01.08.2019 Views

01 тамыз, 2019 жыл №86 (15406)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚАМқорлық 1 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 7

Бас тақырып

Кімнің несиесі «кешіріледі»?

Елімізде тұрғындардың тұтынушылық несиелерінің жалпы сомасы 3 трлн. теңгеден асып

жығылады. Қазақстандықтар қаржылық жағынан қиын-қыстау кезеңдерде тығырықтан шығу

үшін, өзге де қажеттіліктеріне дәл осындай көлемдегі қарызды екінші деңгейлі банктерден алған.

Олардың қатарында әлеуметтік әлжуаз топ өкілдері де бар. Олар үшін ай сайын несиені өтеу

тіпті қиын. Сондықтан осы жылдың 26 маусымында ҚР Президенті «ҚР азаматтарының борыш

жүктемесін азайту» туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл жаңашылдық қалай жүзеге асады?

Мұндай мүмкіндік кімдерге беріледі? Осы және өзге де сауалдарға ҚР Ұлттық банкі Павлодар

филиалының директоры Баян Мергенбаева жауап берді.

- Баян Төлегенқызы, Мемлекет

басшысының Жарлығы нақты

қандай қадамдарды қамтиды?

Кімдердің несиелері «кешіріледі»?

- Бірінші бағыт әлеуметтік осал

топ өкілдерінің несиелік жүктемесін

азайтуды көздейді. Көпбалалы,

асыраушысынан айырылған,

мүмкіндігі шектеулі балалары бар,

атаулы әлеуметтік көмек алатын

отбасылар мен жетім, ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған азаматтар

(29 жасқа дейінгі) екінші деңгейлі

банктен жалпы сомасы 3 млн.

теңгеден аспайтын несие алған

болса, негізгі борыш пен сыйақы,

барлығы 300 мың теңге мемлекет

тарапынан өтеледі. Бұл ретте 1 маусымға

дейін алған қарыз сомасы

ғана ескеріледі. Акцияның бірреттік

қана екенін ерекше атап өту керек.

Тағы бір ескерер жайт – несие

кепілсіз болуы тиіс. Яғни, акцияға

ипотекалық несиелер, кепілді несиелер

қатыспайды.

- Мұндай мүмкіндікті иелену

үшін тұрғындар банктерге барып,

өтініш жазуы керек пе?

- Жоқ. Екінші деңгейлі банктерге

де, микроқаржылық ұйымдарға да

бармайды. Барлық жұмысты кредитор

өзі жүргізеді. Алдымен ҚР Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі қолдау көрсетілетін

азаматтардың тізімін жасайды.

Кейін бұл тізім мемлекеттік

несиелік бюродағы мәліметтермен

сәйкестендіріліп, екінші деңгейлі

банктерге жолданады.

2 қыркүйекке дейін

қаржы институттарына

тиісті қаражат аударылып,

9 қыркүйекке

дейін банктер мен

микроқаржылық ұйымдар

несиелік бюроға қарыз

сомасының төмендегені

немесе жабылғаны туралы

ақпаратты жолдайды.

Тұрғындар да хабарламалар,

қоңыраулар

арқылы хабардар

етілуі тиіс. Оған қоса,

«е-халық» порталында акцияның

қорытындылары жарияланады.

Сол арқылы қарыз алушы өз

несиесінің «кешірілу» жүйесі туралы

толық ақпаратты біле алады.

Байқағаныңыздай, тұрғындарға

банктердің табалдырығын тоздырып,

құжаттарды толтырудың қажеттілігі

жоқ.

- Бұл ретте тұрғындарды

«ерлі-зайыптылардың екеуінің

де несиесі өтеле ме?» деген сауал

мазалайды...

- Тізімді ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

дайындады. Әр адамның несиесі

жеке қарыз болып есептеледі.

Сондықтан отбасының бір ғана

емес, екі өкілінің де борышы өтелуі

әбден мүмкін.

- Бір адамның бірнеше несиесі

болса, қайсысы өтеледі?

- Несие кепілсіз әрі тұтынушылық

болуы тиіс. Оған қоса, банктен

алған қарыздың барлық сомасы

1 маусымдағы жағдай бойынша

3 млн. теңгеден аспауы керек.

Оның бір немесе бірнеше банктен

берілуі маңызды емес. Ал қайсысы

бірінші кезекте «кешірілетініне»

келер болсақ, алдымен жылдық

пайыздық мөлшерлемесі ең көп

несие ескеріледі. Кейін қай несиенің

сомасы көп екені және қайсысының

өзгелерден бұрын берілгені назарға

алынады. Мемлекет қазынасынан

300 мың теңге аударылған күннің

өзінде тұрғынның әлі банкке қайтарар

қарызы болса, жаңадан келісімшарт

пен несиені өтеу күні, сомасы

белгіленеді. Ол бұған дейін ай

сайын төлеген сомадан едәуір

аз болатыны анық.

- Бүгінгі күні кей тұрғындар

оларға мұндай жеңілдіктің

жасалғанын қаламайды. «Бұдан соң

тағы несие ала алмай қаламыз»,

«Бақытты отбасы» ипотекалық

бағдарламасына қатыса алмаймыз»

деп қауіптенеді. Шынымен, несиесі

«кешірілген» азаматтар «қара

тізімге» ене ме?

- Бұл ретте борышкерлердің

несиенің өтелгенін қалаймын

немесе қаламаймын деген тілектері

ескерілмейді. Жоғарыда атап

өткенімдей, тізімді министрлік түзеді.

Бұл орган қызметкерлері тұрмысы

төмен, қиын жағдайға тап болған

отбасылардың ешқайсысын назардан

тыс қалдырмайды. Сондай-ақ,

мүмкіндікке ие әлеуметтік топ

өкілдерінің несиені уақытылы немесе

кешіктіріліп өтелуі назарға алынбайды.

Ал бұдан соң тағы несие

ресімдеуіне болады. Мемлекеттік

қолдау қайта соған жол ашып отыр.

Тұрғындардың «қара тізімге»

ілікпей, несиелік «тарихының»

жақсаруы үшін 300 мың теңге

көлемінде қарызын өтеу шарасы

қолға алынды. Десе де, екінші

деңгейлі банктерге қойылатын

талап күшейтіледі. Азаматтардың

берешекке белшесінен батпауы әрі

айлық табысын жүйелі жұмсауы

үшін несие күнкөріс деңгейі

төмен азаматтарға берілмейтін

болады. Яғни, бір айдағы кіріс

көлемі 2019 жылы 29698 теңгеден

төмен болмауы тиіс. Бұл мәселе

Президент Жарлығының үшінші

бағытында қарастырылған.

- Білуімше, бұл құжаттың

екінші бағыты тұрғындардың

барлығына бірдей қатысты.

Осы туралы толығырақ айтып

өтсеңіз...

- Иә, Жарлықтың екінші

бағытын жүзеге асыру барысында

несие алушының әлеуметтік

мәртебесі маңызды емес. Кепілсіз

тұтынушылық несиелер бойынша

айыппұлдар мен өсімпұлдар болса,

яғни сіз несиені уақытылы төлемей,

соның салдарынан банк күн сайын

сіздің қарызыңызға қосымша сома

белгілесе, бұл сома мемлекет

тарапынан өтеледі. 1 шілдеге

дейін есептелген өсімпұлдар

мен айыппұлдарды төлемейсіз.

Ал қарыздың қалған бөлігін

өтеуге міндеттісіз. 30 шілдеге

дейін екінші деңгейлі банктер

мен микроқаржылық ұйымдар

осындай айыппұлдарды арқалаған

азаматтардың барлығының қарызын

«кешірді». Енді ертеңге дейін несие

алушыларға атқарылған операция

туралы хабарлама жолдауы тиіс.

- Бұл шара коллекторлық

компанияларға берілген несиелерге

де қатысты ма?

- Қарыз сомасы коллектордың

басқаруына өтсе, оған қатысты

ешқандай жеңілдік қолданылмайды.

- Аталмыш жаңашылдық

туралы толығырақ ақпаратты

қайдан, қалай алуға болады?

- Егер тұрғындардың көкейінде

жауапсыз қалған сұрақтар болса,

Ұлттық банктің Павлодар филиалына,

Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев

көшесі, 44-үй мекенжайындағы

ғимаратқа келуіне әбден болады.

Біздің мамандар кеңес беріп,

сауалдарға жауап беруге әзір.

Сондай-ақ, тұрғындар кепілсіз

тұтынушылық қарызды өтеу туралы

ақпаратты алу үшін «Азаматтарға

арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына

немесе «электрондық

үкімет» порталына жүгіне алады

(жобалап алғанда ағымдағы жылдың

15 қыркүйегінен кейін).

Мемлекеттік корпорация өз

кезегінде «электрондық үкімет»

шлюзі арқылы «Е-халық» ақпараттық

жүйесіне өтініш жасап, тұрғындарға

кепілсіз тұтынушылық қарыздың

өтелуі жөнінде ақпарат ұсынады.

Егер де тұрғындар «электрондық

үкімет» веб-порталы арқылы өтінсе,

онда ақпарат өтініш берушінің «жеке

кабинетіне» жіберіледі.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!