01.08.2019 Views

01 тамыз, 2019 жыл №86 (15406)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӘЛЕУМЕТ

1 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 5

Ангела Меркель, Тереза Мэй, Режеп

Тайип Ердоған, Антониу Гутерриш,

Дональд Туск, Пан Ги Мун және

басқа да көптеген ірі саясаткерлер

бар. Одан бөлек, Қасым-Жомарт

Кемелұлын жеке танитын әлемдік

тұлғалар да өз құттықтауларын

жолдап жатты. Олардың бәрі де

Қазақстанмен ынтымақтастықты

одан әрі жалғастырып, достық

байланыстарды тереңдетуге ниетті

екендіктерін жеткізді.

Яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлының

әлемдік саясаттағы, халықаралық

қауымдастықтағы беделінің

өзі, еліміздің дамуына, елге инвестиция

тартуда, шетелдік алпауыт

компаниялармен серіктесіп жұмыс

істеуде көп ықпалын тигізетініне

сенімдімін.

– Елдер мен олардың президенттері

арасындағы өзара

ынтымақтастық, достық қатынастар

өз алдына. Ал баспасөз

хатшылары қаншалықты белсенді

байланыс орнатқан? Сіз осы

уақыт аралығында қай елдердегі

әріптестеріңізбен қандай қарымқатынастар

орнатып жатырсыз?

– Жалпы, халықаралық қатынастардың

өзі дипломатиялық байланыстардан

бөлек, жеке адами

қарым-қатынастарға тікелей байланысты.

Бұған Елбасы Нұрсұлтан

Әбішұлының достық қарым-қатынастарға

сүйене отырып, кезіндегі

Ресейдің президенті Б.Ельцинмен,

ҚХР және Өзбекстан басшыларымен

шекара мәселесін ың-шыңсыз

шешуі, сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы

президенттері Дж.Буш, Б.Клинтонмен

жақсы байланыстарының арқасында

Қазақстанға АҚШ инвестициясының

келуі секілді мысалдарды көптеп

келтіруге болады.

Сол сияқты Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың да

көптеген елдер басшыларымен және

халықаралық ұйымдар жетекшілерімен,

жекелеген беделді саясаткерлерімен

жеке таныстығы, достығы бір төбе.

Осы соңғы сапарлар барысында

Ресей президентінің баспасөз

хатшысы, президент әкімшілігі

жетекшісінің орынбасары Дмитрий

Песковпен, Өзбекстан президенті

әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары,

баспасөз хатшысының

міндетін атқарушы Азиз Магруповпен,

Беларусь президентінің баспасөз

хатшысы Наталья Эйсмонтпен,

Қырғызстан президентінің баспасөз

хатшысы Толғонай Стамалиевамен,

Тәжікстан президентінің баспасөз

хатшысы Абдуфаттох Шарифзодамен

жақын танысып, араласып

кеттік. Бір-бірімізге хабарласып,

мерекелерде құттықтап тұрамыз.

Баспасөз хатшылары арасындағы

жақсы қарым-қатынас, ең алдымен,

біздің жұмысымыздың тиімділігін,

сапасын арттырады. Сондықтан

әріптестермен тығыз қарым-қатынас

орнатудың маңызы зор. Мысалы,

Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік

сапары кезінде Қазақстанның

Өзбекстандағы жылының ашылу

салтанатын әріптесім Азиз Магруповпен

келісіп, 2 сағаттың ішінде

іс-шараны біздің елімізде де көрсетуге

мүмкіндік туғыздық.

Сол сияқты, бұрын екі ел

басшыларының Мәскеуде өтіп

жатқан кездесулерінен тікелей

трансляция жасау болмаған екен.

Әрине, тілшілер тікелей байланысқа

шығып, репортаждар беріп

жатады. Алайда, Президенттердің

1 сағатқа жуық баспасөзге арналған

мәлімдемелерін тікелей көрсету

жолға қойылмапты. Біз сол баспасөз

мәслихатын республикалық «Хабар

24» арнасынан толық трансляция

жасауға мүмкіндік алдық.

Содан кейін Қырғызстаннан

ШЫҰ-ның, Тәжікстаннан АӨСШК-нің

саммиттерінен тікелей қосылып,

алқалы жиындардың жұмысын

халыққа көрсеттік. Біз бұдан ұтпасақ,

ұтылған жоқпыз. Мұның бәрі, ең

бірінші кезекте президенттердің

баспасөз хатшыларының ауызбірлігі,

түсіністігі деп ойлаймын.

– Мемлекет басшысы өз қызметіне

кіріскен күннен бастап

баспасөз қызметінің әлеуметтік

желілердегі белсенділігі айтарлықтай

артты. Желі қолданушылар

көптеген мәліметтерді

жедел оқу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл үрдіс немен байланысты?

– Дұрыс айттыңыз, Президенттің

баспасөз қызметі бүгінде барлық

танымал әлеуметтік желі платформаларында

бар. Біріншіден,

бұл – қазіргі уақыттың талабы.

Мұнымен санаспауға болмайды.

Екіншіден, Мемлекет басшысы -

2011 жылдан бері Твиттер әлеуметтік

желісінің белсенді қолданушысы.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары,

Женевадағы бөлімшенің Бас директоры

қызметінде жүріп, «виртуалды

желінің» мүмкіндіктерін кең

пайдаланған. Бүгінде Мемлекет

басшысының твитінде 130 мыңға

жуық оқырманы бар.

Қазір Президент Твиттердегі

парақшасынан еліміздегі қоғамдық,

әлеуметтік-экономикалық, саяси

мәселелерге немесе оқиғаларға

қатысты пікірін жазып, ұсыныстары

мен тапсырмаларын беріп отыр.

280 таңбалы қысқа әрі нұсқа жазбаның

ықпалы өте зор. Себебі қазіргі

заман ұзақ-сонар баяндамаларды

емес, мейлінше ықшамдылықты

талап етеді. Сондай-ақ мұндай

жұмыс стилінің басты ұтымды

тұсы – уақыт үнемдейтіні. Президент

үшін бұл – өте маңызды фактор.

Себебі берілген тапсырманың дереу

назарға алынып, қажетті шешімін

табуы – басты мақсат.

Егер салыстырмалы түрде айтатын

болсақ, әлемдегі Твиттер желісін ең

белсенді пайдаланатын саясаткер

Дональд Трамп екен. Оның өзі твитін

тек ағылшын тілінде жазады. Ал

Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ,

ағылшын және орыс тілдерінде, яғни

3 тілде жазады. Біздің Президенттің

осы артықшылығын кешегі фильмінде

ресейлік журналист А.Пивоваров

та атап өтті.

Президент өзінің сайлауалды

бағдарламасында, кейін өткізіп

жүрген жиындарда да мемлекеттік

органдардың барлық деңгейдегі бірінші

басшылары әлеуметтік желілерге

тіркеліп, сол арқылы жұмысты

жеделдетуді, тиімділігін арттыруды

тапсырып келеді. Бұдан бөлек, сәуір

айында Қасым-Жомарт Кемелұлының

Инстаграмм желісінде ресми

аккаунты ашылды. Қазір онда жарты

миллионнан астам оқырманы бар.

Бұлар – Мемлекет басшысының

жеке аккаунттарына қатысты.

Сондай-ақ, ресми Ақорда сайтынан

бөлек, баспасөз қызметінің

Фейсбуктегі, Твиттердегі және

Инстаграмдағы аккаунттары жедел

түрде соңғы жаңалықтарды таратып

отыр. Бұлардың тағы бір жақсы

жағы – ақпаратты жедел таратып қана

қоймайсыз, бірден кері байланыс

орнайды. Яғни, оқырмандар өз

пікірін білдіріп қана қоймай, сауал

жолдап, ұсыныстарын жаза алады.

– Берік Уәлиұлы, кері

байланыс демекші, осыдан

біраз бұрын akorda.kz ресми

сайтында Президенттің виртуалды

қабылдауы ашылды. Сол

виртуалды байланысқа шығып,

хат жазып, хабарласып жатқандар

бар ма? Жалпы, оның тиімділігі

қандай?

– Иә, биыл 22 сәуірде www.akorda.

kz сайтында Қазақстан Республикасы

Президентінің виртуалды қабылдауы

ашылды. Оның негізгі мақсаты –

азаматтардың жеке немесе түрлі

қоғамдық мәселелерге қатысты

өтініштерін қарау, Ақорданың

қоғаммен тікелей диалог орнатуына

жол ашу, ел ішінде болып

жатқан оқиғаларды бақылап отыру

және жедел шаралар қабылдау.

Виртуалды қабылдау ашылғалы,

небары осы 3 айдың ішінде 1500-ге

жуық хат келіп түсіпті. Оның жартысынан

көбі қаралып, тиісті жауаптар

берілді.

Ал оның тиімділігі туралы айтар

болсақ, есіңізде болса, маусым

айының соңында Президент табысы

аз, әлеуметтік тұрмысы төмен

топтағы азаматтардың осы уақытқа

дейін алған тұтыну несиелері мен

олардың үстемелерін кешіру туралы

Жарлыққа қол қойды. Бұл санатқа

көпбалалы отбасылар, мүгедек

балалары бар отбасылар, жалғыз

асыраушысынан айырылған отбасылар,

атаулы әлеуметтік көмек

алатындар, жетім балалар кіреді.

Олар – түрлі себептермен қиын

жағдайға тап болып, өз аттарына

алған кредиттік міндеттемелерін

орындай алмай қалғандар.

Ал бұл проблема қайдан шықты?

Жаңағы айтып отырған Президенттің

виртуалды қабылдауына ең көп

жазылған мәселе осы кредит проблемасы

екен. Сондықтан Мемлекет

басшысы әлгіндей өтініштердің

барлығын жинақтап, осындай шешім

қабылдады. Күні кеше ғана өткен

Үкіметтің кеңейтілген жиынында

Президент мұның бір реттік акция

екенін, қайта жалғасын таппайтынын

ескертті. Міне, виртуалды

қабылдаудың тиімділігінің нақты

мысалы осы болса керек.

Президенттің виртуалды қабылдауына

келіп түсетін әрбір өтініш

міндетті түрде қаралады, оның

бәрін бірдей Мемлекет басшысының

қарауы мүмкін емес, ол кісінің басқа

да шаруалары жетіп жатыр. Бірақ

әр хатты Президент Әкімшілігінің

қызметкерлері, құзырлы органдар

қарайды. Оларға жауап жазылуы,

шешім қабылдануы – Президенттің

жеке бақылауында.

– Қазақстан тарихындағы

екінші Президенттің алғашқы

баспасөз хатшысы болу – тарихи

оқиға. Жауапкершілік жүгі де

жеңіл емес екені түсінікті. Жалпы,

Президенттің баспасөз хатшысы

қандай болуы тиіс?

– Иә, Мемлекет басшысының

баспасөз хатшысы болу – мен үшін,

шын мәнінде, тарихи оқиға. Қасым-

Жомарт Кемелұлы жауапкершілігі

аса зор осы міндетті маған сеніп

тапсырды. Президенттің сенімін

ақтау үшін және елге, мемлекетке

қалтқысыз қызмет ету үшін, журналист

әріптестерімнің де көңілін

қалдырмай, мейлінше ашық болуға

тырысып, бар күш-жігерімді салып

жұмыс істеп жатырмын.

Баспасөз қызметі – Қазақстан

Президентінің атқарып жатқан

қызметінің айнасы. Мемлекет

басшысының ақпарат кеңістігіндегі

негізгі сенімді өкілі болғандықтан,

баспасөз хатшысының жауапкершілігі

өте жоғары. Қателесуге жол жоқ.

Сондықтан баспасөз хатшысы

осындай талаптарға сай болуға

ұмтылуы тиіс.

– Сұхбат барысында Қасым-

Жомарт Кемелұлының 5 тіл

білетінін айтып өттіңіз. Президент

көп жерде қазақша сөйлеп

жүр, дегенмен былайғы жұрт ол

кісіні орыстілді деп ойлайды.

Мемлекет басшысы қазақтілді

БАҚ-ты оқи ма?

– Әрине «Egemen Qazaqstan»,

«Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін

күнделікті оқиды. Олардан басқа «Ана

тілі», «Түркістан», «Қазақ әдебиеті»,

«Жас қазақ», «Алматы ақшамы»

секілді апталықтарды қарап, бақылап

отырады. Егер жақсы мақалалар,

сұхбаттар шықса, асықпай оқып,

астын сызып, тіпті кейбіріне қатысты

бұрыштама соғып жатады. Мерзімді

басылымдарға шыққан сыни немесе

проблемалық мақалаларды оқып,

құзырлы органдарға арнайы тапсырмалар

беретін кездері де болады.

Қоғамдағы маңызды мәселелерді

көтеретін телехабарларды

көріп, әлеуметтік желі арқылы

өзінің пікірін білдіріп отыратынын

өздеріңіз де жақсы білесіздер.

Мәселен, өзім жүргізген «1-студия»

саяси ток-шоуына қатысты кезінде

Қасым-Жомарт Кемелұлы твит

жазып, жылы лебізін білдірді. Бұл

ұжым үшін үлкен қуаныш болған

еді. Сол сияқты ұлттық арнадағы

«Дара жол» бағдарламасына да

ықыласын білдіріп, шығармашылық

ұжымға және журналист Дана

Нұржігітке алғысын білдірген болатын.

«Таңшолпан» бағдарламасының да

тұрақты көрермені. «Шалқар» радиосын

үнемі тыңдап отырады. «Нағыз

қазаққа жақын әңгімелер айтылады»

деп пікір білдіргені есімде.

Яғни, қазақ газеттерін оқиды,

тележобаларды қарайды, қазақ

радиохабарларын тыңдайды.

– Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен -

Серік Әбдібек,

«Egemen Qazaqstan».

мезгіл мәселесі

Қысқа

қамдана бастады

Облыс аумағындағы әлеуметтік нысандарға көмір

жеткізу басталып кетті. Аймақтағы білім беру,

денсаулық, мәдениет пен спорт нысандарын

жылыту үшін 135 мың тонна қатты отын қажет.

Ал жеке үйлердегі тұрғындардың қажеттілігі –

427 мың тонна.

Аймағымызда 575 білім беру, 333 денсаулық және 285 мәдениет

нысаны бар. Оларды көмірмен қамту үшін мемлекеттік қазынадан

1 млрд. 100 млн. теңге бөлінді. Жергілікті әкімдіктер ұсынған

мәліметке сүйенсек, әлеуметтік нысандардың 60 пайызы жылу

маусымына дайын. Бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты жанасатынын

арнайы құрылған облыстық штаб тексереді. Мамандар

тамыз айының соңына дейін ауыл-ауылды аралап, мекемелердің

дайындығын пысықтауды жоспарлап отыр.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының өкілдері тұрғындарға көмірді қазірден-ақ сатып

алуға кеңес береді.

- Елді мекендердегі сату нүктелерінде көмір бар. Қатты отынның

бір тоннасының бағасы 6700-14500 теңге аралығында. Сұраныс

артқан тұста көмір бағасы шарықтап кетпесі үшін тиісті шараларды

қолданамыз. Десе де, тұрғындардың ертерек қамданып,

уақыт оздырмай сатып алғаны дұрыс, - дейді облыстық энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

бөлім басшысы Амангелді Рүстемов.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Терроризммен күрес

Дайындықты

пысықтады

Облыс орталығындағы «ПавлодарЭнерго» АҚ

қарасты №3 жылу-электр орталығы аумағында

терроризм актілерін алдын алуға және оның

салдарын жоюға бағытталған жоспарлы

оқу-жаттығу өтті.

Шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Павлодар жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне

жүктелген міндеттерді орындауға қатысты дайындығын тексеру.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабының

хабарлауынша, оқу-жаттығу барысында күрделіліктің түрлі элементі

қолданылып, шынайы өмірге барынша жақын тапсырмалар беріліп,

орындалды.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!