16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

3 жыл

ТАНЫМ 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 9

Қос тұлғаның

ғибратты сөздері

Мәшһүр Жүсіп пен Әлкей Марғұлан - дана әрі дара

тұлғалар. Киелі Баянауланың жарық жұлдыздары.

Олар қазақтың бай әдебиетін, тарихы мен мәдениетін

ұрпағымен қауыштырып, ұлттық құндылықтарымызды

бүгінгі өркениетті дәуірімізге жеткізген

дала ғұламалары.

Мәшһүр Жүсіп мұражайында сақталған Әлкей

Марғұланның Мәшһүр Жүсіпке жазған хаты.

Мәшһүр Жүсіп әулие жазба

әдебиетінің, Әлкей Марғұлан

археологиялық ғылымның негізін

қалаған. Ағалы-інілі даналардың

мұраларының қауышқан жері ұлт

тарихы. Екеуі де жастайынан халық

мұраларымен әуестеніп, дархан

даланың асыл қасиеттерін бойына

сіңіріп өсті. Олар 5 жасынан

білімдар, зерек, алғыр болды.

Бабаларының асыл қасиеттерін

бойларына дарытқан қос алып,

қазақтың қисса-дастандарын,

батырлық, ғашықтық жырларымен

сусындап, ұлттық тарих пен

ғылымның негізін қалап кетті. Екеуі

де жер тарихын, ел тарихын, жеке

адам тарихын біртұтас сипатта

қарастырып, өзара тығыз қарымқатынастар

жүйесінде баяндайды.

Қос алып ғылымның көп саласын

меңгергендігіктен Алаш орда өкілдерінен

шоқтығы биік болды.

Атақ-даңқы алты алашқа жайылып,

әулие атанған қасиет иесі

Мәшһүр Жүсіп, ұлы ойшыл, фольклортанушы,

этнограф, тарихшы,

философ, қазақ мәдениеті мен

әдебиетінің шаңырағы. Мәшһүр

Жүсіп пен Хақан құрдас әрі үзеңгілес

жандар. Жиі кездесіп, дастарқандас

болған. Хақан серілік ғұмыр кешкен.

Шапық Шөкіұлы «Өмірдің төрт мезгілі»,

Естеліктер мен толғаныстар деген

кітабында: «Әкесі Хақанның (1857-1920

жж) жас кезінде Мәшһүр Жүсіппен

Баянауыл мектебінде бірге оқығанын,

арабша еркін оқып, жаза

білетін, қызықты кітаптарды жинап,

оны құмарта оқығанды, мағынамазмұнын

талдағанды жанындай

жақсы көретін кісі болғанын Әлекеңнің

өзі сан рет айтқан-ды. Жалпы

алғанда, ол өз дәуірінің көзі ашық

білікті адам болған»,- деп тамсана

жазады. Ал Әлкей Марғұлан болса

әкесі Хақан жайында: «Еңбекпен

өткен өмірім» деген ғұмырнамалық

кітабында былай деп жазады:

«Ескіше сауатты болумен қатар

шешекке қарсы емдейтін шолақ

мектепті бітіріп, емшілік кәсіппен

айналысқан. Мен ауырғанда екі

қолымды артыма байлап қойып,

әкем бір жұма қасымда отырып

қараған. Малы аз болса да, көзі

ашық, сезімтал, тарихи оқиғалар-

...Сізде ерте күннің әдемі сөзі көп екенін

мен әуелден білемін. Көп кісі алып, жоқ

қылып, ұшы-қиырын ұстатпай, сылаңдап

кеткенін және білемін. Бірақ, бар

дүниеңізге енді ие болыңыз. Кім көрінгенге

бере бермеңіз. Қолыңыз тиіп бос уақытыңыз

,,

болса, әңгімелерді ретке түсіріп баптай

беріңіз. Ол нәрсе түбінде далада қалмайды.

Оған оқушы да, сүйетін ие де табылады...

ды көп білетін кісі еді. Қоянды

жәрмеңкесіне барғанда кітапты

топ-тобымен әкеліп, мені қатты

қуантатын...». Сонымен бірге әйгілі

Олжабай батырдың ұрпағы Хақанның

ата бабалары да осал болмаған.

«Әлекеңнің бабасы Дулат

пен атасы Марғұлан да өздерінің

адамгершілік қадір-қасиетімен,

дүние танымымен абырой беделі

өлшеусіз өскен, қоғамдық жағыдайы

жоғары, мәртебелі, текті кісілер

болған. Дулат – қалың ел таныған

беделді би. Марғұлан қоғамдық

тіршіліктің, адамдардың қарым

қатынасын, тұрмыс-тынысының

аңлысын аңдап, түсініп, талдап

отыратын дана, әрқашан ақылға

жүгінетін кісі болғанға ұқсайды», -

деп Шапық Шөкіұлы еске алады.

Айдабол Олжабай батыр, Едiге

би, Қаржас Шорман би, Күлiк Көтеш

ақын, Өтемiс абыз, Қозған Түйте

әулие секiлдi адамдардың әулиелігі

мен болмысын ерекше сипаттаған

Мәшһүр Жүсіп, өзінің Жанақ деген

бабасын: «Құдай рахмет қылсын!

Жанақ деген кiсi жаралуы басқа жан

болыпты. «Қаһарлы Жанақ» атаныпты,

«Доғал оқ» атаныпты, «Ақ шолақ»

атаныпты. Заманында атын ешкiм

атай алмапты. «Жәке, Жәке» деумен

кетiптi. «Аттым» деген аузынан сөз

шықса, мал болсын, жан болсын

мұрттай ұшатұғын болыпты», -деп

жазады. Мәшһүр Жүсіп «Арғын-

Сүйіндік-Күлік туралы» деген шежірелік

деректерінде: «Күліктен шыққан

жүйріктен жүйрік озған емес. Шобалай

баласы Жаңабатырдан би асқан

емес. Күнту баласы Жанайдардан

шешен асқан емес. Жаңабатыр

баласы Жанақтан қасиетті ер асқан

емес. Жанайдар баласы Өтеміс

абыздан бір басты, екі аяқтының

әулиешілігі асқан емес. Көтеш

ақыннан ақын асқан емес. Күні кеше

Мұса, Секербай заманында Ақжігіт

ұғлы Ізден абыздың алдына қара

сөзде жан пар келмеген. Күліктің

бел баласы Ақылдың байлығы

үзілместен үрім-бұтағына бұл күнгеше

келді. Наурыздан туған Ақайдың

байлығы үзілместен үрім-бұтағына

бұл күнгеше келді. Мырзалықта

Ақай немересі, Санмырза баласы

Байғанадан мырзалық асырған қазақ

жоқ»,- деп өзінің ата-бабасы туралы

баяндай келе: «солардың батасы

болар», - деп ой түйеді. Мәшһүр

Жүсіп пен Әлкей Марғұланның осал

ұрпақ емес екені осыдан мәлім.

Мәшһүр Жүсіп пен Жаяу Мұсаның

мұраларымен сусындап, жетілген

Әлкей Марғұлан қазақ зиялыларының

ұлттық ұстанымдарының

майданында бірге қалықтады.

Бүгінгі өркениетті дәуірде тарих,

этнография, археология, әдебиеттану,

тіл білімі, фольклор, тұлғатану

саласында қалам тартқан әр жан

Мәшһүр Жүсіп пен Әлкей Марғұланның

мұраларынан нәр алмақ.

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген

ғылым қайраткері, ғалым – археолог,

этнограф, шығыстанушы, тарихшы,

филолог, қоғам қайраткері Әлкей

Марғұланның қолжазбалары ұлт

құндылықтарының шамшырағы.

Мәшһүр Жүсіп пен Әлкей Марғұлан

кездесіп қана қоймай, хат жазысып

тұрған. Сол кезеңнің боямасыз

шындығын жеткізген хаттар, екі

тұлғаның ғибратты сөздеріне

толы. Әлкей Марғұлан әулие ағасы

Мәшһүр Жүсіпке 1928-1929 жылдары

Ленинград пен Москвада,

Қара теңіз жағалауынан бірнеше

хат жазған. Бүгінде аталмыш

хаттар көптеген мәселелердің бет

пердесін ашып отыр. Ең бастысы

Әлкей Марғұланның ыстық ілтипаты

мен өтініштері, көмек сұраған

тұстары сол дәуірдің куәгері

болса, бүгінгі күннің сөз маржаны

мен рухани мәйегіміз болмақ.

Үлкенге деген құрметтің белгісінен,

Әлкей Марғұлан өз хаттарын әрдайым:

«Молдеке!», «Қадірлі Молдеке!»,

«Ардақты Мәшһүр ағайға!»,-

деп бастап «Бауырыңыз Әлкей», -

деп аяқтап отырған. Бұл сыпайылылық

пен мәдениеттіліктің белгісі

болса керек.

Халқымыздың сарқымас қазынасы

– ауыз әдебиеті мұралары

мен ел арасындағы қолжазбалар

қоры болмақ. Осы екі арнаның басын

қосып, жазба әдебиетінің

негізін қалаған Мәшһүр Жүсіптің

бай мұрасы, артында қалған

саналы ұрпақтың зерделеп оқуына,

зерттеуіне, мақтан тұтуына әбден

лайық. Мәшһүр Жүсіп: «...естігенін

ұмытпайтұғын құлағының тесігі бар,

кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ

жандар болған. Сондай жандардың

айтуымен кеудесі хат, естігені жад

болған қариялар кейінгіге ауыздан

ауыз алып айтумен үлгі-өсиет

қалдырған», - деп көне тарихтың

сыр-сипатын, шынайы болмыс-бітімін

ашып, рухани құндылықтарды терең

тануға тырысқан. Мәшһүр-Жүсіптің

мұрасы ғажайып құпия мен сырға,

тылсым тазалыққа, ақиқатқа және

адалдыққа толы. Ең бастысы ол

өміршең. Әлкей Марғұлан: «Сізде

ерте күннің әдемі сөзі көп екенін мен

әуелден білемін. Көп кісі алып, жоқ

қылып, ұшы-қиырын ұстатпай,

сылаңдап кеткенін және білемін.

Бірақ, бар дүниеңізге енді

ие болыңыз. Кім көрінгенге бере

бермеңіз. Қолыңыз тиіп бос уақытыңыз

болса, әңгімелерді ретке түсіріп

баптай беріңіз. Ол нәрсе түбінде

далада қалмайды. Оған оқушы да,

сүйетін ие де табылады», – деп

жанашырлық білдіріп, Мәшһүр Жүсіп

мұраларының сарқылмас қазына

екенін аңғартады. Мәшһүр-Жүсіптің

қаламынан шыққан әр саладағы

мазмұнды шығармалары-ескірмес

қазына. Бабалар тарихын, өзі

өмір сүрген уақытты сыршыл

да сыншыл бейнемен қағазға

түсіруі - қазақ тілінің алтын қорын

шашпай, оны қастерлеп, айырықша

бағалауының айғағы.

Әлкей Марғұлан көптеген тарихи

деректерді Мәшһүр Жүсіптен алып,

оған сүйеніп жазып отырған. Мәселен:

«Және сізден сұрайтын өтінішім

- мына төменде аталған кісілердің

мән-жайын, ата-тегін, қашан

туып, қашан өлгенін білесіз бе?

Бұлар да - сіздің замандас ақындарыңыз.

Білсеңіз, келесі хатта

солардың толық жайын жазып

жіберуіңізді өтінемін», - деп біраз

тұлғалардың есімдерін жіберген.

Енді бірде: «Мүмкін болса,

Кенесары жорығы жайынан есіңізде

қалған әңгіме болса, тез күнде

жіберуге тырысыңыз. Кенесарының

әсіресе, Атбасар, Қараөткел

төңірегіндегі аттаныстары, оған

Қуандық, Сүйіндік қалай қарады?

Шорман, Уәли, Қоңырқұлжа-Кенені

қалай көрді? Сейтен, Тайжан

әңгімесінің қызықты түрлері болса,

осыларды июннің 15-іне шейін алатын

ғып жіберуіңізді өтінемін. Кенесары

жайында бір нәрсе жазбақшы едім.

Соған осы сияқты мағлұмат аса

керек еді», - деп ағасынан көмек

сұрайды. Осыдан-ақ Мәшһүр

Жүсіп жинақтаған мұралардың

ұлт болашағының энциклопедиясы

екені, айтпасада түсінікті. 1940-41

жж. Әлкей Марғұланның «Мәшһүр

Жүсіп мұрасындағы түркі эпосы»

деген еңбегі жазылды. Онда Мәшһүр

Жүсіптің «мес» атты қолжазбалар

жинағын пайдаланғанын жазған, ата –

бабамыздан мұра болып жеткен

«Қозы Көрпеш Баян сұлу» жыры

қазақ эпосының ең көне нұсқаларының

бірі екені мәлім. Оның

бірнеше нұсқасы бар. Дегенмен

де Әлкей Марғұлан тек Мәшһүр

Жүсіп жинақтаған нұсқаны таңдаған.

«...Радловпен Қазанда басылған

«Қозы Көрпештен» сіздікі артық.

Шәкәрім мен Мұхтардікі - Жанақ

ақынның айтқанынан жазылған екен.

Онда сурет жағы күшті, сіздікінің

дәлелдері көп», деп рухани мұрамыздың

ұлылығын паш еткен жырды

зерттеп, өзіндік қортындысын

шығарған. Уақыт өткен сайын

Мәшһүр Жүсіп сынды ұлы тұлғаның

мұрасы құндылығын, қажеттілігін

жоғалтпай, барша адамзатқа рухани

азық болып ұрпақтан-ұрпақка ауыса

бермек. Бұған Әлкей Марғұланның

хаттары да куә: «...Маған жақсы

әсер қалдырды. Түбінде қазақ

әдебиетінің тарихы зерттелсе «зар

заман» ақындарының бірі болып,

сізде тарихтан орын алатын ретіңіз

бар көрінеді». Әлкей Марғұланның

қаламынан Ақан сері де

таса қалмады. «...Бұрын сардаланы

күңіренткен Ақан серінің

осы күнде ізі де жоқ. 19-інші

ғасырдағы қазақ елінің мәдениет

көркі Ақан сері еді. Сол Ақан серіні

ұғынбаған сияқты, біз сіздің өміріңізді

де ұға алмаймыз»,- деп

Мәшһүр Жүсіп есімінің көп жылдар

қызыл террор құрсағында қалатынын

меңзеп тұрғандай.

Әлкей Марғұлан хаттарында

өзінің де жағыдайын төмендегідей

баяндап өтеді: «Қадірлі молдеке,

сіздің хатыңызды алғалы

бірсыпыра уақыт болса да, екі

жұмадай сырқаттанып, жауапты

тез қайыра алмадым. Қазірде

тұрмысым, тіршілігім онша жаман

емес: «Жусаннан аласа, бетегеден

биік» болып жүрген жай бар».

Әлкей Марғұлан мен Дихан

Әбілевті алғашқы Мәшһүртанушылар

десек қателеспеген болармыз.

Себебі, Дихан Әбілев -

кеңес үкіметінің қызыл найзасынан

қамықпай, Мәшһүр Жүсіптің

қиратылған зираты мен шығармашылығы

туралы сөз қозғаған

жан. Ал Әлкей Марғұлан, Мәшһүр

Жүсіптің мұраларын жинақтап қана

қоймай, Қазақ ғылым академиясына

да тапсырып отырған. Ол

көптеген қолжазбаларды Мәшһүр

Жүсіптің өзінен алса, біразын

Мұхаммед Шарафиден мен

Мұхаммед Фазылдан алғанын мақтанышпен

баяндайды. Қоғамдағы

болып жатқан өзгерістер мен саяси

әлеу-меттік құбылыстардың бәріне

де Мәшһүр Жүсіп үн қосып отырған.

Бұл жөнінде Әлкей Марғұлан:

«Мәшһүрдің жазғандары жеке

өмірдің жыры, не өз басының жыры

емес, Мәшһүр не жазса, көбінесе

бұқара тұрмысынан алып, ылғи

кедейлердің мұңын жазатын ақын

болған», - деп орынды бағасын

берген болатын.

Әлкей Марғұлан мен Мәшһүр

Жүсіптің соңғы кездесуі 1926 жылы

болған. Екеуі де қимастықпен қоштасып,

алда бір өзгерістің келе

жатқанын сезінгендей болса керек.

Қалай дегенмен де екі ғұламаның

хаттарын оқи отырып, ұлылардың

биік мақсатын түсінуге болады.

Әсет ПАЗЫЛОВ,

Баянауыл ауданы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!