жоспарланған.

Сондай-ақ, Өтес және Әуелбек ауылдарында

жайылымдық жерлер мәселесі

өткір тұр.

Кездесу барысында айтылған барлық

сұрақтар мен ескертулер бақылауға алынды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы

органдардың басшылары азаматтарды

«Жолдағы қабылдау» форматында қабылдауды

жүзеге асырды. Мектеп және дәрігерлік

амбулатория салу, бұрынғы интернат

ғимаратын балабақша етіп қайта жаңарту

мәселелері сөз етілді. Қараоба ауылындағы

осы әлеуметтік нысандарға бюджеттен

930 млн теңге бөлу жоспарланған.

Айдана БОРАНБАЕВА.

- -

МАЙ АУДАНЫ

УСПЕН АУДАНЫ

Жұмыспен қамтылады

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен

бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің бірыңғай күні аудан

орталығы Көктөбе ауылының орталық алаңында өткізілді.

Аудан бойынша жұмыс беруші 11 мекеменің

өкілдері (орталық кітапхана, мәдени

ойын-сауық орталығы, Е.Мұқашев атындағы

орта мектеп, білім беру бөлімі, «Павлодаржолдары»

ЖШС, Көктөбе орта мектебі, өнер

мектебі, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды

сауықтыру орталығы, аудандық ішкі істер

бөлімі, Кеңтүбек селолық округі, Жалтыр

орта мектебі) өз мекемесіндегі бос жұмыс

орындары туралы мәліметтер ұсынды.

Жұмыссыздар қатарынан жұмыс іздеп

жүрген 30-дан аса адам осы шараға қатысып,

8 адам тұрақты жұмысқа жіберілетін

болады. Оның ішінде: Е.Мұқашев атындағы

орта мектеп - 1 адам, «Павлодаржолдары»

ЖШС – 1 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды

сауықтыру орталығы – 1 адам, өнер

мектебі – 2 адам, Көктөбе орта мектебі –

1 адам, мәдени ойын-сауық орталығы – 1 адам

және Кеңтүбек селолық округіне – 1 адам.

Айдана ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

Жатақханалар тексерілді

Бүгінгі таңда «Жастар рухы» жастар қанаты республика көлемiнде

жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсiптiк бiлiм беру

мекемелерiнiң жатақханаларына қоғамдық мониторинг жүргізуде.

Шара барысында нысандардың қауіпсіздігі тексеріледі.

Өткен жұмада Успен аудандық

мәслихатының хатшысы Ж.Бараисов,

«АMANAT» партиясының аудандық филиалының

атқарушы хатшысы Е.Инербаев

және «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы

Т.Абдуллаева аудан орталығынадағы

«Успен аграрлық-техникалық колледжінің»

жатақханасын тексерді. Мониторингтік

топ мүшелері 85 орынға қарастырылған

студенттер үйінің жай-күйімен таны-

сып, нысанның қауіпсіздігіне көңіл бөлді.

- Жатақхана бөлмелері 2-3 адамға

арналған. Әр бөлмеде кереуеттер, орындықтар,

киім шкафтары бар. Санитарлық

тораптар, себезгі бөлмелері, ас үйлер

СанПиН талаптарына сәйкес заманауи

жабдықтармен қамтылған. Жатақхана

студенттерді қоныстандыруға дайын, -

деді мониторингтік топ мүшелері.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


10 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл ҚҰНДЫЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

ЕРТЕҢ – ОТБАСЫ КҮНІ

Аймағымызда өмірімен өнеге боп, өнерімен көзге түскен отбасылар

баршылық. Әсіресе, біздің өңірде шахтерлер, металлургтер, дәрігерлер,

ұстаздар династиялары аз емес. Отбасылық құндылықтарды

барлығынан жоғары қойып, адал еңбегімен елдің өркендеуіне үлес

қосып келе жатқан сондай үлгілі шаңырақтардың бірі – Мұхтаровтар

әулеті.

Баланың бас

ұстазы - ата-ана

Менің жылы

мекенім

Отбасы – мен үшін мағынасы терең, мәні зор ұғым. Әр

мемлекеттің бастауы – шағын шаңырақ. Мен сондай

шаттыққа толы шаңыраққа келін болып түсіп, әулеттің

түтінін түтетіп отырғаныма қуанамын.

Павлодарлық Мұхтаровтар

отбасында білім шырағын жаққан

мәртебелі мамандық иесі – мұғалімдер

көп. Бұл жанұяның жалпы

еңбек өтілі 200 жылдан асады.

Ұлы Отан соғысының ардагері

Хайролла Мұхтаров 45 жылдан

астам бастауыш сынып мұғалімі

болып жұмыс істеді. «Қазақ КСР

Халық ағарту ісінің үздігі», «Жапонияны

жеңгені үшін», «1941-1945

жылдардағы ҰОС Жеңісіне отыз

жыл» медальдарымен марапатталды.

Жұбайы Қамат Мұхтарова - еңбек

ардагері, «III дәрежелі Ана Даңқы»

ордені, «1941-1945 жылдардағы

ҰОС Жеңісіне 70 жыл», «1941-

1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне

75 жыл» медальдарының иегері.

Хайролла Мұхтарұлы мен Қамат

Шаштыбайқызының ұлы Алтай

зоотехник мамандығы бойынша

білім алды. Шарбақты ауданында

зоотехник, бас зоотехник, Павлодар

облысы бойынша «Қансонар»

қауымдастығы өкілдігінің бас

аңшысы болып еңбек етті.

Жары Сұлушаш Қалдыбаева 44

жыл ұстаздық қызмет атқарып,

балаларға тарих пәнінен сабақ

берді. 1978 жылы отау құрған олар

төрт баланы өсіріп, тәрбиеледі.

- Әулеттің үлкені Хайролла

ата мен Қамат анамыз өмірде

Ынтымағы жарасқан әулеттер

Аққулы ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Сайыс мақсаты отбасылық қарымқатынасты

дамыту, жас ұрпақты

жоғары рухани–адамгершілік, әлеуметтік

және жеке тұлғалық қасиеттерін

қалыптастыру, салауатты,

қазіргі заманғы отбасы рөлі мен

маңыздылығын арттыру, бала

тәрбиесіндегі ата-аналардың

жауапкершілігін айқындау болып

саналды.

Биылғы жылы отбасы құндылығын

дәріптеуге арналған ұлттық

байқауға аудан бойынша екі отбасы

көп қиыншылықты жеңіп, бірінбірі

қабағынан түсінетін, адам

баласына дауыс көтермейтін,

үйінен қонақ үзілмейтін, дастарханы

жиылмайтын абзал жандар

болатын. Қамат анамыз ісмер, өткен

тарихты майын тамыза айтатын.

Анамызға қарап бой түзеп, кейін

игі қасиеттерін балаларымыздың

бойына сіңіруге тырыстық.

Қыздарымыз кішкентайынан тал

бесікте тербеліп, әженің ертегісіне

сусындап өсті, - деп сол бір

кездерді еске алады отанасы

Сұлушаш Иванқызы.

Бүгінде Мұхтаровтар әулетінің

қыздары ата, ана жолын жалғап,

педагогика саласында сүбелі еңбек

етуде. Меңтай есімді қызы Павлодар

қаласындағы №7 мектепте тәрбие

ісінің меңгерушісі болып еңбек

етеді. Ал Гүлтай - Баянауыл ауданы

Жайма орта мектебінің директоры.

Найля, Мөлдір деген қыздары

мемлекеттік қызмет саласында

жұмыс істейді.

Отанасының пайымынша,

балалардың тәрбиесі ата-анаға

тікелей байланысты.

- Отбасындағы негізгі құндылық -

махаббат пен сенім, өзара түсіністік,

балаға үлгі өнеге көрсету.

Баланың бас ұстазы – ата - ана.

Өзіміздің күнделікті өмір тіршілігінде

өтінім берді. Олар: Мерғалым

ауылынан Хамитовтар отбасы және

Аққулыдан Абуовтар әулеті. Хамитовтер

көпбалалы отбасы қатарынан,

отағасы шаруа қожалығын

жүргізуде. Ал Абуовтар жанұясына

келер болсақ, ұстаздық жолдың

тізгінін ұстап, ауданға жас маман

болып келіп, бүгінгі күнге дейін

адал еңбек етіп, қоғамдык жұмысқа

да белсенді қатысуда. Арнайы

бағалану критерийі бойынша

қазылар алқасының шешімінен

еңбе-гіміз, адамдық бейне, жақсы

мінез-құлық, дұрыс қарым- қатынас

арқылы балаға үлгі болуға тырыстық.

«Қызға қырық үйден тыйым» деп

бекер айтылмаған. Оларды қатал

тәрбиелей отырып, еркін ұстадық.

Жанұяда қыздар болғаннан кейін

үй шаруашылығын жүргізу, тазалық

сақтау, қонақ күту, ас мәзірін

дайындау, іс тігуге үйрету, олардың

бойына иба мен инабаттылықты

дарыту басты назарда болды.

Міндетті түрде теледидардан

жаңалықтар мен рухани тәрбие

беретін бағдарламаларды көріп,

көркем әдебиет оқуға баулыдық.

Отбасымызда әкенің рөлі

ерекше. Қыз бала әкеге жақынырақ.

Әкені, ер азаматты қадірлеу – басты

ұстаным. Тағылымды тәрбие –

әке мен анадан ғана берілетін

қасиет. Бұл - біздің тәрбиеміздің

негізі, - дейді С.Мұхтарова.

Мұхтаровтар әулетінің көп

жылғы еңбегі еленіп, отбасы

мүшелері түрлі мемлекеттік наградалармен

марапатталды. Мәселен,

Алтай Хайроллаұлына Шарбақты

ауданы әкімінің Құрмет грамотасы

табысталған. Ал Сұлушаш

Иванқызы - ҚР Білім беру ісінің

үздігі, «III дәрежелі Еңбек Даңқы

орденінің», «Ерен еңбегі үшін»

медалінің, Ы.Алтынсарин белгісінің,

Павлодар облысы әкімінің арнайы

сыйлығы мен облыс әкімінің

грантының иегері.

Осындай табысты жолымен,

бастысы өнегелі отбасылық өмірімен

көзге түскен әулет «Мерейлі

отбасы» облыстық байқауының

жеңімпазы атанды. Енді аймақ

намысын республикалық сында

қорғайтын болады.

Мақсат КӨЛТАЙ.

Суреттерді түсірген –

Есенжол Исабек.

ШАҢЫРАҚ

кейін облыстық кезеңге Абуовтар

отбасы жолдама алды.

Сондай-ақ, ішкі саясат және

тілдерді дамыту бөлімі мен

отбасы күніне орай жыл сайын

алтын той, күміс той және ең

жас мерейтой иелерін құттықтау

дәстүрге айналды. Айта кетерлігі,

2015 жылдан бастап «Мерейлі

отбасы» ұлттық конкурсы ауданда

жыл сайын өткізілуде.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Біздің жанұя – бақытқа толы

жылы ұя. Отбасымызда шаңырақ

иесі, әкеміз Нұркен Рақымұлы мен

аяулы анамыз Зағира Оспанқызынан

үлгі алып, алдыңғы буынның

ізін жалғап келеміз. Жан-жарым

Бақытжан, ұлдарым Қайрат пен

Қайсар, үлкен қайным Ұлан,

абысыным Арайлым, кіші қайным

Айдын, кішкентай қайындарым

Әлинұр, Ахмедияр және ерке

гүліміз - қайын сіңлім Аделия –

отауымыздың берекесін келтіріп

отырған жаныма жақын жандар.

«Тәрбие - тал бесіктен» дейді.

Ата-анамыздың әрбір сөзінде,

іс-әрекетінде ұлттық педагогика,

ұлттық тәрбие тұнып тұр.

Немерелерінің ақылшы ұстазы

да - сол кісілер. Отбасымызда

тәрбие мен білім басты назарда.

Оның бірден-бір себебі анамыздың

ұстаздық жолда еңбек етуі деп

білемін. Әкеміз бен анамыз

немерелеріне мейірім шапағатын

төгіп, ерекше ықыласпен жақсы

көреді. Кішілер үлкендерді сыйлап,

сыпайылық танытады. Үлкендер

өзінен кішілерге қамқорлық

жасайды.

Әкеміз Ақсу қаласында жарық

жөндеуші болып еңбек етеді.

Жолдасым алюминий зауытында,

үлкен қайным ферроқорытпа

шығаратын кәсіпорында жұмыс

істейді. Кіші қайным - Ақсу

қаласындағы қара металлургия

колледжінің 1-курс студенті.

Отбасымызда анамыздың

жолын қуған балаларының да,

келіндерінің де педагогикалық

білімі бар. Анам - №1 қазақ орта

мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі. Абысыным №4 орта

мектепте қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінен балаларға сабақ береді.

Мен №20 сәбилер бақшасында

тәрбиешінің көмекшісі болып,

балаларды тәрбиелеп келемін.

Қазіргі уақытта Павлодар педагогикалық

университетінде тәрбиеші

мамандығы бойынша жоғары

оқу орнында білімімді жалғастырып

жатырмын.

Отбасымызда бәріміз тек қазақша

сөйлесеміз. Ұлттық салт-дәстүрлерді

де ұдайы ұстанамыз. Ас

ішкен соң шаңырақ иесі - әкеміз

дастарханға батасын береді.

Ата-анамыздың ақ батасы мен

ақ тілегі бізге күш-қуат беріп,

қуаныш сыйлайды.

Біз басымызға орамал салып,

келіндік міндеттерімізді атқарамыз.

Қонақ келсе төрге шығарып,

астан ауыз тигізіп, тәтті шаймен,

ізгі ықыласпен шығарып салуды

әдетке айналдырдық. Анамыз

«Қонақ келсе құт-берекесімен

келеді» деп үнемі айтып отырады.

Кішкентай бөбектеріміз дүниеге

келгеннен бастап «Шілдехана»,

«Ат қою», «Қырқынан шығару»,

«Тұсаукесер», «Сүндет той», «Тілашар»

сияқты дәстүрлерді өткіздік.

Осы мерекелік сәттерде «Қоржын

ашу» ырымы да сақталған.

Анаммен, абысыныммен жиі

сырласамыз, бірге отырып тәтті

шай ішіп, әңгіме-дүкен құрамыз.

«Абысын тату болса, ас көп»

дегендей, абысыныммен бір үйдің

қыздарындай татумыз. Ал анамыз

бізді туған қыздарындай жақын

тартып, көрген-білгенін, өмірден

түйгенін бөлісіп, үйретіп отырады.

Қазақ - басынан қандай нәубет

өтсе де, ұрпағына ұлағатты тәрбие

бере алған халық. Өскелең

ұрпағымыз ананың әлдиін, атаәженің

ертегі-жырын тыңдап, салтдәстүрді

көріп, ұлттық құндылықтарды

санасына сіңіріп өссе,

ұлтына жанашыр азамат атанады

деген сенімім мол.

Ұлтжанды ұрпақ қана халқының

мұң-мұқтажын ұғынып, елінің

болашағы үшін қызмет етеді.

«Отан отбасынан басталады».

Демек, Отанды сүю, Отанға деген

сүйіспеншілік отбасынан және

отбасы мүшелерінің арасындағы

қарым-қатынастан бастау алады.

Отбасында мызғымас бірлік,

сыйластық, мейірім, жүрек жылуы

болса шаңырақ берекесі артып,

бақытты әрі үлгілі отбасыға айналары

сөзсіз. Қиын сәтте демеу

көрсетіп, қол ұшын созатын, әрқашан

қолдау көрсететін отбасым –

алтын діңгегім. Осындай отбасының

келіні болу - мен үшін үлкен

мәртебе!

Әйгерім БАУЫРБЕКҚЫЗЫ,

Ақсу қаласы.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл 11

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Қарағанды облысында болған дала өрті

іргелес жатқан Павлодар облысы Баянауыл

ауданындағы бірнеше ауылдың аумағына

шарпыды. Абырой болғанда, қызыл жалын

ұлттық парк аумағына өткен жоқ.

Баянауылдан да

өрт шықты

Аудандағы Жаңажол ауылдық

округі аумағындағы 40 гектар

жер, Сәтбаев ауылдық округінде

162 гектар жер жанып кетті.

Мұндағы дала өрті бүгін 9.40-та

толығымен ауыздықталды.

Облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі

инспекциясының басшысы Руслан

Төлепбаевтың сөзінше, қызыл

жалынның Баянауыл ұлттық

табиғи паркі аумағына өту қаупі

болды. Бірақ оған 10 шақырым

қашықтықтағы өрт сөндіріліп, одан

әрі таралуына жол берілген жоқ.

«Ұлттық парк, Баянауыл аудандық

төтенше жағдайлар қызметі, төрт

ауылдық округтегі ерікті өрт

сөндірушілер құрылымының күшімен

Жалғасы.

Басы 8 қыркүйек,

бейсенбі күнгі нөмірде.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Баянауыл ауданында дала өрті

ауыздықталды», - дейді Руслан

Төлепбаев.

Сонымен қатар, баянауылдықтар

өрт өршімес үшін Қарағанды

облысындағы тілсіз жаумен күреске

араласты. Қарағанды облысының

шекарасында Сәтбаев ауылдық

округі тарапынан ТЖД-ның үш

автоцистернасы, Баянауыл ауданы

әкімдігінің күштері мен құралдары,

Сәтбаев ауылдық округінің ерікті өрт

сөндіру құрылымдары, Жаңатілек

ауылдық округінің өрт сөндіру

бекеті жұмыс істеді. Қазір шекара

маңындағы учаскелерді қарауылдау

жүріп жатыр.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Үшінші рәсім - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Ол тұрақты кіріс болған жағдайда сотта борышты бөліп төлеуді

(5 жылға дейін) алу мүмкіндігін көздейді. Қалпына келтіру жоспары

қаржы басқарушысымен, яғни төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

және банкроттық рәсімдерін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге

асыратын тұлғамен бірлесіп әзірленеді. Бұл жоспар сотта бекітіледі.

Ол үшін екі тараптың – борышкер мен кредитордың келісімі қажет.

Білу маңызды! Заң жобасында банкроттықтан

кейін туындауы мүмкін салдар қарастырылған:

1) заң жобасында 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға

шектеу көзделген;

2) азаматтар банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана

алады;

3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық

жағдайына мониторинг жүргізу қарастырылған.

Банкроттық туралы заң жобасында тағы нелер

қарастырылған?

Заң жобасы борышкерлер жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар

мен заңды күшіне енген сот үкімдеріне байланысты қылмыстық

іс-әрекетпен келтірілген залалды өтеу борышы бар борышкерлер

санатына қолданылмайтын болады.

Бұдан басқа, өзінің қаржылық жағдайы туралы жалған ақпарат

ұсынған, өз мүлкі туралы ақпаратты жасырған жеке тұлғаларға,

борышкердің қарыз қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін

соттың анықтауы сот үшін борышкерге қатысты банкроттық рәсімін

қолданбауға негіз болып табылады.

Сондай-ақ, заң жобасында азаматтардың банкрот деп танылған

күннен бастап бір жыл ішінде қаржылық сауаттылықты арттыру

курстарынан міндетті түрде өтуі көзделген.

Fingramota.kz!-пен бірге қаржылық сауатты болыңыз!

«RS Temir» ЖШС «RS Temir» ЖШС өндірістік базасын жабдықтау» жұмыс

жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің жария талқылау арқылы қоғамдық

тыңдауларын өткізеді.

Жария талқылаулар 19.09.2022-14.10.2022 ж. аралығында Бірыңғай

экологиялық портал https://ecoportal.kz/сайтында өтетін болады.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар Бірыңғай Экологиялық порталда

құжаттама жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Осы

мерзім өткеннен кейін ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды.

Бастамашы - «Дюсекенова С.Е.» ЖК Павлодар облысы, Павлодар қаласы,

Курская к-сі, 61. Эл. мекенжайы: rstemir_gb@mail.ru тел. 8-7019608262.

Жобалау құжаттамасын әзірлеуші «ECO project of city» ЖШС, Павлодар

қаласы, Гагарин к-сі, 76/61, тел. 87773177502 жария талқылауды өткізу кезінде,

сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін

келесі мекенжай бойынша сұратуға болады too_gim@mail.ru.

Жария тыңдаулар өткізу кезінде төмендегі мекенжай бойынша көзделіп

отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған

қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болады: эл. пошта

sema-200992@mail.ru және 8 (777) 3177502 телефоны бойынша.

Жұртшылықтың қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа қол жеткізуін

қамтамасыз етуге жауапты ЖАО - «Павлодар облысының жер қойнауын

пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ - бас маман

Темиргалина А.С., эл. мекенжайы: temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz және

телефон 8 (718) 2-329379.

(20148)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Ертіс

Медиа» ЖШС 66-15-41, «Қазпошта» АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі:

32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны: 32-35-35.

Қалтаңызға

сақ болыңыз!

Павлодар облысының полиция

департаменті қала тұрғындары мен

қонақтарын жеке мүлкінің сақталуына

қырағы болуды ескертеді. Сондай-ақ,

адамдар көп жиналатын орындарға

барған кезде ұстанатын бірнеше

қарапайым кеңестер береді:

- Әмиянның ішіндегісін көпшілік

алдында санамаңыз;

- Супермаркетте жүргенде жеке

заттарыңызды себеттер мен сауда

арбаларына қалдырмаңыз.

- Кеуде әмияндарын немесе

белдікті қолданыңыз. Бұл сақтаудың

сенімді әдістері, өйткені мұндай

жағдайларда қалта ұрылары

байқаусызда әрекет ете алмайды.

КЕҢЕС

Қалта ұрлығы тұрғындардың ең көп шоғырланатын

жерлерінде - сауда орталықтары мен

қоғамдық көліктерде жиі кездеседі. Статистика

көрсеткендей, қалта ұрлығының едәуір бөлігі

қоғамдық көліктерде «қарбалас сағаттарда»

орын алады.

- Қоғамдық тамақтану орындарында

отырып, әмиянды немесе

басқа құнды заттарды ілулі киім

қалтасына қалдырмаңыз. Көбінесе

қаскүнемдер көрші орынға жайғасып,

өз киімдерін жақын жерге іліп қояды.

Бұл оларға назар аударуға және

қылмыс жасауға мүмкіндік береді.

- Қалта ұрыларының құрбаны

болған барлық азаматтарды дереу

полицияға жүгінуге шақырамыз.

Есіңізде болсын, қылмысты ашудың

сәтті кепілі-полиция органдарына

уақтылы жүгіну. Сондай-ақ,

қылмыскердің сыртқы келбетін дәл

және толық сипаттау.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

«Кирпич PVL» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-2 бабының талабына сәйкес

2022 жылдың 28 қазан, сағат 15.00-де Новочерноярск ауылы, Центральная

көшесі, 2, Черноярск ауылы әкімшілігінің ММ ғимаратында, «Кирпич PVL» ЖШС

Кірпіш зауытын жаңғырту» жобасын қарастыру бойынша ашық жиналыстар

нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Жобалық құжаттама пакетімен танысу және ескертулермен ұсыныстар

Бірыңғай экологиялық порталында, және https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodartabigat/activities/directions?lang=ru сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған

орта және су ресурстары басқармасы» ММ, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 5Б,

каб. 307, эл. мекенжайы temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79,

қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін

мерзімде қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин

енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталында, және https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodartabigat/activities/directions?lang=ru сайтында жарияланады.

Қосымша ақпаратты sema-200992@mail.ru және 8 (777) 3177502 нөмірінен

байланыс арқылы алуға болады.

ХАБАРЛАНДЫРУ

(20148)

«Зерноград» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-2-бабының талаптарына сәйкес,

2022 жылғы 27 қазан күні сағат 15.00-де Рождественка ауылы, Целинная көшесі,

1/2 мекенжайы бойынша Шектеулі рұқсат етілген шығарындылар (Түзету) жобасын

қарау бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ https://

www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru

сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды өткізу күніне

дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 17, 307-каб. мекенжайы бойынша, эл. мекенжай

temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79, «Павлодар облысының жер

қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-де

қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген

жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталда және https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru сайтында ұсынылатын болады.

Қосымша ақпаратты sema-200992@mail.ru мекенжайы бойынша және

8 (777) 3177502 телефоны арқылы алуға болады.

(20148)

Ломбард «€lit» (Евролит) ЖШС барлық тұтынушыларына заңды

мекенжайын Академик Шөкин көшесі, 31, 249-шы тұрғын емес үй-жайға

өзгерткені туралы хабарлайды.

(282)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 7606 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1483

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

Ахаң қалдырған

мәңгілік мұра

Павлодар қаласының Орталық кітапханасының О.Сүлейменов атындағы

оқу залында мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен

әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түркітанушы,

публицист, педагог, ақын және аудармашы, қазақ әліпбиін жазудың

реформаторы, Алашорда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының

150 жылдығына орай «Алашорда көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын талмай насихаттап

жүрген өңірімізге белгілі тіл-әдебиет жанашырлары өз ойларын ортаға

салып, жиналған жас буынмен дидарласты.

Аяулым ДУМАНҚЫЗЫ

Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық

сөз өнерінің тарихын, кеңестік

кезеңде саяси қуғын-сүргінге

ұшыраған Алаш зиялыларының

өмірі мен шығармашылық мұрасын

зерттеу қолға алынды. Кеңес өкіметі

тұсында көруге, жазуға тыйым

салынған тарихи-мәдени мұралар

мен ұмыт болған әдеби жәдігерлерді

басып шығару мәселесі күн тәртібіне

қойылды. Бұл іске павлодарлық

ғалымдар да атсалысты. Ел ішінде

оқыған жас ағартушының еркін

мінезді батыл ойшылдың беделі

мен атағы өсе бастайды. Оның

революциялық қозғалысқа араласуы

ХХ ғасырдың басында Қарқаралыда

тұрған жылдарынан басталады.

Оған 1905 жылы 17 қазанда

ЖЕТІ АТАДАН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР

жарияланған және мемлекеттік

тәртіпті «жетілдіруді көздеген,

осы бағытта біраз жеңілдіктер»

берген манифест түрткі болады.

М.Дулатовтың пікірінше, Ахметтің

қазақ бұқарасының көрнекті және

белсенді басшыларының біріне

айналатыны осы кезі болған.

- Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің

бір парасы қазақ сөзінің

қасиетін, табиғатын танытумен

байланысты. Сондықтан ғалымды

қазақ тіл білімінің негізін қалаушы

тұлға ретінде танимыз. Оқу-ағарту

идеясын ұстанған. Қазақ тілінің

дыбыстық жүйесін дәл көрсететін

әрі оқытуға жеңіл таңбаларды түзді.

Түркі халықтары қолданылып отырған

араб таңбаларын икемдеп (реформалап),

қазақ әліпбиін жасады.

Бұл шын мәнінде ұлттық жазу

еді. Оны кезінде түркі тілдерін

зерттеуші орыс, татар ғалымдары

«Байтұрсынов жазуы» деп атаса,

ғалымның өзі «Қазақ жазуы» деп

атады, қарапайым халық «төте

жазу» деген атау берді. «Маса»

кітабына енген өлеңдерінде ақын

қараңғылық, надандық, шаруаға

енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты

кемшіліктерді сынады. Көптеген

өлеңдері сол кездегі ағартушылық

бағытпен үндес болды. Автордың

«Маса» жинағындағы «Cөз иесінен»

атты беташар өлеңінде:

...Ызыңдап ұшқан мынау

біздің Маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын Маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки

қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның

айнала ұшып,

Қаққы жеп,

қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын аз да болса,

бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына

ызыңдаса»

деп айтқан жолдарынан «Маса»

деп отырғаны өзі екенін көруімізге

болады. Бүгінгі таңда автордың

айтқан ойларынан ағартушылық,

мотивациялық бағыт жастар үшін

де өзекті, - деді Торайғыров

университетінің профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Айтмұхамбет Тұрышев.

Шара барысында студент

жастармен «Көркемсөз» клубының

жас қаламгерлері ақынның туындылары

мен жүректен шыққан арнауларын

оқыды. Жас буын қайраткерге

байланысты тың деректерді біліп,

таным көкжиектерін кеңейтті.

- Биыл Алаш арыстарының

көсемі, қоғам қайраткері қазақ

қоғамнының біртуар тұлғасы Ахмет

Байтұрсынұлының туғанына - 150

жыл. Соған орай орталық кітапханада

ақынға арналған «дөңгелек үстел»

өтті. Өңіріміздің белгілі тұлғалары

қатысып, жиналған жастарға

түркітанушының жүріп өткен жолын

насихаттады. Тұлғаның қазақ қоғамы

мен әдебиетіне сіңірген еңбегіне

шолу жасап, түсіндіре білді. Бүгінгі

жиында жас ақындардың

арнау өлеңдері оқылды. Қазақтың

маңдайына біткен қайталанбас

әдебиет жанашырының «Маса»

және «Қырық мысал» жинақтарынан

алатын тәрбиенің рөлі ерекше, -

дейді Павлодар педагогикалық

университетінің «қазақ тілі және

әдебиет пәні» мамандығының 1 -

курс студенті Дидар Силамхан.

ХХ ғасыр басындағы ұлы

ұрпақтың рухани көсемі атанған

Ахмет Байтұрсынұлына қудалаудың

қанды құрығы бір емес, бірнеше

рет салынды. Сол қуғын-сүргінді

қайыспай көтерді, аңсаған асыл

мұраттарына деген адалдықты

саналы өмірінің соңына дейін

сақтады. Бүгінгі іс-шараны

қорытындылай келе, азаттық идеясына

қызмет еткен ұлт ағартушысы

әрі Алаш зиялысы ХХ ғасырдағы

саяси күрес пен азаттық қозғалыс

көшбасшыларының рухы, азаттықтың

жоқтаушысы ғана емес, барша

қазақты ойлаған нар тұлғалы

азамат ретінде қала бермек.

Көне заманнан сыр шертеді

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер

музейі - өңірдің жетекші мәдениет және өнер орталықтарының

бірі. Себебі, құнды қолжазбалар, кітаптар, мәдениет және

қоғам қайраткерлерінің жеке заттары жинақталған еліміздегі

теңдесі жоқ өнер ошағы.

Айдана БОРАНБАЕВА

Музей басшысының орынбасары Мағзия

Қайырбекқызының сөзінше, қазіргі уақытта

музейде сақтаулы тұрған экспонаттар саны

562 369-ға дейін жеткен. Оның ішінде тек

негізгі қор – 15 мың 193 бірлік.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990

жылғы 24 қаңтардағы №19 өкімін орындау

үшін Павлодар қаласында әдебиет және өнер

музейін ашу туралы шешім қабылданып,

оны тікелей Павлодар облыстық мәдениет

комитетіне бағындырды. Музей үшін ғимарат

бөлініп, екі жыл ішінде ішкі жөндеу және

музей экспозициясын жасау жұмыстары

жүргізілді. Музей 1992 жылы 22 наурызда

алғашқы келушілерін қабылдады. Өңіріміздің

әдебиеті мен өнерін насихаттау, сақтау

мен жинақтауда музей ауқымды жұмыстар

атқаруда. Музей ашылған жылы қорда

4 мыңнан астам экспонат болса, бүгінде

олардың саны 562 369-ға дейін өсті, -

дейді Мағзия Қайырбекқызы.

Олардың арасында ерекше экспонаттар –

қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы-драматург

Жүсіпбек Аймауытовтың көзі тірісінде жарық

көрген «Қартқожа» романы (1926 ж.) мен

жеке заттары, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

тұңғыш өлеңдер жинағы (латын қарпінде,

1933 жылы шыққан басылым, баспаға

Жүсіпбек Аймауытов дайындаған), қазақ

ұлттық кәсіби театрының тұңғыш директоры,

көрнекті режиссер, драматург,

актер Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр»

пьесасы (1925 ж.), ақын Иса Байзақовтың

өмірінің соңғы айларында пайдаланған

жеке заттары; ақын Сәбит Дөнентаевтың

томаға мен тостағаны, кинорежиссер

Шәкен Аймановтың тоны мен бөркі, Дихан

Әбілевтің жұмыс кабинетіндегі жиһаз (үстел,

кресло, кітапқа арналған шкаф), жазушы

Всеволод Ивановтың жұмыс кабинетінің

фрагменті, Қалмұқан Исабаевтың жазу

машинасы, Әміре Қашаубаевтың дауысы

жазылған сирек пластинка, Темірболат

Арғынбаевтың орындауындағы әндер, Әлкей

Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Мұзафар

Әлімбаев, Қалижан Бекхожин сынды

атақты жерлестеріміздің қолжазбалары,

Естайдың 23 әні (ноталардың түпнұсқаларын

Естайдың орындауынан Борис Ерзакович

жазып алған), Кәукен Кенжетаевтың аңызға

айналған «Аққу» домбырасы, атақты Қамар

Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап

берген домбырасы, белгілі әнші Тоқбай

Жұмағұловтың балалайкасы және т.б. бар.

Әдебиет және өнер майталмандарының

жеке заттары, қолжазбалары жәдігерлері

мен өздері жасаған заттары – музейдің

баға жетпес құнды қазыналары.

Музей құнды экспонаттарды жинау

мақсатында «Менің музейге қосқан үлесім»

секілді акцияларды жиі өткізеді. Акция

аясында бірнеше жәдігерлер музейге

тапсырылды. Сондай заттардың бірі -

С.Торайғыровтың латын қарпімен терілген

таңдамалы шығармалар жинағы.

- Кейде «Менің музейге қосқан үлесім»

деген акция жариялаймыз. Мысалы, соңғы

жылдары музейге келген құнды заттардың

арасынан Шәкен Аймановтың бөркін айтуға

болады. Ол бөрікті Алдар көсе рөлін

сомдағанда киген. Ш.Айманов біздің

өңірге іссапармен келген кезде нағашысы

Мұзапаровтар әулетіне соғады. «Командировкада

жүрген әртістің қалтасында

қайбір жөнді ақша жүрсін», – деп театрдың

реквизиті – бөркін нағашысына сыйға

тартқан екен. Мұзапар атамыздың ұрпағы

Орал Үтжанов бертін келе сол бөрікті біздің

музейімізге әкеліп тапсырды. Осындай құнды

жәдігердің бірі – С.Торайғыровтың латын

қарпімен терілген таңдамалы шығармалар

жинағы. Оны Халық жазушысы, ақын,

композитор, аудармашы Дихан Әбіловтің

жеке кітапханасынан алдық. Ол кісі көзі

тірісінде «Мен о дүниелік болғаннан кейін

кітапханамдағы заттарды бірінші Бұқар жырау

музейі келіп қарасын» деп айтып кеткен

екен. Біздің қызметкерлер С.Торайғыровтың

1933 жылы шыққан шығармаларын тауып

әкелді. Сұлтанмахмұттың бұл жинағы

Ж.Аймауытовтың арқасында жарық көрген.

Торайғыров ауырып жатқан кезде Жүсіпбек

Аймауытов оның қолжазбаларының бәрін

жинақтап, кіріспесін жазып, 1928-29

жылдары баспаға тапсырады. Өзі 1930

жылы атылып кетті. Ал мына кітап 1933

жылы жарыққа шығады. Сол кездегі қазақ

зиялылардың бір-біріне деген оң көзқарасы,

жанашырлығы – бізге үлгі болатын дүние, -

дейді М.Қайырбекқызы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!