01.08.2019 Views

01 тамыз, 2019 жыл №86 (15406)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ХАБАРЛАМА 1 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 19

ОҚЫС ОҚИҒА

Өрттен құтқарды

Кеше Павлодар қаласындағы

Қайырбаев көшесі, 98-үй мекенжайында

орналасқан көпқабатты

үйдегі подъездердің бірінде электр

қалқан тұтанып, ғимарат іші түтінге

толды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне

хабар сағат 8.37-де түскен. Оқиға орнына

дереу жеткен өрт сөндірушілер тұрғындарды

баспалдақпен эвакуациялады. Сол кезде әйел

адамға көмектесіп, уақыт оздырмас үшін

құтқарушылардың бірі оның баласын далаға

көтеріп шығарыпты.

- Сол уақытта есік алдындағы тағы бір

тұрғын пәтерде жеті жасар қызы қалғанын

айтып, ішке кірмек болды. Бірақ подъезд іші

көк түтін болғандықтан, өрт сөндірушілер әйел

адамды тоқтатып, одан пәтер кілтін алып үйге

өздері кірді. Ұйқыда жатқан қызды көрпеге

орап, сыртқа аман-есен алып шықты, - деп

хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің

баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем қызметкерлері екі баланың

денсаулығын тексеріп, өмірлеріне қауіп жоқ

екенін айтты. Өрт сөндірушілердің жедел әрі

тиянақты әрекетінің нәтижесінде ешкім жапа

шеккен жоқ. Қызыл жалын толығымен сағат

9:23-те сөндірілді.

Толығымен

жанып кетті

Облыс орталығындағы Торайғыров

көшесі, 72-үй мекенжайындағы

тұрғын үйдің бесінші қабатында

санитарлық торап пен электр

қалқан толығымен жанып кетті.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 100 адам

сыртқа шығып үлгерді. Олардың арасында

12 бала бар. Сонымен қатар, мамандар

15 адамды эвакуациялады. Өрттің себебі мен

шығын көлемі есептелуде.

Сонымен қатар, 30 шілдеде Железин ауданына

қарасты Прииртышск ауылы маңында №16

өрт сөндіру бекетінен 55 шақырымда ашық

аумақта К-700 «Кировец» тракторы түгелдей

жанып кетті.

- Оқиға 16 шаршы метр аумақты қамтыды.

Сол күні Павлодарда Лесозавод мөлтек ауданында

Зеленая көшесінде кірпіштен қаланған

екіқабатты тұрғын үйдің шиферлік шатырдың

ағаш құрылыстары отқа оранды. Өрт 80 шаршы

метрге жайылды. Оқиға себептері мен келтірген

залалы анықталуда, - деп хабарлады төтенше

жағдайлар департаменті.

Жүк көлігінің

астында қалды

Павлодар қаласындағы кәсіпорындардың

бірінің аумағында өз

көлігін жөндеп жатқан азамат

мерт болды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз

орталығының хабарлауынша, 53 жастағы ер

адам «КамАЗ» көлігін жөндемекші болып, техниканы

көтергішпен тіреп қойған. Жүк көлігін

көтеріп тұрған құрал шыдас бермей, «КамАЗ»

тұрғынның үстіне құлаған. Ол жедел жәрдем

қызметкерлері келгенге дейін тіл тартпай

кетті. Оқға тіркеліп, тиісті сараптамалар

тағайындалды.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау

туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 2) және 11)-тармақтарына

сәйкес Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2019

жылғы 26 шілдедегі №12 қаулысымен Павлодар қаласының Ленин

кенті әкімін сайлауды 2019 жылғы 11 қыркүйекке белгілеу туралы

хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар қаласының Ленин кенті әкімін 2019 жылғы

11 қыркүйекке сайлау өткізуіне байланысты Павлодар қалалық

аумақтық сайлау комиссиясы өзінің кұрамын жариялайды.

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Павлодар қ., Қайырбаев к-сі, 32, 105-кабинет, телефоны:

32-22-80

Төраға - Маржықбаев Александр Ертайұлы

Төрағаның орынбасары - Шепеленко Борис Дмитриевич

Хатшы - Молдабекова Надия Мұратқызы

Комиссия мүшелері - Бәшірбаев Ораз Қабылдаұлы,

Гуторов Сергей Алексеевич, Кузьменкова Лариса Ивановна,

Кузят Наталия Петровна

(20155)

Павлодар қаласының тұрғындары мен басшылығының

назарына!

"Павлодарские тепловые сети" ЖШС «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

ЖЭО-2, ЖЭО-3 қосылған жылу жүйелерін жөндеуден кейін, 2019

жылғы 05-11 тамыз аралығында тығыздыққа гидравликалық сынауларды

өткізеді.

Осыған байланысты 2019 жылғы 05-11 тамыз аралығында

Павлодар қаласының мына көшелер шегіндегі тұрғын үйлерде ыстық

су болмайды: Солтүстік бөлігі: Қамзинк-сі – Малайсары к-сі – Естай

к-сі – Пахомов к-сі Ак. Марғұлан к-сі – Астана к-сі – Набережный к-сі –

Хим. қалашығы – Мир к-сі– Торайғыров к-сі – Чкалов к-сі Лесозавод

кенті, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ. Қолайсыздық тудырған

жағдайда кешірім сұраймыз. Көрсетілген кезеңде белгіленген жылу

жүйелері аумағында сақ болуды өтінеміз.

Ескертулер мен құқық бұзушылықтар болған жағдайда мына

телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчер

қызметі); 55-24-61, 55-28-91 (эксплуатациялық ауд ан).

(20154)

Мәпітов Ризат Кәмәлұлын еске аламыз

Әкетайым, асылым, асқарым-ай,

Өте шықты бұл өмір қас қағымдай.

Немереңнің қызығын көрер шақта,

Жер қойнына, сұм ажал, тастадың-ай.

Бір жыл өтті, Әкей жоқ арамызда,

Әке еді ғой қамқоршы панамыз да.

Аңқылдаған ақкөңіл жайдарым-ай,

Сағынумен Сізді еске аламыз да...

Жыл толды алып жүрек тоқтағалы,

Жыл толды Әкемізді жоқтағалы.

Алайда, Әкеміздің нұр бейнесі

Көңілдерде мәңгілік саақталады!

2019 жылғы 10 тамызда сағат 15.00-де Павлодар қаласы

Мәшhүр Жүсіп мешітінің орта залында Ризат Кәмәлұлы

Мәпітовтің өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай ас беріліп,

құран бағышталады.

Еске алушылар: Мәпітовтер әулеті, жары – Қаратай,

балалары Уалихан – Гүлбахыт, Болат – Айнұр, немересі –

Абылайхан.

Тиімді

жарнама!

«Халық радиосы» - 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды «Бизнес FM»

бағдарламасында орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс

роликтерін әзірлеу және жалға беру бағасы 3000 теңгеден бастап, ал

хабарландырудың әрбір сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы 80

теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып, тыңдаушылардың

90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең тиімді де

нәтижелі болатыны сөзсіз! «Халық радиосы» толқынындағы «Бизнес FM»

бағдарламасы Сізді міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 65-12-75.

Ардақтылар

Ат жалын тартып мінгеннен бері ағамыз Ехсан Ағзамұлы

ауыл жігіттерінің алды болды. Соғыс кезінде ауыл

бригадирі жас баланы колхоздың жұмысына салды.

Таңның атысы, күннің батысы өгізбен жер жыртты,

лобогрейка айдады, пішен тасыды. Еңбекқор азамат

кейін механик болды. Өзіне серік болар Темірханқызы

Дәмет жеңгемізге қосылып, шаңырақ көтерді.

Дәмет жеңгеміз де

еңбекқор жан болып

шықты, ол соғыс кезіндегі

еңбегі үшін «Еңбек»

медалімен марапатталған

екен. Жеңгеміз газетжурнал,

әдеби кітаптарды

көп оқитын. Оның

кітапқұмарлық қасиеті балаларына

да ауған секілді.

Қыздарды педагогикалық,

медициналық институттарды

жақсы бітіріп шықты.

Ұлдары - механик. Ехсан

аға өз заманында оқи

алмады, сондықтан Дәмет жеңгей

екеуі балаларының жоғары білім

алуларына қамқорлық жасады.

Семей ауылшаруашылық институтын

бітірген күйеу баласы

Шаймұхаммед Әйткенов пен жоғары

білімді мұғалім қызы Раушан жас

мамандар ретінде Торғай облысына

жұмысқа жіберілді. Қауия

Ехсанқызы МАИ қызметкері Мақсұт

Абылайұлына тұрмысқа шықты. Рауия

мен Меңсұлу Семей медициналық

институтын бітірді. Ехсанның осы

балаларынан тараған ұрпақ - Аян,

Алмагүл, Гүлмира, Айнұр, Айғаным,

Арман - бәрі оқуларын бітірген,

қызметте. Бір өкініштісі - Ехсан

ағаның ғұмыры қысқа болып, осы

балалардың қызығын көре алмай

кетті. Кейінгі немере-жиендері - Әсет,

Естай, Сәуле, Абай, Заринаны Дәмет

апа қызықтады. «Құдайдан тілеп

алған» Қоныс пен Қуаныш балалары

Әсел, Индира, Арайлымдарға

Дәмет апа шаң жуытпай отыратын.

«Уақытты тоқтатуға шамаң бар ма!

Бәрі өтеді, ғасыр, замандар да...»

дегендей, зымырап өтіп жатқан

уақыт! Дәмет жеңгеміз өткен жылы

90 жасқа келіп көз жұмды.

Дәмет Темірханқызының қайтыс болғанына жыл толуына орай

биылғы тамыздың 4-і күні балалары Мәшһүр Жүсіп мешітінің

үлкен залында сағат 12.00-де дұға оқытып, ас бермек.

Ұйымдастырушылар атынан - Жұмажан қажы ТӨЛЕБАЕВ.

Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті редакциясының ұжымы белгілі

сазгер, ардақты ұстаз, ҚР Мәдениет қайраткері, Май ауданының

Құрметті азаматы

Қайырбек Мұфтанұлы Сәтиевтің

қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12531 дана,

бүгінгі көлемі 5 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1500

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!