16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЛТЫН БЕСІК 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 7

құт мекен

тыныс-тіршілігімен танысқан соң,

2019 жылы отбасын алып, Үлгіліге

келіп, қоныстанады.

- Көшіп келгеннен кейін, жан

басына берілетін әлеуметтік көмекке

қол жеткіздік. Ол қаржыға баспаналы

болдым. Осыдан кейін «Бизнес-

Бастау» бағдарламасы бойынша

оқып, 505 мың теңге көлеміндегі

грантқа ие болып, ол қаржыға

21 қой сатып алынды. Кейін,

Шымкент қаласындағы баспанамды

кепілге қойып, 2 млн.

теңгеге несиесін рәсімдеп, оған

8 ірі қара мал алдық. Сөйтіп,

«Алқа» жеке кәсіпкерлігін аштым, -

деді ол.

Оңтүстіктен келе сала, еңбектеніп,

алғашқы жылы құс ұстаған

Қ.Әбдіғазиев қорасы малға толғаннан

кейін 67 га шабындық жер

алыпты. Осы жерден алынатын шөп

малдың қысқы азығын толықтай

қамтамасыз етеді. Болашақта

бал басын арттыруды көздейтін

кәсіпкердің 7 сиыры биыл төлдеген.

Үлгіліге келіп, бірден сіңісіп,

халқымен ежелгі туыстардай

араласып кеттік деген кейіпкеріміз

ауыл тұрғындарының қарапайым

әрі бауырмал екенін тілге тиек етті.

- Әр өңірдің өзіне тән қасиеті

болады ғой. Біз келіп, ат басын

тіреген Үлгілі ауылы шағын болса

да берекесі мен бірлігі артқан ел

екен. Ауылдастарымның кішіпейілдігі

мен қарапайымдылығы,

адамды өзіне тартып, жанашырлық

танытуы біздің осы жаққа тез

сіңісіп кетуімізге мүмкіндік берді, -

дейді ол.

Бүгінде 5 перзентін тәрбиелеп

отырған Құрманғазы әулетінің үлкен

екі баласы Оңтүстіктегі колледждерде

білім алуда. Яғни, қызы

медколледжде, ал ұлы мал дәрігері

мамандығы бойынша оқиды. Әкесінің

айтуынша, екі баласы да дипломдарын

қолдарына алғаннан кейін

осында келіп, еңбек етуді жоспарлап

отыр екен. Қалған үшеуі Үлгілі

ауылындағы мектепте оқиды. Ал

жолдасы үй шаруасында.

Негізі бұл ауылда Оңтүстіктен

көшіп келген 3 отбасы бар. Әр

жанұя адам басына берілетін

квотаға қол жеткізген. Сол

қаржыға баспана, мал, құс сатып

алған. Бірі жеке кәсібін бастаса,

енді бірі мемлекеттік жұмысқа

орналасқан. Мәселен, Болдықыз

Сапарғалиева Үлгіліге көшіп келгенге

дейін Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сарыағаш ауданы, Абай ауылында

қарапайым үй шаруасындағы әйел

едім дейді. Қосымша тапсырыс

болса, қыз жасауын тігіп жүрген.

Мұнда қоныс аударғанына 3 жыл

болған. Көшіп келгеннен кейін,

бірден мектеп жанындағы шағын

орталыққа тәрбиешінің көмекшісі

болып жұмысқа орналасады. Ал

жолдасы Бақтияр Рүстемов мал

шаруашылығын мықтап қолға алған.

6 бала тәрбиелеп отырған

Болдықыз Сапарғалиева қыздарымен бірге.

Болдықыздың үлкені Отан алдындағы

борышын атқарып жүр. Қызы

Гүлдана - биыл Үлгілі жалпы орта

мектебінен түлеп ұшқан 4 түлектің

біреуі. Ал қалған балалары осы

мектепте оқиды.

- Бізге ауыл өте ұнады. Бұл

жақтан жаңа достар таптық. Қазір

алдағы болатын ҰБТ-ға дайындалып

жатырмын. Болашақта бастауыш

сыныптың мұғалімі болуды

армандаймын, - дейді Гүлдана.

Ақ халатты

абзал жан

Осы ауылдың фельдшері Гүлнәр

Нәжікенованың ауылдастарының

денсаулығына қарайлап, қысыжазы

еңбек етіп жүргеніне

20 жыл болыпты. Алғашында мектеп

мейірбикесі болып еңбек жолын

бастаған оның негізгі мамандығы -

фельдшер-акушер.

- 2000 жылдан бастап еңбек

етемін. Ауылымызда 190 адам бар.

Оның 75-сі - 16 жасқа дейінгі

балалар. 1 жасқа дейінгі 3 бала

бар. Үлкен адамдардың ішінде

15-і диспансерлік есепте тұрса,

6 бала арнайы есепте тұр. Өзім

Көкшетау медициналық училищесіне

1984 жылы түсіп, 1987 жылы

фельдшер-акушер мамандығы

бойынша бітірдім, - дейді

Г.Нәжікенова.

Ауыл фельдшерінің бұл ауылға

келін болып келгеніне биыл

30 жылдың жүзі болған. Бүгінде

жолдасы екеуі 3 қыз, 1 ұлды

тәрбиелеп өсіріп отыр.

- Балаларым туған ауылынан

жырақтап кеткен емес. Тек екінші

қызымнан өзгесі оқуларын бітіргеннен

кейін ауылға оралып, еңбек

жолын бастауда. Ал жалғыз ұлым

биыл мектеп бітіріп отыр. Ол да

болашақта өзінің туған ауылына

келіп, еңбек жолын бастайды

деген сенімдемін. Жалпы, соңғы

кездері ауылымызға жастар жиі ат

басын бұрып жатыр. Бұл шағын

ауылымыздың ертеңі бар дегенді

көрсетеді, - деді ол.

Қызметінің қызығы мен қиындығын

еске алған Г.Нәжікенова

жұмыстың ең қауырт кезі қыс

пен көктем айлары дейді.

- Үйге шақыртулар көбіне

осы мезгілдерде жиі түседі.

Себебі, қыс, көктем айлары

адамдардың иммунитеті әлсіреп,

түрлі вирустардың таралатын кезі.

Бұл жұмыс режиміне де үйреніп

алғанбыз. Қажет жағдайда түн

ортасы болсын, таңертең, кеш

болсын, шақырған жерге барамын.

Себебі, ол - менің міндетім.

Тұтас ауыл тұрғындарының денсаулығына

жауапты болғандықтан,

ауылдас-тарымды үнемі аурудан

сақтануға шақырамын. Қазір

күніне 5-6 адамды қабылдап,

ем-дом жасайтын болсам,

қыста кемі 10-нан астам адамды

қабылдап, бақылауымда ұстаймын.

Ауылымыздың жартысына жуығы

қарт адамдар болғандықтан, ол

кісілерге ерекше күтім мен жақсы

ем керек. Бүгінгі күнге дейін реніш

білдірген емделушім болмапты, -

дейді фельдшер.

Расымен де, Гүлнәр Зарлыққызы

десе үлгіліліктердің аузынан

Ауыл фельдшері Гүлнәр Нәжікенова.

тек жақсы пікірлер естіледі. Әлі

құрметті еңбек демалысына дейін

9 жыл қызмет ететін ауылдағы

ақ халатты абзал жанға сәттілік

тіледік.

Қазақтан ауыл

көшпейді...

Жоғарыдағы кейіпкерлеріміздің

қай-қайсысы болмасын ауылға

соңғы жылдары жастардың көптеп

келіп жатқанын тілге тиек етті.

Расымен де 40 шақты түтіні бар

шағын ғана ауылдағы негізгі кәсіп

көзі мал шаруашылығы болса,

жұмыспен қамту мекемесі мектеп

пен медициналық пункт қана.

И.Байзақов атындағы жалпы

орта мектепте 35 оқушы,

21 мұғалім бар. Олардың арасында

«Дипломмен - ауылға!» мемлекеттік

бағдарламасы арқылы келгендер

де бар. Солардың бірі – Данияр

Ахметовтің жанұясы. Яғни,

жары Айнагүл екеуі де аталмыш

бағдарлама аясында еңбек етуде.

- Бұған дейін жұмыс бабымен

7-8 жылдай Көкшетау қаласында

тұрып, сол жақта қызмет етіп

келдік. Осы ауылға маман қажет

екенін білгеннен кейін, ойланбастан

ауылға қоныс аудардық.

Данияр Ахметов.

Негізі, менің жарым Айнагүл -

осы ауылдың тумасы. Ата-анасы

мен туыстары осында тұрады.

Сөйтіп, 2019 жылдың тамыз

айында «Дипломмен - ауылға!»

бағдарламасына еніп, жұмысымызды

бастадық. Қазір мен осы

мектепте дене шынықтыру пәнінің

Түйін:

Ауылдың саф ауасы кеудеңе қуаныш пен мөлдір сезімді

қатар құйғандай күйге түсіреді. Қазақ баласының кіндігі

әу баста-ақ ауылда кесілгендіктен бе, дәл осы «ауыл»

дегенде көзімізге елестер таза табиғат пен балғын

бақытты кез әрқайсымызға таныс, әрбірімізге жақын.

Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, жастарының

елге оралуына мүмкіндік беріп отырған ауылдың бүгінгі

келбеті оның болашағының жарқын екенін аңғартты. Ақ

жаулықты анадан бастап, қазыналы қарты мен сәбиіне

дейін «біздерде мынандай бар, мынандай бар» деп елінің

бірлігі мен татулығын көрсетіп, ауылына оралған жастарымен

марқайғанын көрудің өзі бақыт екенін ұқтық.

Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейтіні -

ақиқат!

Үлгілі ауылы, Ертіс ауданы.

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

мұғалімімін. Әйелім - бастауыш

сынып мұғалімі, - дейді Д.Ахметов.

Ауылда үй жалдап тұратын екі

жастың алдына қойған мақсаттары

да жоқ емес. Ең әуелі олар өз салалары

бойынша жоғары нәтижелерге

қол жеткізіп, ауыл балаларының

білім деңгейін көтеру.

- Осы бір жылдың ішінде біздің

мектептің балалары спорт саласы

бойынша көптеген жетістіктерге

жетті. Хоккей мен шахматтан өтетін

турнирлерге қатысып, үздіктер

қатарынан көріне білдік. Әсіресе,

ауыл хоккейшілері Нұр-Сұлтан

қаласында өткен сайысқа қатысып,

жақсы нәтижемен келді. Бұл

ауылда спортқа бейім жастар

көп. Болашақта соларды түрлі

спорттық додаларға дайындап, жеңіс

тұғырынан көргім келеді. Негізі,

қандай атақты спортшылардың

түпкі тамырына үңіліп қарасаңыз,

солардың бәрі - ауылдан шыққан

адамдар. Сондықтан, біздің ауылдан

да қазақ елінің мерейін асқақтатып,

көк туымызды көкке көтеретін

жастар шығатынына мен сенемін, -

дейді ол.

Қазіргі таңда Данияр мен

Айнагүлдің екі баласы бар. Біреуі

3-сыныпқа көшсе, екіншісі биыл

мектепке дейінгі даярлық сыныбына

қабылданған. Бала саны аз

болса да, мектеп жаңартылған

білім жүйесіне көшкен.

Данияр мен Айнагүл тек

мектепішілік істерде ғана емес,

қоғамдық жұмыстарда да белсенді.

Түрлі шараларда, мемлекеттік

мерекелерде кештің сәнін кіргізіп,

түрлендіріп жібереді екен. Қазір

ол екеуінің қатысуынсыз ауылда

бір-бір шара өтпейтін болған.

- Болашаққа деген сеніміміз

мол. Алдымызға түрлі мақсаттар

қойып отырыз. Ол ең әуелі өз

мамандығымыз бойынша жақсы

жетістіктерге жетіп, шәкірттерімізді

жан-жақты етіп тәрбиелеу. Сонымен

қатар, алдағы күндері мал

шаруашылығын қолға алуды да

көздеп отырмыз. Бізге ауыл қатты

ұнады. Сондықтан тамырымды

енді ауылдан үзгім келмейді, -

деді Данияр.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!