15.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 15 сәуір, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

14

15 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл ӨҢІР

SARYARQA SAMALY

ҚАЛА КӨРКІ

Ақсу қаласы әкімінің орынбасары

Мұрат Әбілқалықов онлайн брифинг

барысында «Берекелі бастама»

жобасы тұрғындарды, жергілікті

әкімдік пен «ERG» кәсіпорындарын

ортақ іске жұмылдыратынын

атап өтті. Ақсулықтар шаһардың

шырайын келтіру үшін салынуы

керек нысандар, жүргізілуі тиіс

көріктендіру шаралары туралы

ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

Яғни, қаражаттың қандай мақсатта

жұмсалуын тұрғындардың өздері

таңдайды.

АУЫЛ ТЫНЫСЫ

Берекелі бастама

Ақсу қаласында алғаш рет «Берекелі бастама» жобасы қолға алынды. Сол арқылы

қаладағы инфрақұрылымды, абаттандыру жұмыстарын тұрғындармен бірлесіп

жақсарту көзделген. Бұл жоба облыс әкімдігі мен «ERG» компаниясы арасында

жасалған меморандум аясында жүзеге аспақ. Оған 80 млн теңге бөлінеді.

Микросфера – табыс көзі

Ақсу қаласына қарасты ауылдық аймақтағы Қарасор көлі бүгінде көпшіліктің

табыс көзіне айналды. Тұрғындар көлдің бетіне жиналатын күлді тапсырып,

оны әжептеуір қаржыға айналдырып отыр. Бірақ бұл орайда заңсыз әрекеттер

де жоқ емес.

Ақсу қаласының әкімі Нұржан

Әшімбетов, жергілікті құқық қорғау

органдарының өкілдері, микросфераны

сатып алу-сатумен айналысатын

кәсіпкерлер Достық,

Қалқаман ауылдарында болып,

тұрғындарымен жүздесті.

Жиын барысында Қарасор

көліне қатысты мәселені біржақты

ету жолдары талқыланды. Себебі,

көктем келісімен ауыл тұрғындары

күл үйіндісін жинауға барады. Тіпті,

кей кездері көпшілік күнделікті

күнкөріс көзіне айналған микросфера

үшін таласып, жаға жыртысуға

дейін барады.

Жұртшылық жиі жиналатын

Қарасор көлінің ұзындығы 43 шақырымды,

ені 7,5 шақырымды құрайды.

Көлдің терең болғанына қарамастан,

табыс табуға келген жұрт басын

қауіп-қатерге тіге отырып, күлді

сүзіп алуға тырысып жатады. Бұл

ретте тұрғындар олар жинаған күлді

заңсыз тартып алып, нәпақасынан

айырып отырған адамдардың

барын алға тартты.

Айта кетейік, аталмыш көл

екібастұздық екі ірі электр станциялары

- ГРЭС-1 мен ГРЭС-

2-ге қарайды. Ал микросфераны

жинауға «Металлогамма», «Сұңқар»,

«Хантамыр» жауапкершілігі шектеулі

серіктестіктерінің рұқсаты бар.

Олар екі электр станциясымен

келісімшарт бойынша жұмыс

жасайды.

Жоғарыда аталған екі станция

өздеріне тиесілі аумақты бөліп

алған. Бірақ ГРЭС-2 орталығының

аумағы нақты белгіленбегендіктен,

олармен жұмыс жасайтын фирмалар

- Жоба аумақты көгалдандыру,

абаттандыру, жиектастарды, кеспетастарды,

тіреуіш қабырғаларды

жөндеу, аулаларда балалардың

ойын, спорт алаңдарын орнату,

жарықтандыру жұмыстарын қамтиды.

Сонымен қатар, автомобиль

жолдарын жөндеу, тұрақтарды

ретке келтіру сынды бағыттар

бар, - деді М.Әбілқалықов.

Ақсу ферроқорытпа зауыты

корпоративтік коммуникациялар

қызметі ақсулықтар инфрақұрылымды

жақсартуға қатысты

келеңсіздікке тап болатын көрінеді.

Микросфера жинауға рұқсат

қағазы бар кәсіпорындардан

бөлек, шеттен заңсыз килігіп,

жұрттың құтын қашыратын күл

жинаушы компаниялар да бар екен.

Сондықтан әр кәсіпорын өзіне

бөлінген аумақта күзет жұмысын

ұйымдастырып, сол арқылы заңсыз

жұмыс істейтіндерге тосқауыл

қоюы керек.

Осы орайда шаһар басшысы

Нұржан Әшімбетов көлдің маңы

қорғауға алынар болса, оған

ешкімнің заңсыз өте алмайтынын

атап өтті.

Бұл ретте тағы бір мәселенің

шеті шығады. Ол – микросфераның

жеке өнім ретінде заңдастырылмауы.

Сондықтан құзырлы министрлікке

оны өнім ретінде тіркеу туралы

хат жолданды. Егер үкімет тарапынан

микросфераға табиғи байлық

деген арнайы мәртебе берілсе,

барлық мәселе қолданыстағы

жобаларға дауыс бере алатынын

хабарлады. Соның нәтижесінде үздік

деп танылған жобаларды жүзеге

асыру үшін «ERG» компаниясы

қажетті қаражатты қарастырады.

Ал тұрғындардың бастамалары

келесі жылы жүзеге асады.

Аталмыш компания бұл тәжірибені

былтыр «Қатысу бюджеті» атты

пилоттық жоба аясында Хромтау

қаласында сынап көрді. Биылғы

2021 жылы бұл қалада абаттандыру

бағытындағы 13 жобаны

қолға алу көзделіп отыр.

«Берекелi бастама» жобасы

аясында жаңа нысандар салынып

қана қоймай, қазіргі нысандардағы

түйткілдер шешіледі. Туған

қаланы түлету жолындағы бірлескен

жұмыс болашаққа деген сенімді

нығайтып, тұрғындар мен бизнес,

әкімдікті ұйыстыра түспек.

Олай болса, игі бастамаға қолдау

көрсетіп, шаһарымыздың одан

әрі шырайлануына үлес қосайық.

Қаланың келбетін ашар оң жобалар

ұсынайық, құрметті ақсулықтар!

Қала тұрғындарынан түскен

бастамалар туралы толық ақпарат

алып, үздік жобаларға дауыс беру

үшін https://budget-uchastiya.kz/

aksu.сайты іске қосылды.

А.ЕРМАНАТ.

Сурет ғаламтордан алынды.

заңның аясында реттелетін еді.

Қазіргі таңда күлдің 1 тоннасы

50 мың теңгеге бағаланып отыр. Оны

күнделікті табыс көзіне айналдырған

жұрт жиналған шикізаттың қайда

жөнелтіліп, одан қандай өнімдер

өндірілетінінен бейхабар. Олар

жиналған күлді тапсырып, содан

қаржы алумен ғана шектеледі.

Бұл мәселе бойынша қала

әкімдігінің мәжіліс залында да

жиын өтті. Шаһар басшысы Нұржан

Кемерұлы электр станцияларының

өкілдерімен онлайн байланыс

арқылы тілдесіп, ГРЭС-2 аумағын

бөлу туралы мәселені біржақты

ету керек екенін нақты айтты.

Құқық қорғау органдарының

өкілдеріне жұмыс барысында

қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды

қатаң ескертті. Бұл мәселеге

қатысты тұрғындармен тағы да

жүздесу жоспарда бар.

Амангүл ТІЛЕЙ,

Ақсу қаласы.

Бағдарлама

игілігі

Айсұлу Қуатбек пен жолдасы

Қанат Болат өткен жылдың

күзінде Алматы облысы Еңбекші

қазақ ауданынан Ақсу қаласына

«Еңбек» бағдарламасының

аясында көшіп келді. Жергілікті

әкімдік тарапынан жас отбасына

бірқатар жағдай жасалды.

Атап айтқанда, екі баласы да

балабақшаға орналастырылды,

мемлекеттік қордағы жалдамалы

үйден пәтер берілді. Бастысы –

тұрақты жұмыс табылды. Орта

медициналық білімі бар Айсұлу

Қуатбек қазіргі таңда жергілікті

емдеу мекемесінде медбике

болып жұмыс істейді. Балалар

консультациясы бөлімінде егу

жұмыстарын жүргізеді.

Жолдасы Қанат Болат та

«Еңбек» бағдарламасының шарапатын

көрді. Ол «Бастау» жобасы

аясында оқудан өтіп, 555 600

теңге көлемінде мемлекеттік

қайтарымсыз грант алды. Бұл

қаражатқа түрлі қоршауларды

дайындауға қажет құрал-жабдықты

сатып алып, жеке ісін бастады.

Өткен жылы Ақсу

қаласына оңтүстік

өңірлерден қоныс

аударған отбасылар

баршылық. Олардың

қатарында медицина

саласының

қызметкерлері аз емес.

Солардың бірі – Ақсу

қалалық ауруханасының

медбикесі Айсұлу

Қуатбек.

Қазіргі уақытта шағын бизнесін

табысты ұйымдастыра білген

кәсіпкер қоршауларды дайындау,

оларды орнату бойынша қызмет

көрсетеді. Тұрғындар тарапынан

мұндай өнімдерге айтарлықтай

сұраныс бар.

- «Еңбек» бағдарламасының

бір емес, бірнеше бағытының

игілігін бірден көрдік. Оңтүстіктен

солтүстікке қоныс аударып, өміріміз

жақсы жағына өзгерді. Жалдамалы

пәтер, нәпақа табар жұмыс

іздемей, еш алаңсыз өмір сүру

мүмкіндігін сыйлады. Балалар

балабақшаға барады. Осындай зор

қолдау көрсеткен Ақсу қаласының

әкімдігіне зор ризашылығымызды

білдіреміз, - дейді Айсұлу Қуатбек.

Ендеше мемлекеттік бағдарламаға

қатысып, жемісін көріп

отырған жас отбасының алға

қойған жоспарлары орындалып,

өңіріміздің дамуына сүбелі үлес

қосуларын тілейміз.

Өңдеу кешені

жөнделді

А.ЕРМАНАТ.

Ақсу ферроқорытпа зауытындағы қож өңдеу цехының

тұндыру кешені күрделі жөндеуден өтіп, қайта іске

қосылды. Соның нәтижесінде 1 миллион тоннадан

астам қож өңдейтін цех тұрақты және үздіксіз түрде

жұмыс істейтін болады.

Аталмыш өңдеу цехы зауыттың

қоршаған ортаны қорғау шаралары

бағдарламасында ерекше

орын алады. Кешендерінде қож

байытудың дәстүрлі әдістері –

гравитациялық және құрғақ

магниттік сепарация тәсілдерімен

байытылады. Гравитациялық

әдіс зауыттың оқшау циклынан

тұндыру кешенінің машинасына

берілетін судың мол мөлшерін

талап етеді. Сол себепті, бұл

учаске әзірге тек жылы кезде

жұмыс істейтін болады.

– Кәсіпорынның тұндыру

кешені жыл сайын миллион

тоннадан астам феррохром

қожын өңдейді. Нәтижесінде

ӨНДІРІС

хром өнімі мен металл концентраты

алынып, өндіріске қайтарылады.

Біз өткен жылы қожды өңдеудің

жаңа тәсілдері арқылы тауарлық

өнім де алдық, - дейді кәсіпорын

басшысы Валентин Чихичин.

Технологиялық желілердің,

конвейер қондырғыларының жеке

элементтерінен бөлек, тозығы

жеткен қондырғылар, элементтер

мен қосалқы жабдықтар да ауыстырылды.

Бүгінде Ақсу ферроқорытпа

зауытының мамандары тұндыру

кешенін жыл бойы жұмыс істеу

тәртібіне көшірудің қамына кірісті.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!