16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ТУРИЗМ

Баянауыл курорттық аймағындағы

демалыс үйлерінің 60%-ға жуығы маусымның

ашылуына дайын емес.

Дені дайын емес

39 демалыс үйінің 23-і коронавирус пандемиясы

жағдайында туристерді қабылдауға дайын болмай

шықты. Баянауылдағы барлық туристік базаларды

аралап шыққан мониторинг тобы тексерісінің нәтижесі

осындай.

Арнайы мониторинг тобының құрамына санитарлық

дәрігерлер, жергілікті атқарушы органдар мен

жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сонымен

қатар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері

енді. Олар көптеген туристік базалардың дайындық

актілері және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат

алмағандығын анықтады. 10 демалыс үйінде әлі де

жөндеу немесе құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстар барысында қонақтарды қабылдауға

тыйым салынған.

Алайда бақылау тобы анықтаған негізгі бұзушылықтар -

жылу көрсеткіштердің, санитайзерлер мен дезинфекциялық

құралдардың болмауы. Осылайша, кәсіпкерлердің

өздері демалушылардың қауіпсіздігіне деген ортақ

жауапкершілікті елемей отыр.

Туристік базалардың төмен дайындығы және

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес

келмеуі жағдайында Баянауыл курорттық аймағында

демалыс үйлерін ашу бүгінгі күні мүмкін емес. Оған

қоса Павлодар облысында күн сайын коронавирус

ауруының жаңа жағдайлары тіркелуде. Тек 8-13 маусым

аралығының өзінде өңірдің 78 тұрғынында COVID-19

диагнозы расталды. Коронавирус жұқтырғандардың

саны алты күнде 29,1%-ды құрады.

Туризм және спортты

дамыту басқармасы

COVID-19

Бейқамдық

танытуда

Аймақта коронавирус жұқтырушылардың

қатары күрт артуда. 15 маусымдағы

жағдай бойынша қауіпті індетті 395 адам

жұқтырған. Оның ішінде, 46-сында симптомсыз

вирус анықталған.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Павлодар облысының бас санитар дәрігері

Батырбек Әлиевтің сөзінше, науқастардың 209-ы

Екібастұз қаласында, 174-і Павлодар қаласында,

2-і Ақсу қаласында, 4-і Баянауыл ауданында, 3-і

Павлодар ауданында тіркелген.

Осы жылдың 8–14 маусым аралығында өсім көрсеткіші

39,5 пайызды құрады. Ал өткен аптада, яғни

1-7 маусым аралығында бұл көрсеткіш 36,7 пайызға

тең болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының

міндетін атқарушы Біржан Досмайыловтың айтуынша,

үй карантинінде 414 адам жатыр. Қазір облыс

бойынша 56 мың 243 адам тексеруден өткен. Оның

ішінде, 395-інде қауіпті індет анықталды. Стационарда

139 науқас ем қабылдауда. Өкінішке қарай, олардың

қатарында 8 бала бар. Ауыр халдегі науқастардың

саны – 17. Бір науқас өте ауыр халде жатыр. Бұдан

бөлек, 4 науқас жасанды таныс алу құрылғысына

қосылған.

COVID-19 жұқтырғандардың ішінде 186 адам

ауруларынан айығып, үйлеріне жіберілді. Өкінішке

қарай, бүгінге дейін 12 адам коронавирустан қайтыс

болды. Оның ішінде, Павлодар қаласының 8, Екібастұз

қаласының 3 және Баянауыл ауданының бір тұрғыны

бар. Көз жұмғандардың ең үлкені - 85 жаста, кішісі

49 жаста болды. Қайғылы жағдайдың орын алуына

науқастардың бойында өзге де созылмалы аурулардың

болуы себеп. Мұндай белгілер олардың денсаулық

жағдайын одан бетер ауырлата түсті.

- Өкінішке қарай, өңір тұрғындары әлі де қарапайым

санитарлық талаптарды сақтамай келеді. Көпшілігі

көшеде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде

медициналық бетперде тақпай жүр. Белгіленген

арақашықтықты да сақтамайды. Осы жағдайлардың

барлығы COVID-19 вирусын жұқтырушылардың қатарын

арттырып отыр, - деді Біржан Досмайылов.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта коронавирусқа

шалдыққандарды емдейтін стационарда науқастарға

арналған орын саны арта түсетінін айтты.

Б.Әлиев Баянауыл ауданындағы туристік аймаққа

блок бекеттер орнатылып, демалушылардың келуіне

шектеу қойылғанын растады. Осы аптада облыстық

штабтың жиыны өткізілмек. Аталған ауқымды отырыста

карантиндік шаралардың күшейтілуі мәселесі қаралады.

Өсім мен түсім

таразыланды

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Облыс әкімдігінде аймағымыздың биылғы бес айдағы әлеуметтік-экономикалық даму

көрсеткіштері сараланды. Осы ретте, төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың

экономикаға әсері сөз болды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен

аталмыш жиында алдағы жартыжылдық қорытындысы бойынша әлі де қол жеткізілуі

тиіс тұстар талқыланды.

Облыстық экономика

және бюджетті жоспарлау

басқармасының басшысы

Ирина Назарчуктың мәлімдеуінше,

бес айда өнеркәсіп

саласында өсім былтырғымен

салыстырғанда 4 пайыздан

асқан. Мұндай оң көрсеткішке

тау-кен секторындағы

айтарлықтай өсім себеп

болған. Сәйкесінше, өнеркәсіптің

өсімі Екібастұз қаласы

мен Тереңкөлде байқалып

отыр. Ал Павлодар қаласы,

Баянауыл және Павлодар

аудандарында, керісінше,

төмен. Ауыл шаруашылығында

өнім көлемі 1,9 пайызға

артқан. Әсіресе, мал шаруашылығының

үлесі басым.

Бұл салада барлық ауданқаланың

ұпайы түгел. Тек

Ақсу мен Шарбақтыда өткен

жылғыдан аз. Құрылыста

облысымызда 33,2 млрд.

теңгенің жұмысы атқарылған,

өткен жылдың бес айындағы

көрсеткіштен 2,7 пайызға

жоғары. Мұнда Успен мен

Павлодар аудандарында өсім

бар. Тереңкөлде төмендеген.

Облыста 64,5 мың шаршы

метр тұрғын үй қолданысқа

берілген, оның 80 пайызға

жуығы тұрғындар есебінен

орындалып отыр. Негізгі

капиталға тартылған инвестиция

көлемі 97,2 пайызды

құрады. Павлодар, Екібастұз

қалалары мен Ақтоғай,

Павлодар, Тереңкөл, Железин

аудандарында құйылған инвестиция

өскен. Ақсу қаласы

және 4 ауданда төмендепті.

И.Назарчук ішкі сауда және

көлік пен қойма қызметінде

көрсеткіштің кемігенін атап

өтті.

- Жалпы, облыста соңғы

бес айдың көрсеткіштері оң

қарқынның сақталғанын көрсетіп

отыр. Тек сауда, көлік,

қойма, қонақүй бизнесі,

қоғамдық тамақтану салаларында

жұмыс істейтін

субъектілерде төмендеген.

Яғни, осы салалар төтенше

жағдай кезінде көбірек зардап

шекті, - деді облыс әкімі.

Басқарма басшысы алты

ай қорытындысы бойынша

орындалмау қаупі бар салалар

айтылды. Құзырлы органның

мәлімдеуінше, құрылыс

жұмыстары, инвестиция

көлемі, ішкі сауда және көлік

пен қойма қызметі секторында

тиісті индикаторларға

қол жеткізу үшін тыңғылықты

тірлік керек. Мәселен, инвестиция

көлемі 100 пайызға

жетуі үшін әлі де 43 млрд.

теңге тартылуы қажет. Көлік

пен қойма секторында

жарты жылда көрсеткіш

82 пайыздан аспайды деп

болжануда. Жалпы, негізгі

қауіп инвестиция мен құрылыс

салаларында болып тұр.

Мұндай келеңсіздіктерге жол

бермеу үшін аймақ басшысы

көрсеткішке «салқыны» тиюі

мүмкін әрбір тұсты жеке

талдап, резервтерді нақтылауды

тапсырды. Аудан-қала

әкімдері 6 айдың қорытындысы

бойынша тиісті көрсеткішке

жету мүмкіндіктері барын

атап өтті. Тек Май ауданы

басшылығы инвестиция мен

құрылыс бойынша өткен

жылғы көрсеткіштерге жету

мүмкін еместігін алға тартты.

Облыс әкімі Ә.Сқақов әлі де

нақты шаралар қабылдап,

барынша жоғарылатуға күш

салуды тапсырды.

Аймақ басшысы жергілікті

өндіріс орындарын жүктеу

бойынша арнайы комиссия

жұмыс істеуі тиіс, деді. Яғни,

аймағымыздағы кәсіпорындардың

өнімдерін өткізуде

байланыстар орнатуда қолғабыс

жасалады. Бір сөзбен

айтқанда, ішкі нарықтың

қарқын алуына жол ашылып,

қазақстандық өнімге басымдық

берілуі қажет. Өндірісте

теміржол кластерінде түйткілдер

бар көрінеді. Бүгінде

осы бағытта құзырлы министрліктермен

келіссөздер жүргізілуде.

Жиында облыс қазынасының

жайы да сөз болды.

Облыстық қаржы басқармасының

басшысы Мақсат

Тұрлыбаевтың айтуынша,

бюджеттің кіріс бөлігі 8,7 млрд.

теңгеге асыра орындалған.

Жоспардың асыра орындалуына

жеке табыс салығы

мен коропоративтік, мүлік

салықтары, акциз оң әсерін

тигізген. Яғни, кейбір салаларда

жалақының өсуі,

берешектерді қайтару бағытындағы

жұмыстардың жүйелі

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

жүргізілуі нәтиже беріпті.

Жалпы, бюджеттің 57 кіріс

көзінің тек алтауы бойынша

ғана жоспарға қол жеткізілмеген.

Атап өтер болсақ,

сыртқы жарнама орналастыруға

байланысты төлем.

Қосымша салық түрі ретінде

енгізілген бұл кіріс көзі

көп аудандарда тиісінше

қолданылмайтын көрінеді.

Әкімшілік айыппұл бойынша

да жоспар орындалмады,

деді М.Тұрлыбаев. Алайда,

аймақ басшысы дәл осы

құқықбұзушылыққа қатысты

айыппұлды жоспарлау қисынға

келмейтінін кесіп айтты.

Сонымен қатар, төтенше жағдайдың

енгізілуіне байланысты

коммуналдық меншіктегі

мүліктен түсетін түсім де

төмендеген.

Қазынаның шығыс бөлігіне

келетін болсақ, 119,9 млрд.

теңге игерілген. Бұл – 97,4 пайыз.

3,2 млрд. теңге игерілмеуде.

Оның 253,9 млн. теңгесі

– үнемделген қаржы.

Игерілмеу себебі ретінде

жұмыстардың кестесінен

кешігіп атқарылып жатқаны

айтылды. Басым бөлігі -

«Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы

аясында бөлінген қаражат.

Коммуналдық шығындарға

әлеуметтік көмек ретіндегі

төлемге өтініштің тым баяу

берілуінен де бөлінген қаржы

толық игерілмеуде. Кейбір

жобалар бойынша қаржының

уақытылы игерілмеуіне

мердігердің жұмыстарды

сапалы атқармауы да себеп.

Өйткені, тапсырыс беруші

ескертулерді жоймайынша

қаржының аудармайды.

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов бастысы мемлекет

қаражаты тиімді жұмсалуы

керектігін тағы бір мәрте

ескертті. Яғни, бөлінген

қаржының түпкі нәтижесін

тұрғындар сезіну тиіс, деді.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!