16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

16 маусым, сейсенбі

2020 жыл

№66 (15536)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Жұмыс жүйелі

жүргізілуде

Нақпа-нақ

Көпбалалы аналар

жыл басынан бері

93,9 млрд.

теңгеге

жәрдемақы

алды

ИПОТЕКА

Мерзімі

ұзартылды

Валюталық ипотекалық қарыздарды

қайта қаржыландыру

мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға

дейін ұзартылды.

Алыстағы ауылдың ахуалы:

ТАЛАЙҒА ҮЛГІ БОЛҒАН ҚҰТ МЕКЕН

Суретті түсірген – Серік Қапаров.

Суретті түсірген – Серік Қапаров.

Бүгінде Ертіс ауданының орталығында ғана емес, шалғай ауылдарының

да тіршілігі оңалып, тамырына қан жүгірген. Мәселен,

биыл аудандағы 27 елді мекенге таза тіршілік көзі жетіп, халықтың

96,4%-ын сапалы ауызсумен қамту көзделген. Бұдан бөлек, «Ауыл –

ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 ауылда түрлі бағытта жұмыстар

атқарылып жатыр.

Жалғасы 5-бетте

Ертіс ауданының Үлгілі ауылын бетке алып, жолға шықтық. Ондағы мақсатымыз - шалғайда

жатқан ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, халқымен жүздесу. Әуелгіде сапарымыздың

сәтті боларына күмәнданғанымызбен, Исадай дүлдүлді өмірге әкелген елден құр алақан

қайтпайтынымызға сендік. Сенім алдамады.

Толығырақ 6-7-беттерде

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын

қайта қаржыландыру бағдарламасы

Қазақстанда 2015 жылдан бері іске

асырылып келеді. Ол ипотекалық қарыз

алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға,

борыш жүктемесін төмендетуге және олар

үшін валюталық тәуекелді болдырмауға

бағытталған. 2020 жылғы 1 маусымдағы

жағдай бойынша екінші деңгейлі банктер

және ипотекалық ұйымдар 256,7 млрд.

теңгеге 37 191 ипотекалық қарызды

қайта қаржыландырған.

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең 2004-2009 жылдары қарыз

алғандарды қолдауға бағытталған. Оған

Ұлттық банк 130 млрд. теңге бөлді. 2020

жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша

алғашқы кезеңде 174,7 млрд. теңгеге

28 117 қарыз мақұлданды, 161 млрд. теңгеге

27 006 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші кезеңі 2016

жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке

тұлғалардың валюталық ипотекалық

қарыздарын Ұлттық банктің 2015 жылғы

18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен

қайта қаржыландыруды көздейді. 2020

жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша

82 млрд. теңгеге 9 074 қарыз мақұлданды,

68,4 млрд. теңгеге 7 750 валюталық

ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды.

Жыл басынан бері Агенттік халықтың

әлеуметтік осал топтарына жататын

қарыз алушылардың қарыз жүктемесін

төмендетуге (бағдарламаның үшінші

блогы), сондай-ақ тұрғын үйді жалға

алу арқылы жалғыз баспананы банктің

балансынан кепіл берушінің меншігіне

қайтару шараларын енгізді.

Екінші кезең аясында валюталық

ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру

мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін

ұзартылды. Қарыздың бағдарлама талаптарына

сәйкестігін анықтау үшін кредиторбанкке

жүгіну қажет.

Агенттік бағдарламаның талаптарын

орындау бойынша банктерге бақылау

жүргізеді. Сондай-ақ, барлық өңірде банктің

қарызды қайта қаржыландырудан бас

тартуының заңдылығы туралы шағымдарды

қарайтын арнайы комиссия бар. 2020

жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша

комиссиялар 5 094 шағымды қараған.

Әзірлеген - Ф.ӘМІРЕНОВ.


2 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ТУРИЗМ

Баянауыл курорттық аймағындағы

демалыс үйлерінің 60%-ға жуығы маусымның

ашылуына дайын емес.

Дені дайын емес

39 демалыс үйінің 23-і коронавирус пандемиясы

жағдайында туристерді қабылдауға дайын болмай

шықты. Баянауылдағы барлық туристік базаларды

аралап шыққан мониторинг тобы тексерісінің нәтижесі

осындай.

Арнайы мониторинг тобының құрамына санитарлық

дәрігерлер, жергілікті атқарушы органдар мен

жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сонымен

қатар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері

енді. Олар көптеген туристік базалардың дайындық

актілері және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат

алмағандығын анықтады. 10 демалыс үйінде әлі де

жөндеу немесе құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстар барысында қонақтарды қабылдауға

тыйым салынған.

Алайда бақылау тобы анықтаған негізгі бұзушылықтар -

жылу көрсеткіштердің, санитайзерлер мен дезинфекциялық

құралдардың болмауы. Осылайша, кәсіпкерлердің

өздері демалушылардың қауіпсіздігіне деген ортақ

жауапкершілікті елемей отыр.

Туристік базалардың төмен дайындығы және

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес

келмеуі жағдайында Баянауыл курорттық аймағында

демалыс үйлерін ашу бүгінгі күні мүмкін емес. Оған

қоса Павлодар облысында күн сайын коронавирус

ауруының жаңа жағдайлары тіркелуде. Тек 8-13 маусым

аралығының өзінде өңірдің 78 тұрғынында COVID-19

диагнозы расталды. Коронавирус жұқтырғандардың

саны алты күнде 29,1%-ды құрады.

Туризм және спортты

дамыту басқармасы

COVID-19

Бейқамдық

танытуда

Аймақта коронавирус жұқтырушылардың

қатары күрт артуда. 15 маусымдағы

жағдай бойынша қауіпті індетті 395 адам

жұқтырған. Оның ішінде, 46-сында симптомсыз

вирус анықталған.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Павлодар облысының бас санитар дәрігері

Батырбек Әлиевтің сөзінше, науқастардың 209-ы

Екібастұз қаласында, 174-і Павлодар қаласында,

2-і Ақсу қаласында, 4-і Баянауыл ауданында, 3-і

Павлодар ауданында тіркелген.

Осы жылдың 8–14 маусым аралығында өсім көрсеткіші

39,5 пайызды құрады. Ал өткен аптада, яғни

1-7 маусым аралығында бұл көрсеткіш 36,7 пайызға

тең болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының

міндетін атқарушы Біржан Досмайыловтың айтуынша,

үй карантинінде 414 адам жатыр. Қазір облыс

бойынша 56 мың 243 адам тексеруден өткен. Оның

ішінде, 395-інде қауіпті індет анықталды. Стационарда

139 науқас ем қабылдауда. Өкінішке қарай, олардың

қатарында 8 бала бар. Ауыр халдегі науқастардың

саны – 17. Бір науқас өте ауыр халде жатыр. Бұдан

бөлек, 4 науқас жасанды таныс алу құрылғысына

қосылған.

COVID-19 жұқтырғандардың ішінде 186 адам

ауруларынан айығып, үйлеріне жіберілді. Өкінішке

қарай, бүгінге дейін 12 адам коронавирустан қайтыс

болды. Оның ішінде, Павлодар қаласының 8, Екібастұз

қаласының 3 және Баянауыл ауданының бір тұрғыны

бар. Көз жұмғандардың ең үлкені - 85 жаста, кішісі

49 жаста болды. Қайғылы жағдайдың орын алуына

науқастардың бойында өзге де созылмалы аурулардың

болуы себеп. Мұндай белгілер олардың денсаулық

жағдайын одан бетер ауырлата түсті.

- Өкінішке қарай, өңір тұрғындары әлі де қарапайым

санитарлық талаптарды сақтамай келеді. Көпшілігі

көшеде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде

медициналық бетперде тақпай жүр. Белгіленген

арақашықтықты да сақтамайды. Осы жағдайлардың

барлығы COVID-19 вирусын жұқтырушылардың қатарын

арттырып отыр, - деді Біржан Досмайылов.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта коронавирусқа

шалдыққандарды емдейтін стационарда науқастарға

арналған орын саны арта түсетінін айтты.

Б.Әлиев Баянауыл ауданындағы туристік аймаққа

блок бекеттер орнатылып, демалушылардың келуіне

шектеу қойылғанын растады. Осы аптада облыстық

штабтың жиыны өткізілмек. Аталған ауқымды отырыста

карантиндік шаралардың күшейтілуі мәселесі қаралады.

Өсім мен түсім

таразыланды

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Облыс әкімдігінде аймағымыздың биылғы бес айдағы әлеуметтік-экономикалық даму

көрсеткіштері сараланды. Осы ретте, төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың

экономикаға әсері сөз болды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен

аталмыш жиында алдағы жартыжылдық қорытындысы бойынша әлі де қол жеткізілуі

тиіс тұстар талқыланды.

Облыстық экономика

және бюджетті жоспарлау

басқармасының басшысы

Ирина Назарчуктың мәлімдеуінше,

бес айда өнеркәсіп

саласында өсім былтырғымен

салыстырғанда 4 пайыздан

асқан. Мұндай оң көрсеткішке

тау-кен секторындағы

айтарлықтай өсім себеп

болған. Сәйкесінше, өнеркәсіптің

өсімі Екібастұз қаласы

мен Тереңкөлде байқалып

отыр. Ал Павлодар қаласы,

Баянауыл және Павлодар

аудандарында, керісінше,

төмен. Ауыл шаруашылығында

өнім көлемі 1,9 пайызға

артқан. Әсіресе, мал шаруашылығының

үлесі басым.

Бұл салада барлық ауданқаланың

ұпайы түгел. Тек

Ақсу мен Шарбақтыда өткен

жылғыдан аз. Құрылыста

облысымызда 33,2 млрд.

теңгенің жұмысы атқарылған,

өткен жылдың бес айындағы

көрсеткіштен 2,7 пайызға

жоғары. Мұнда Успен мен

Павлодар аудандарында өсім

бар. Тереңкөлде төмендеген.

Облыста 64,5 мың шаршы

метр тұрғын үй қолданысқа

берілген, оның 80 пайызға

жуығы тұрғындар есебінен

орындалып отыр. Негізгі

капиталға тартылған инвестиция

көлемі 97,2 пайызды

құрады. Павлодар, Екібастұз

қалалары мен Ақтоғай,

Павлодар, Тереңкөл, Железин

аудандарында құйылған инвестиция

өскен. Ақсу қаласы

және 4 ауданда төмендепті.

И.Назарчук ішкі сауда және

көлік пен қойма қызметінде

көрсеткіштің кемігенін атап

өтті.

- Жалпы, облыста соңғы

бес айдың көрсеткіштері оң

қарқынның сақталғанын көрсетіп

отыр. Тек сауда, көлік,

қойма, қонақүй бизнесі,

қоғамдық тамақтану салаларында

жұмыс істейтін

субъектілерде төмендеген.

Яғни, осы салалар төтенше

жағдай кезінде көбірек зардап

шекті, - деді облыс әкімі.

Басқарма басшысы алты

ай қорытындысы бойынша

орындалмау қаупі бар салалар

айтылды. Құзырлы органның

мәлімдеуінше, құрылыс

жұмыстары, инвестиция

көлемі, ішкі сауда және көлік

пен қойма қызметі секторында

тиісті индикаторларға

қол жеткізу үшін тыңғылықты

тірлік керек. Мәселен, инвестиция

көлемі 100 пайызға

жетуі үшін әлі де 43 млрд.

теңге тартылуы қажет. Көлік

пен қойма секторында

жарты жылда көрсеткіш

82 пайыздан аспайды деп

болжануда. Жалпы, негізгі

қауіп инвестиция мен құрылыс

салаларында болып тұр.

Мұндай келеңсіздіктерге жол

бермеу үшін аймақ басшысы

көрсеткішке «салқыны» тиюі

мүмкін әрбір тұсты жеке

талдап, резервтерді нақтылауды

тапсырды. Аудан-қала

әкімдері 6 айдың қорытындысы

бойынша тиісті көрсеткішке

жету мүмкіндіктері барын

атап өтті. Тек Май ауданы

басшылығы инвестиция мен

құрылыс бойынша өткен

жылғы көрсеткіштерге жету

мүмкін еместігін алға тартты.

Облыс әкімі Ә.Сқақов әлі де

нақты шаралар қабылдап,

барынша жоғарылатуға күш

салуды тапсырды.

Аймақ басшысы жергілікті

өндіріс орындарын жүктеу

бойынша арнайы комиссия

жұмыс істеуі тиіс, деді. Яғни,

аймағымыздағы кәсіпорындардың

өнімдерін өткізуде

байланыстар орнатуда қолғабыс

жасалады. Бір сөзбен

айтқанда, ішкі нарықтың

қарқын алуына жол ашылып,

қазақстандық өнімге басымдық

берілуі қажет. Өндірісте

теміржол кластерінде түйткілдер

бар көрінеді. Бүгінде

осы бағытта құзырлы министрліктермен

келіссөздер жүргізілуде.

Жиында облыс қазынасының

жайы да сөз болды.

Облыстық қаржы басқармасының

басшысы Мақсат

Тұрлыбаевтың айтуынша,

бюджеттің кіріс бөлігі 8,7 млрд.

теңгеге асыра орындалған.

Жоспардың асыра орындалуына

жеке табыс салығы

мен коропоративтік, мүлік

салықтары, акциз оң әсерін

тигізген. Яғни, кейбір салаларда

жалақының өсуі,

берешектерді қайтару бағытындағы

жұмыстардың жүйелі

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

жүргізілуі нәтиже беріпті.

Жалпы, бюджеттің 57 кіріс

көзінің тек алтауы бойынша

ғана жоспарға қол жеткізілмеген.

Атап өтер болсақ,

сыртқы жарнама орналастыруға

байланысты төлем.

Қосымша салық түрі ретінде

енгізілген бұл кіріс көзі

көп аудандарда тиісінше

қолданылмайтын көрінеді.

Әкімшілік айыппұл бойынша

да жоспар орындалмады,

деді М.Тұрлыбаев. Алайда,

аймақ басшысы дәл осы

құқықбұзушылыққа қатысты

айыппұлды жоспарлау қисынға

келмейтінін кесіп айтты.

Сонымен қатар, төтенше жағдайдың

енгізілуіне байланысты

коммуналдық меншіктегі

мүліктен түсетін түсім де

төмендеген.

Қазынаның шығыс бөлігіне

келетін болсақ, 119,9 млрд.

теңге игерілген. Бұл – 97,4 пайыз.

3,2 млрд. теңге игерілмеуде.

Оның 253,9 млн. теңгесі

– үнемделген қаржы.

Игерілмеу себебі ретінде

жұмыстардың кестесінен

кешігіп атқарылып жатқаны

айтылды. Басым бөлігі -

«Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы

аясында бөлінген қаражат.

Коммуналдық шығындарға

әлеуметтік көмек ретіндегі

төлемге өтініштің тым баяу

берілуінен де бөлінген қаржы

толық игерілмеуде. Кейбір

жобалар бойынша қаржының

уақытылы игерілмеуіне

мердігердің жұмыстарды

сапалы атқармауы да себеп.

Өйткені, тапсырыс беруші

ескертулерді жоймайынша

қаржының аудармайды.

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов бастысы мемлекет

қаражаты тиімді жұмсалуы

керектігін тағы бір мәрте

ескертті. Яғни, бөлінген

қаржының түпкі нәтижесін

тұрғындар сезіну тиіс, деді.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 3

БІЛІМ

Жаңа жобалар іске асады

Аймақтық білім саласында да жаңа жобалар іске асырылуда. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында 13 білім беру нысаны жөндеуден өтіп жатса, биыл Дүниежүзілік

банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде мектептерді

ноутбуктармен және принтерлермен қамтамасыз ету көзделуде.

109 ҚЫЗМЕТІ

109 Бірыңғай байланыс орталығына

Павлодар қаласының ғана емес, сонымен

қатар Екібастұз бен Ақсу шаһарларының

тұрғындары хабарласа алады. Аталмыш

орталық телефон арқылы тұрғын үйкоммуналдық

сипаттағы және өмір сүру

сапасын арттыруға бағытталған мәселелер

бойынша өтініштерді, шағымдарды,

ұсыныстарды қабылдайды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

баспасөз жиынында облыстық

білім басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы

мәлім етті.

- Ертіс-Баян өңірінде «Ауыл –

ел бесігі» бағдарламасы аясында

519,5 млн. теңге бөлінді.

Оған аймақтағы 13 білім

беру нысаны күрделі жөндеуден

өтуде. Қалған ауылдық

білім беру нысандарын жөндеу

2025 жылға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, ҚР

білім беруді дамытудың 2020-

2025 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

аясында материалдық-техникалық

жарақтандыруды, әсіресе

мұқтаж білім беру ұйымдарының

сандық инфрақұрылымын

дамыту бойынша

жұмыстар жалғасын табады, -

деді Д.Болатханұлы.

Бұдан бөлек, еңбекке оқыту

кабинеттері, оқушы жиһазы

жаңартылмақ. Дүние-жүзілік

банктің «Орта білім беруді

жаңғырту» жобасын іске асыру

шеңберінде мектептер ноутбуктармен

және принтерлермен

қамтамасыз етілмек.

Сонымен қатар, 2020 жылдың

1 қыркүйегінен бастап

69 мемлекеттік толық жиынтықты

жалпы білім беретін

мектеп жан басына шаққандағы

нормативтік қаржыландыруға

көшеді.

- Биыл облыс әкімінің

тапсырмасы бойынша «Заманауи

мектеп» жобасы іске

қосылды. Біз қазіргі заманғы

мектептің бірыңғай тұжырымдамасын

әзірледік. Онда

мектептің сыртқы келбетінен,

материалдық-техникалық

жабдықталуынан және мазмұнынан

бастап барлық

аспектілер қарастырылған.

Біздің басты мақсатымыз –

барлық білім беру ұйымдарына

оң тәжірибені тарату. Бұл

ретте бізде қамқоршылық

кеңестер бюджеттік және

бюджеттен тыс қаражатты

бақылау ғана емес, сонымен

қатар мектеп дамуының

стратегиясын анықтауға,

оқушылар мен педагогтар

үшін де жағдайды жақсартуға

үлкен мүмкіндік екенін

анық түсінуі керек, - деді

басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша,

облыстың білім беру ұйымдарында

317 қамқоршылық

кеңесі жұмыс істейді. Оның

ішінде 268-і мектепте, 34-і

колледжде, 9-ы жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға

арналған білім беру ұйымында

болса, 6-уы - арнайы

білім беру ұйымында.

- Әрбір білім беру мекемесінің

сайтында қамқоршылық

кеңестер қабылдаған

шешімдер туралы ақпараттар

орналастырылады. Тоқсан

сайын қамқоршылық кеңестер

отырыстарының хаттамалары

жарияланып, білім

беру мекемелерінің басшылары

қамқоршылық кеңес

алдында кемінде 1 рет есеп

беру керек, - деді ол.

Айта кетелік, «Мектепке

тағзым» жобасы аясында

7 мыңнан астам түлек облыс

мектептеріне жалпы сомасы

635 млн. теңгеге көмек көрсеткен

екен. Олардың ішінде,

шаруа қожалығының басшысы

Александр Вильгельм Тереңкөл

ауданының Львовка ауылында

50 орындық балабақшаның

құрылысын, кәсіпкер

Манат Алғамбаров Екібастұз

қаласының ауылдық аймағы

Зеленая роща ауылындағы

мектепке қосымша құрылыс

және спорт залын салған.

Екі қалада

қосылды

Еске сала кетейік, 109 Бірыңғай байланыс орталығы

осы жылдың наурыз айында іске қосылған.

Жұмыс кестесі - 24/7. Операторлар коммуналдық

мекемелермен әрдайым тікелей байланыста болады.

Осы қызмет арқылы қабылданған өтініштер

жылдам орындалады. Кезекші диспетчерлер

тұрақты негізде өтініш берушілермен хабарласып,

коммуналдық қызметтердің сапасын тексереді.

Енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің,

басқа да көптеген мекемелердің нөмірін есте

сақтаудың қажеті жоқ. Сұрақтарыңыз туындаса,

телефон арқылы 109 нөмірін терсеңіз жеткілікті.

Маусымның соңына дейін Екібастұз және Ақсу

қалалары пилоттық режимде жұмыс істейді. Одан әрі

жүйеге аудандар қосылады.

Айта кетейік, 109 қызметі іске қосылғаннан

бері 50 000-нан астам қоңырау қабылдаған. Оның

ішінде 45 000 қоңырау ТЖ режимі, әлеуметтік және

коммуналдық төлемақы, блок бекеттерден өту сияқты

консультацияларға байланысты болды. Ал, коммуналдық

салада 5000-ға жуық өтініш келіп түсті. Барлық

арыз-шағымдар уақытылы орындалуда.

109 Бірыңғай

байланыс орталығы.

Мектептер жаңарады

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Оқу жылы аяқталысымен

Павлодар қаласында қолға алынған

құрылыс жұмыстарымен

танысу мақсатында арнайы рейд

ұйымдастырылды. Облыстық білім

беру басқармасының мамандары

бастаған топ алдымен дарынды

балаларға арналған №8 лицеймектебіне

барды. Биыл білім

ордасының қасбеті ретке келмек.

Мектеп 1980 жылы қолданысқа

берілген. Мекеменің қасбеті 8 жыл

бұрын жаңа кейіпке еніп, өткен

жылы терезелері ауыстырылыпты.

Мектеп директорының

әкімшілік-шаруашылық жұмысы

жөніндегі орынбасары Наталья

Незнанованың айтуынша, қазір

әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта пластикалық

терезелер орнатылады. Мердігер

«НВС-Строитель» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі спортзал,

санитарлық тораптарға және

жуынатын бөлмелерге күрделі

жөндеу жүргізеді. Жаттығу залы

жаңа үлгіде безендірілмек.

- Құрылыс жұмыстары кестеге

сай жүргізілуде. Бүгінде бұл

бағыттағы істің 60 пайызы орындалды.

Сонымен қатар, мектеп

аумағы абаттандырылады. Асфальт

төселеді. Қасбетті ауыстыруға

48 миллион теңге, ал спортзалға

19 миллион теңге қаражат бөлінді, -

дейді Н.Незнанова.

Биыл аймағымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы

аясында білім беру нысандарының жөндеу жұмыстарына 5,2 млрд.

теңге қаражат бөлінген. Аталмыш қаржыға облыс орталығы мен ауыл мектептері,

балабақшалар жаңа кейіпке енбек.

Суретті түсірген - Ольга Бугаев.

Дарынды шәкірттерді тәрбиелеп

келе жатқан Ы.Алтынсарин атындағы

қазақ гимназия-интернатында

да жұмыс қызу жүруде. Білім

ордасының оқушылары алдағы

оқу жылында шыны терезелі

кабинеттерде отыратын болады.

Білім беру мекемесінің директоры

Шоқан Қалдыбаевтың айтуынша,

заманауи кабинеттер сабақтардың

ашық өтуін қамтамасыз етпек.

- Қазіргі технологияның дамыған

заманында цифрландыру

мақсатын көздей отыра, оқушылардың

жан-жақты дамып, сапалы

білім алуына барынша жағдай

жасап келеміз. Осы орайда, ашық

терезелі кабинеттердің ата-аналар

мен ұстаздарға, мектеп әкімшілігіне,

психологиялық тұрғыдан

балалардың еркін дамуына зор

үлес қоспақ. Өйткені ата-аналар

балаларының сабақ өту барысын

сырттай бақылай алады. Оқу

кабинеттерін ашық кеңістік (open

space) стиліне жақындату арқылы

шәкірттеріміздің заманауи ортаға

жылдам бейімделуіне, кез келген

ортада ашық болуын көздедік.

Жөндеу жұмыстары кезінде оқу

кабинеттерін соңғы үлгідегі

заманауи мектеп форматында

безендірмекпіз, - дейді мектеп

директоры.

Шоқан Қалдыбаевтың айтуынша,

ашық терезелі кабинеттер

220 оқушыға арналған. Яғни 28 оқу

кабинетінің 10-ы ашық терезелі

болады. Жөндеу жұмыстарынан

кейін үшінші қабатта жаратылыстану-математикалық

бағыттағы,

екінші қабатта қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағы пән кабинеттері

орналаспақ. Барлық бөлмелер

заман талабына сай жабдықталады.

Мектеп директоры спортзал

мен жатақханада да жөндеу

жүргізілетінін атап өтті.

- Биыл мектеп төбесі, қасбеті,

мектеп аумағы күрделі жөндеуден

өтеді. Білім ордасының ауласына

тас жол салу жұмыстары бір ай

уақытты алады. Бұл бағыттағы іс

шілде айының 10-ында аяқталады

деп жоспарлануда. Ал мектеп

қасбетінің жөндеу жұмыстары

жоспар бойынша 3 тамызда бітеді.

Қазір төбені ауыстыру жұмыстары

аяқталуға жақын. Мектеп 1962

жылы қолданысқа берілген. Сол

жылдан бері ағымдағы жөндеуден

басқа күрделі жөндеу жүргізілмепті.

Мамандар рейд барысында

қалалық №28 жалпы орта білім беру

мектебіндегі жөндеу жұмыстарымен

танысты. Аталмыш білім ошағындағы

ауқымды іс 15 тамызда

аяқталады деп жоспарлануда.

- Құрылысшылар іске 11 мамырда

кірісті. Ағаш едендерді бөлшектеп,

линолеум төсейміз. Қабырға

мен төбені жаңартып, сырлаймыз.

Есік, терезелерді де ауыстырамыз.

Асхана да толығымен жөнделеді.

Спортзал да жаңа кейіпке енеді.

Мектептің қасбетін сырлау жоспарда

бар, - дейді мердігер «Отдел

Жилстрой» ЖШС-нің өкілі Олег

Синьковский.

Павлодар облыстық білім беру

басқармасының материалдықтехникалық

қамтамасыз ету бойынша

мемлекеттік сатып алу бөлімінің

басшысы Әлия Әубәкірованың

айтуынша, биыл өңірдегі білім

беру нысандары бойынша 65 жоба

енгізілді. Олардың қатарында

балабақша, қосымша білім беру

нысандары мен мектептер бар.

Бұл ретте екі білім ордасының

құрылысы, 2 білім беру нысаны

қайта жаңартылмақ. 47 жоба бойынша

күрделі жөндеу, 14 жоба аясында

ағымдық жөндеу жүргізіледі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»

бағдарламасы аясында ауылдағы

87 мектепте жылы дәретханалар

жөндеуден өтеді.

Әлия Әубәкірова «Жұмыспен

қамтудың жол картасы» бағдарламасы

аясында 1885 жұмыс орны

құрылғанын атап өтті. Оның ішінде

жұмыспен қамту орталығы арқылы

946 адам екі қолға бір күрек

тапқан. Мердігерлер құрылыс

барысында 90 пайыз отандық

материалдарды пайдалануда.


4

16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН

SARYARQA SAMALY

ЦИФРЛАНДЫРУ

Қызметті онлайн алыңыз!

- Фархат Бауыржанұлы,

төтенше жағдай кезінде ХҚКО

қызметкерлері қашықтан

жұмыс істеуге үлгерді ме?

Адамдардың өтініштерін

қабылдау қиынға соқпады

ма?

- Шыны керек, «Азаматтарға

арналған үкімет» корпорациясы

жыл сайын қызмет түрлерін

онлайн форматқа ауыстырып келе

жатқанын білесіздер. Адамдарға

анықтамалардың бірқатары қашықтан

қолжетімді болса да, олар

құжатты үйден немесе жұмыста

отырып рәсімдеуге ерінетін. Әрбір

анықтама үшін ХҚКО-ға келуді жөн

көрінетін. Ал төтенше жағдай режимі

кезінде мамандар қашықтан жұмыс

істеуге көшкенде, жұртшылық онлайн

қызметті өздігінен алуды үйренді.

Қызметкерлер үйлерінде жұмыс

істеп, адамдардың қоңырауларын

қабылдады. Бейнебақылау құрылғысы

арқылы кері байланысқа

шықты. Бүгінде мемлекеттік

қызметтердің 80 пайызы электронды

форматта көрсетіледі.

Тұрғындар қажетті анықтамаларды

«eGov Mobile» және телеграмдағы

«egovkzbot2.0» қосымшалары

арқылы ала алады. Сондықтан

біз цифрландыру жүйесі аясында

қызмет етуге дайын екенімізді

көрсеттік десем қателеспеймін.

- Төтенше жағдай аяқталған

кезде қызмет форматына

өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтарға

толығырақ

тоқталып өтсеңіз...

- Өңірдегі халыққа қызмет

көрсету орталықтары облыс әкімдігі

жанындағы төтенше жағдай тәртібін

қамтамасыз ету жөніндегі штабтың

рұқсатымен 12 мамырда өз жұмысын

жалғастырды. Мемлекеттік қызмет

түрлерін алуда бірқатар өзгеріс

орын алды. Павлодарлықтар

ХҚКО-да электронды форматта

қолжетімсіз, тек қағаз жүзінде

көрсетілетін қызметтерді және

egov.kz арқылы ресімделген

өтініштердің нәтижесін ала алады.

Бірақ ХҚКО-ға бару үшін 1414

байланыс орталығы немесе egov.

kz сайтындағы арнайы сервис

арқылы кезекке тұру қажет. Бұл

жүйе ХҚКО-да азаматтардың көп

жиналуын болдырмайды. Вирусты

жұқтыру қаупін жояды, қызмет

алушылар да өз уақытын үнемдейді.

Алдын ала кезекке тұрмағандарға

ешбір қызмет көрсетілмейтінін

ескерткім келеді.

Қазір Павлодар қаласының

барлық халыққа қызмет көрсету

орталықтары бронь бойынша

жұмыс істейді. Бұл жаңа ереже

мамандандырылған халыққа қызмет

көрсету орталықтарында да қолданылады.

Ал аудан орталықтары

мен ауылдық жерлерде орналасқан

Елімізде коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше

жағдай және карантин режимдері кезінде халыққа

қызмет көрсету орталығының мүмкіндігі тексерілді

десек қателеспейміз. Жыл сайын қызмет түрлерін электронды

форматқа ауыстыратын орталыққа қашықтан

қызмет көрсету қиынға соқпады. Нәтижесінде, қажетті

анықтаманы үйден алуды үйренген азаматтардың

қатары артқан. Осы жүйені негізге ала отырып, халыққа

қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта еңбек етуде.

Бұдан былай мекемеде электронды нұсқада қолжетімді

қызметтер көрсетілмейді. Жұмыстағы жаңашылдықтарды

білу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалының

директоры Фархат Әлімовпен әңгімелескен болатынбыз.

ХҚКО еш өзгеріссіз жұмыс істеуде.

Бірақ мекеме ішіне бір уақытта

3-5 адамнан артық кіргізілмейді.

- ХҚКО-ға алдын ала

жазы-лудың бірнеше тәсілі

бар дедіңіз. Соны түсіндіріп

кетсеңіз...

- Егер 1414 нөміріне қоңырау

шалсаңыз, оператор ХҚКО-ға келетін

уақытты белгілеп, жазып қояды.

Тұрғындар нақты уақытты білгендіктен

кезекте көп тұрмайды.

Қоңырау шалу тегін екенін атап

өткім келеді. Бұл нұсқа электронды

үкімет порталын пайдалана

алмайтын егде адамдар үшін

ыңғайлы. Айта кетейін, мобильді

азаматтар базасында тіркелген

тұрғындар жеке сәйкестендіру нөмірі

тіркелген телефоннан қоңырау

шалуы қажет. Егер адам мобильді

азаматтар базасында тіркелмеген

болса, алдымен Call-орталығының

операторларына өтініш беру керек.

Екінші әдіс egov.kz порталы

арқылы жүзеге асады. Кезекке

тапсырыс беру үшін жоғарыда атап

өткенімдей, мобильді азаматтар

базасында тіркелуіңіз керек.

Онлайн қабылдау қызметі телефон

нөміріне SMS арқылы ұсынылады.

Бұл үшін электрондық цифрлық

қолтаңба қажет емес. Адамдар

телефон нөмірінің мобильді базада

тіркелген немесе тіркелмегендігін

де тексере алады. Ол үшін

электрондық үкімет порталына

өтіп, «Қызметтер» бағанында

«азаматтардың мобильді деректер

базасында тіркеуді тексеру» қызметін

таңдау қажет. Аталмыш орынға

...Бүгінде мемлекеттік қызметтердің

80 пайызы электронды форматта көрсетіледі.

Тұрғындар қажетті анықтамаларды «eGov

Mobile» және телеграмдағы «egovkzbot2.0»

қосымшалары арқылы ала алады. Сондықтан

біз цифрландыру жүйесі аясында қызмет

етуге дайын екенімізді көрсеттік десем,

,,

қателеспеймін...

ЖСН-ді енгізіп, нәтижені көруге

болады. Ал үшінші әдіс телеграм

бот EgovKzBot2.0 мобильді

қосымшасы арқылы жүзеге асады.

Мұнда «ХҚКО-на кезекті броньдау»

батырмасын басып, керекті уақыт

пен қалаған бөлімді таңдайсыз.

- ХҚКО қызметін электронды

форматта алу үшін

мобильді азаматтар база-

сында тіркелу керектігін

айттыңыз. Бұл қызметті орталыққа

бармай-ақ, онлайн

алуға бола ма?

- Иә. Тұтынушы egov.kz порталының

төменгі оң жақ бұрышында

орналасқан «Виртуалды көмекші»

батырмасын басып, қалаған тілді

таңдайды. Кейін төменде орналасқан

«Бейнеқоңырау» түймесін басу

қажет. Байланыс орталығының

операторы сізге қоңырау шалып,

жеке куәлігіңізді бейне сілтеме

арқылы көрсетуді, ЖСН, телефон

нөмірін және SMS хабарламаны

көрсетуді сұрайды. Мобильді

азаматтардың деректер базасында

сәтті тіркеуден өткеннен

кейін портал бетін жаңартып,

ЖСН-ді қайта енгізу қажет.

Электрондық үкімет порталына

өткенде, алдымен жоғарғы

оң жақ бұрышта орналақсан «кіру»

түймесін басу қажет. «Бірреттік

пароль» енгізу тетігін таңдап, ЖСН-ні

жазу керек. Телефон нөміріңізді

жазып, оған келген хабарламаны

енгізесіз. Сосын «Халыққа қызмет

көрсету орталығында кезекке

тапсырыс беру» қызметін таңдап,

тағы да ЖСН-ді жазасыз. Аймақ

пен қажетті ХҚКО-ны таңдайсыз.

Алатын қызмет түрі, келу күні

мен уақытын белгілейсіз. Соңында

броньдау батырмасын басу керек.

Егер сәтті орындалса, сізге SMS

хабарлама жолданады.

- Белгіленген уақытта

келе алмай, кешігіп қалған

жағдайда қызметті қалай

алады?

– Алдын ала кезекке тұрғандықтан,

адамдардың дер уақытында

ХҚКО-ға келуі шарт. Егер бекітілген

уақытта үлгермесе, қайта жазылуы

тиіс. Броньдау қызметі ЖСН арқылы

тіркеледі. Егер туыстарыңызды

ДЕРЕК ПЕН

ДӘЙЕК:

• Қазір мемлекеттік

қызметтердің 80 пайызы

электронды форматта

көрсетіледі.

• Қағаз жүзінде жүзеге

асырылатын қызметтердің

саны 106-ны құрайды.

• ХКО-дағы кезекті еgov.

kz порталы, eGovKzBot2.0

телеграм-бот немесе 1414

байланыс орталығына

қоңырау шалу арқылы

броньдауға болады.

ХҚКО-ға электронды түрде тіркейтін

болсаңыз, өзіңіздің емес, сол

адамдардың жеке сәйкестендіру

нөмірін енгізу керектігін айтқым

келеді.

- Мүмкіндігі шектеулі

жандар, зейнеткерлер мемлекеттік

қызметті электронды

түрде ала аламайтыны анық.

Олардың жағдайы не болмақ?

- Азаматтардың үш санаты

ХҚКО-да электронды қызмет

ала алады. Яғни, зейнеткерлер,

көпба-лалы отбасылар, мүмкіндігі

шектеулі адамдар үшін барлық

қызмет түрі орталық арқылы жүзеге

асады. Әр фронт-офисте олар үшін

жеңілдік терезесі жұмыс істейді.

Бірақ бұл санаттағы адамдар

ХҚКО-ға баратын уақытты алдын

ала броньдауы керек. Атап өтерлігі,

мүмкіндігі шектеулі жандар ХҚКО

қызметкерлерін үйге шақыра алады.

Бұл ретте 1414 нөміріне хабарласып,

мекенжайын айтса жеткілікті. Біздің

мамандар олардың үйіне барып,

керек анықтаманы шығарып береді.

- Төтенше жағдай режимі

аяқталғалы бері азаматтардың

көпшілігі қандай қызметтерге

тапсырыс беруде?

- Павлодарлықтар мамыр

айында жеке куәлік пен төлқұжат

алу үшін ХҚКО-ға көп жүгінген.

Мұндай қызметті 11 мыңға жуық

азамат пайдаланған. Екінші орынды

автокөлікті қайта тіркеу қызметі

алады. Мамырда автомобиль

иелері мамандандырылған халыққа

қызмет көрсету орталығында

6 мыңға жуық көлікті қайта тіркеген.

ХҚКО-ның ашылуын жылжымайтын

мүлік иелері де күтті. Бұл мәселе

бойынша 3 мыңнан астам адам

жүгінген. Жалпы, мамыр айында

орталық арқылы 40 мыңға жуық

мемлекеттік қызмет алынған.

Сұхбаттасқан -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


SARYARQA SAMALY

ТАЛБЕСІК 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 5

ҚҰРЫЛЫС

ЖАСТАР

Жұмыс жүйелі

жүргізілуде

Басы 1-бетте

Ертіс ауданында жүргізіліп жатқан

ауқымды істің бірі – халықты

100 пайыз таза ауызсумен қамту.

Бұл мақсатқа толығымен келесі

жылы жетеміз дейді аудан әкімі

Аян Бейсекин.

- Бүгінде аудандағы 10 ауыл

Беловод топтық су құбырына

қосылды. Бұл су пайдаланушылар

үшін тарифті субсидиялауға мүмкіндік

беріп отыр. Бұған дейін ауыл

тұрғындары тұтынған судың әр текше

метрі үшін 300 теңге төлеп келсе,

жақын уақытта төмендетілген мөлшерлемемен

төлейтін болады, -

деді А.Бейсекин.

Аудан әкімінің айтуынша, таза

ауызсумен қамтылатын 4 ауылдың

бірі – Ағашорын ауылдық округі.

Халық саны 700-ге жуықтайтын

ауылда барлығы 175 аула бар.

- Бұл істі «Нұрай Строй» ЖШС

құрылыс компаниясы жүзеге асыруда.

Бұл мақсатта мемлекеттік

бюджеттен 470 млн. теңге бөлінген

болатын. Осы жылдың күзіне

дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мұнда «Ауыл -

ел бесігі» бағдарламасы аясында

мамыр айынан бастап 100 орындық

мәдениет үйі жаңадан бой көтеруде.

Құрылыс жұмысын «КазЕвроСтрой»

ЖСШ жүргізіп жатыр. Мәдениет

үйінің құрылысына 109 млн. 257 мың

теңге бөлінген. Жоспар бойынша

қазан айында барлық жұмыс аяқталып,

қолданысқа берілуі керек.

Аталмыш мәдениет үйіне ауылдағы

медицина пункті, пошта және басқа

да бірнеше мемлекеттік мекемені

топтастыру көзделуде, - дейді

аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан орталығында

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020»

бағдарламасы аясында

24 пәтерлі, 2 қабатты 3 тұрғын

үйдің құрылысы қарқынды жүріп

жатыр. Бұл мақсатқа 680 млн.

теңге бөлінген. Осылайша, ауданда

тұрғын үй кезегінде тұрғандардың

саны 30 пайызға қысқармақ.

- Бұл пәтерлер аз қамтылған,

көпбалалы отбасылар мен үй

кезегінде тұрған жас отбасыларға

беріледі. Бұдан бөлек, ауданда екі

пәтерлі он тұрғын үйдің де құрылысы

басталған. Оның алтауы - аудан

орталығында, екеуі - Қызылқақ

ауылында, бір-бір үйден Бұланбай

мен Ұзынсу ауылдарында салынуда.

Бұл үйлер Қазақстанның

жұмыс күші мол аймақтарынан

«Еңбек» бағдарламасы бойынша

көшіп келген адамдарға беріледі, -

деді ол.

Аталған құрылыс жұмыстарына

жұмыспен қамту орталығында

кезекте тұрған тұрғындар тартылып

отыр. Мәселен, 2 қабатты 3 үйге

орталықтың нұсқауымен 32 адам

келіп, еңбекпен қамтылған.

Айта кетерлігі, әлеуметтік-экономикалық

бағытын тең ұстап,

халықтың жағдайын жасауда тынбай

еңбектеніп жатқан ауданға

еліміздің Оңтүстігі мен шеттегі

қандастарымыз да көптеп көшіп

келуде. Мәселен, 2019 жылы

91 адамнан тұратын 25 отбасы

Исаның еліне қоныс аударса, биылғы

жарты жылда 93 адамы бар

18 жанұя келген. Олардың 2-еуі -

оралмандар. Қазіргі таңда қоныс

аударушылардың 44-і тұрақты

жұмысқа орналасса, 46 баланың

23-і мектепке, ал 23-і балабақшаға

барған. Ал қалған үшеуі - студент.

Сонымен қатар, көшіп келген

12 адам «Бастау-Бизнес» бойынша

білім алып, оның 9-ы арнайы

гранттарға ие болып, өз кәсібін

бастауға мүмкіндік алған. Мұнда

шеттегі қазақтар мен еліміздің

Оңтүстігінен келетін көш легі әлі

де жалғасын таба бермек.

Жаңа бағытта дамып, гүлденіп келе жатқан Ертіс

ауданының жастары да белсенді. Білім жолына түсіп,

жырақта жүргендер мен сонда тұрып жатқан әр

ертістіктің арманы - туған жерінің көркеюі.

Ертістің

ертеңі – жастар

Былтыр аудандық «Жастар бастамаларын

дамыту» орталығының

белсенділері ауыл ішін көріктендіру

бойынша, тың бастаманы қолға

алыпты. Ауыл бюджетінен бөлінген

қаржыға 200 түп алма ағашын отырғызып,

тұрғындарға «Алмалы бақ»

демалыс орнын сыйға тартқан.

- Бүгінгі таңда, Ертіс ауылының

«Жасыл ел» еңбек жасағының

сарбаздары «Алмалы бақтың»

күтімін өз міндеттеріне алды.

Күніге осында келіп, көшеттерді

суарып, түбін әктеп, арам шөптерден

тазалап отырады. Алғаш алма

ағаштарын отырғызған кезімізде

агрономдар 3 жылсыз өнім бермейтінін

айтқан еді. Бірақ, алма

ағаштарының гүлдеуі біз күткеннен

де ерте болды. 200 түп ағаштың

тек 20-ға жуығы ғана жерсінбесе,

қалғаны бүршік атып, алды гүлдеп

үлгерді. Біз үшін ауылымызды көркейтіп,

ерекше келбеткен енуіне

үлес қосу перзенттік борышымыз

деп білемін, - дейді аталмыш орталықтың

басшысының міндетін

атқарушы Мәдина Кәденова.

Дәл осы «Алмалы бақтың»

жанында спорт алаңы мен балалар

саябағы бой көтеруде. Аудандық

ішкі саясат бөлімінің басшысы

Алтынай Тілеуованың айтуынша,

бұл жер ертістіктердің ең сүйікті

орнына айналады.

- Спорт алаңына жаттығуға

арналған құрылғылар орнатылып,

баққа орындықтар қойылады.

Сонымен қатар, бұл жерлерге

толықтай жарық жүйесі тартылып,

тегін Wi-Fi іске қосылады. Бұл

жұмыстардың барлығы осы жылдың

күзіне дейін аяқталуы керек, -

деді А.Тілеуова.

Жастардың бос уақытын тиімді

пайдаланып, оны ел игілігіне жұмсауда

ертістік жастар белсенді.

Олар биылғы «Волонтер жылы»

аясында «Таза Ертіс» жобасын

қолға алған. Бұған, Ертіс өзенін

жағалай орналасқан елді мекендердің

барлығы қатысады. Сонымен

қатар, елдегі Төтенше жағдай

кезінде жастар ауылдағы аз қамтылған

отбасыларға, жетімдер

мен қарттарға көмекке келген. Алдағы

уақытта мұнда қайырымдылық

шарасының жаңа кезеңі басталмақ.

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

Бір отбасының

берекеті

Былтыр аудан бойынша жаңа

бизнес жобаларға 50 млн. теңге

қаржы бөлініпті. Соның ішінде

29 жасқа дейінгі жастарға 200 АЕК

көлемінде 30 мемлекеттік грант

берілсе, мүгедек, көпбалалы, аз

қамтылған отбасыларға 200 АЕК

көлемінде 15 грант ұсынылған.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің

басшысы Гүлвиза Қалижанованың

айтуынша, қосымша ұлттық

қордан бөлінген қаржыға дәл

осындай көлемде тағы да 35 грант

беріліпті.

- Халықтың тұрмыс жағдайын

жақсартуға бағытталған мемлекеттік

бағдарламаларды тиімді пайдалану

жүйелі түрде атқарылып

келеді. Өткен жылы грантқа ие

болғандардың арасында - көпбалалы

13, мүгедек 3, аз қамтылған

1 адам бар. Сонымен қатар,

«Бастау-Бизнес», «Жас кәсіпкер»

бағдарламалары бойынша 185 адам

білім алды. Бұл жұмыс биыл

да өз жалғасын тапты, - дейді

Г.Қалижанова.

Былтыр «Бастау-Бизнес» бойынша

1 айлық курстан өтіп, бүгінде

бағдарламаның рақатын көріп отырған

жанның бірі – көпбалалы ана

Алмагүл Раздықова.

- Өткен жылдың шілде айында

200 АЕК көлеміндегі грантқа ие

болдым. Оған 2 сиыр сатып алдым.

Биыл оның біреуі төлдеді. Қазір

екі сиырдан күніне 10 литрге жуық

сүт аламын. Одан қаймақ-май,

айран, құрт-ірімшік, қоспа жасап,

артылғанын сатамын. Өзімнің 6

балам бар. Жолдасым аудан

орталығындағы туберкулезге қарсы

Аудан әкімшілігі өзінің жеке кәсібін бастауды армандайтын

кез келген адамға көмек қолын созуға дайын.

Үйінде екі қолға бір күрек таппай, жалданып қызмет

етіп жүрген тұрғындар мен белсенді жастарға мемлекеттік

бағдарламалар арқылы оқып, гранттар мен

несиелер алуына жол ашып отыр.

емдеу мекемесінде күзетші болып

қызмет етеді. Өзім бұған дейін

шағын орталықта және қарттар

үйінде еңбек еттім. Өкінішке қарай,

екі ұйым да жабылып қалды. Содан

кейін еңбек биржасына кезекке

тұрып, қоғамдық жұмыстарды

істеп жүрдім, - дейді А.Раздықова.

«Бастау-Бизнес» бағдарламасы

отбасымды қаржылық дағдарыстан

шығарды» деген көпбалалы ананың

үлкен ұлы жуырда ғана ПМПУ-ді

тәмамдап, дипломын қолына алған.

Бір ұлы әскерде Отан алдындағы

азаматтық борышын өтеп жатса, бір

перзентінің мүмкіндігі шектеулі. Ал

қалған балалары мектеп жасында.

- Аллаға шүкір, қазір балаларымның

аузы аққа жетіп, дастарқанымыз

толып отыр. Мемлекет тарапынан

жасалып жатқан көмектің арқасында

талай отбасы тіршілігін

түзеп, қолдары ұзарып жатқаны

белгілі. Екі сиырдан алған өнімнің

балаларымнан артылғанын сатып

отырмын. Осының арқасында

қалада оқыған балам да

қаржыдан қысылмады. Қазір, ірі

қара ұстамайтындардың бәрі сүт

тағамдарын сатып алса, бізде

бәрі тегін. Бұл да балаларымның

несібесі. Осы екі ір қараны өсіріп,

мал басын арттыруды жоспарлап

отырмын. Алдағы уақытта дәл

осындай арнайы жобалар іске

қосылып, бізге тағы да мүмкіндік

беріліп жатса, қуана қатысамын, -

дейді ол.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында

онлайн оқудың 1-кезеңін

САН ДЕРЕК

• Ертіс ауданы халқының

саны – 15,9 мың адам.

• Оның ішінде қазақтар –

9,5 мың адам.

• Зейнеткерлер – 2724.

• ҰОС ардагері - 1.

• Орта білім беру мектептері

– 26.

• Балабақша – 2.

• Шағын орталық – 21.

• Шағын және орта

бизнес субъектілері –

980.

40 адам тәмамдаған. Жалпы, биыл

ертістіктерге 60 мемлекеттік грант

беру жоспарланған. Қазіргі таңда

200 АЕК көлемінде 9 грант өз

иесін тапқан.

Ертіс ауданы.

Бетті әзірлеген - Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


6 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл АЛТЫН БЕСІК

SARYARQA SAMALY

АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫ

Талайға үлгі болған

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Ертіс ауданының Үлгілі ауылын бетке алып, жолға шықтық.

Ондағы мақсатымыз - шалғайда жатқан ауылдың бүгінгі

тыныс-тіршілігімен танысып, халқымен жүздесу. Әуелгіде

сапарымыздың сәтті боларына күмәнданғанымызбен, Исадай

дүлдүлді өмірге әкелген елден құр алақан қайтпайтынымызға

сендік. Сенім алдамады.

КЕРЕК ДЕРЕК

• Ауыл 1928 жылы

құрылды.

• «Үлгілі» атауы 1929

жылы берілді.

• Ауыл халқының саны -

190.

• 2 шаруа қожалығы

бар.

• Мектепте 35 бала

білім алады.

• Ұстаздар саны - 21.

• Оңтүстіктен көшіп

келген 3 отбасы бар.

Тарих сыр

шертеді

Ауылдың кіре берісінен бізді

Иса Байзақов ауылдық округінің

әкімі Медет Әушенов қарсы алды.

Бірден ақынның атымен аталатын

ауыл мектебіне алып келді. Қарсы

алдымыздан қасқайып тұрған Иса

атаның ескерткішінің жанынан

тағзым етпей өту мүмкін емес

еді. Ескерткіш 1980 жылы бой

көтерген екен.

Осыдан кейін, бірден ішке

кіріп, қазақтың дара Исасының

мұражайына бас сұғып, әр жәдігерге

таңдана қарап тұрғанымызда біздің

қатарымызға ауылдың ардагер

тарихшысы Зейнеп Рахметжанова

келіп қосылды. «Бұл ауылда бұрын

ешкім тұрмаған» деп әңгімені

әрідан бастады қарт ұстаз.

- Оған ауылымыздың жерінің

ойпатты болуы себеп болса керек.

Әуелі осы ауылға жақын жерде

жардың үстінде Ұзынауыл деген

ауыл болған. Өкінішке қарай,

1928 жылы елімізде қуғын-сүргін

басталып, байларды тәркілеп, жер

аудару жүргізілген кезде ауыл да

жойылды. Себебі, Ұзынауылдың

байларының көбі Сібір орманына

жер аударылса, кедейлері аштықтан

қырылды. Осыдан бірнеше шақырым

жерде Төретұмсық деген жер бар.

Ол жерде Жошы ханның ордасы

болған деседі. Тарихи деректерге

сүйенсек, ХІІІ ғасырда Сұлтанбет

Сұлтан үлкен үлы Тортан және

Үкібаймен бірге осы маңайда тұрған.

1929 жылы елімізде әр жерден иен

далаға жұмысшыларды алып келу

басталып, қаңырап бос жатқан

далаға тіршілік нәрі жүреді. Содан

осы жылдың көктемінде ауылға

Үлгілі аты беріледі. Ал бұл атауды

Сомжүрек Анаев деген кісі қойған, -

деді З.Рахметжанова.

Бүгінде ауыл халқының саны

200-ге жетер-жетпес. Дегенмен

халқы бақуатты. Ең бастысы,

қаймағы бұзылмаған қазақ

ауылының берекесі мен бірлігі

жарасып тұр.

Қазір ауыл халқы 100 пайыз

таза ауызсумен қамтылған.

Балалар жаңартылған білім жүйесі

бойынша білім алады. Ауылдан

көшіп кетушілер аз, керісінше

осында көштің басын бұрып,

«тіршілік етуге қолайлы жер» деп

келетіндер көбейген. 40-тан астам

шаңырағы бар шағын ауылда

2 адам жеке кәсібін бастаған.

Ал мектепте оқитын 35 баланың

4-еуі биыл мектеппен қоштасса,

2020-2021 жаңа оқу жылында тағы

4 бүлдіршін мектеп табалдырығын

аттамақ.

Қарттарым,

аман-сау жүрші

Ауыл іргесі қаланғаннан бері,

құтты мекенінен жырақтамаған

ағайынды Әміржан мен Әмір

Нұркеновтерді бүгінде ауылдастары

үлгі тұтады. Бір аулада

ғасырға жуық бірге тұрып келе

жатқан олар бүгінде «би түсетін»

ақ ордаға айналған. Үлкені Әміржан

атаның жасы - 90-да. Ал кішісі -

Әмір ата – 80-нен асқан қария.

Әміржан атаның көзі көру

қабілетінен айрылғанымен, тың.

Немере-шөберелердің жетегінде,

аяулы жары Сәтіш апамен бірге

ұл-қызының амандығын тілеп отыр.

Балалық шағы соғыс жылдарымен

тұспа-тұс келген Әміржан ата

еңбекке тым ерте араласады.

10 жасынан бастап тылдағы ауыр

жұмыстарды атқарған қария небары

12 жасында адал еңбегі үшін

арнайы медальмен марапатталады.

Содан кейін де түрлі салаларда

бел жазбай еңбек еткен.

- Небір қиын күндерді бастан

кешірдік. Бізде балалық шақ деген

болған жоқ. Ойлап отырсам, бала

болып ойнамаған да екенбіз. Қазіргі

10 жастағы баланы қойып, 30-дан

асқандарды да өз еркінен тыс

еңбекке аралас-тыра алмайсың. Сол

қажырлы еңбектің арқасы шығар,

бүгінгі күнге жетіп отырғанымыз.

Аллаға шүкір, Сәтіш екеуіміз

5 ұл, 5 қыз көрдік. Бір ұлым

мен қызымды Аллаға қайтарып

бердім, қалған 8-і аман. Бүгінде

солардан немере-шөбере сүйіп

отырмын, - деді Әміржан ата.

Ары қарай, отағасының сөзін

жалғаған Сәтіш апа былай деді:

Ағайынды Әміржан мен Әмір Нұркеновтердің шаңырағы.

- Жастық шағымызда көрген

бейнетіміздің зейнетін осы балаларымыздан

көріп отырмыз. Текті

әулеттің келіні болғаныма, осы

шаңырақтың түтінін түтетіп, шағын

отауды ақ ордаға айналдырғаныма

бүгін сан мәрте шүкір етемін.

Абысыным Зәуқия екеуіміз бір

үйдің қызындай болып кетті. Осы

күнге дейін бір-бірімізге «сен»

деп бет қарасып көрмеппіз.

Әйелі тату үйдің берекесі артатыны

рас. Біздің бірлігіміз бен

татулығымызға қанық болып өскен

екі үйдің балалары да тура солай.

«Менің балам, сенің балаң» деген

әңгіме болмапты. Аллаға шүкір,

шалымыз екеуіміз «Гауһар тойымызды»

тойладық. Ғұмырымыздың

соңына дейін балаларымыздың

жамандығын көрмесек екен деген

арман бар, - деді С.Нұркенова.

Әкеден қалған қарашаңыраққа

ие болып, бүгінде өзі де қария

қатарына қосылған Әмір атаның

үйі де балалардың тәтті күлкісіне

толы. Есіктен кіре бере, жас-кәрісі

қалмай, емен-жарқын қарсы алған

үлкен әулеттің тарихын Әмір ата

әрі қарай жалғады.

- 1940 жылы осы ауылда

дүниеге келдім. Содан бері туған

ауылымнан жырақтаған емеспін.

Негізі мына екі үйді де әкеміз

өз қолымен салды. 1958 жылы

ағамның үйін тұрғызып, жеке

шығарса, қарашаңырақты 1961

жылы кеңейтті. Ол кезде мен

әскерде едім. Яғни, 1960 жылдың

сәуір айында Отан алдындағы

азаматтық борышымды өтеуге

кеттім. Бір қызығы, сол кезде

балаларымынң анасы Зәуқия екеуіміздің

шаңырақ көтергенімізге

7 ай болған еді. Заманның қатал

кезі, әкемді жарыма аманаттап, 3

жыл 3 айға әскерге кеттім. Сонда

біздің үйді әкем келінімен бірлесіп

салған екен. Сөйтіп, қос ұлына

екі баспана салып беріп, үйлібаранды

етіп, әкеміз 1967 жылы

өмірден өтті, - деді Әмір ата.

Бүгінде Зәуқия әжемен бірге

тәрбиелеп өсірген 8 баладан оннан

астам немере мен бірнеше шөбере

сүйіп отыр.

- Мен - осы Ертіс ауданының

Северный ауылының тумасымын.

Әкеміз соғысқа кеткеннен оралмады.

Әкем соғысқа кеткенде

мен анамның құрсағында қалған

екенмін. Сөйтіп, 4 баламен қалған

анам бізді өсіріп жеткізді. Кейіннен

Әмірге тұрмысқа шығып, берекелі

әулеттің анасына айналдым, -

деді Зәуқия әже.

Өткені мен кеткенін еске ала

отырып, ақ жаулықты аналар

қазіргі жастарға ақыл-кеңестерін

де айтып үлгерді.

- Отбасындағы татулық үлкенге

де, кішіге де тікелей байланысты. Ең

әуелі үлкендерді сыйлап, солардан

үлгі алса, кем болмайды. Қазір

жастар өздері үйленіп, өздері

ажырасып жатады. Бұл бүгінгі

бейбіт күндегі қарынның тоқтығы

мен көйлектің көктігін көтере алмау

деп ойлаймын. Балаларымызға

тынбай еңбек етіп, өз ұрпақтарының

ертеңін бүгіннен бастап ойлауды

жиі айтып отырамыз, - дейді

З.Нұркенова.

Атадан екеу болса да, үлкен

әулетке айналған ағайынды екеуге

ұзақ ғұмыр тіледік.

Таңдауым

«Үлгілі» болды

Сөз басында ауылда мал

шаруашылығымен айналысып,

жеке кәсібін бастаған 2 адамның

барын тілге тиек еттік. Соның

бірі – Құрманғазы Әбдіғазиев.

Ол отбасымен былтыр Шымкент

қаласынан көшіп келген.

- Ертіс-Баян өңіріне көшіп

Әбдіғазиевтер отбасы Шымкенттен Үлгіліге көшіп келді.

келмес бұрын, осы өлкені толықтай

зерттедім. «Оңтүстіктен-Солтүстікке»

бағдарламасы бойынша Шымкент

қаласына әр өңірден мамандар

келіп, оңтүстіктіктермен жекелей

үгіт-насихат жүргізді. Осыдан

кейін, Шымкент қаласындағы

жұмыспен қамту орталығында

жұмыс істейтін інім хабарласып,

күні ертең Павлодарға бір автобус

адам жолға шығатыны, олардың

алдын ала барып, жер шалатынын

айтты. Көп ойланбастан бірден

осы топқа қосылып, Павлодарға

жол тарттым. Сол сапарымда Үлгілі

ауылымен қатар тағы да бірнеше

ауылда болып, көріп кеткен едім.

Солардың ішінен осы ауыл ұнады, -

дейді Қ.Әбдіғазиев.

2018 жылы келіп, облысты көріп,


SARYARQA SAMALY

АЛТЫН БЕСІК 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 7

құт мекен

тыныс-тіршілігімен танысқан соң,

2019 жылы отбасын алып, Үлгіліге

келіп, қоныстанады.

- Көшіп келгеннен кейін, жан

басына берілетін әлеуметтік көмекке

қол жеткіздік. Ол қаржыға баспаналы

болдым. Осыдан кейін «Бизнес-

Бастау» бағдарламасы бойынша

оқып, 505 мың теңге көлеміндегі

грантқа ие болып, ол қаржыға

21 қой сатып алынды. Кейін,

Шымкент қаласындағы баспанамды

кепілге қойып, 2 млн.

теңгеге несиесін рәсімдеп, оған

8 ірі қара мал алдық. Сөйтіп,

«Алқа» жеке кәсіпкерлігін аштым, -

деді ол.

Оңтүстіктен келе сала, еңбектеніп,

алғашқы жылы құс ұстаған

Қ.Әбдіғазиев қорасы малға толғаннан

кейін 67 га шабындық жер

алыпты. Осы жерден алынатын шөп

малдың қысқы азығын толықтай

қамтамасыз етеді. Болашақта

бал басын арттыруды көздейтін

кәсіпкердің 7 сиыры биыл төлдеген.

Үлгіліге келіп, бірден сіңісіп,

халқымен ежелгі туыстардай

араласып кеттік деген кейіпкеріміз

ауыл тұрғындарының қарапайым

әрі бауырмал екенін тілге тиек етті.

- Әр өңірдің өзіне тән қасиеті

болады ғой. Біз келіп, ат басын

тіреген Үлгілі ауылы шағын болса

да берекесі мен бірлігі артқан ел

екен. Ауылдастарымның кішіпейілдігі

мен қарапайымдылығы,

адамды өзіне тартып, жанашырлық

танытуы біздің осы жаққа тез

сіңісіп кетуімізге мүмкіндік берді, -

дейді ол.

Бүгінде 5 перзентін тәрбиелеп

отырған Құрманғазы әулетінің үлкен

екі баласы Оңтүстіктегі колледждерде

білім алуда. Яғни, қызы

медколледжде, ал ұлы мал дәрігері

мамандығы бойынша оқиды. Әкесінің

айтуынша, екі баласы да дипломдарын

қолдарына алғаннан кейін

осында келіп, еңбек етуді жоспарлап

отыр екен. Қалған үшеуі Үлгілі

ауылындағы мектепте оқиды. Ал

жолдасы үй шаруасында.

Негізі бұл ауылда Оңтүстіктен

көшіп келген 3 отбасы бар. Әр

жанұя адам басына берілетін

квотаға қол жеткізген. Сол

қаржыға баспана, мал, құс сатып

алған. Бірі жеке кәсібін бастаса,

енді бірі мемлекеттік жұмысқа

орналасқан. Мәселен, Болдықыз

Сапарғалиева Үлгіліге көшіп келгенге

дейін Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сарыағаш ауданы, Абай ауылында

қарапайым үй шаруасындағы әйел

едім дейді. Қосымша тапсырыс

болса, қыз жасауын тігіп жүрген.

Мұнда қоныс аударғанына 3 жыл

болған. Көшіп келгеннен кейін,

бірден мектеп жанындағы шағын

орталыққа тәрбиешінің көмекшісі

болып жұмысқа орналасады. Ал

жолдасы Бақтияр Рүстемов мал

шаруашылығын мықтап қолға алған.

6 бала тәрбиелеп отырған

Болдықыз Сапарғалиева қыздарымен бірге.

Болдықыздың үлкені Отан алдындағы

борышын атқарып жүр. Қызы

Гүлдана - биыл Үлгілі жалпы орта

мектебінен түлеп ұшқан 4 түлектің

біреуі. Ал қалған балалары осы

мектепте оқиды.

- Бізге ауыл өте ұнады. Бұл

жақтан жаңа достар таптық. Қазір

алдағы болатын ҰБТ-ға дайындалып

жатырмын. Болашақта бастауыш

сыныптың мұғалімі болуды

армандаймын, - дейді Гүлдана.

Ақ халатты

абзал жан

Осы ауылдың фельдшері Гүлнәр

Нәжікенованың ауылдастарының

денсаулығына қарайлап, қысыжазы

еңбек етіп жүргеніне

20 жыл болыпты. Алғашында мектеп

мейірбикесі болып еңбек жолын

бастаған оның негізгі мамандығы -

фельдшер-акушер.

- 2000 жылдан бастап еңбек

етемін. Ауылымызда 190 адам бар.

Оның 75-сі - 16 жасқа дейінгі

балалар. 1 жасқа дейінгі 3 бала

бар. Үлкен адамдардың ішінде

15-і диспансерлік есепте тұрса,

6 бала арнайы есепте тұр. Өзім

Көкшетау медициналық училищесіне

1984 жылы түсіп, 1987 жылы

фельдшер-акушер мамандығы

бойынша бітірдім, - дейді

Г.Нәжікенова.

Ауыл фельдшерінің бұл ауылға

келін болып келгеніне биыл

30 жылдың жүзі болған. Бүгінде

жолдасы екеуі 3 қыз, 1 ұлды

тәрбиелеп өсіріп отыр.

- Балаларым туған ауылынан

жырақтап кеткен емес. Тек екінші

қызымнан өзгесі оқуларын бітіргеннен

кейін ауылға оралып, еңбек

жолын бастауда. Ал жалғыз ұлым

биыл мектеп бітіріп отыр. Ол да

болашақта өзінің туған ауылына

келіп, еңбек жолын бастайды

деген сенімдемін. Жалпы, соңғы

кездері ауылымызға жастар жиі ат

басын бұрып жатыр. Бұл шағын

ауылымыздың ертеңі бар дегенді

көрсетеді, - деді ол.

Қызметінің қызығы мен қиындығын

еске алған Г.Нәжікенова

жұмыстың ең қауырт кезі қыс

пен көктем айлары дейді.

- Үйге шақыртулар көбіне

осы мезгілдерде жиі түседі.

Себебі, қыс, көктем айлары

адамдардың иммунитеті әлсіреп,

түрлі вирустардың таралатын кезі.

Бұл жұмыс режиміне де үйреніп

алғанбыз. Қажет жағдайда түн

ортасы болсын, таңертең, кеш

болсын, шақырған жерге барамын.

Себебі, ол - менің міндетім.

Тұтас ауыл тұрғындарының денсаулығына

жауапты болғандықтан,

ауылдас-тарымды үнемі аурудан

сақтануға шақырамын. Қазір

күніне 5-6 адамды қабылдап,

ем-дом жасайтын болсам,

қыста кемі 10-нан астам адамды

қабылдап, бақылауымда ұстаймын.

Ауылымыздың жартысына жуығы

қарт адамдар болғандықтан, ол

кісілерге ерекше күтім мен жақсы

ем керек. Бүгінгі күнге дейін реніш

білдірген емделушім болмапты, -

дейді фельдшер.

Расымен де, Гүлнәр Зарлыққызы

десе үлгіліліктердің аузынан

Ауыл фельдшері Гүлнәр Нәжікенова.

тек жақсы пікірлер естіледі. Әлі

құрметті еңбек демалысына дейін

9 жыл қызмет ететін ауылдағы

ақ халатты абзал жанға сәттілік

тіледік.

Қазақтан ауыл

көшпейді...

Жоғарыдағы кейіпкерлеріміздің

қай-қайсысы болмасын ауылға

соңғы жылдары жастардың көптеп

келіп жатқанын тілге тиек етті.

Расымен де 40 шақты түтіні бар

шағын ғана ауылдағы негізгі кәсіп

көзі мал шаруашылығы болса,

жұмыспен қамту мекемесі мектеп

пен медициналық пункт қана.

И.Байзақов атындағы жалпы

орта мектепте 35 оқушы,

21 мұғалім бар. Олардың арасында

«Дипломмен - ауылға!» мемлекеттік

бағдарламасы арқылы келгендер

де бар. Солардың бірі – Данияр

Ахметовтің жанұясы. Яғни,

жары Айнагүл екеуі де аталмыш

бағдарлама аясында еңбек етуде.

- Бұған дейін жұмыс бабымен

7-8 жылдай Көкшетау қаласында

тұрып, сол жақта қызмет етіп

келдік. Осы ауылға маман қажет

екенін білгеннен кейін, ойланбастан

ауылға қоныс аудардық.

Данияр Ахметов.

Негізі, менің жарым Айнагүл -

осы ауылдың тумасы. Ата-анасы

мен туыстары осында тұрады.

Сөйтіп, 2019 жылдың тамыз

айында «Дипломмен - ауылға!»

бағдарламасына еніп, жұмысымызды

бастадық. Қазір мен осы

мектепте дене шынықтыру пәнінің

Түйін:

Ауылдың саф ауасы кеудеңе қуаныш пен мөлдір сезімді

қатар құйғандай күйге түсіреді. Қазақ баласының кіндігі

әу баста-ақ ауылда кесілгендіктен бе, дәл осы «ауыл»

дегенде көзімізге елестер таза табиғат пен балғын

бақытты кез әрқайсымызға таныс, әрбірімізге жақын.

Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, жастарының

елге оралуына мүмкіндік беріп отырған ауылдың бүгінгі

келбеті оның болашағының жарқын екенін аңғартты. Ақ

жаулықты анадан бастап, қазыналы қарты мен сәбиіне

дейін «біздерде мынандай бар, мынандай бар» деп елінің

бірлігі мен татулығын көрсетіп, ауылына оралған жастарымен

марқайғанын көрудің өзі бақыт екенін ұқтық.

Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейтіні -

ақиқат!

Үлгілі ауылы, Ертіс ауданы.

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

мұғалімімін. Әйелім - бастауыш

сынып мұғалімі, - дейді Д.Ахметов.

Ауылда үй жалдап тұратын екі

жастың алдына қойған мақсаттары

да жоқ емес. Ең әуелі олар өз салалары

бойынша жоғары нәтижелерге

қол жеткізіп, ауыл балаларының

білім деңгейін көтеру.

- Осы бір жылдың ішінде біздің

мектептің балалары спорт саласы

бойынша көптеген жетістіктерге

жетті. Хоккей мен шахматтан өтетін

турнирлерге қатысып, үздіктер

қатарынан көріне білдік. Әсіресе,

ауыл хоккейшілері Нұр-Сұлтан

қаласында өткен сайысқа қатысып,

жақсы нәтижемен келді. Бұл

ауылда спортқа бейім жастар

көп. Болашақта соларды түрлі

спорттық додаларға дайындап, жеңіс

тұғырынан көргім келеді. Негізі,

қандай атақты спортшылардың

түпкі тамырына үңіліп қарасаңыз,

солардың бәрі - ауылдан шыққан

адамдар. Сондықтан, біздің ауылдан

да қазақ елінің мерейін асқақтатып,

көк туымызды көкке көтеретін

жастар шығатынына мен сенемін, -

дейді ол.

Қазіргі таңда Данияр мен

Айнагүлдің екі баласы бар. Біреуі

3-сыныпқа көшсе, екіншісі биыл

мектепке дейінгі даярлық сыныбына

қабылданған. Бала саны аз

болса да, мектеп жаңартылған

білім жүйесіне көшкен.

Данияр мен Айнагүл тек

мектепішілік істерде ғана емес,

қоғамдық жұмыстарда да белсенді.

Түрлі шараларда, мемлекеттік

мерекелерде кештің сәнін кіргізіп,

түрлендіріп жібереді екен. Қазір

ол екеуінің қатысуынсыз ауылда

бір-бір шара өтпейтін болған.

- Болашаққа деген сеніміміз

мол. Алдымызға түрлі мақсаттар

қойып отырыз. Ол ең әуелі өз

мамандығымыз бойынша жақсы

жетістіктерге жетіп, шәкірттерімізді

жан-жақты етіп тәрбиелеу. Сонымен

қатар, алдағы күндері мал

шаруашылығын қолға алуды да

көздеп отырмыз. Бізге ауыл қатты

ұнады. Сондықтан тамырымды

енді ауылдан үзгім келмейді, -

деді Данияр.


8 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл САУАЛ - СІЗДЕН

SARYARQA SAMALY

Құрметті оқырман! Шешімін таба алмай жүрген сұрақтарыңыз болса,

«Сауал-сізден» айдарына жолдай аласыздар. Толғандырған сауалдарыңызды

білікті мамандарға қойып, жауап іздейтін боламыз. Мекемелердің

табалдырығын тоздырмас үшін, үйде отырып-ақ толық мағлұматқа

ие болғыңыз келсе, төмендегі телефон нөмірлеріне сұрақтарыңызды

жолдаңыздар!

Беттің үйлестірушісі -

Айдана ҚУАНЫШЕВА

8 (701) 131-69-00

8 (7182) 66-15-31

Дипломды қалай

қорғайды?

Жансұлу, Баянауыл ауданы:

- Тұңғышым биыл Toraighyrov University оқу орнын тәмамдайды.

Қазір мемлекеттік емтиханға дайындалып, дипломдық жұмысымен

айналысуда. Баламыз дипломдық жұмысты қалай қорғайды?

Ата-анасы болғандықтан алаңдап отырмыз.

Toraighyrov University ректоры Мейрам БЕГЕНТАЕВ жауап

береді:

- ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы сессия кезінде

бакалавриаттағы студенттер мен магистранттар үшін емтихан

тапсырудың 4 түрін ұсынды. Яғни, олар онлайн негізде жазбаша,

«ZOOM» бағдарламасы арқылы ауызша, қашықтан, үй жағдайында

«ашық кітап» жүйесімен тапсыра алады және ағымдағы оқу

үлгерімі бойынша да баға қойылады. Бұдан бөлек, «Telegram»

және «WhatsApp» желілері де көмектесетін болады. Жазбаша жұмыстар

«Turnitin» жүйесі арқылы тексеріледі. Интернетке және өзге де коммуникация

құралдарына қолжетімділігі жоқ студенттер үшін емтихан мерзімі

күзге шегеріледі. Дипломдық жұмыстар да қашықтан қорғалады. Сондықтан

алаңдауға негіз жоқ.

Үйден алу мүмкін емес...

Қасен, Павлодар қаласы:

- Бұған дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары және

облыс орталығындағы Кривенко көшесі, 25-үй мекенжайында

орналасқан «Open Pavlodar» мекемесі арқылы 5 минуттың ішінде

электронды цифрлық қолтаңбаны алатын едік. Елімізде төтенше

жағдай режимі аяқталғаннан кейін, халыққа қызмет көрсету

орталықтары қызметтің жаңа форматына көшті. Өкініштісі,

ЭЦҚ-ны әр адам өздігінен алатын болған. ХҚКО-ға барғанымда

мамандар бұдан былай бұл қызметті атқармайтынын айтты.

Өкінішке қарай, үйде отырып ЭЦҚ-ны алу мүмкін емес. Компьютерде

немесе ноутбукте арнайы фотоға түсіретін веб-камера

болуы керек екен. Бұл жағдайда не істеуге болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорациясы

Павлодар облысы бойынша филиалының баспасөз

қызметкері Мейрамгүл ЕСІМОВА жауап береді:

- Өтінішіңіз орынды. Төтенше жағдай режимінен кейін

ЭЦҚ-ны беру қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығынан

алынып тасталған болатын. Бірақ тұрғындарға аталмыш

қызметті өздігінен алу қиынға соққандықтан, мамандар

қайта көрсете бастады. Сіз облыс орталығындағы Кривенко

көшесі, 25-үй мекенжайындағы орталықтың мамандарына

жүгіне аласыз. ХҚКО-дан алу үшін алдын ала электронды негізде egov.kz

порталы арқылы кезекке тұру қажет. Өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз

бен флешка әкелу шарт.

Рульді ауыстыру керек пе?

Сәния, Май ауданы:

- Армениядан әкелінген көліктердің

елімізде жүруіне рұқсат берілгенін

естідік. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне

дейін тіркеп үлгеруіміз керек екен.

Әкемізге сатып әперген техниканың

рулі оң жақта. Оны ауыстырмай, темір

тұлпарды тіркей аламыз ба?

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші

орынбасары Жасқайрат Қайыров жауап береді:

- Егер армян көлігінің рулі оң жақта болса, алдымен оны сол

жаққа ауыстыру қажет. Мұндай жұмыс аккредиттелген зертханаларда

жүргізіледі. Олар Алматы және Астана қаласында

орналасқан. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақтың

құрамына енетін елдер де жасатуға болады. Мамандар

рульді сол жаққа орналастырған соң ғана, көлікті тіркей

аласыздар.

ҰБТ-да тәртіп қалай сақталады?

Сара, Баянауыл ауданы:

- Тұңғышымыз биыл 11-сыныпты бітіреді. ҰБТ-ны аудан орталығына барып

тапсырады. Коронавируске байланысты сақтық шаралары қалай ескеріледі?

Бұл жағдай балаларға қысым келтірмей ме? Әке-шешесі болғандықтан,

уайымдап отырмыз.

Сауалға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам

БОЛАТХАНҰЛЫ жауап береді:

- Биыл ҰБТ-ның форматы өзгертілмеді. Тек қана санитарлық талаптар

күшейтіледі. Балалар аудиторияға келген кезде арақашықтықты сақтауы

керек. Түлектердің аяқ киіміне дейін залалсыздандыру жұмыстары

жүргізіледі. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қатысушылар медициналық маска мен

қолғап киеді. ҰБТ кезінде ата-аналарға айтатын өтінішіміз бар. Есіктен

сығалап, балаларды күтудің қажеті жоқ. Биыл ҚР Білім беру министрлігі

балалардың тест тапсыру сәтін онлайн тамашалауға мүмкіндік бермек.

Бәріміздің де уайымдайтынымыз рас. Бірақ елдегі пандемияға байланысты жағдайды

ушықтырмауды сұраймын. Биыл 700-дей бала шалғай ауылдардан тасымалданады.

Олардың қауіпсіздігі үшін арнайы көліктер қарастырылды.

Кәсіп ашқым келеді

Айгүл, Тереңкөл ауданы:

- Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Еңбек» бағдарламасы

туралы көп естіген едім. Еліміздегі төтенше жағдай режимі

кезінде көптеген мекемелер жұмысын тоқтатқан соң, толық

мағлұмат ала алмадым. Карантин режимі кезінде «Еңбек» бағдарламасына

қатысуға мүмкіндік бар ма? Әлді үміткерлер уақытша қабылданбай ма?

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы басшысының орынбасары Хелуа ҚАШКЕНОВА

жауап береді:

- «Еңбек» бағдарламасына қатысуда ешбір мәселе туындаған емес.

Бағдарлама бойынша өтініштер қабылданады. Бұл ретте толық ақпарат

облыстық әкімдік пен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының сайтында жазылған. Сонда көрсетілген

телефон нөмірлері арқылы мамандардың кеңесіне жүгінуге болады. Одан

басқа жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болады.

МРТ-дан өтсем деймін

Айна, Павлодар қаласы:

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тексеруден

тегін өтуге болатынын білеміз. Тұрғылықты мекенжайым бойынша

тіркеуде тұрған емхана дәрігерінен МРТ құрылғысына жолдама сұраған

едім. Маған рұқсат берілмеді. Не істеуім керек?

Сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша директоры

Нұрлан ҚАСЫМОВ жауап береді:

- МРТ және КТ құрылғыларынан тек дәрігердің жолдамасы арқылы

ғана өте аласыз. Егер дәрігер денсаулығыңызға осындай тексеру қажет

деп тапса, арнайы жолдама беруі керек. Бәлкім сіздің жағдайыңыз жақсы

шығар. Аталмыш құрылғыдан өткен кезде электр магниттік сәулелер

де өз әсерін беретінін есте ұстаңыз. Сондықтан мұндай шешімді тек

дәрігер ғана қабылдайды.

Сұраққа жауап бере ала ма?

Мәншүк, Ертіс ауданы:

- Биыл коронавируске байланысты оқушылар қашықтан білім алды.

Үйде алған білімді мектептегі оқумен салыстыруға келмейді. Екінші балам

биыл 11-сыныпты бітірді. ҰБТ кезінде 4-тоқсандағы тақырыптардан келетін

сұрақтарға жауап бере ала ма деп алаңдап отырмын. Осы жағы ескеріле ме?

Сауалға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам

БОЛАТХАНҰЛЫ жауап береді:

- Рас, биылғы түлектердің оқу жылы жылдағыдан өзгеше аяқталды.

Оқушылардың үйде оқығанын министрлікте назарға алып отыр. Сондықтан

4 тоқсандағы оқу бағдарламасы ҰБТ-да болмайтынын айтқым келеді.

Уайымдауға негіз жоқ. ҰБТ аяқталғаннан соң, сертификат та онлайн

беріледі.


SARYARQA SAMALY

3 жыл

ТАНЫМ 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 9

Қос тұлғаның

ғибратты сөздері

Мәшһүр Жүсіп пен Әлкей Марғұлан - дана әрі дара

тұлғалар. Киелі Баянауланың жарық жұлдыздары.

Олар қазақтың бай әдебиетін, тарихы мен мәдениетін

ұрпағымен қауыштырып, ұлттық құндылықтарымызды

бүгінгі өркениетті дәуірімізге жеткізген

дала ғұламалары.

Мәшһүр Жүсіп мұражайында сақталған Әлкей

Марғұланның Мәшһүр Жүсіпке жазған хаты.

Мәшһүр Жүсіп әулие жазба

әдебиетінің, Әлкей Марғұлан

археологиялық ғылымның негізін

қалаған. Ағалы-інілі даналардың

мұраларының қауышқан жері ұлт

тарихы. Екеуі де жастайынан халық

мұраларымен әуестеніп, дархан

даланың асыл қасиеттерін бойына

сіңіріп өсті. Олар 5 жасынан

білімдар, зерек, алғыр болды.

Бабаларының асыл қасиеттерін

бойларына дарытқан қос алып,

қазақтың қисса-дастандарын,

батырлық, ғашықтық жырларымен

сусындап, ұлттық тарих пен

ғылымның негізін қалап кетті. Екеуі

де жер тарихын, ел тарихын, жеке

адам тарихын біртұтас сипатта

қарастырып, өзара тығыз қарымқатынастар

жүйесінде баяндайды.

Қос алып ғылымның көп саласын

меңгергендігіктен Алаш орда өкілдерінен

шоқтығы биік болды.

Атақ-даңқы алты алашқа жайылып,

әулие атанған қасиет иесі

Мәшһүр Жүсіп, ұлы ойшыл, фольклортанушы,

этнограф, тарихшы,

философ, қазақ мәдениеті мен

әдебиетінің шаңырағы. Мәшһүр

Жүсіп пен Хақан құрдас әрі үзеңгілес

жандар. Жиі кездесіп, дастарқандас

болған. Хақан серілік ғұмыр кешкен.

Шапық Шөкіұлы «Өмірдің төрт мезгілі»,

Естеліктер мен толғаныстар деген

кітабында: «Әкесі Хақанның (1857-1920

жж) жас кезінде Мәшһүр Жүсіппен

Баянауыл мектебінде бірге оқығанын,

арабша еркін оқып, жаза

білетін, қызықты кітаптарды жинап,

оны құмарта оқығанды, мағынамазмұнын

талдағанды жанындай

жақсы көретін кісі болғанын Әлекеңнің

өзі сан рет айтқан-ды. Жалпы

алғанда, ол өз дәуірінің көзі ашық

білікті адам болған»,- деп тамсана

жазады. Ал Әлкей Марғұлан болса

әкесі Хақан жайында: «Еңбекпен

өткен өмірім» деген ғұмырнамалық

кітабында былай деп жазады:

«Ескіше сауатты болумен қатар

шешекке қарсы емдейтін шолақ

мектепті бітіріп, емшілік кәсіппен

айналысқан. Мен ауырғанда екі

қолымды артыма байлап қойып,

әкем бір жұма қасымда отырып

қараған. Малы аз болса да, көзі

ашық, сезімтал, тарихи оқиғалар-

...Сізде ерте күннің әдемі сөзі көп екенін

мен әуелден білемін. Көп кісі алып, жоқ

қылып, ұшы-қиырын ұстатпай, сылаңдап

кеткенін және білемін. Бірақ, бар

дүниеңізге енді ие болыңыз. Кім көрінгенге

бере бермеңіз. Қолыңыз тиіп бос уақытыңыз

,,

болса, әңгімелерді ретке түсіріп баптай

беріңіз. Ол нәрсе түбінде далада қалмайды.

Оған оқушы да, сүйетін ие де табылады...

ды көп білетін кісі еді. Қоянды

жәрмеңкесіне барғанда кітапты

топ-тобымен әкеліп, мені қатты

қуантатын...». Сонымен бірге әйгілі

Олжабай батырдың ұрпағы Хақанның

ата бабалары да осал болмаған.

«Әлекеңнің бабасы Дулат

пен атасы Марғұлан да өздерінің

адамгершілік қадір-қасиетімен,

дүние танымымен абырой беделі

өлшеусіз өскен, қоғамдық жағыдайы

жоғары, мәртебелі, текті кісілер

болған. Дулат – қалың ел таныған

беделді би. Марғұлан қоғамдық

тіршіліктің, адамдардың қарым

қатынасын, тұрмыс-тынысының

аңлысын аңдап, түсініп, талдап

отыратын дана, әрқашан ақылға

жүгінетін кісі болғанға ұқсайды», -

деп Шапық Шөкіұлы еске алады.

Айдабол Олжабай батыр, Едiге

би, Қаржас Шорман би, Күлiк Көтеш

ақын, Өтемiс абыз, Қозған Түйте

әулие секiлдi адамдардың әулиелігі

мен болмысын ерекше сипаттаған

Мәшһүр Жүсіп, өзінің Жанақ деген

бабасын: «Құдай рахмет қылсын!

Жанақ деген кiсi жаралуы басқа жан

болыпты. «Қаһарлы Жанақ» атаныпты,

«Доғал оқ» атаныпты, «Ақ шолақ»

атаныпты. Заманында атын ешкiм

атай алмапты. «Жәке, Жәке» деумен

кетiптi. «Аттым» деген аузынан сөз

шықса, мал болсын, жан болсын

мұрттай ұшатұғын болыпты», -деп

жазады. Мәшһүр Жүсіп «Арғын-

Сүйіндік-Күлік туралы» деген шежірелік

деректерінде: «Күліктен шыққан

жүйріктен жүйрік озған емес. Шобалай

баласы Жаңабатырдан би асқан

емес. Күнту баласы Жанайдардан

шешен асқан емес. Жаңабатыр

баласы Жанақтан қасиетті ер асқан

емес. Жанайдар баласы Өтеміс

абыздан бір басты, екі аяқтының

әулиешілігі асқан емес. Көтеш

ақыннан ақын асқан емес. Күні кеше

Мұса, Секербай заманында Ақжігіт

ұғлы Ізден абыздың алдына қара

сөзде жан пар келмеген. Күліктің

бел баласы Ақылдың байлығы

үзілместен үрім-бұтағына бұл күнгеше

келді. Наурыздан туған Ақайдың

байлығы үзілместен үрім-бұтағына

бұл күнгеше келді. Мырзалықта

Ақай немересі, Санмырза баласы

Байғанадан мырзалық асырған қазақ

жоқ»,- деп өзінің ата-бабасы туралы

баяндай келе: «солардың батасы

болар», - деп ой түйеді. Мәшһүр

Жүсіп пен Әлкей Марғұланның осал

ұрпақ емес екені осыдан мәлім.

Мәшһүр Жүсіп пен Жаяу Мұсаның

мұраларымен сусындап, жетілген

Әлкей Марғұлан қазақ зиялыларының

ұлттық ұстанымдарының

майданында бірге қалықтады.

Бүгінгі өркениетті дәуірде тарих,

этнография, археология, әдебиеттану,

тіл білімі, фольклор, тұлғатану

саласында қалам тартқан әр жан

Мәшһүр Жүсіп пен Әлкей Марғұланның

мұраларынан нәр алмақ.

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген

ғылым қайраткері, ғалым – археолог,

этнограф, шығыстанушы, тарихшы,

филолог, қоғам қайраткері Әлкей

Марғұланның қолжазбалары ұлт

құндылықтарының шамшырағы.

Мәшһүр Жүсіп пен Әлкей Марғұлан

кездесіп қана қоймай, хат жазысып

тұрған. Сол кезеңнің боямасыз

шындығын жеткізген хаттар, екі

тұлғаның ғибратты сөздеріне

толы. Әлкей Марғұлан әулие ағасы

Мәшһүр Жүсіпке 1928-1929 жылдары

Ленинград пен Москвада,

Қара теңіз жағалауынан бірнеше

хат жазған. Бүгінде аталмыш

хаттар көптеген мәселелердің бет

пердесін ашып отыр. Ең бастысы

Әлкей Марғұланның ыстық ілтипаты

мен өтініштері, көмек сұраған

тұстары сол дәуірдің куәгері

болса, бүгінгі күннің сөз маржаны

мен рухани мәйегіміз болмақ.

Үлкенге деген құрметтің белгісінен,

Әлкей Марғұлан өз хаттарын әрдайым:

«Молдеке!», «Қадірлі Молдеке!»,

«Ардақты Мәшһүр ағайға!»,-

деп бастап «Бауырыңыз Әлкей», -

деп аяқтап отырған. Бұл сыпайылылық

пен мәдениеттіліктің белгісі

болса керек.

Халқымыздың сарқымас қазынасы

– ауыз әдебиеті мұралары

мен ел арасындағы қолжазбалар

қоры болмақ. Осы екі арнаның басын

қосып, жазба әдебиетінің

негізін қалаған Мәшһүр Жүсіптің

бай мұрасы, артында қалған

саналы ұрпақтың зерделеп оқуына,

зерттеуіне, мақтан тұтуына әбден

лайық. Мәшһүр Жүсіп: «...естігенін

ұмытпайтұғын құлағының тесігі бар,

кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ

жандар болған. Сондай жандардың

айтуымен кеудесі хат, естігені жад

болған қариялар кейінгіге ауыздан

ауыз алып айтумен үлгі-өсиет

қалдырған», - деп көне тарихтың

сыр-сипатын, шынайы болмыс-бітімін

ашып, рухани құндылықтарды терең

тануға тырысқан. Мәшһүр-Жүсіптің

мұрасы ғажайып құпия мен сырға,

тылсым тазалыққа, ақиқатқа және

адалдыққа толы. Ең бастысы ол

өміршең. Әлкей Марғұлан: «Сізде

ерте күннің әдемі сөзі көп екенін мен

әуелден білемін. Көп кісі алып, жоқ

қылып, ұшы-қиырын ұстатпай,

сылаңдап кеткенін және білемін.

Бірақ, бар дүниеңізге енді

ие болыңыз. Кім көрінгенге бере

бермеңіз. Қолыңыз тиіп бос уақытыңыз

болса, әңгімелерді ретке түсіріп

баптай беріңіз. Ол нәрсе түбінде

далада қалмайды. Оған оқушы да,

сүйетін ие де табылады», – деп

жанашырлық білдіріп, Мәшһүр Жүсіп

мұраларының сарқылмас қазына

екенін аңғартады. Мәшһүр-Жүсіптің

қаламынан шыққан әр саладағы

мазмұнды шығармалары-ескірмес

қазына. Бабалар тарихын, өзі

өмір сүрген уақытты сыршыл

да сыншыл бейнемен қағазға

түсіруі - қазақ тілінің алтын қорын

шашпай, оны қастерлеп, айырықша

бағалауының айғағы.

Әлкей Марғұлан көптеген тарихи

деректерді Мәшһүр Жүсіптен алып,

оған сүйеніп жазып отырған. Мәселен:

«Және сізден сұрайтын өтінішім

- мына төменде аталған кісілердің

мән-жайын, ата-тегін, қашан

туып, қашан өлгенін білесіз бе?

Бұлар да - сіздің замандас ақындарыңыз.

Білсеңіз, келесі хатта

солардың толық жайын жазып

жіберуіңізді өтінемін», - деп біраз

тұлғалардың есімдерін жіберген.

Енді бірде: «Мүмкін болса,

Кенесары жорығы жайынан есіңізде

қалған әңгіме болса, тез күнде

жіберуге тырысыңыз. Кенесарының

әсіресе, Атбасар, Қараөткел

төңірегіндегі аттаныстары, оған

Қуандық, Сүйіндік қалай қарады?

Шорман, Уәли, Қоңырқұлжа-Кенені

қалай көрді? Сейтен, Тайжан

әңгімесінің қызықты түрлері болса,

осыларды июннің 15-іне шейін алатын

ғып жіберуіңізді өтінемін. Кенесары

жайында бір нәрсе жазбақшы едім.

Соған осы сияқты мағлұмат аса

керек еді», - деп ағасынан көмек

сұрайды. Осыдан-ақ Мәшһүр

Жүсіп жинақтаған мұралардың

ұлт болашағының энциклопедиясы

екені, айтпасада түсінікті. 1940-41

жж. Әлкей Марғұланның «Мәшһүр

Жүсіп мұрасындағы түркі эпосы»

деген еңбегі жазылды. Онда Мәшһүр

Жүсіптің «мес» атты қолжазбалар

жинағын пайдаланғанын жазған, ата –

бабамыздан мұра болып жеткен

«Қозы Көрпеш Баян сұлу» жыры

қазақ эпосының ең көне нұсқаларының

бірі екені мәлім. Оның

бірнеше нұсқасы бар. Дегенмен

де Әлкей Марғұлан тек Мәшһүр

Жүсіп жинақтаған нұсқаны таңдаған.

«...Радловпен Қазанда басылған

«Қозы Көрпештен» сіздікі артық.

Шәкәрім мен Мұхтардікі - Жанақ

ақынның айтқанынан жазылған екен.

Онда сурет жағы күшті, сіздікінің

дәлелдері көп», деп рухани мұрамыздың

ұлылығын паш еткен жырды

зерттеп, өзіндік қортындысын

шығарған. Уақыт өткен сайын

Мәшһүр Жүсіп сынды ұлы тұлғаның

мұрасы құндылығын, қажеттілігін

жоғалтпай, барша адамзатқа рухани

азық болып ұрпақтан-ұрпақка ауыса

бермек. Бұған Әлкей Марғұланның

хаттары да куә: «...Маған жақсы

әсер қалдырды. Түбінде қазақ

әдебиетінің тарихы зерттелсе «зар

заман» ақындарының бірі болып,

сізде тарихтан орын алатын ретіңіз

бар көрінеді». Әлкей Марғұланның

қаламынан Ақан сері де

таса қалмады. «...Бұрын сардаланы

күңіренткен Ақан серінің

осы күнде ізі де жоқ. 19-інші

ғасырдағы қазақ елінің мәдениет

көркі Ақан сері еді. Сол Ақан серіні

ұғынбаған сияқты, біз сіздің өміріңізді

де ұға алмаймыз»,- деп

Мәшһүр Жүсіп есімінің көп жылдар

қызыл террор құрсағында қалатынын

меңзеп тұрғандай.

Әлкей Марғұлан хаттарында

өзінің де жағыдайын төмендегідей

баяндап өтеді: «Қадірлі молдеке,

сіздің хатыңызды алғалы

бірсыпыра уақыт болса да, екі

жұмадай сырқаттанып, жауапты

тез қайыра алмадым. Қазірде

тұрмысым, тіршілігім онша жаман

емес: «Жусаннан аласа, бетегеден

биік» болып жүрген жай бар».

Әлкей Марғұлан мен Дихан

Әбілевті алғашқы Мәшһүртанушылар

десек қателеспеген болармыз.

Себебі, Дихан Әбілев -

кеңес үкіметінің қызыл найзасынан

қамықпай, Мәшһүр Жүсіптің

қиратылған зираты мен шығармашылығы

туралы сөз қозғаған

жан. Ал Әлкей Марғұлан, Мәшһүр

Жүсіптің мұраларын жинақтап қана

қоймай, Қазақ ғылым академиясына

да тапсырып отырған. Ол

көптеген қолжазбаларды Мәшһүр

Жүсіптің өзінен алса, біразын

Мұхаммед Шарафиден мен

Мұхаммед Фазылдан алғанын мақтанышпен

баяндайды. Қоғамдағы

болып жатқан өзгерістер мен саяси

әлеу-меттік құбылыстардың бәріне

де Мәшһүр Жүсіп үн қосып отырған.

Бұл жөнінде Әлкей Марғұлан:

«Мәшһүрдің жазғандары жеке

өмірдің жыры, не өз басының жыры

емес, Мәшһүр не жазса, көбінесе

бұқара тұрмысынан алып, ылғи

кедейлердің мұңын жазатын ақын

болған», - деп орынды бағасын

берген болатын.

Әлкей Марғұлан мен Мәшһүр

Жүсіптің соңғы кездесуі 1926 жылы

болған. Екеуі де қимастықпен қоштасып,

алда бір өзгерістің келе

жатқанын сезінгендей болса керек.

Қалай дегенмен де екі ғұламаның

хаттарын оқи отырып, ұлылардың

биік мақсатын түсінуге болады.

Әсет ПАЗЫЛОВ,

Баянауыл ауданы.


10 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл ХАБАРЛАМА

SARYARQA SAMALY

ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және

электрондық сауда саласындағы заңнамаға 2019

жылы енгізілген өзгерістер

Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа

сақтандыру жүйесі іске қосылды

- электрондық коммерцияда тұтынушылардың құқықтарын

қорғаудың басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау

деңгейінен кем емес қамтамасыз ету қағидаты қолданылады;

- Сатушы электрондық саудада сатып алу-сату шартын

жасасудың алдында тұтынушыға тауарға төлеу рәсімі, оны

жеткізу және сатып алушымен шартты жасасуға дейінгі құны

туралы ақпаратты ұсынуға тиіс;

- сатушы тауарды электрондық саудада өткізген кезде

техникалық өткізу жағдайында тұтынушыға бағалау немесе

түсініктеме беру мүмкіндігі берілуі тиіс;

- сауда алаңдарында сатушы-лардың әдепсіз іс-әрекеттеріне

жол бермеу жөніндегі ішкі рәсімдердің болуы және олардың

заңсыз сауданы болдырмау үшін шынайы емес ақпарат беруі;

- Сауда алаңдары қорғалған байланыс арналары арқылы

жұмыс істеуге міндетті.

АҢДАТПА

Елбасы қоры және кітапханасы журналистерге

арнап «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы»

конкурсын жариялайды

Еліміздің агроөнеркәсіп саласында

жаңа сақтандыру жүйесі іске қосылды.

Оның сақтандыру операторы «ҚазАгро»

Холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл

шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.

2004 жылдан бері Өсімдік

шаруашылығын міндетті сақтандыру

жүйесі жұмыс істеп келген

болатын. Ал, мына жаңа жүйе

одан ерекше болмақ.

Біріншіден, агроөнеркәсіп

кешеніндегі сақтандыру енді

ерікті түрде болады.

Екіншіден, салаларға шектеу

жоқ. Аграрлық сектордың кез

келген бағыты сақтандырылады.

Үшіншіден, сақтандыру сыйақыларын

мемлекет субсидиялайды.

Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын

өндірушілерді ынталандыруға

және сақтандыру шартын

жеңілдетуге бағытталған. Сақтандыру

сыйақы сомасының 50%-ын

мемлекет субсидиялайды. Ол үшін

биыл республикалық бюджеттен

2,5 млрд. теңге бөлінді.

- Жаңа жүйені әзірлеу кезінде

өсімдік шаруашылығындағы міндетті

сақтандырудың проблемалық

мәселелері ескерілді, - дейді

«Ауыл шаруашылығын қаржылай

қолдау қоры» АҚ Басқарушы

директоры – басқарма мүшесі

Асқар Қалиев. - Мәселен, ауыл

шаруашылығы тауарын өндірушілердің

мүдделерін қорғау

мақсатында жүйеде Қазақстан

Республикасының Қаржы нарығын

реттеу және дамыту жөніндегі

агенттіктің лицензиясы бар

сақтандыру компаниялары ғана

жұмыс істей алады.

Жаңа жүйеде әлемдік сақтандыру

нарығында «А» рейтингі бар үш

халықаралық қайта сақтандыру

компаниясы жұмыс істейтін болды.

Олар отандық компаниялар сақтандыратын

тәуекелдерді қайта

сақтандырады. Бұл сақтандыру

тәуекелдері туындаған жағдайда

кепілді төлемдерді қамтамасыз

етуге мүмкіндік береді.

Шарт жасасудан бастап төлеммен

аяқталатын барлық процедуралар

электронды цифрлық

қолтаңба арқылы Qoldau.kz электронды

платформасында жүргізіледі.

Процестерді автоматтандыру адами

факторды азайтады және жұмыстың

ашықтығын қамтамасыз етеді.

- Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығын

қаржылай қолдау қоры

топырақтағы ылғалдың индексіне

негізделген сақтандыру өнімдерін

бекітті, - дейді Асқар Қалиев. -

Сақтандыруға жататын дәнді

дақылдар - бидай, арпа, сұлы,

жүгері. Ал майлы дақылдар - күнбағыс,

рапс, зығыр өнімдері.

Мониторингті жүзеге асыру үшін

ақпарат Жерді қашықтан зондтау

көздерінен алынады.

Ылғал деңгейінің мониторингі

тұрақты негізде жүргізіледі және

сақтандыру жағдайының деректері

автоматты түрде тіркеледі.

Сақтандыру жағдайытуындағаны

туралы Qoldau.kz жүйесіндегі жеке

кабинетіне немесе жеке электронды

поштасына келген хабарламаны

алғаннан кейін сақтанушы (ауыл

шаруашылығы өнімін өндіруші)

төлем жасайтын сақтандырушыға

(сақтандыру компаниясына) өтініш

береді.

Бұрынғы жүйедегі алынған

деректер бойынша сақтандыру

жағдайларының 60%-дан астамы

ылғалдың жетіспеуінен, яғни

құрғақшылыққа қатысты болды.

Осыған байланысты өнімді құрғақшылықтан

сақтандыру ерекше

маңызға ие. Сондай-ақ, егіс

науқанының аяқталу мерзімі де

ескеріледі.

Ылғалдың жетіспеу қаупінен

сақтандыру үшін ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілер

биыл 15 маусымға дейін сақтандыру

шартын жасасуы қажет.

Сақтандыру кезеңі 3 айды қамтиды.

Яғни, 15 мамырдан 15 тамызға

дейінгі аралық есепке алынады.

Ылғалдың шамадан тыс

болуына қатыстысақтандыру келісімшартын

15 тамызға дейін бекіту

қажет. Сақтандыру 2020 жылдың

15 тамызынан 15 қыркүйегіне

дейінгі аралықта жүргізіледі.

Алдағы уақытта агроөнеркәсіп

кешеніндегі сақтандыру өнімдерінің

нарықтағы қажеттілігі ескеріліп,

тізімі кеңейтілетін болады.

Барлық сұрақтар бойынша

«Ауыл шаруашылығын қаржылай

қолдау қоры» АҚ-на

+7 (7172) 67 84 06 телефон

нөмірі бойынша хабарласуға

болады.

«Ауыл шаруашылығын

қаржылай қолдау қоры»

АҚ Баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасының қоры мен кітапханасы баспа және

электрондық бұқаралық ақпарат құралдары

қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі

және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы

материалдарға жыл сайынғы халықаралық

конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаттары: қазақстандық мемлекеттіліктің негізі

ретіндегі Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке

тарату, халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы

жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету, баспа және электрондық

БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы

мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру,

халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа

есімдерді анықтау.

– Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция

қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.

Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4) «Ғаламтордағы үздік жарияланым»;

5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға

ақшалай жүлде, диплом және төс белгі тапсырылады.

Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде

де қатыса алады.

Конкурсқа 2019 жылғы 10 қазан мен 2020 жылғы 10 қазан

аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге

шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар

қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер,

Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері

енген Конкурс комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік

күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу өтінімдері 2020 жылғы 1 маусым мен

20 қазан (қоса алғанда) аралығында presidentlibrary.pr.kz@

gmail.com электронды поштасына «Қазақстан Тәуелсіздігі және

Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.:

(7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51.

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық

ақпаратпенwww.presidentlibrary.kz және www.fpp.kzсайттары

арқылы танысуға болады.

Конкурс ережесі:

http://presidentlibrary.kz/kk/news/elbasy-kory-zhne-kitaphanasyzhurnalisterge-arnap-kazakstan-tuelsizdigi-zhne-elbasy-konkursyn

Бұл өткен жылдың сәйкес

кезеңіне қарағанда 16,2%-ға артық.

«Бірінші тоқсанда жоғары технологиялық

қызметтерді қолдану

арқылы бұдан да артық емделушілерді

емдеу жоспарланған

болатын. Алайда, емханалар мен

ауруханаларда шектеу енгізілуі

қорытынды көрсеткішке әсер

етті. Жалпы, 2020 жылға аталған

медициналық көмек көрсетуге

Павлодар облысы бойынша

1 миллиард 297 миллион теңге

бөлінді. 2019 жылы барлығы 569,1

млн. теңге бөлінді, яғни 2,3 есеге

өсті», - деп атап өтті Павлодар

облысы бойынша әлеуметтік

медициналық сақтандыру Қоры

филиалының директоры Нұрлан

Қасымов.

Егер өткен жылы жоғары

технологиялық медициналық

Павлодар облыстық аумақтық

сайлау комиссиясы құрамы

Павлодар қ., Академик Сәтбаев көш., 49, 121-кабинет, тел.: 321838

Төрайым

- Аманжолова Гүлнәр Қабиденқызы

Төрайымның орынбасары

Хатшы

Комиссия мүшелері:

- Кабанцова Людмила Федоровна

- Әбдімомынова Дина Серікқызы

- Ілиясова Бақытжан Ілиясқызы,

- Қалиева Мәлика Амангелдіқызы

- Нәбиев Нұрлан Абзалұлы

- Чудовский Николай Петрович

86 пациент емделді

2020 жылдың 4 айында Павлодар облысында

жоғары технологияларды (ЖТМҚ) қолдана отырып,

86 пациент медициналық көмек алды.

қызметті халықтың әлеуметтік

жағынан осал санаттарын, оның

ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа

дейінгі балалар, зейнеткерлер

тегін ала алатын болса, 2020

жылдан бастап ЖТМҚ барлық

сақтандырылған азаматтар үшін

жоспарлы емдеуге жатқызу

кезінде тегін болып отыр, - деп

түсіндірді Қордың Павлодарлық

филиалында.

Бұл ретте, осы қызметтерді

қаржыландыру көлемі 2020 жылдың

4 айында 11,08%-ға ұлғайды

және біздің облыс бойынша

290,7 млн. теңгені құрады.

Жалпы, ЖТМҚ қаржыландыру

көлемін ұлғайту оларды алу үшін

күту мерзімін азайтуға және жаңа

қызмет көрсетушілерді тартуға

мүмкіндік береді. Бұл шаралардың

іске асырылуы халыққа жоғары

(2098)

технологиялық медициналық

көмектің қолжетімділігін арттыруға

ықпал етуі тиіс.

Айта кетейік, көрсетілген

қызметтер тізіміне 80-ге жуық

бірегей технологиялар кіреді,

оларды орындау кезінде заманауи

жетілдірілген әдістемелер

қолданылады. ЖТМҚ көрсету

үшін жоғары дайындық деңгейі

бар мамандар қажет.

Жоғары технологиялық медициналық

қызметтерді алу үшін

азаматтарға 2020 жылғы 30 маусымға

дейін сақтандырылушылық

мәртебесін анықтау қажет екенін

еске салғым келеді.

Мәртебені анықтау мәселелері

бойынша 87182704123, 704124

телефондары арқылы хабарласа

аласыз.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы

бойынша филиалы.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 11

Орман

отқа оранды

Ажалы судан

болды

ТІЛСІЗ ЖАУ

Өткен демалыс күндері облыс аумағында

11 орман өрті тіркелді. Көбіне «Ертіс орманы»

табиғи резерватының аумағы отқа оранды.

Мамандар қызыл жалынның шығу себебін

найзағайдың түсуімен байланыстырып отыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының

міндетін атқарушы Самат Асайыновтың мәліметінше, «Ертіс

орманы» табиғи резерватының аумағында 9 өрт оқиғасы

орын алған.

- Өрт 150 гектардан аса аумаққа жайылды. Оны сөндіруге

18 техника, бір Ми-2 тікұшағы және 48 адам жұмылдырылды.

Бүгінде өрттің шығу себептері мен алаңын анықтау және

тексеру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы облыстық комиссия

құрылды. Алдын ала болжам бойынша жағымсыз жағдай

найзағайдың түсуінен орын алуы мүмкін, - дейді С.Асайынов.

Жыл басынан бері облыстың мемлекеттік орман қоры

аумағында 64 өрт оқиғасы тіркеліпті. Қызыл жалынның

жалпы аумағы - 1636,7 гектар. Өрт салдарынан 11 миллион

теңгеден астам материалдық шығын есептелген.

ОҚЫС ОҚИҒА

Өткен демалыста Павлодар облысында қайғылы

жағдай орын алды. 18 жастағы жас жігіт Усолка

өзенінде шомылып жүріп, суға кетті.

Өкінішке қарай, дәрігерлердің реанимациялық әрекеті

нәтиже бермеген. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің мәліметінше, Усолкада өзен жағасынан

6 метр қашықтықта шомылған 2002 жылғы жас жігіт суға

сүңгіген соң, қайта шықпаған. Судың температурасы +21 0 C

градус болған. Жігіт суға батып бара жатқанда оның досы

құтқаруға тырысқан. Оқиға шомылуға рұқсат етілмеген

жерде орын алған. 10 минуттан кейін досы құтқарушыларды

шақырған. Өкінішке қарай, жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін

болмаған.

Орынтай Теміржанқызын

еске аламыз

Анамызға

Анашым, бүгін қоштастық біз Сізбенен,

Аттандыңыз бабалар көшкен ізбенен,

Тазалық пен пәктіктің пірі едіңіз

Үйреткен тек сөздерге Сіз, Біз деген.

Басыңыздан өтті талай ауыр күн,

Төзіп едіңіз ер азаматтай барлығына

Қайран жүрек төзе алмады шытынап,

Кейінгі кездегі қайғыларға қара түн.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Жақсылықтарға қуанушы едіңіз баладай,

Айхай, шіркін, өтті-кетті, наламыз-ай,

Біраз жылдар жүре тұрғанда арамызда

Ақылшы боп, дана болып жалған-ай!

О.АХМАДИЯ.

Ардақты анамыз Шаханова Орынтай Теміржанқызының

40 күндік асы 20 маусымда (сенбі) сағат

13.00-де Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылында беріледі.

Еске алушы - балалары.

СПОРТ

UFC туы астында тұңғыш рет қазақстандық спортшы қыз

өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Павлодарлық Мария Агапова

осылайша тарихтың жаңа парағына қолтаңбасын қалдырды.

Алға, Агапова!

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында

көрерменсіз өткен UFC on ESPN

10 турнирінде америкалық Ханна

Сайферспен жұдырықтасқан жерлесіміз

кездесудің небары 2:42

уақытында қылқындыру әдісімен

жеңімпаз атанды. Бұл - 23 жастағы

спортшы үшін тоғызыншы және UFC

алаңындағы алғашқы жеңісі.

Естеріңізге салсақ, аралас жекпежектен

әлем чемпионы, қазақстандық

Мария Агапова ММА бойынша ең

ірі промоушн - Ultimate Fighting

Championship (UFC) ұйымымен

келісімшартқа отырған еді. Оның

әлемнің ең мықты лигасындағы келесі

жекпе-жегінің уақыты жуырда белгілі

болмақ.

О.АХМАДИЯ.

Бектұрғанова Раушан (Рита) Қапашқызын

еске аламыз

Баянауыл ауылының тұрғыны, ардақты

анамыз Бектұрғанова Раушан (Рита)

Қапашқызын сағынышпен еске аламыз.

Жайдары мінезімен елге сыйлы болған

қадірлі анамыздың жаны жаннатта, топырағы

торқа, иманы жолдас болсын деп дұға

етеміз.

Біреуге кеш, біреуге ажал ерте келді,

Бейуақыт терезені шерте келді.

Есігін енді ашқанда орта жастың,

Сұм ажал анамызға ерте төнді.

Тағдырға ара түсер амал бар ма?

Құтылып тығылатын алаң қайда?

Көркейіп, тамырланған зор бәйтерек,

Құлайды күні жетсе, ол да алайда.

Жан анам үйіміздің шуағы еді,

Ошаққа май тамызған шырағы еді.

Үзіліп үйіміздің қос тірегі,

Соңынан әкеміздің кете барды.

Қырық күн - көз жұмғалы анамызға,

Сағынып еске алады балаңыз да.

Қол жайып: «Жаның болсын жұмақта!», деп.

Дұға оқып молаңа тек барамыз да.

Қара жер: жатқан үйін жарық болсын!

Жаның да тынышталып, жұмақ болсын!

Оқылған дұғалар да қабыл болып,

Сауабы жан Анама тие берсін!

Анамыздың арамыздан ажырағанына қырық күн толып

отыр. Асыл жанның рухына арналған дұға-ас 20 маусым

күні Баянауыл ауылы Бектұров көшесі, 4-үйде, сағат 12.00-де

сырттан келген қонақтарға, ал сағат 15.00-де Баянауыл ауданы

тұрғындарына беріледі.

Еске алушылар:

қызы – Маржан, күйеу баласы – Бекен,

ұлдары-келіндері, немере-жиендері.

ЖАРНАМА

66-15-40 66-15-42

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 10079 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1115

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ИСА БАЙЗАҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 120 ЖЫЛ

Ақынын

ардақтаған Үлгілі

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Тарихқа

шегініс

Иса Байзақов – 1900 жылы

Ертіс ауданы Үлгілі ауылында

дүниеге келген. Семейдегі

жұмысшылар факультетін, Орынбордағы

қазақ халық ағарту

институтын, Қазақ педагогикалық

институтын бітірген. Әкесі Байзақ

ескіше хат таныған, жасынан ән

салып, өлең шығарған, шағын

шаруалы, сауыққой кісі болған

дейді Үлгілі ауылының ардагер

тарихшысы Зейнеп Рахметжанова.

- Иса атамыз небары

9 жасында анасынан айырылып,

әжесі Жанбаланың бауырында

өседі. Нағашы ағасы Рахмет

оған домбыра тартып, ән салуды

үйреткен екен. Кішкентайынан

ол «Домбырашы бала», «Әнші

Иса» атанады. Революцияға дейін

байлардың қозысын бағады,

қойын жаяды, шахтада жұмысшы

болады. Оқып жүрген кезінде

суырып салма ақындығы, әншілігі,

домбырашылығымен ерекше

кезге түседі, - дейді тарихшы.

Ол шығармашылығынан бөлек,

актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен

де қазақ мәдениетінде

терең із қалдырған жан. Иса

әнші, композитор, суырып салма

ақындығынан бөлек, аңшылыққа

әуес болған екен. Қоянды

Жәрмеңкесінде ән салып жүрген

Исаны Қаныш Сәтбаев танып, оған

білім алу үшін Семейге баруға

кеңес берсе, Мұхтар Әуезов

Исаның айтыста шыңдалуына

көп жәрдемдескен екен.

Осылайша, білімге ден қойған

Иса 1921 жылы Семейдегі

жұмысшы факультетінде білім

алса, 1922 жылы Орынбордағы

Қазақ халық ағарту институтында

оқыса, 1929-1932 жылдары

Қазақ педагогикалық институтын

тәмамдайды. Білімі мен білігі,

өнері мен дарыны шыңдалған

ақынның танымалдылығы шартарапқа

тарайды.

- Әншілік, әртістік, домбырашылық

өнерінен бөлек, Әміре

Қашаубаев, Елубай Өмірзақов

сияқты дүлдүлдер орындайтын

халық әндеріне жаңа мазмұнда

мәтін жазып беріп жүрген. Мысалы:

«Заулатшы-ай», «Қалқа», «Ісмет»,

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Назқоңыр» тәрізді әндердің

сөзін Иса Байзақов қайтадан

жазған. Халық арасына кең тарап

кеткен мұндай ән мәтіндерінің

саны қырықтан асады. Қазақтың

халық әндерін тұңғыш жинап

бастырушы Александр Затаевич

Иса Байзақовтың аузынан

көптеген халық әндері жазып

алып, нотаға түсірген екен, -

деді З.Рахметжанова.

1932-1940 жылдар аралығында

Алматы, Қарағанды, Семей

қалаларында радиода, филармонияда,

Жазушылар одағында

қызмет атқарса, Ұлы Отан соғысы

жылдарында Оңтүстік Қазақстан

облыстарында тұрып, ел аралап,

үгітшілік қызмет атқарған екен. Осы

кезеңде ол өзінің композиторлық

қырымен таныла бастайды. Атақты

«Желдірмелері» (бес желдірме) сол

кезде тыңдаушыларының құлағына

жетіп, халықтың жан-жүрегін

тербеткен туындыға айналады.

Үлгілідегі ақын

мұражайы

Былтыр дара тұлғаның

жерлестері, Үлгілі ауылының

тұрғындары өздері бас болып,

оның есімі берілген, яғни Иса

Байзақов атындағы мектепте

мұражай ашқан еді. Ол биылғы

120 жылдық мерейтойға арналған

жоспарға сәйкес іске асқан.

- Бұл мұражай 20-ғасырда

естігенді елітіп, тыңдағанды тамсандырған,

талайды таң қалдырған

жерлесіміз Иса Байзақовтың

«Әдебиеттану» бағытында ашылып

отыр. Содан бері мұнда аудан

мектептерінің оқушылары арнайы

келіп, экскурсия жасап, ақынның

артында қалған мол мұрасымен

танысып жүр. Өкінішке қарай,

елдегі Төтенше жағдай кезінде

оқушылардың келуі тоқтады.

Бірақ, болашақта бұл игі іс өз

жалғасын табатын болады, -

деді мектеп директоры Нұрсулу

Телғозинова.

Мұражай мектептің екінші

қабатында орналасқан. Көрсе

көз тоятын ерекше орын Иса

әлеміне менмұндалап шақырып

тұрғандай. Онда ақынның шыққан

тегінен бастап өмірінің соңына

дейін жүріп өткен жолын баяндайтын

арнайы стендтар, ақынның

көзі тірісінде тұтынған заттарын,

театрда сомдаған рөлдері бейнеленген

фотосуреттерін, қолжазбасы

мен кітаптарын көруге болады.

- Мұражайға қойылған әр

экспонатты Иса атамыздың

немере қарындасы Күләш

Әбиқызы жинастырып, бізге

тапсырды. Сонымен қатар,

мұнда тұрған картиналардың

барлығын белгілі павлодарлық

суретші Ғалым Қаржасов салып,

сыйға тартты. Соның ішінде

суретшінің қолынан шыққан

«Құралай сұлу» поэмасының желісі

бойынша салынған туындыны

ерекше атап өтуге болады, -

деді Н.Телғозинова.

Ал мұражайдағы ең құнды

заттың бірі - ақынның ең алғаш

қолына ұстаған домбырасы.

Мойны сынып, ішегі үзілсе де,

тарихтан сыр шертетін, шанағында

ақынның саусағының ізі қалған

құнды жәдігер көзімізге оттай

басылды. Ауыл тарихшысы Зейнеп

Рахметжанова ақынның жомарт

болғанын тілге тиек етті.

- Иса атамыздың елді ерекше

таң қалдырған қасиетінің бірі –

жомарттығы. Жанына жақын

тартып, ол кісіге жылы шырай

танытқан әр адамға қолында

барын беріп кететін болған

деседі. Мына домбырасын да дәл

солай біреуге сыйлап жіберген

болса керек, мұражайға заттарын

жинаған кезде Күләш Әбиқызына

біреу тапсырған екен. Негізі,

ол кісі дәл осындай пішіндегі,

кішкентай домбыраларға әуес

болған, - дейді З.Рахметжанова.

Ертіс ауданынан ары

қарай 50 шақырым

жерде сегіз қырлы, бір

сырлы, қазақ өнерінің

майталманы әйгілі

Иса Байзақов дүниеге

келген ауыл бар.

Ақынның кіндік қаны

тамып, топырағында

табанының табы

қалған киелі елге біз

де ат басын тіредік.

Мақсатымыз -

Үлгілі ауылында

сақталған ақынның

бай мұрасымен

танысып, бұқараға

жеткізу. Себебі қазақ

мәдениетінің қарыштап

дамуына әрі көптеген

құндылықтарымыздың

бүгінгі күнге жетуіне

мұрындық болған

ақынның туғанына

биыл 120 жыл толып

отыр.

Айта кетелік, Иса Байзақов

тұтынған көптеген құнды жәдігер

бүгінде Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінің

алтын қорында сақтаулы тұр.

Оларды ақынның қос перзенті

Ертіс пен Мақпуза музейге

арнайы тапсырған еді.

- Біздің музей 1992 жылы

ашылды. Содан кейін, бізге Иса

атаның қызы Мақпуза апамыз

хабарласып, әкесінің өзі тұтынған

жеке заттарын әкеп тапсырды.

Онда – поднос, қақпағы жоқ

Суреттерді түсірген – Серік Қапаров.

шәйнек, күміс қасығы мен былғары

әмияны болды. Бұл заттарды әкесі

қайтыс болғаннан кейін өздеріне

алған екен. Яғни, Иса 1946 жылы

3 қыркүйекте ауруханада жатып,

ұзаққа созылған дерттен көз

жұмады. Осыдан кейін Мақпуза

інісі Ертісті ауруханаға арнайы

жібертіп, әкесінен қалған заттарды

әкелткен. Өкінішке қарай, дара

тұлғаның өмірінің соңына дейін

Алматы қаласында жеке пәтері

болмады. Ал қызы Мақпуза әке

жолын жалғаған, ерекше дарын

иесі болды. Ол - Қазақ КСР-інің

еңбек сіңірген әртісі, - дейді

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің басшысының

орынбасары Мағзия Әбенова.

Ақынның өмірі мен өнерінен

сыр шертетін әр жәдігер бізді

ерекше әсерге бөледі. Ақынның

бар ғұмырын көз алдымыға

әкелген мұражайға келушілер

саны арта берсе екен деп

тіледік.

Үлгілі ауылы,

Ертіс ауданы.

ОТЫЗ

СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Басы газеттің №57-65-інші

сандарында.

Егер бұлар дін ұстазымыз емес

болса да, дінде басшымыз құдайдың

елшісі пайғамбарымыздың хадис шарифі,

хайру н-нас мән йанфагу н-нас деген.

Бұл хакімдер ұйқы, тыныштық, әуесқызықтың

бәрін қойып, адам баласына

пайдалы іс шығармақлығына,

яғни электрияны тауып, аспаннан

жайды бұрып алып, дүниенің бір

шетінен қазір жауап алып тұрып, от

пен суға қайласын тауып, мың адам

қыла алмастай қызметтер істетіп

қойып тұрғандығы, уахсусан адам

баласының ақыл-пікірін ұстартып,

хақ пенен батылдықты айырмақты

үйреткендігі - баршасы нафиғлық болған

соң, біздің оларға міндеткерлігімізге

дау жоқ.

Бұл заманның молдалары хакім

атына дұшпан болады. Бұлары

білімсіздік, бәлки, бұзық фиғыл, әл-инсан

ғәдду ләма жәһилгә хисап. Олардың

шәкірттерінің көбі біраз ғарап-парсыдан

тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз

сөз бахас үйренсе, соған мәз болып,

өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып,

жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлітүрлі

зарарлар хасил қылады «һайһой!»

менен, мақтанменен қауымды

адастырып бітіреді. Бұлардың көбі

әншейін жәһил түгіл, жәһиләләр

кібік талап болса, қайда хақ сөздер

келсе, қазір нысапқа қайтсын һәм

ғибраттансын. Рас сөзге ор қазып,

тор жасамақ не деген нысап, құр

өзімшілдік һәм әр өзімшілдік - адам

баласын бұзатын фиғыл. Растың бір

аты - хақ, хақтың бір аты - Алла,

бұған қарсы қаруласқанша, мұны

ұғып, ғадаләтпен тәптештеуге

керек. Мұндай фиғылдардан күпір

қаупі де бар. Және пайғамбарымыз

салаллаһу ғалайһи уәссәлләм «ақыр

заманда бір жылдық бір күн болар»

дегенде сахаба-и кәрәмлар «бұл бір

жылдық бір күнде намаз нешеу болар»

деп сұрағанда: оның патуасын сол

заманның ғалымдары білер деген

сөзінен ғибратланып қарасаң, замана

өзгеруімен қағидалар өзгерілмегін

білдіргені мағлұм болады. Бұл күндегі

тәхсилғулум ескі медреселер ғұрпында

болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды.

Соған қарай Ғұсманияда мектеп

харбия, мектеп рушдиялар салынып,

жаңа низамға айналған. Мұндағылар

ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды

пайдасыз ұзақ бахастар бірлән күнін

өткізіп, мағишат дүниеде надан бір

ессіз адам болып шығады да, ешбір

харекетке лайықты жоқ болған соң,

адам аулауға, адам алдауға салынады.

Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты

да тасирсіз болады.

Жалғасы бар.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!