16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ИСА БАЙЗАҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 120 ЖЫЛ

Ақынын

ардақтаған Үлгілі

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Тарихқа

шегініс

Иса Байзақов – 1900 жылы

Ертіс ауданы Үлгілі ауылында

дүниеге келген. Семейдегі

жұмысшылар факультетін, Орынбордағы

қазақ халық ағарту

институтын, Қазақ педагогикалық

институтын бітірген. Әкесі Байзақ

ескіше хат таныған, жасынан ән

салып, өлең шығарған, шағын

шаруалы, сауыққой кісі болған

дейді Үлгілі ауылының ардагер

тарихшысы Зейнеп Рахметжанова.

- Иса атамыз небары

9 жасында анасынан айырылып,

әжесі Жанбаланың бауырында

өседі. Нағашы ағасы Рахмет

оған домбыра тартып, ән салуды

үйреткен екен. Кішкентайынан

ол «Домбырашы бала», «Әнші

Иса» атанады. Революцияға дейін

байлардың қозысын бағады,

қойын жаяды, шахтада жұмысшы

болады. Оқып жүрген кезінде

суырып салма ақындығы, әншілігі,

домбырашылығымен ерекше

кезге түседі, - дейді тарихшы.

Ол шығармашылығынан бөлек,

актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен

де қазақ мәдениетінде

терең із қалдырған жан. Иса

әнші, композитор, суырып салма

ақындығынан бөлек, аңшылыққа

әуес болған екен. Қоянды

Жәрмеңкесінде ән салып жүрген

Исаны Қаныш Сәтбаев танып, оған

білім алу үшін Семейге баруға

кеңес берсе, Мұхтар Әуезов

Исаның айтыста шыңдалуына

көп жәрдемдескен екен.

Осылайша, білімге ден қойған

Иса 1921 жылы Семейдегі

жұмысшы факультетінде білім

алса, 1922 жылы Орынбордағы

Қазақ халық ағарту институтында

оқыса, 1929-1932 жылдары

Қазақ педагогикалық институтын

тәмамдайды. Білімі мен білігі,

өнері мен дарыны шыңдалған

ақынның танымалдылығы шартарапқа

тарайды.

- Әншілік, әртістік, домбырашылық

өнерінен бөлек, Әміре

Қашаубаев, Елубай Өмірзақов

сияқты дүлдүлдер орындайтын

халық әндеріне жаңа мазмұнда

мәтін жазып беріп жүрген. Мысалы:

«Заулатшы-ай», «Қалқа», «Ісмет»,

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Назқоңыр» тәрізді әндердің

сөзін Иса Байзақов қайтадан

жазған. Халық арасына кең тарап

кеткен мұндай ән мәтіндерінің

саны қырықтан асады. Қазақтың

халық әндерін тұңғыш жинап

бастырушы Александр Затаевич

Иса Байзақовтың аузынан

көптеген халық әндері жазып

алып, нотаға түсірген екен, -

деді З.Рахметжанова.

1932-1940 жылдар аралығында

Алматы, Қарағанды, Семей

қалаларында радиода, филармонияда,

Жазушылар одағында

қызмет атқарса, Ұлы Отан соғысы

жылдарында Оңтүстік Қазақстан

облыстарында тұрып, ел аралап,

үгітшілік қызмет атқарған екен. Осы

кезеңде ол өзінің композиторлық

қырымен таныла бастайды. Атақты

«Желдірмелері» (бес желдірме) сол

кезде тыңдаушыларының құлағына

жетіп, халықтың жан-жүрегін

тербеткен туындыға айналады.

Үлгілідегі ақын

мұражайы

Былтыр дара тұлғаның

жерлестері, Үлгілі ауылының

тұрғындары өздері бас болып,

оның есімі берілген, яғни Иса

Байзақов атындағы мектепте

мұражай ашқан еді. Ол биылғы

120 жылдық мерейтойға арналған

жоспарға сәйкес іске асқан.

- Бұл мұражай 20-ғасырда

естігенді елітіп, тыңдағанды тамсандырған,

талайды таң қалдырған

жерлесіміз Иса Байзақовтың

«Әдебиеттану» бағытында ашылып

отыр. Содан бері мұнда аудан

мектептерінің оқушылары арнайы

келіп, экскурсия жасап, ақынның

артында қалған мол мұрасымен

танысып жүр. Өкінішке қарай,

елдегі Төтенше жағдай кезінде

оқушылардың келуі тоқтады.

Бірақ, болашақта бұл игі іс өз

жалғасын табатын болады, -

деді мектеп директоры Нұрсулу

Телғозинова.

Мұражай мектептің екінші

қабатында орналасқан. Көрсе

көз тоятын ерекше орын Иса

әлеміне менмұндалап шақырып

тұрғандай. Онда ақынның шыққан

тегінен бастап өмірінің соңына

дейін жүріп өткен жолын баяндайтын

арнайы стендтар, ақынның

көзі тірісінде тұтынған заттарын,

театрда сомдаған рөлдері бейнеленген

фотосуреттерін, қолжазбасы

мен кітаптарын көруге болады.

- Мұражайға қойылған әр

экспонатты Иса атамыздың

немере қарындасы Күләш

Әбиқызы жинастырып, бізге

тапсырды. Сонымен қатар,

мұнда тұрған картиналардың

барлығын белгілі павлодарлық

суретші Ғалым Қаржасов салып,

сыйға тартты. Соның ішінде

суретшінің қолынан шыққан

«Құралай сұлу» поэмасының желісі

бойынша салынған туындыны

ерекше атап өтуге болады, -

деді Н.Телғозинова.

Ал мұражайдағы ең құнды

заттың бірі - ақынның ең алғаш

қолына ұстаған домбырасы.

Мойны сынып, ішегі үзілсе де,

тарихтан сыр шертетін, шанағында

ақынның саусағының ізі қалған

құнды жәдігер көзімізге оттай

басылды. Ауыл тарихшысы Зейнеп

Рахметжанова ақынның жомарт

болғанын тілге тиек етті.

- Иса атамыздың елді ерекше

таң қалдырған қасиетінің бірі –

жомарттығы. Жанына жақын

тартып, ол кісіге жылы шырай

танытқан әр адамға қолында

барын беріп кететін болған

деседі. Мына домбырасын да дәл

солай біреуге сыйлап жіберген

болса керек, мұражайға заттарын

жинаған кезде Күләш Әбиқызына

біреу тапсырған екен. Негізі,

ол кісі дәл осындай пішіндегі,

кішкентай домбыраларға әуес

болған, - дейді З.Рахметжанова.

Ертіс ауданынан ары

қарай 50 шақырым

жерде сегіз қырлы, бір

сырлы, қазақ өнерінің

майталманы әйгілі

Иса Байзақов дүниеге

келген ауыл бар.

Ақынның кіндік қаны

тамып, топырағында

табанының табы

қалған киелі елге біз

де ат басын тіредік.

Мақсатымыз -

Үлгілі ауылында

сақталған ақынның

бай мұрасымен

танысып, бұқараға

жеткізу. Себебі қазақ

мәдениетінің қарыштап

дамуына әрі көптеген

құндылықтарымыздың

бүгінгі күнге жетуіне

мұрындық болған

ақынның туғанына

биыл 120 жыл толып

отыр.

Айта кетелік, Иса Байзақов

тұтынған көптеген құнды жәдігер

бүгінде Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінің

алтын қорында сақтаулы тұр.

Оларды ақынның қос перзенті

Ертіс пен Мақпуза музейге

арнайы тапсырған еді.

- Біздің музей 1992 жылы

ашылды. Содан кейін, бізге Иса

атаның қызы Мақпуза апамыз

хабарласып, әкесінің өзі тұтынған

жеке заттарын әкеп тапсырды.

Онда – поднос, қақпағы жоқ

Суреттерді түсірген – Серік Қапаров.

шәйнек, күміс қасығы мен былғары

әмияны болды. Бұл заттарды әкесі

қайтыс болғаннан кейін өздеріне

алған екен. Яғни, Иса 1946 жылы

3 қыркүйекте ауруханада жатып,

ұзаққа созылған дерттен көз

жұмады. Осыдан кейін Мақпуза

інісі Ертісті ауруханаға арнайы

жібертіп, әкесінен қалған заттарды

әкелткен. Өкінішке қарай, дара

тұлғаның өмірінің соңына дейін

Алматы қаласында жеке пәтері

болмады. Ал қызы Мақпуза әке

жолын жалғаған, ерекше дарын

иесі болды. Ол - Қазақ КСР-інің

еңбек сіңірген әртісі, - дейді

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің басшысының

орынбасары Мағзия Әбенова.

Ақынның өмірі мен өнерінен

сыр шертетін әр жәдігер бізді

ерекше әсерге бөледі. Ақынның

бар ғұмырын көз алдымыға

әкелген мұражайға келушілер

саны арта берсе екен деп

тіледік.

Үлгілі ауылы,

Ертіс ауданы.

ОТЫЗ

СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Басы газеттің №57-65-інші

сандарында.

Егер бұлар дін ұстазымыз емес

болса да, дінде басшымыз құдайдың

елшісі пайғамбарымыздың хадис шарифі,

хайру н-нас мән йанфагу н-нас деген.

Бұл хакімдер ұйқы, тыныштық, әуесқызықтың

бәрін қойып, адам баласына

пайдалы іс шығармақлығына,

яғни электрияны тауып, аспаннан

жайды бұрып алып, дүниенің бір

шетінен қазір жауап алып тұрып, от

пен суға қайласын тауып, мың адам

қыла алмастай қызметтер істетіп

қойып тұрғандығы, уахсусан адам

баласының ақыл-пікірін ұстартып,

хақ пенен батылдықты айырмақты

үйреткендігі - баршасы нафиғлық болған

соң, біздің оларға міндеткерлігімізге

дау жоқ.

Бұл заманның молдалары хакім

атына дұшпан болады. Бұлары

білімсіздік, бәлки, бұзық фиғыл, әл-инсан

ғәдду ләма жәһилгә хисап. Олардың

шәкірттерінің көбі біраз ғарап-парсыдан

тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз

сөз бахас үйренсе, соған мәз болып,

өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып,

жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлітүрлі

зарарлар хасил қылады «һайһой!»

менен, мақтанменен қауымды

адастырып бітіреді. Бұлардың көбі

әншейін жәһил түгіл, жәһиләләр

кібік талап болса, қайда хақ сөздер

келсе, қазір нысапқа қайтсын һәм

ғибраттансын. Рас сөзге ор қазып,

тор жасамақ не деген нысап, құр

өзімшілдік һәм әр өзімшілдік - адам

баласын бұзатын фиғыл. Растың бір

аты - хақ, хақтың бір аты - Алла,

бұған қарсы қаруласқанша, мұны

ұғып, ғадаләтпен тәптештеуге

керек. Мұндай фиғылдардан күпір

қаупі де бар. Және пайғамбарымыз

салаллаһу ғалайһи уәссәлләм «ақыр

заманда бір жылдық бір күн болар»

дегенде сахаба-и кәрәмлар «бұл бір

жылдық бір күнде намаз нешеу болар»

деп сұрағанда: оның патуасын сол

заманның ғалымдары білер деген

сөзінен ғибратланып қарасаң, замана

өзгеруімен қағидалар өзгерілмегін

білдіргені мағлұм болады. Бұл күндегі

тәхсилғулум ескі медреселер ғұрпында

болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды.

Соған қарай Ғұсманияда мектеп

харбия, мектеп рушдиялар салынып,

жаңа низамға айналған. Мұндағылар

ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды

пайдасыз ұзақ бахастар бірлән күнін

өткізіп, мағишат дүниеде надан бір

ессіз адам болып шығады да, ешбір

харекетке лайықты жоқ болған соң,

адам аулауға, адам алдауға салынады.

Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты

да тасирсіз болады.

Жалғасы бар.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!