01.08.2019 Views

01 тамыз, 2019 жыл №86 (15406)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІРТУАР 1 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 15

арқылы қазақ даласын ескілік шырмауы

матаған әлеуметтік мәселелерді қозғай

білді. Шынында да, «Жәмила қыз» бен

«Ерікті Айша» жырларының тақырыбы бір

болғанмен, бейнелеу формасы әртүрлі,

бірінде:

Жәмиласы зарлап жүр,

Көзден жасы парлап жүр, – деп, қалың

малға сатылған қазақ қызының аянышты

күйі суреттелсе, екіншісінде:

Ерікті Айша,

Толған Айша

Жарқылда да жарық бол!

Басқа Айшалар

Сендер де бар,

Күңдіктен шық, қарық бол! – дегендей,

жаңа заман жыршысы ретінде әйел

бостандығы жырға қосылды. Сайып келгенде,

Сәбит таза азаттық-ағартушылық бағыт

ұстанды. Оның ойынша, қараңғы халықтың

бойына оқу-білім ұрығын себу арқылы

прогреске шақыру басты да, ұлттық та

мақсаты болуы тиіс. Бұл отаршылдық

бұғауында болған түркі жұртының текті

ұлдары түгел талап еткен ұлы сұранымы,

уақыт талабы еді. Екі ғасыр ширегінде өмір

сүріп (бірі ерте, бірі кеш – С.С), жұртының

жыртығын жамап, өрісін кеңейтпек болған

түркі түлектері: татар Насыри, Маржани,

Гаспралы, әзербайжан Ахундов, өзбек Бехбуди,

қазақ Ыбырай, Абайлар өздерінен кейінгіге

жол салды, мұнара орнатты. «Алдыңғы

толқын ағалар» салған сара жол қазақ

Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, татар

Ғ.Ибрагимов, А.Тоқай, башқұрт Ш.Бабич,

өзбек Фитрат, Чолпан, Авлони секілді

дәстүр жалғастырушы жалынды жыршыларды

азабы мол тартысқа, айқайы көп

көкпарға салды.

С.М.: - Сәбит Дөнентаев шығармашылығының

тағы бір қыры - аудармашылығы,

содан болар, туындыларында шет

жұрт әдебиетінің сарынын аңғаруға

болады. Бұл жайында не айтар едіңіз?

С.С.: - Сәбит - Такташ, Дәрдименд,

Шайхызада Бабич сияқты көрнекті ақынжазушылар

шығармашылығымен жақсы

таныс болды. Тіпті Ғабдолла Тоқайдың

«Рамазан айында Ібілістің шайтандарына

айтқаны» дейтін мысал өлеңін аударып,

қазақ оқырмандарына табысады.

Оның мысал өлеңдерінің сюжет, мотив,

идеяларынан шығыс-түркі классикалық

әдебиет үлгілерімен үндестігі сезіледі.

Мұны ақын шығармашылығын біршама

терең зерттеген Балқаш Ысқақов та атап

көрсетеді: «Сәбит Шығыстың классикалық

әдебиетінің үлгі-өнегелік, гуманистік,

адамгершілік жақтарын алады да, оны

өзінің творчестволық елегінен өткізіп

қорытты» дей келе, ақынның «Бір көлдегі

үш балық», «Бит пен бүрге», «Көзі тоймаған

ит», «Екі теке», «Ауырған арыстан», «Ұры

мен баласы», т.б. мысал шығармаларының

түп тамыры көне үнді классикалық туындыларында

жатыр дегенге саяды. Мәселен,

«Ұры мен баласы» атты мысал өлеңінде

имани қасиет уағыздалып:

«Апырмау, о кім, балам, қашан көрді?

Қай жермен жүріп, қайда, қалай келді?»

Жас бала сол уақытта әкесіне:

«Ол - бізді көріп тұрған Құдай» – деді.

Ақын Құдайдың барын растау арқылы адамдарды

гуманизмге шақырды. Мысал өлеңге

тән сипат - айтар ой-түйінді астарлап,

тұспалдап жеткізу болса, Сәбит бұл тәсілді

шебер меңгергенін байқатады. Мысалы:

«Қожа» шығармасында бір қожаның күлкілі

қылығын баяндай келіп, төмендегідей

түйінді пікір жасайды:

Зор ғибрат, мұнда мағына болмаса да,

Әншейін бір күлкі үшін жазғым келді.

Алайда біздің жұртты араласақ,

Табарсыз Қожа сынды талай ерді, -

дейді.

Сол уақыттағы білімсіздік пен қырсыздықтан

туындайтын қараңғы халық

арасында жиі кездесетін аңсар, ақымақ

қылықтар сатирик ақынның өткір тілімен,

уытты қаламымен өрнектеліп берілген.

Бұл – Сәбиттің айрықша аталуға тиіс

шығармашылық қыры десек болады. Оның

«Көркем қызға», «Жәмилә қыз», «Әйелдер

ТҮЙІН:

мейрамына», «Мен зынданда», «Ерікті

Айша», «Әйелдердің онжылдық тойына»

деп аталатын өлеңдерінде әлеуметтік

мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде

қыз мұңы түрінде беріледі. Сондай-ақ,

«Шілде», «Жарық ағаш», «Бірінші май»,

«Жазғытұры жар басында», «Күздің сыры»,

«Май туады» деген өлеңдерінде табиғат

көрінісін фон ретінде алып, адам өмірі

жайында толғанады.

Ақынның балаларға арнаған өлеңдерінің

өзі бір төбе. Мұны екі бағытта қарастырсақ,

бірі тікелей балалар әдебиетіне жататын

туындылар болса, екінші бір тобында

бала көзқарасымен қарай отырып, үлкен

әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда

«Балалық», «Балалықты сағыну», «Ұры мен

баласы» сынды өлеңдерін атап өтуге болады.

Мысал өлеңдеріне тоқталар болсақ, татар

классигі Ғабдолла Тоқайдан біршама туынды

аударған. «Рамазан айында» деген сатиралық

өлеңі мен «Калила мен Дамнадан» тәржіма

жасаған, «Бір көлдегі үш балық», «Бит

пен бүрге» мысалдары еркін аударманың

озық үлгісіне жатады. Мысал өлеңдерінің

сипаты да өзгеше. «Ібілістің шайтандарына

айтатыны», «Ауырған арыстан», «Көзі

тоймайтын ит», «Екі теке», «Көктөбетке»,

«Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У

жеген қасқырға», тағы да басқа туындылары

- мысал жанрына кеп құйылған

қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде

жан–жануарларды мысал етіп алады да,

солардың іс–әрекеті арқылы қоғамдағы

ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, қаскөйлік,

жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз

қасиеттерді өткір сынға алып, халықты

еңбекке, бірлікке шақырады. Мысал

өлеңдеріндегі осындай ерекшеліктерге

байланысты оларды үлкен де, кіші де

оқиды.

Сәбит Дөнентаевтың публицистикалық

мақалаларында негізінен ел тұрмысындағы

өзгерістер, адам психологиясындағы

жаңалық, әлеуметтік теңсіздік және өнер

тақырыбы, кедейлердің қатарға қосылуы,

уақыт, заман туралы толғаныс, тағы басқа

мәселелер сөз болды.

С.М.: - Қазақ әдебиетінің «бозторғайы»

атанған ақынның өлеңдері, балаларға

арналған туындылары өміршең, өйткені

өмірдің өзінен алынған әрі баланың тез

жаттап алуына, жадында сақтауына,

жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі

алуына бағытталған. Ендеше, қаламгер

шығармаларының балалар, жастар

арасында насихатталуы қай деңгейде

деп ойлайсыз?

С.С.: - Қаламгердің шығармашылығы

хақында кезінде М.Әуезов, Ә.Жиреншин,

Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, С.Қирабаев,

Т.Кәкішев сынды әдебиет сыншылары мен

ғалымдары тұшымды, тұжырымды пікірлер

айтты. Өз кезінде, кейінгі уақытта ақын

шығармалары орта мектептердегі ана тілі,

әдебиет пәні және жоғары оқу орындарының

оқулықтарына енгізілді. Алайда, кейінгі

жылдары азайды, оқулықтарда бірен-сараны

ғана бар. Ұстаз әрі ғалым Т.Кәкішев ағамыз,

С.Дөнентаевтың 110 жылдық мерейтойы

кезінде ақын шығармашылығы жан-жақты

әрі толыққанды жете зерттелмей жүргені

жайында сөз еткен болатын. Осы мәселені

жұртшылық болып көтерген дұрыс.

Түйіндей айтқанда, С.Дөнентаев өзі

өмір сүрген қоғамның саяси-әлеуметтік

қатпарын жиі сезініп, халқының қажетін

өтеу, сұранысын екшеу тұрғысында қалам

қарымын аямады. Бұл тұрғыда ол қазақтың

бай ауыз әдебиетімен ғана шектелмей,

Абай, Дәрдменд, Тоқай сынды классиктердің

шығармашылығынан да нәр алды. Соларға

еліктеп алғашқы туындыларын жазды.

Сәбит ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің

тақырыптық, жанрлық, идеялық тұрғыда

өркендеуінде ерекше үлес қосып, әсіресе,

сатира саласының дамуына айтарлықтай

еңбек етті. Бұл салада оның ежелгі және

жаңа шығыс-түркі поэзиясынан сусындап,

үлгі алғаны аңғарылады. Сөйтіп, дәуір

талабына орай түркі түлектерімен, Алаш

азаматтарымен бірлестік тапқанын анық

аңғарамыз.

С.М.: - Әңгімеңізге рақмет!

Иә, қай заманда, қай дәуірде болмасын суреткер өз уақытының, өзі

өмір сүрген қоғамның үні болмағы хақ. Адам табиғаты, қоғам табиғаты,

үндестіктер мен қайшылықтар Сәбит Дөнентаевтың көркемдік әлемінде –

кейіпкерлер галереясында анық көрініс табады. Бүгінгі күннің кейіпкерін

сынап отырғандай.

Дөнентаев шығармашылығының өміршеңдігі де осы!

Өмірді өлеңмен

өрнектеген

Біздің ел, жалпы қазақ халқы үшін белгілі тұлғалардың бірі -

Құркөл ауылының тумасы Сәбит Дөнентаев. Ол әйгілі демократ,

сатирик, ақын, аудармашы, журналист ретінде танылды.

Атамыздың жазған өлеңдері мен мысалдары әлі күнге дейін

өзінің құндылығын жойған жоқ.

Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ-түйек»

деген атпен шықты. Кейіннен «Бозторғай»

деген кітабы жарыққа шықты. Мұнымен

қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Жаңа

адым», «Қазақ тілі», «Социалистік шығыс»

газеттерінде тілші, бөлім басшысы сияқты

лауазымды қызметтерді атқарды. Ұрпақтары

атаның 90, 100, 110, 120 жылдық мерейтойларын

елімізде кең көлемде атап өтті.

Сәбит Дөнентайұлы 1913 жылдан бастап

шығармашылықпен шұғылданып, 16-17

жыл қалам ұстаған жан. Басқалардан

ерекшелігі, онда бұқарашылдықтың тегі

бар еді. Ол байларды да мадақтамайды,

сынайды. Қазақтың байлары мен кедейлерін

бірлікке, жастарын білім алуға үндейді.

«Ай, заманым, балалық», «Жұмыскердің

өкініші», «Ата мен бала» деген өлеңдері

өткенді көксеуді емес, керісінше, өткенге

өкін, қарап қалма, оқы үйрен, әйтпесе

ел болмайсың, дейді. Ақын орыс патшасына,

саясатына қарсы көп өлең жазды.

«Бүркіт» деген өлеңі - соның бір мысалы.

Сәбиттің төңкеріске дейін жазған

өлеңдерінің үлкен саяси мәні бар, өзінің

алдындағы көрнекті ұлтшыл ақындарға

сын көзбен қарады. Бірі жағынан, елді

жеткізетін жолбасшы десе, екінші жағынан,

қысылған күні басынан пайдасы аспайтын,

«басына қилы заман туғанда, жақыныңа

жаттан жау боласың, алдымен өзің жейсің»

деген көзқарасты айтты. Оған мына өлеңі

мысал:

«Ах ұрып жұртым» дейсің, «елім» дейсің,

Қалғаны елдің артта өлім дейсің.

Халыққа жайшылықта ақыл айтып,

Жолына жан қиюға шегінбейсің.

Қарның тоқ, жұмысыңның жоқ кезінде,

Милетке қызметке ерінбейсің.

Басына қайғы келіп, сасса жұртың,

Неліктен маңайынан көрінбейсің.

Көрсетіп жол-жобаны бастау түгіл,

Табалап, ұрсып, зекіп, жәбірлейсің.

Қабағың қатып бір күн, қарның ашса,

Бас салып сол милетті «өзің жейсің».

Сәбит атамыз әр өлеңінде өзінің бұқара

халыққа жанашыр жан екендігін көрсетеді.

Кейбір жетесі жетілмеген байшыл, ұлтшыл

оқығандар сөз жүзінде қара халықтың

сойылын соққан болады, ал іс жүзінде өз

мәселесін шешіп алған күні бұқара халыққа

кеуде қағып, қарсы болады. Сондайларға:

Жігіт-ақсың, маңдайсың,

Келбеттісің, қандайсың.

Ағайынға айбарлы,

Биік-ақсың, дардайсың.

Бетіңе адам келтіріп,

Алдыңа жан салмайсың.

Елі төмен болғанды,

Ілтипатқа алмайсың.

Ант ауғандай күн болса,

Амалдайсың, алдайсың.

Басшы қылып бағынса,

Түгіменен жалмайсың, - дейді.

Бұл өлеңде байшыл басшылардың түйені

түгімен жұтатын қасқыр екені айтылады.

Сәбит атаның мұндай өлеңдері баршылық.

Ол ел бастаған ұлтшыл оқығандардың

ұлтшылдық туын қолға алатынына сенеді.

Елдің қолын жеткізетін ұлтшыл оқығандар

дегенді айтады.

Қазақтан шыққан білгендер,

Халқыңды өрге сүйреңдер.

Қазаққа да туды ай, күн,

«Жарық мұнда, жүр» деңдер, десе,

енді бір өлеңінде:

Жабысайық өнерге,

Ынтықпай қарап өлерге.

Өзіміз керек демесек,

Керек қып бізді келер ме!... - деп,

халықты өнерлі болуға, білімге ден

қоюға шақырады. Осы өлеңдерінің өзі

бұл кісінің шығармаларының өміршеңдігін

көрсетеді. Соның дәлелі Қазақстанның

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

«...біздің егеменді еліміздің тұтқасын берік

ұстау үшін жастар терең білімді болып,

цифрлық технологияны меңгеріп, өркениет

көшінің соңында қалып қоймауын» жиі

айтады. Ендеше, осыдан бір ғасыр бұрын

жазылған бұл өлеңінің құны қандай?!

Иә, атамыздың артындағы мол қазына

келер ұрпақ үшін асыл қазына. Сондықтан

біздің Ақсу елі әйгілі қаламгерді еске алып,

шығармаларын насихаттап, мерейтойларын

ұйымдастырады. Сәбит Дөнентаевтың

есімі Ақсу қалалық мәдениет сарайына,

бір көше, Құркөлдегі мектепке берілген.

Сол сияқты «Сарыарқа самалы» газетінің

дабыл қағуымен Ақсу қаласының Құрметті

азаматы Қуат Есімхановтың басшылығымен

Семейдегі Сәбит атамыздың зираты тазартылып,

қоршалып, ретке келтірілді. Дұға

бағышталып, ас берілді.

Биылғы тамыздың 3-і күні туған жері

Құркөлде ақынның туғанына 125 жылдық

мерейтойы аталып өтпек.

Есімің ел есінде

Елді ойлап ертеден алаң едің,

Сауат ашсын мына жұрт, сендір дедің.

Ұстаз болдың, сот болдың, газет ашып,

Ұлы болдың көзі ашық момын елдің.

Орны бөлек ерекше өлеңдерің,

Сол кездің өрнектедің өмірлерін.

Мысалменен мысқылдап кемшілікті,

Қаламменен тиді ғой елге себің.

Қилы-қилы заманда басың тықпай,

Алаштың қозғалысын тұрдың құптай.

Сол зиялы қауымды қолдадың деп,

Көпке шейін қалды ғой атың шықпай.

Тарих көші уақытпен өзгереді,

Аталардың заманы өзге еді.

Қазақ елі Тәуелсіз мемлекет боп,

Өз тарихы Отанның тізбеленді.

Егеменді ел болдық етек жинап,

Көп нәрселер жүруші ед көңіл қинап.

Сәбит ата, есімің ел есінде,

Ұрпақтарың жатыр ғой сарай сыйлап.

Сен ойлаған қиялдар іске асып,

Қазақстан ел болды алға басып.

Ел ертеңі ғылымда қалды деп ең,

Жастарың жүр білімнен тауып нәсіп.

Туған жерге салынып өндірістер,

Танымастай болып жатыр өзгерістер.

Беріліп аурухана, мектептер көп,

Атқарылып жатыр ғой игі істер.

Елі ерін есіне ала берсін,

Ұрпақтары жатыр ғой жалғап ісін.

Сәбит ата, жасай бер ғасырларға,

Қазақ барда мәңгілік ескерткішің!

Қаршыға ШАЯХМЕТОВ,

Ақсу қаласының

Құрметті азаматы.

Сұхбаттасқан - Сая МОЛДАЙЫП.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!