09.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 9 қыркүйек, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 10 қыркүйек, сенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА

Бүгінде елді мекендердегі

өзекті жайттардың бірі –

жайылымдық жердің

тапшылығы. Бұл күрмеулі

мәселенің түйінін тарқату

үшін заңсыз берілген

жер телімдерін мемлекет

меншігіне қайтару көзделіп

отыр.

Жер

телімдері

қайтарылады

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Көмірден тапшылық

болмайды

Павлодар қаласындағы жылу-электр орталықтары жылыту маусымына дайын. Орталықтарда

көмір мен мазут қоры жеткілікті. Қарапайым тұрғындар мен кәсіпорындарға қатты отынды

сататын орындар да қыстың қамына кірісті. Сондықтан 15 қыркүйекте әлеуметтік нысандарға,

26 қыркүйекте көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беруді бастау үшін толық негіз бар.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қала

мен аудан әкімдері, облыс басқармалары

басшыларының қатысуымен ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет.

Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан

халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері

бойынша жиын өткізді.

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші

орынбасары Олег Крук айтып өткендей,

келесі жылы өңірде инженерлік желілердің

құрылысы мен күрделі жөндеуі бойынша

20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұл желілердің тозу деңгейін қысқартуға

мүмкіндік береді.

Осы орайда Әбілқайыр Сқақов Мемлекет

басшысының тапсырмаларын орындау бойынша

нақты міндеттер қойды. Мәселен, энергия өндіру

қуатының нарығын кеңейту және «Инвестициялардың

орнына тарифтерді қайта қарау»

тұжырымдамасына қатысты ҚР Энергетика

министрлігіне ұсыныс жолдауға белсенді

қатысу міндеттелді.

Одан басқа, облыста пайдаланылмайтын

және заңнаманы бұзу арқылы берілген

жерлерді қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Айталық, мемлекет меншігіне 208,1 мың

гектар жер қайтарылды. Жоспар бойынша

жыл соңына дейін 100 мың гектар жерді

қайтару көзделуде. Әбілқайыр Сқақов бұл

бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

- Жайылымдық жер мәселесі аса күрделі

болып тұр. Қарапайым адамдар жайылым

таба алмай дал болуда. Қазіргі таңда барлық

аудандағы ең өзекті мәселе – жайылым.

Бір ауыл мысалында арнайы карта сызу

керек. Барлығын тәртіпке келтіретін уақыт

келді, - деді облыс әкімі.

ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттік

саясаттағы әлеуметтік саланың басымдығын

тағы бір дәлелдеді. Ең төменгі жалақының

мөлшері 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін

өсіріледі. Облыс әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова айтып өткендей, 2023 жылдың

1 қаңтарынан облыс бойынша 21 мың адам мемлекеттік

қолдауға ие болады. Сонымен бірге,

отбасыларға электрондық жүйе арқылы

әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік беретін

Отбасының цифрлық картасы пилоттық

режимде енгізілді.

Жиын соңында Әбілқайыр Сқақов шағын

және орта бизнесті дамыту, тұрғындардың

табысын көтеру мен әлеуметтік қолдау және

Мемлекет басшысы Жолдауын облыстың

әрбір тұрғынына жеткізу бойынша бірқатар

тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кеше облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов облыс орталығындағы үш

жылу-электр орталығының, көмір

сату орындарының жұмысымен

танысты. Алдымен аймақ

басшысы «ПавлодарЭнерго»

АҚ-на қарасты №3 жылу-электр

орталығына барды. Компания

директорының міндетін атқарушы

Вадим Лесиннің айтуынша, бұл

станцияға түсетін жүктеме көп

болғандықтан, жөндеу жұмыстары

1 наурызда басталды. Жоспар

бойынша, тиісті шаралар қазан

айының соңында аяқталады.

- Станция алдағы кезеңге

толығымен дайын. Тәртіп бойынша,

орталықта 10 күнге жететін

72 мың тонна көмір болуы керек

болса, қазір бізде 115 мың

тоннасы бар, - дейді В.Лесин.

Бұл ретте аймақ басшысы

жылу-электр орталығы тұрғындарды

ақпараттандыруға

басымдық беруі керек екенін

атап өтті.

- Қандай да бір апаттық жағдайлар

бола қалса, көпшілікке

бірден тиісті мәліметі таратылуы

керек. Апаттық жағдайдың

орын алғаны, мәселенің қанша

уақыттан кейін шешілетіні және

олқылықтың жойылғаны туралы

үш сатылы мағлұмат жалпақ

жұртқа қолжетімді болуы қажет, -

деп ескертті облыс әкімі.

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов

№2 жылу-электр орталығының

дайындығын тексерді. Бұл

станция 60 жылдан астам уақыт

бойы қаланы жылытып келеді.

Алдағы уақытта «Спорт-сити»

қалашығы аумағында жаңадан

бой көтеретін «Жастар» шағын

ауданын да жылумен қамтымақ.

Жоба бойынша, жаңа ауданға

барлығы 34 гигакалорий жылу

керек. Оның 20 Гкал-сы ТМ-37

магистраліндегі құбырлардың

диаметрін 800 мм-ден 1000

мм-ге дейін арттыру арқылы

беріледі. Қалған 14 ГКал алу

үшін №2 ЖЭО-нан жаңа магистраль

салынады.

- Қазір қолданыстағы қуаттылықтың

барлығын таратып

тастап, кейін жаңадан салынатын

тұрғын үйлер мен әлеуметтік

нысандарда жылу тапшылығы

туындамауы тиіс. Станция

басшылығы бизнес өкілдеріне

қалай, қандай көлемде орталық

құбырға қосылуға мүмкіндік

барын дөп басып көрсетуі керек.

Жалпы, орталық жұмысы кез

келген жағдайға дайын болуы тиіс.

Мәселен, қосымша бөлшектердің

қоры жасақталуы керек, - деді

аймақ басшысы.

«Қазақстан алюминийі»

АҚ-на қарасты №1 жылу-электр

орталығының басшысы Илья

Рожков станция алдағы кезеңге

әзір. Әбілқайыр Бақтыбайұлы

осыдан екі жыл бұрын орын алған

апаттық оқиғаны еске салып,

одан сабақ алу керек екенін

ескертті. Сол тұста құбырдың

жарылуы салдарынан қаланың

көптеген нысандары бірнеше

күнге «қатып» қалған еді.

Кейін «Павлодар жылу

желілері» ЖШС директоры

Марат Иманаев көпқабатты

тұрғын үйлердің 96 пайызы

ыстық суға қосылғанын атап

өтті. Қалған 4 пайызы, бұл

дегеніңіз – 42 үй бірнеше күн

дересінде ыстық суға қосылады.

Жалпы, 15 қыркүйекте әлеуметтік

нысандарға, 26 қыркүйекте

көпқабатты тұрғын үйлерге

жылу беріле бастайды.

Осы орайда кәсіпорын

басшысы жөндеу жұмыстары

кезінде қазылған учаскелерді

қайта қалпына келтіруге битум

тапшылығы кедергі келтіріп

отырғанын алға тартты. Жоспар

бойынша, облысқа бұл құрылыс

материалы келесі аптада

жеткізіледі. Содан соң қазылған

ой-шұңқырлардың барлығы

тегістеліп, үстіне асфальт төселеді.

Павлодар қаласының әкімі

Асайын Байхановтың сөзінше,

қазіргі уақытта қаладағы

көпқабатты тұрғын үйлердің

89 пайызы жылыту маусымына

дайын. Әзірше тек 136 үйде

тиісті жұмыстар сылбыр жүріп

жатыр. Оның басым бөлігінде

пәтер иелері кооперативтері,

мүлік иелері бірлестігі, қарапайым

серіктестік те жоқ.

- Өткен жылыту маусымы кезеңінде

319 үйде жылу параметрлері

төмен болған еді. Облыс

әкімдігі мен Орталық Азия

электроэнергетикалық корпорациясы

арасында жасалған меморандум

нәтижесінде «Павлодар

жылу желілері» компаниясы

бірқатар үйге сервистік қызмет

көрсетуге көшті. Мысалы, ең суық

болған Ткачев көшесі, 9, 11 және

13 үйлерде ішкі жылу бұрыштарын

өзгертті. Енді бұл баспаналарда

қиындық болмауы тиіс.

Бірақ бұл компанияның басқаруына

өткен кейбір үйлердің тұрғындары

әрі қарай серіктестік орнатудан

бас тартып жатыр. Олардың айтуынша,

«Павлодар жылу желілері»

серіктестігі жылу құбырларын

қалпына келтіргенімен, басқа

коммуналдық қызметтерді өз

деңгейінде атқармай отыр, -

деді А.Байханов.

Әбілқайыр Сқақов бұл іске

жергілікті атқарушы билік те

араласып, жағдайды бақылауға

алуы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Сәтбаев университетімен

бірлесіп, қаладағы

жерасты желілерінің цифрлық

баламасы әзірленіп жатқанын

жеткізді.

- Павлодар қаласындағы

жерасты желілерінің цифрлық

картасы жоқ. Сондықтан құбырлардың

қандай деңгейде екенін

біле бермейміз. Құбыр жарылып,

апаттық жағдай туындайтын сәтті

күтіп отырмас үшін желілерді

цифрлық форматта көріп отыруымыз

керек. Келесі жылыту маусымында

гидравликалық сынақтар

сол карта негізінде іске асуы

тиіс, - деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы облыс

орталығындағы ірі көмір сату

орындарының бірі «Элит KZ»

ЖШС-не де барды. Кәсіпорын

директорының орынбасары

Серғазы Дәулетбаевтың сөзінше,

қазір мұнда 80-90 мың тонна

көмір бар. Аптасына шамамен

150 көлік қатты отынды әкетеді.

Алайда кеніштегі көмір бағасының

7 пайызға, теміржол тасымалы

құнының 6 пайызға қымбаттауы

сәл салмақ салып тұр. Тұрғындар

да қазір қысқы отын алуға

асығар емес.

- Жергілікті әкімдіктер әлеуметтік

нысандардың, тұрғындардың

қатты отынмен қамтылуына

тікелей жауапты. Көмір қайда

сақталады, ауылға оны қанша

кәсіпкер жеткізеді, қандай бағамен

сатылады – осының барлығына

тиісті талдама жасалып, тізім

дайындалуы керек. Кеніштегі

көмір бағасының былтырғы 6300

теңгеден биылғы 6779 теңгеге

дейін өсуі қаншалықты негізді

екенін де саралау керек. Жаңбыр

жауып, жол батпаққа айналатын

кезде кеніштерден қатты отын

шығаруда қиындық туындамауы

үшін қазірден қамдану қажет.

Көмір өндіретін біздің өңірде

қатты отынның тапшылығы жоқ.

Тек қыркүйек-қазан айларында

ұзын-сонар кезек болмас үшін

тұрғындарға қазірден-ақ көмір

алудың қамына кіріскен жөн, -

деді Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, аймақ

басшысы бірнеше көпқабатты

үйлердің дайындығын байқау

үшін арнайы барып, пәтер иелері

кооперативтерімен тілдесті. Жалпы

алғанда, Павлодар қаласы алдағы

жылыту маусымына дайын. Тек

жөндеу жұмыстары уақытылы

аяқталып, апаттық жағдайлар

шықпаса болғаны.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!