16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл АЛТЫН БЕСІК

SARYARQA SAMALY

АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫ

Талайға үлгі болған

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Ертіс ауданының Үлгілі ауылын бетке алып, жолға шықтық.

Ондағы мақсатымыз - шалғайда жатқан ауылдың бүгінгі

тыныс-тіршілігімен танысып, халқымен жүздесу. Әуелгіде

сапарымыздың сәтті боларына күмәнданғанымызбен, Исадай

дүлдүлді өмірге әкелген елден құр алақан қайтпайтынымызға

сендік. Сенім алдамады.

КЕРЕК ДЕРЕК

• Ауыл 1928 жылы

құрылды.

• «Үлгілі» атауы 1929

жылы берілді.

• Ауыл халқының саны -

190.

• 2 шаруа қожалығы

бар.

• Мектепте 35 бала

білім алады.

• Ұстаздар саны - 21.

• Оңтүстіктен көшіп

келген 3 отбасы бар.

Тарих сыр

шертеді

Ауылдың кіре берісінен бізді

Иса Байзақов ауылдық округінің

әкімі Медет Әушенов қарсы алды.

Бірден ақынның атымен аталатын

ауыл мектебіне алып келді. Қарсы

алдымыздан қасқайып тұрған Иса

атаның ескерткішінің жанынан

тағзым етпей өту мүмкін емес

еді. Ескерткіш 1980 жылы бой

көтерген екен.

Осыдан кейін, бірден ішке

кіріп, қазақтың дара Исасының

мұражайына бас сұғып, әр жәдігерге

таңдана қарап тұрғанымызда біздің

қатарымызға ауылдың ардагер

тарихшысы Зейнеп Рахметжанова

келіп қосылды. «Бұл ауылда бұрын

ешкім тұрмаған» деп әңгімені

әрідан бастады қарт ұстаз.

- Оған ауылымыздың жерінің

ойпатты болуы себеп болса керек.

Әуелі осы ауылға жақын жерде

жардың үстінде Ұзынауыл деген

ауыл болған. Өкінішке қарай,

1928 жылы елімізде қуғын-сүргін

басталып, байларды тәркілеп, жер

аудару жүргізілген кезде ауыл да

жойылды. Себебі, Ұзынауылдың

байларының көбі Сібір орманына

жер аударылса, кедейлері аштықтан

қырылды. Осыдан бірнеше шақырым

жерде Төретұмсық деген жер бар.

Ол жерде Жошы ханның ордасы

болған деседі. Тарихи деректерге

сүйенсек, ХІІІ ғасырда Сұлтанбет

Сұлтан үлкен үлы Тортан және

Үкібаймен бірге осы маңайда тұрған.

1929 жылы елімізде әр жерден иен

далаға жұмысшыларды алып келу

басталып, қаңырап бос жатқан

далаға тіршілік нәрі жүреді. Содан

осы жылдың көктемінде ауылға

Үлгілі аты беріледі. Ал бұл атауды

Сомжүрек Анаев деген кісі қойған, -

деді З.Рахметжанова.

Бүгінде ауыл халқының саны

200-ге жетер-жетпес. Дегенмен

халқы бақуатты. Ең бастысы,

қаймағы бұзылмаған қазақ

ауылының берекесі мен бірлігі

жарасып тұр.

Қазір ауыл халқы 100 пайыз

таза ауызсумен қамтылған.

Балалар жаңартылған білім жүйесі

бойынша білім алады. Ауылдан

көшіп кетушілер аз, керісінше

осында көштің басын бұрып,

«тіршілік етуге қолайлы жер» деп

келетіндер көбейген. 40-тан астам

шаңырағы бар шағын ауылда

2 адам жеке кәсібін бастаған.

Ал мектепте оқитын 35 баланың

4-еуі биыл мектеппен қоштасса,

2020-2021 жаңа оқу жылында тағы

4 бүлдіршін мектеп табалдырығын

аттамақ.

Қарттарым,

аман-сау жүрші

Ауыл іргесі қаланғаннан бері,

құтты мекенінен жырақтамаған

ағайынды Әміржан мен Әмір

Нұркеновтерді бүгінде ауылдастары

үлгі тұтады. Бір аулада

ғасырға жуық бірге тұрып келе

жатқан олар бүгінде «би түсетін»

ақ ордаға айналған. Үлкені Әміржан

атаның жасы - 90-да. Ал кішісі -

Әмір ата – 80-нен асқан қария.

Әміржан атаның көзі көру

қабілетінен айрылғанымен, тың.

Немере-шөберелердің жетегінде,

аяулы жары Сәтіш апамен бірге

ұл-қызының амандығын тілеп отыр.

Балалық шағы соғыс жылдарымен

тұспа-тұс келген Әміржан ата

еңбекке тым ерте араласады.

10 жасынан бастап тылдағы ауыр

жұмыстарды атқарған қария небары

12 жасында адал еңбегі үшін

арнайы медальмен марапатталады.

Содан кейін де түрлі салаларда

бел жазбай еңбек еткен.

- Небір қиын күндерді бастан

кешірдік. Бізде балалық шақ деген

болған жоқ. Ойлап отырсам, бала

болып ойнамаған да екенбіз. Қазіргі

10 жастағы баланы қойып, 30-дан

асқандарды да өз еркінен тыс

еңбекке аралас-тыра алмайсың. Сол

қажырлы еңбектің арқасы шығар,

бүгінгі күнге жетіп отырғанымыз.

Аллаға шүкір, Сәтіш екеуіміз

5 ұл, 5 қыз көрдік. Бір ұлым

мен қызымды Аллаға қайтарып

бердім, қалған 8-і аман. Бүгінде

солардан немере-шөбере сүйіп

отырмын, - деді Әміржан ата.

Ары қарай, отағасының сөзін

жалғаған Сәтіш апа былай деді:

Ағайынды Әміржан мен Әмір Нұркеновтердің шаңырағы.

- Жастық шағымызда көрген

бейнетіміздің зейнетін осы балаларымыздан

көріп отырмыз. Текті

әулеттің келіні болғаныма, осы

шаңырақтың түтінін түтетіп, шағын

отауды ақ ордаға айналдырғаныма

бүгін сан мәрте шүкір етемін.

Абысыным Зәуқия екеуіміз бір

үйдің қызындай болып кетті. Осы

күнге дейін бір-бірімізге «сен»

деп бет қарасып көрмеппіз.

Әйелі тату үйдің берекесі артатыны

рас. Біздің бірлігіміз бен

татулығымызға қанық болып өскен

екі үйдің балалары да тура солай.

«Менің балам, сенің балаң» деген

әңгіме болмапты. Аллаға шүкір,

шалымыз екеуіміз «Гауһар тойымызды»

тойладық. Ғұмырымыздың

соңына дейін балаларымыздың

жамандығын көрмесек екен деген

арман бар, - деді С.Нұркенова.

Әкеден қалған қарашаңыраққа

ие болып, бүгінде өзі де қария

қатарына қосылған Әмір атаның

үйі де балалардың тәтті күлкісіне

толы. Есіктен кіре бере, жас-кәрісі

қалмай, емен-жарқын қарсы алған

үлкен әулеттің тарихын Әмір ата

әрі қарай жалғады.

- 1940 жылы осы ауылда

дүниеге келдім. Содан бері туған

ауылымнан жырақтаған емеспін.

Негізі мына екі үйді де әкеміз

өз қолымен салды. 1958 жылы

ағамның үйін тұрғызып, жеке

шығарса, қарашаңырақты 1961

жылы кеңейтті. Ол кезде мен

әскерде едім. Яғни, 1960 жылдың

сәуір айында Отан алдындағы

азаматтық борышымды өтеуге

кеттім. Бір қызығы, сол кезде

балаларымынң анасы Зәуқия екеуіміздің

шаңырақ көтергенімізге

7 ай болған еді. Заманның қатал

кезі, әкемді жарыма аманаттап, 3

жыл 3 айға әскерге кеттім. Сонда

біздің үйді әкем келінімен бірлесіп

салған екен. Сөйтіп, қос ұлына

екі баспана салып беріп, үйлібаранды

етіп, әкеміз 1967 жылы

өмірден өтті, - деді Әмір ата.

Бүгінде Зәуқия әжемен бірге

тәрбиелеп өсірген 8 баладан оннан

астам немере мен бірнеше шөбере

сүйіп отыр.

- Мен - осы Ертіс ауданының

Северный ауылының тумасымын.

Әкеміз соғысқа кеткеннен оралмады.

Әкем соғысқа кеткенде

мен анамның құрсағында қалған

екенмін. Сөйтіп, 4 баламен қалған

анам бізді өсіріп жеткізді. Кейіннен

Әмірге тұрмысқа шығып, берекелі

әулеттің анасына айналдым, -

деді Зәуқия әже.

Өткені мен кеткенін еске ала

отырып, ақ жаулықты аналар

қазіргі жастарға ақыл-кеңестерін

де айтып үлгерді.

- Отбасындағы татулық үлкенге

де, кішіге де тікелей байланысты. Ең

әуелі үлкендерді сыйлап, солардан

үлгі алса, кем болмайды. Қазір

жастар өздері үйленіп, өздері

ажырасып жатады. Бұл бүгінгі

бейбіт күндегі қарынның тоқтығы

мен көйлектің көктігін көтере алмау

деп ойлаймын. Балаларымызға

тынбай еңбек етіп, өз ұрпақтарының

ертеңін бүгіннен бастап ойлауды

жиі айтып отырамыз, - дейді

З.Нұркенова.

Атадан екеу болса да, үлкен

әулетке айналған ағайынды екеуге

ұзақ ғұмыр тіледік.

Таңдауым

«Үлгілі» болды

Сөз басында ауылда мал

шаруашылығымен айналысып,

жеке кәсібін бастаған 2 адамның

барын тілге тиек еттік. Соның

бірі – Құрманғазы Әбдіғазиев.

Ол отбасымен былтыр Шымкент

қаласынан көшіп келген.

- Ертіс-Баян өңіріне көшіп

Әбдіғазиевтер отбасы Шымкенттен Үлгіліге көшіп келді.

келмес бұрын, осы өлкені толықтай

зерттедім. «Оңтүстіктен-Солтүстікке»

бағдарламасы бойынша Шымкент

қаласына әр өңірден мамандар

келіп, оңтүстіктіктермен жекелей

үгіт-насихат жүргізді. Осыдан

кейін, Шымкент қаласындағы

жұмыспен қамту орталығында

жұмыс істейтін інім хабарласып,

күні ертең Павлодарға бір автобус

адам жолға шығатыны, олардың

алдын ала барып, жер шалатынын

айтты. Көп ойланбастан бірден

осы топқа қосылып, Павлодарға

жол тарттым. Сол сапарымда Үлгілі

ауылымен қатар тағы да бірнеше

ауылда болып, көріп кеткен едім.

Солардың ішінен осы ауыл ұнады, -

дейді Қ.Әбдіғазиев.

2018 жылы келіп, облысты көріп,

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!