16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ТАЛБЕСІК 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл 5

ҚҰРЫЛЫС

ЖАСТАР

Жұмыс жүйелі

жүргізілуде

Басы 1-бетте

Ертіс ауданында жүргізіліп жатқан

ауқымды істің бірі – халықты

100 пайыз таза ауызсумен қамту.

Бұл мақсатқа толығымен келесі

жылы жетеміз дейді аудан әкімі

Аян Бейсекин.

- Бүгінде аудандағы 10 ауыл

Беловод топтық су құбырына

қосылды. Бұл су пайдаланушылар

үшін тарифті субсидиялауға мүмкіндік

беріп отыр. Бұған дейін ауыл

тұрғындары тұтынған судың әр текше

метрі үшін 300 теңге төлеп келсе,

жақын уақытта төмендетілген мөлшерлемемен

төлейтін болады, -

деді А.Бейсекин.

Аудан әкімінің айтуынша, таза

ауызсумен қамтылатын 4 ауылдың

бірі – Ағашорын ауылдық округі.

Халық саны 700-ге жуықтайтын

ауылда барлығы 175 аула бар.

- Бұл істі «Нұрай Строй» ЖШС

құрылыс компаниясы жүзеге асыруда.

Бұл мақсатта мемлекеттік

бюджеттен 470 млн. теңге бөлінген

болатын. Осы жылдың күзіне

дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мұнда «Ауыл -

ел бесігі» бағдарламасы аясында

мамыр айынан бастап 100 орындық

мәдениет үйі жаңадан бой көтеруде.

Құрылыс жұмысын «КазЕвроСтрой»

ЖСШ жүргізіп жатыр. Мәдениет

үйінің құрылысына 109 млн. 257 мың

теңге бөлінген. Жоспар бойынша

қазан айында барлық жұмыс аяқталып,

қолданысқа берілуі керек.

Аталмыш мәдениет үйіне ауылдағы

медицина пункті, пошта және басқа

да бірнеше мемлекеттік мекемені

топтастыру көзделуде, - дейді

аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан орталығында

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020»

бағдарламасы аясында

24 пәтерлі, 2 қабатты 3 тұрғын

үйдің құрылысы қарқынды жүріп

жатыр. Бұл мақсатқа 680 млн.

теңге бөлінген. Осылайша, ауданда

тұрғын үй кезегінде тұрғандардың

саны 30 пайызға қысқармақ.

- Бұл пәтерлер аз қамтылған,

көпбалалы отбасылар мен үй

кезегінде тұрған жас отбасыларға

беріледі. Бұдан бөлек, ауданда екі

пәтерлі он тұрғын үйдің де құрылысы

басталған. Оның алтауы - аудан

орталығында, екеуі - Қызылқақ

ауылында, бір-бір үйден Бұланбай

мен Ұзынсу ауылдарында салынуда.

Бұл үйлер Қазақстанның

жұмыс күші мол аймақтарынан

«Еңбек» бағдарламасы бойынша

көшіп келген адамдарға беріледі, -

деді ол.

Аталған құрылыс жұмыстарына

жұмыспен қамту орталығында

кезекте тұрған тұрғындар тартылып

отыр. Мәселен, 2 қабатты 3 үйге

орталықтың нұсқауымен 32 адам

келіп, еңбекпен қамтылған.

Айта кетерлігі, әлеуметтік-экономикалық

бағытын тең ұстап,

халықтың жағдайын жасауда тынбай

еңбектеніп жатқан ауданға

еліміздің Оңтүстігі мен шеттегі

қандастарымыз да көптеп көшіп

келуде. Мәселен, 2019 жылы

91 адамнан тұратын 25 отбасы

Исаның еліне қоныс аударса, биылғы

жарты жылда 93 адамы бар

18 жанұя келген. Олардың 2-еуі -

оралмандар. Қазіргі таңда қоныс

аударушылардың 44-і тұрақты

жұмысқа орналасса, 46 баланың

23-і мектепке, ал 23-і балабақшаға

барған. Ал қалған үшеуі - студент.

Сонымен қатар, көшіп келген

12 адам «Бастау-Бизнес» бойынша

білім алып, оның 9-ы арнайы

гранттарға ие болып, өз кәсібін

бастауға мүмкіндік алған. Мұнда

шеттегі қазақтар мен еліміздің

Оңтүстігінен келетін көш легі әлі

де жалғасын таба бермек.

Жаңа бағытта дамып, гүлденіп келе жатқан Ертіс

ауданының жастары да белсенді. Білім жолына түсіп,

жырақта жүргендер мен сонда тұрып жатқан әр

ертістіктің арманы - туған жерінің көркеюі.

Ертістің

ертеңі – жастар

Былтыр аудандық «Жастар бастамаларын

дамыту» орталығының

белсенділері ауыл ішін көріктендіру

бойынша, тың бастаманы қолға

алыпты. Ауыл бюджетінен бөлінген

қаржыға 200 түп алма ағашын отырғызып,

тұрғындарға «Алмалы бақ»

демалыс орнын сыйға тартқан.

- Бүгінгі таңда, Ертіс ауылының

«Жасыл ел» еңбек жасағының

сарбаздары «Алмалы бақтың»

күтімін өз міндеттеріне алды.

Күніге осында келіп, көшеттерді

суарып, түбін әктеп, арам шөптерден

тазалап отырады. Алғаш алма

ағаштарын отырғызған кезімізде

агрономдар 3 жылсыз өнім бермейтінін

айтқан еді. Бірақ, алма

ағаштарының гүлдеуі біз күткеннен

де ерте болды. 200 түп ағаштың

тек 20-ға жуығы ғана жерсінбесе,

қалғаны бүршік атып, алды гүлдеп

үлгерді. Біз үшін ауылымызды көркейтіп,

ерекше келбеткен енуіне

үлес қосу перзенттік борышымыз

деп білемін, - дейді аталмыш орталықтың

басшысының міндетін

атқарушы Мәдина Кәденова.

Дәл осы «Алмалы бақтың»

жанында спорт алаңы мен балалар

саябағы бой көтеруде. Аудандық

ішкі саясат бөлімінің басшысы

Алтынай Тілеуованың айтуынша,

бұл жер ертістіктердің ең сүйікті

орнына айналады.

- Спорт алаңына жаттығуға

арналған құрылғылар орнатылып,

баққа орындықтар қойылады.

Сонымен қатар, бұл жерлерге

толықтай жарық жүйесі тартылып,

тегін Wi-Fi іске қосылады. Бұл

жұмыстардың барлығы осы жылдың

күзіне дейін аяқталуы керек, -

деді А.Тілеуова.

Жастардың бос уақытын тиімді

пайдаланып, оны ел игілігіне жұмсауда

ертістік жастар белсенді.

Олар биылғы «Волонтер жылы»

аясында «Таза Ертіс» жобасын

қолға алған. Бұған, Ертіс өзенін

жағалай орналасқан елді мекендердің

барлығы қатысады. Сонымен

қатар, елдегі Төтенше жағдай

кезінде жастар ауылдағы аз қамтылған

отбасыларға, жетімдер

мен қарттарға көмекке келген. Алдағы

уақытта мұнда қайырымдылық

шарасының жаңа кезеңі басталмақ.

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

Бір отбасының

берекеті

Былтыр аудан бойынша жаңа

бизнес жобаларға 50 млн. теңге

қаржы бөлініпті. Соның ішінде

29 жасқа дейінгі жастарға 200 АЕК

көлемінде 30 мемлекеттік грант

берілсе, мүгедек, көпбалалы, аз

қамтылған отбасыларға 200 АЕК

көлемінде 15 грант ұсынылған.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің

басшысы Гүлвиза Қалижанованың

айтуынша, қосымша ұлттық

қордан бөлінген қаржыға дәл

осындай көлемде тағы да 35 грант

беріліпті.

- Халықтың тұрмыс жағдайын

жақсартуға бағытталған мемлекеттік

бағдарламаларды тиімді пайдалану

жүйелі түрде атқарылып

келеді. Өткен жылы грантқа ие

болғандардың арасында - көпбалалы

13, мүгедек 3, аз қамтылған

1 адам бар. Сонымен қатар,

«Бастау-Бизнес», «Жас кәсіпкер»

бағдарламалары бойынша 185 адам

білім алды. Бұл жұмыс биыл

да өз жалғасын тапты, - дейді

Г.Қалижанова.

Былтыр «Бастау-Бизнес» бойынша

1 айлық курстан өтіп, бүгінде

бағдарламаның рақатын көріп отырған

жанның бірі – көпбалалы ана

Алмагүл Раздықова.

- Өткен жылдың шілде айында

200 АЕК көлеміндегі грантқа ие

болдым. Оған 2 сиыр сатып алдым.

Биыл оның біреуі төлдеді. Қазір

екі сиырдан күніне 10 литрге жуық

сүт аламын. Одан қаймақ-май,

айран, құрт-ірімшік, қоспа жасап,

артылғанын сатамын. Өзімнің 6

балам бар. Жолдасым аудан

орталығындағы туберкулезге қарсы

Аудан әкімшілігі өзінің жеке кәсібін бастауды армандайтын

кез келген адамға көмек қолын созуға дайын.

Үйінде екі қолға бір күрек таппай, жалданып қызмет

етіп жүрген тұрғындар мен белсенді жастарға мемлекеттік

бағдарламалар арқылы оқып, гранттар мен

несиелер алуына жол ашып отыр.

емдеу мекемесінде күзетші болып

қызмет етеді. Өзім бұған дейін

шағын орталықта және қарттар

үйінде еңбек еттім. Өкінішке қарай,

екі ұйым да жабылып қалды. Содан

кейін еңбек биржасына кезекке

тұрып, қоғамдық жұмыстарды

істеп жүрдім, - дейді А.Раздықова.

«Бастау-Бизнес» бағдарламасы

отбасымды қаржылық дағдарыстан

шығарды» деген көпбалалы ананың

үлкен ұлы жуырда ғана ПМПУ-ді

тәмамдап, дипломын қолына алған.

Бір ұлы әскерде Отан алдындағы

азаматтық борышын өтеп жатса, бір

перзентінің мүмкіндігі шектеулі. Ал

қалған балалары мектеп жасында.

- Аллаға шүкір, қазір балаларымның

аузы аққа жетіп, дастарқанымыз

толып отыр. Мемлекет тарапынан

жасалып жатқан көмектің арқасында

талай отбасы тіршілігін

түзеп, қолдары ұзарып жатқаны

белгілі. Екі сиырдан алған өнімнің

балаларымнан артылғанын сатып

отырмын. Осының арқасында

қалада оқыған балам да

қаржыдан қысылмады. Қазір, ірі

қара ұстамайтындардың бәрі сүт

тағамдарын сатып алса, бізде

бәрі тегін. Бұл да балаларымның

несібесі. Осы екі ір қараны өсіріп,

мал басын арттыруды жоспарлап

отырмын. Алдағы уақытта дәл

осындай арнайы жобалар іске

қосылып, бізге тағы да мүмкіндік

беріліп жатса, қуана қатысамын, -

дейді ол.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында

онлайн оқудың 1-кезеңін

САН ДЕРЕК

• Ертіс ауданы халқының

саны – 15,9 мың адам.

• Оның ішінде қазақтар –

9,5 мың адам.

• Зейнеткерлер – 2724.

• ҰОС ардагері - 1.

• Орта білім беру мектептері

– 26.

• Балабақша – 2.

• Шағын орталық – 21.

• Шағын және орта

бизнес субъектілері –

980.

40 адам тәмамдаған. Жалпы, биыл

ертістіктерге 60 мемлекеттік грант

беру жоспарланған. Қазіргі таңда

200 АЕК көлемінде 9 грант өз

иесін тапқан.

Ертіс ауданы.

Бетті әзірлеген - Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!