03.12.2016 Views

AN INTRODUCTION TO EDUCATIONAL RESEARCH METHODS

C8JA9fVl

C8JA9fVl

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Refining The Focus For Research And Formulating A Research Question

Ғалымдардың сұрақтарды талдауы

Басқа ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысу, сізге сынып-іші зерттеуді түсінуге

көмек береді. Сол ғалымдардың зерттеу нүктесін анықтаңыз және олардың зерттеу

сұрағын ашып алыңыз. Соңғы жарияланатын мақалада, саланы нысанды айқындаудан

бастап зерттеуді тұжырымдауға дейін бірсарынды үдеріс сияқты көрінетін болады,

алайда қазір байқағаныңыздай, бұл айтқанымыздай оңай болмаған көрінеді. Ғалым

зерттеу аясына тиісті әдебиеттерді оқуға көп сағаттарын жұмсайды, зерттеу нысанын

тұжырымдау үшін алдымен, өзінің зерттеу сұрағы туралы ұзақ әрі күрделі түрде ой

қатырады. 1.2 қорапшадағы ғалымдардың өз жұмысында пайдаланған сұрақтар түрлерін

қарастырып көрейік.

1.2 қорапша. Мектеп аясында ғалымдардың зерттеу

жұмыстарының мысалы

Пайдаланылған жұмыс: О’Брайан, К. (2007) «Ұлыбританияның орта

мектептерінде құрдастарын жәбірлеу: жастардың топтық немесе жеке

жәбірлеуді салыстыруы» (Peer devaluation in British secondary schools:

young people’s comparisons of group-based and individual-based bullying),

Educational Research, 49 (3): 297–324.

О’Брайан өзінің зерттеу саласымен бірінші беттерінде таныстырады; бұл

жәбірлеу үшін екі түрлі негіздемені қабылдауы:

1. Топ мүшесі үшін, мәселен, жалпы алғанда, нәсілдік немесе жыныстық

белгісі бойынша.

2. Жеке ерекше айырмашылықтары үшін.

Әдебиеттерді талдауды аяқтағаннан кейін және әдістемелік талдау

бастағанға дейін ол өз зерттеу сұрақтарын нақты айқындап алды.

«Бұл зерттеудің үш міндеті бар:

1. Балалар жәбірлеуші сөздерді әр түрлі бағалайды ма?

2. Оқушылар өздерінің пікірлерін қалай негіздейді? Қандай деңгейлерде

топтық немесе жеке жәбірлеу ұқсастыққа немесе айырмашылыққа ие?

3. Мадақтауларды салыстыруға болады ма? Біз «алманы апельсинмен»

салыстырамыз ба?

1.2 тапсырма

Төменде 1.4. кестеде келтірілген сызбаны пайдаланып, зерттеу мақсаты

мен міндеттері туралы өз ойыңызды түсіндіріп беріңіз.

50

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!