15.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 15 сәуір, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

расын айтыпты. Сонда Айдабол:

«Е, шырағым, онда өлген бота

сенікі, тірі бота менің баламдікі

екен, дауды қойып жөніңе бар», -

депті. Жігіт орнынан тұра бергенде,

он үш жасар Тайкелтір әкесіне

былай депті:

Қара шашың ағында,

Өлеріңнің шағында,

Әділ төре етсеңіз,

Халқың сіздің жағында.

Әділдіктен кетсеңіз,

Басқа билер қағынды.

Би қағынса көпшілік,

Қағады бастан бағыңды.

Бастан кетсе бақытың,

Қуарсың елес сағымды.

Сағымды қуып жүргенде,

Қуартарсың жағыңды.

Дәулет құсы ұшқанда,

Соғарсың сонда саныңды.

Өлмей тұрып ертерек,

Ойлашы, әке, қамыңды.

Көріне бұлай бұрылсаң,

Төгер біреу арыңды.

Ар төгіп те құр тұрмас,

Кетірер қалған сәніңді

Жау санасып ұрыспас

Алар бір күн жаныңды.

Көтерілсе көпшілік,

Отқа жағар тағыңды.

Құмырсқаға жем қылып,

Илеуге тастар тәніңді.

Ол дүниеге барғанда

Сонда халің мәлім-ді.

Тыңдап тұрып бір адам

Айтса жұртқа жайыңды.

Қисық берген төреңе

Шыдамай дәтім тарылды.

Төрелік бердің балаңа,

Жігіт саған не қылды? - деп

әкесін сөгіпті.

Қаһарға мінген Айдабол

ашуланып, елін, елдің билерін

жинап алып, баласы Тайкелтірге

шарт қойып: «Мен қисық төрелік

етсем, сен түзеу бер, егер түзеу

бере алмасаң, ат құйрығына байлап

өлтіремін», - деп ант етіпті. Сонда

Тайкелтір «жарайды» деп, ойланбастан

екі інгенді, жалғыз ботаны

алдыртып, ботаның санына қыл бұрау

салыпты. Бота боздағанда, жігіттің

түйесі көзінен жасын ағызып, боздап

келіп ботаның үстіне түсіп жатып

алыпты. Ал бидің баласының түйесі

күйсеген күйінде тұрған жерінен

қозғалмапты. Сонда Тайкелтір

тұрып: «Міне, әке, көрдіңіз бе,

бота кімдікі болды? Тағдыр ылғи

ажалды ботаны жігітке жазбаған

шығар» - депті. Айдабол би бұл

сөзге тоқтап, ұлының әділдігі мен

көрегендігіне сүйсініп, Тайкелтірге

батасын беріп, даушы жігітке

ботасын қайтарған екен.

Бұл жерде біз Айдабол бабамыздың

ашуды ақылға жеңдіріп,

жөн сөзге тоқтай білетін парасаттылығын

байқасақ керек.

Айдабол бидің атын ардақтап,

жұртқа жариялай беретініміз -

ол - қазақтың ескі дәстүрімен

бүгінгісін қосар ірі тұлға. Қала берді,

қазақ мемлекетінің Ташкент, яғни

Жиделі-Байсын жеріндегі жүрген

тұсының бір көрінісі. Бұл - Арғын

руының Орда құрған негізгі ру

екенін көрсетер анық фактор. Біздің

білуімізше, Айдабол бидің аты да

көп сырға толы. Бұны да кейін

таратып айтарымыз міндет.

Әулие Мәшһүр Жүсіп бабамыз

«Олай бардым, былай бардым,

Айдаболдай аруақты елді көрмедім»

деуінің төркінінде аты аңызға

айналған абыз бабамыздың асыл

қасиеттері кейінгі ұрпағына жұғысты

болғанын білдірсе керек.

Айдабол би образы - бізге

белгілілердің көлемдісі. Бұған дейінгі

Кет-Бұға биден соң анық аталары да

осы. Қазақ билер институтындағы

Төле би, Қазбек би, Әйтеке би

секілді қадау-қадау тұлғалардың

алдыңғы өзегі - Айдабол. Оны

ұлықтау - бізге ұрпақтық қана

емес, азаматтық міндет.

Айдаболдай айбынды би жадымызда

жүрген шақта Тәуелсіздігімізге

селкеу түспейді.

Мейрам НҰҒЫМАН,

ҚР Мәдениет қайраткері,

Павлодар қаласы.

ҚҰНДЫЛЫҚ 15 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 17

«Енем тірлігіме араласа береді»

атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан

Неге келемеждеп

видеоға түсіреді?

Ене мен келіннің арасындағы

ерекше байланыс – қазақ қоғамында

бұрыннан қалыптасқан институт.

Өкінішке қарай, соңғы уақытта

олардың арасындағы мәселелер

кикілжіңге ұласып, көпшілік

арасында қызу талқыланып, тіпті

кей кездері соңы шаңырақтың

шайқалуымен аяқталып жатады.

Бұл ретте енені немесе келінді

кінәлаудан аулақпын. Тек «Saryarqa

samaly» газетінің тұрақты оқырманы

ретінде басылым бетінде

көтеріліп жүрген аталмыш тақырыпқа

қатысты ой-пікіріммен

бөлісіп, өз тәжірибеммен бөлісуді

жөн санадым.

Бұқаралық ақпарат құралдары

мен әлеуметтік желілерден енелерді

келінге күн көрсетпейтін адам, ал

келінді үлкенге деген сый-құрметті

білмей, енесінің бетінен алатын

келіншек ретінде көрсету сәнге

айналған ба дерсіз. Вайнерлер

екеуара мәселені келемеждеп, видеолар

түсіреді, кейбір телевизиялық

бағдарламалар кейіпкерлерге қаржы

төлеп, ауыздарына «сөз» салып

береді. Мұның барлығы көрермен

болып отырған ене мен келіннің

арасын жақындатудың орнына

алшақтататыны анық.

Жалпы, қазақ халқы келінді өз

баласындай көріп, оның барлық

жағдайын жасағаны тарихтан белгілі.

Бұрыннан-ақ келін жолдасының

үйіне оң аяғымен кіріп, отқа май

құйған соң сол әулеттің адамына

айналған. Енесі өзі де жас келін

болып түсіп, отбасылық өмірдің

алғашқы қиындықтарын көргендіктен

келінге барынша қолдау көрсетуге

тырысқан. Мәселен, жүкті келінге

дауыс көтеру сол тұстағы ең

сорақы әрекеттердің бірі болған

екен. Келінін отырса опақ, тұрса

Естеріңізде болса, гзетіміздің осы жылғы 1 сәуір, бейсенбілік санында

«Енем тірлігіме араласа береді» деп хат жолдаған павлодарлық тұрғын

Айнұрдың жанайқайымен бөліскен болатынбыз. Дәл осы мақалаға орай,

редакциямызға оқырмандардан хаттар келіп түсуде. Соның бірнешеуін

жариялауды жөн деп шештік.

сопақ қылған енелер ағайынтуыстың

сөзіне қалып, үлкендердің

сын садағына ұшыраған. Себебі

ұрпақтың аман-есен, сау болып

дүниеге келуі келіннің жағдайына,

оның психологиялық денсаулығына

тікелей байланысты екенін

ешуақытта естен шығармаған.

Тіпті, енелері келіндерге қандай

да бір ескертулерді тура айтпаған

деседі. «Қызым, саған айтам,

келінім, сен тыңда» деген сөз

содан қалса керек. Яғни, келінге

айтар сөзін қызы арқылы тұспалдап

жеткізген.

Бұл ретте менің «бағым жанды»

деуге толықтай болады. 2017

жылы бір әулеттің келіні атанғалы

енеммен жақсы байланыс орнады.

Шыны керек, тұрмыс құрмай тұрып

үй шаруасына мүлде жоқ едім.

Сол үшін қобалжып, алаңдағаным

да рас. Бірақ анамдай болып

кеткен жан маған бәрін өзі үйретті.

«Мына келін түк білмейді ғой» деп

қабақ шытып көрген емес. Енемнің

ақыл-кеңесімен бүгінде ет асу,

қонақтарға мүшелеп тарту, қамыр

жаю, бауырсақ пісіру, шай құю

сынды күнделікті тірліктің барлығын

бес саусақтай білемін десем, артық

айтпаймын. Енем ас үйге кіріп,

тамақ әзірлеудің қамына кіріссе,

мен де қасынан бір елі қалмай,

көмектесуге асығып тұрамын.

Меніңше, мұндай қарапайым

әрекеттер ене мен келіннің

арасын жақындата түседі. Ал

енесі қара тер болып ас дайындап

жүргенде келін басқа бөлмеде

қол қусырып отырса, қарымқатынастарына

сызат түсуі әбден

мүмкін. Үлкен даулар осындай

ұсақ-түйек шаруадан басталады.

Сондықтан, менің пайымымша,

келін өзінің міндетін атқарып,

Бізге тән болмыс емес

«Келін - ененің топырағынан», «Жақсы үйге түскен келін -

келін, жаман үйге түскен келін - келсап», «Келелі сөзді келін

де айтады» деп нақылдаған дана қазақ келін мен ененің өз

орнын әлдеқашан айғақтап берген.

Қазіргі қоғамда ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты

мысқылдайтын, енені құбыжық образ ретінде көрсететін түрлі

қалжың әңгімелер көбейді. Енені сыйламау идеясы басқа

ұлттардың салтынан еніп жатыр.

«Бір әйел тоғызыншы қабаттың балконынан құлауға шақ

қалып, қолымен әзер ұстап тұр екен. Бейтаныс ер адам

оны қолынан ұрып жатыр дейді. Төменгі жақтан полиция

қызметкері «Әйелді ұруды қойыңыз» деп айқайласа, әлгі

ер адам: «Бұл – әйел емес. Ол - менің енем» деп жауап

қатқан екен...

Осындай анекдоттарды құлағыңыз шалған шығар. Бұл –

өзге ұлттың озбыр, безбүйрек, ұятсыз психологиясы. Сүйікті

жарын өмірге әкелген немесе балаларының анасына жарық

дүние сыйлаған адамға күлу, оны жек көру – біздің менталитетке

сай емес, біздің болмыс емес.

Сол себепті біз тұтас қоғам болып мұндай орынсыз әңгімелер

мен қауіпті қалжыңдарды қолданыстан шығаруымыз керек. Сол

арқылы отбасылардың сақталуына, ене мен келін арасындағы

қырғи қабақ қатынастың тоқтауына үлес қосқанымыз абзал.

Алма ҮСЕНОВА,

Курчатов қаласы, Шығыс Қазақстан облысы.

енесіне қолғабыс жасап, оның

қас-қабағына қарағаны дұрыс.

Ата-енемен бірге тұрудың

тағы бір артықшылығы – балалар

ата-әженің тәрбиесін көреді. Екі

қызым әжесіне қарап бой түзеп,

өсіп келеді. Енем менің балаларға

көп көңіл бөлуім үшін барлық

мүмкіндікті жасайды. Мен азықтүлік

сатып алу, коммуналдық

ақыларды төлеу сынды тіршілік

қамына бас қатырмаймын.

Сыртқа шықсам, балаларыма

алаңдамаймын. Себебі қасында

әжелері бар.

Былтыр С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың

ұйымдастыруымен өткен «Отбасы

ұйытқысы – ене мен келін»

жобасына қатысып, облыстағы

үлгілі отбасылардың қатарынан

табылдық. Жоба барысында отбасымызда

ұстанатын салт-дәстүрлер,

өзара сыйластыққа қатысты

ойларымызбен бөлісіп, жоба

қатысушыларының сұрақтарына

жауап беріп, ән шырқап бергеніміз

есімде. Содан кейін жергілікті

басылымдар, телеарналар біздің

отбасымыз туралы материалдар

ұйымдастырып, бағдарламаға

шақырды. Мұны көрген кейбір

тұрғындар «Ене мен келін тек

байқау, эфир үшін жақсы көрініп

отырған болар» деп топшылауы

әбден мүмкін. Бірақ мүлде олай

емес. Біздің бар болмысымыз –

осы. Анамдай болған енем

екеуіміздің арамыздан қыл өтпейді.

Екеуіміз сырласамыз, әңгіме-дүкен

құрамыз, отбасымыздың берекесін

арттыру жағдайларын талқылаймыз.

Оны көрген жолдасым сүйсініп,

бір марқайып қалады. Мен үшін

енемнің көңілін табу, жолдасымның

разылығын алу, балаларымның

қуанышты жүзін көру – үлкен

бақыт. Сондықтан облыстық

«Saryarqa samaly» газеті арқылы

жас келіндерге, отбасылық өмірге

жаңа қадам басқан сіңлілеріме

өзіңнің ғана емес, жақындарыңның

да жағдайына, олардың көңілкүйіне

назар аударғаның жөн болар

дегім келеді. Келін болып, үлкенге

құрмет көрсетсең, ақылды енең

де кішіге ізеттілігін танытады.

Осыны қаперден шығармаған

дұрыс.

Айнұр АЯШЕВА,

Павлодар қаласының

тұрғыны.

Шаңырағыңды

шайқалтпа!

Шығыс Қазақстан облысында тұрсам да, Павлодар облыстық

«Saryarqa samaly» газетінің тұрақты оқырманымын.

Басылымда жарық көрген «Енем тірлігіме араласа береді» деген

мақаланы оқып, отбасылық мәселеге өз пікірімді білдіру үшін хат

жазуды дұрыс деп шештім. Қоғамда ене мен келін мәселесі әлі де

өзекті күйде қалып отыр. Өйткені олардың арасында келіспеушілік

әлі де кездеседі. Жоғарыдағы хаттың авторы Айнұрға шыдамды

болуға кеңес беремін. Көбіне шыдағанда, азына шыдағаны жөн. Енең

ақылды болса, өз қатесін түсінер деген ойдамын. Осы жағдайдан

атасы хабардар ма екен? Жолдасыңды жақсы көрсең, отбасыңды

сақтап қалу үшін төзімді болуың тиіс. Егер мәселе одан әрі ушыға

берсе, бөлек шыққандарың дұрыс сияқты. Бірақ бұл мәселені

жолдасыңмен бірге шешкендерің дұрыс. Енеге бола шаңырақты

шайқалтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бәрін ақылға жеңдір, бір

шешімі табылатынына сенімдімін. Бастысы, мықты болуың керек.

Сантас ШЕКЕНОВА,

Курчатов қаласы, Шығыс Қазақстан облысы.

Осы күні қоғамда ене мен келін қатынасына орай айтар

ойыңыз болса, редакциямызға жолдауыңызға болады.

Электронды пошта: ssamaly29@gmail.com

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!