16.06.2020 Views

16 маусым, 2020 жыл №66 (15536)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 16 маусым, сейсенбі, 2020 жыл САУАЛ - СІЗДЕН

SARYARQA SAMALY

Құрметті оқырман! Шешімін таба алмай жүрген сұрақтарыңыз болса,

«Сауал-сізден» айдарына жолдай аласыздар. Толғандырған сауалдарыңызды

білікті мамандарға қойып, жауап іздейтін боламыз. Мекемелердің

табалдырығын тоздырмас үшін, үйде отырып-ақ толық мағлұматқа

ие болғыңыз келсе, төмендегі телефон нөмірлеріне сұрақтарыңызды

жолдаңыздар!

Беттің үйлестірушісі -

Айдана ҚУАНЫШЕВА

8 (701) 131-69-00

8 (7182) 66-15-31

Дипломды қалай

қорғайды?

Жансұлу, Баянауыл ауданы:

- Тұңғышым биыл Toraighyrov University оқу орнын тәмамдайды.

Қазір мемлекеттік емтиханға дайындалып, дипломдық жұмысымен

айналысуда. Баламыз дипломдық жұмысты қалай қорғайды?

Ата-анасы болғандықтан алаңдап отырмыз.

Toraighyrov University ректоры Мейрам БЕГЕНТАЕВ жауап

береді:

- ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы сессия кезінде

бакалавриаттағы студенттер мен магистранттар үшін емтихан

тапсырудың 4 түрін ұсынды. Яғни, олар онлайн негізде жазбаша,

«ZOOM» бағдарламасы арқылы ауызша, қашықтан, үй жағдайында

«ашық кітап» жүйесімен тапсыра алады және ағымдағы оқу

үлгерімі бойынша да баға қойылады. Бұдан бөлек, «Telegram»

және «WhatsApp» желілері де көмектесетін болады. Жазбаша жұмыстар

«Turnitin» жүйесі арқылы тексеріледі. Интернетке және өзге де коммуникация

құралдарына қолжетімділігі жоқ студенттер үшін емтихан мерзімі

күзге шегеріледі. Дипломдық жұмыстар да қашықтан қорғалады. Сондықтан

алаңдауға негіз жоқ.

Үйден алу мүмкін емес...

Қасен, Павлодар қаласы:

- Бұған дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары және

облыс орталығындағы Кривенко көшесі, 25-үй мекенжайында

орналасқан «Open Pavlodar» мекемесі арқылы 5 минуттың ішінде

электронды цифрлық қолтаңбаны алатын едік. Елімізде төтенше

жағдай режимі аяқталғаннан кейін, халыққа қызмет көрсету

орталықтары қызметтің жаңа форматына көшті. Өкініштісі,

ЭЦҚ-ны әр адам өздігінен алатын болған. ХҚКО-ға барғанымда

мамандар бұдан былай бұл қызметті атқармайтынын айтты.

Өкінішке қарай, үйде отырып ЭЦҚ-ны алу мүмкін емес. Компьютерде

немесе ноутбукте арнайы фотоға түсіретін веб-камера

болуы керек екен. Бұл жағдайда не істеуге болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорациясы

Павлодар облысы бойынша филиалының баспасөз

қызметкері Мейрамгүл ЕСІМОВА жауап береді:

- Өтінішіңіз орынды. Төтенше жағдай режимінен кейін

ЭЦҚ-ны беру қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығынан

алынып тасталған болатын. Бірақ тұрғындарға аталмыш

қызметті өздігінен алу қиынға соққандықтан, мамандар

қайта көрсете бастады. Сіз облыс орталығындағы Кривенко

көшесі, 25-үй мекенжайындағы орталықтың мамандарына

жүгіне аласыз. ХҚКО-дан алу үшін алдын ала электронды негізде egov.kz

порталы арқылы кезекке тұру қажет. Өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз

бен флешка әкелу шарт.

Рульді ауыстыру керек пе?

Сәния, Май ауданы:

- Армениядан әкелінген көліктердің

елімізде жүруіне рұқсат берілгенін

естідік. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне

дейін тіркеп үлгеруіміз керек екен.

Әкемізге сатып әперген техниканың

рулі оң жақта. Оны ауыстырмай, темір

тұлпарды тіркей аламыз ба?

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші

орынбасары Жасқайрат Қайыров жауап береді:

- Егер армян көлігінің рулі оң жақта болса, алдымен оны сол

жаққа ауыстыру қажет. Мұндай жұмыс аккредиттелген зертханаларда

жүргізіледі. Олар Алматы және Астана қаласында

орналасқан. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақтың

құрамына енетін елдер де жасатуға болады. Мамандар

рульді сол жаққа орналастырған соң ғана, көлікті тіркей

аласыздар.

ҰБТ-да тәртіп қалай сақталады?

Сара, Баянауыл ауданы:

- Тұңғышымыз биыл 11-сыныпты бітіреді. ҰБТ-ны аудан орталығына барып

тапсырады. Коронавируске байланысты сақтық шаралары қалай ескеріледі?

Бұл жағдай балаларға қысым келтірмей ме? Әке-шешесі болғандықтан,

уайымдап отырмыз.

Сауалға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам

БОЛАТХАНҰЛЫ жауап береді:

- Биыл ҰБТ-ның форматы өзгертілмеді. Тек қана санитарлық талаптар

күшейтіледі. Балалар аудиторияға келген кезде арақашықтықты сақтауы

керек. Түлектердің аяқ киіміне дейін залалсыздандыру жұмыстары

жүргізіледі. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қатысушылар медициналық маска мен

қолғап киеді. ҰБТ кезінде ата-аналарға айтатын өтінішіміз бар. Есіктен

сығалап, балаларды күтудің қажеті жоқ. Биыл ҚР Білім беру министрлігі

балалардың тест тапсыру сәтін онлайн тамашалауға мүмкіндік бермек.

Бәріміздің де уайымдайтынымыз рас. Бірақ елдегі пандемияға байланысты жағдайды

ушықтырмауды сұраймын. Биыл 700-дей бала шалғай ауылдардан тасымалданады.

Олардың қауіпсіздігі үшін арнайы көліктер қарастырылды.

Кәсіп ашқым келеді

Айгүл, Тереңкөл ауданы:

- Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Еңбек» бағдарламасы

туралы көп естіген едім. Еліміздегі төтенше жағдай режимі

кезінде көптеген мекемелер жұмысын тоқтатқан соң, толық

мағлұмат ала алмадым. Карантин режимі кезінде «Еңбек» бағдарламасына

қатысуға мүмкіндік бар ма? Әлді үміткерлер уақытша қабылданбай ма?

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы басшысының орынбасары Хелуа ҚАШКЕНОВА

жауап береді:

- «Еңбек» бағдарламасына қатысуда ешбір мәселе туындаған емес.

Бағдарлама бойынша өтініштер қабылданады. Бұл ретте толық ақпарат

облыстық әкімдік пен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының сайтында жазылған. Сонда көрсетілген

телефон нөмірлері арқылы мамандардың кеңесіне жүгінуге болады. Одан

басқа жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуға болады.

МРТ-дан өтсем деймін

Айна, Павлодар қаласы:

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тексеруден

тегін өтуге болатынын білеміз. Тұрғылықты мекенжайым бойынша

тіркеуде тұрған емхана дәрігерінен МРТ құрылғысына жолдама сұраған

едім. Маған рұқсат берілмеді. Не істеуім керек?

Сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша директоры

Нұрлан ҚАСЫМОВ жауап береді:

- МРТ және КТ құрылғыларынан тек дәрігердің жолдамасы арқылы

ғана өте аласыз. Егер дәрігер денсаулығыңызға осындай тексеру қажет

деп тапса, арнайы жолдама беруі керек. Бәлкім сіздің жағдайыңыз жақсы

шығар. Аталмыш құрылғыдан өткен кезде электр магниттік сәулелер

де өз әсерін беретінін есте ұстаңыз. Сондықтан мұндай шешімді тек

дәрігер ғана қабылдайды.

Сұраққа жауап бере ала ма?

Мәншүк, Ертіс ауданы:

- Биыл коронавируске байланысты оқушылар қашықтан білім алды.

Үйде алған білімді мектептегі оқумен салыстыруға келмейді. Екінші балам

биыл 11-сыныпты бітірді. ҰБТ кезінде 4-тоқсандағы тақырыптардан келетін

сұрақтарға жауап бере ала ма деп алаңдап отырмын. Осы жағы ескеріле ме?

Сауалға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам

БОЛАТХАНҰЛЫ жауап береді:

- Рас, биылғы түлектердің оқу жылы жылдағыдан өзгеше аяқталды.

Оқушылардың үйде оқығанын министрлікте назарға алып отыр. Сондықтан

4 тоқсандағы оқу бағдарламасы ҰБТ-да болмайтынын айтқым келеді.

Уайымдауға негіз жоқ. ҰБТ аяқталғаннан соң, сертификат та онлайн

беріледі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!