15.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 15 сәуір, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 15 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 3

Ұйымдастырушылардың айтуынша,

жобаға қатысуға 196 өтініш келіп түскен.

Оның 156-ы ғана таңдалыпты. Ең

соңында 30 үздік анықталған. Олардың

қатарында 4 павлодарлық бар. Атап

айтсақ, Қымбат Құрманғалиева, Айнұр

Әбілдинова, Олжас Мүбараков және

Гүлзира Атабаеваның еңбегі бағаланған.

Тіпті, оларды жастар саясатын дамыту

жөніндегі жаңа заңнаманы құрастыруға

шақырыпты.

Жақында жоба үздіктері жергілікті

жастармен кездесіп, жобадан алған

әсерлерімен бөлісті. Жастар бастамаларын

дамыту орталығында өткен

шараға облыс әкімінің орынбасары

Еңбек «елшілері»

COVID-19

Жаңа қаулы жарияланды

Павлодар облысы - коронавирусты жұқтырушылардың саны бойынша «сары»

аймақта. Індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облысымыздың

бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, бильярд және

балаларға арналған ойын-сауық кешендері жұмысын тоқтатты.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде онлайн форматта

өткен брифинг барысында облыстық

санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

Батырбек Әлиев мәлім етті. Оның

сөзіне сүйенсек, жаңа қаулы бүгіннен

бастап күшіне енеді. Оған сәйкес,

мекеме қызметкерлерінің 50 пайызы

қашықтан жұмыс істемек.

Банк, халыққа қызмет көрсету

орталықтары, «Қазпошта» АҚ таңғы

сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге

дейін тұрғындарды қабылдайды.

Сонымен қатар, ХҚО мен «Қазпошта»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кәсіподақтар федерациясы

«30 еңбек елшісі» жастар жобасын қолға алғаны

белгілі. Аты айтып тұрғандай, жоба кәсіподақ қозғалысын

жандандыруға еңбегі сіңген жастарды ынталандыруды

көздейді.

Айзада Құрманова қатысып, жастарға

қолдау білдірді.

Айнұр Әбілдинова 30 жастың белесіне

қадам басқан. Павлодар қаласындағы

№43 мектепте қазақ тілі және әдебиеті

пәнінен сабақ береді. Еңбек жолын

ауылдық жерде бастаған. Атап айтсақ,

Ертіс ауданындағы мектептердің бірінде

шыңдалып, сол кезде-ақ кәсіподақтың

белсенді мүшесіне айналып үлгерген.

- Жобаға қатысу үшін ұйымдастырушыларға

алғыс хаттарымды,

бастысы – қазақ тілін үйренуге арналған

мобильдік қосымшамды жібердім. Әу

баста қосымшаны оқушыларға арнап

құрастырған болатынмын. Бірақ, бүгінде

АҚ сенбі күндері түскі сағат 14.00-ге

дейін жұмыс істейді. Мереке күндері

адамдарды қабылдамайды.

Демалыс күндері сауналар жұмыс

істемейді. Тек «Ashyq» жобасына

қатысатын нысандардың қызметіне

шектеу қойылмайтынын атап өткен

жөн. Қоғамдық тамақтану орындары

қалыпты жұмысын жалғастырады. Тек

келушілердің саны 50 пайыздан аспауы

тиіс. Ал банкет залдарының қызметі

қайтадан тоқтатылды.

- Мектептегі дәстүрлі оқу форматы

жалғасатын болады. Егер облыс

«қызыл» аймаққа өтетін болса,

білім беру нысандарындағы кейбір

сыныптар қашықтан жұмыс істеуге

көшіріледі. Қазір Баянауыл, Май

егде тартқан азаматтардың да сұранысына

ие. Жобаның ұйымдастырушылары

еңбегімді бағалап, үздік

отыздықтың қатарына енгізіпті. Бұл –

мен үшін үлкен абырой, - дейді Айнұр

Әбілдинова.

Еркін форматта өткен жиында

жастар бірқатар мәселені ортаға салды.

Облыс әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова еңбек жастарының кездесуін

жиі ұйымдастырылуын қолдады. «Алға

ұмтылып, мақсаттарыңызға жетіңіздер!

Біздер өз тарапымыздан жастардың

проблемаларын шешуге атсалысамыз»,

деді А.Құрманова.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

және Железин аудандары «жасыл»

аймақта болса, қалған өңірлер «сары»

аймаққа еніп отыр. Демалыс күндері

қоғамдық көліктердің қызметіне шектеу

қойылмайды, - дейді Б.Әлиев.

Батырбек Төлеубекұлы өңірде

мониторингтік топтар тексеру шараларын

жүргізіп жатқанын айтты. Қаулыдағы

тәртіпті дұрыс сақтамай отырған

нысандар бар. Оларға бірнеше мәрте

айыппұл салынды. Бірақ жазаның

бұл түріне немқұрайлы қараған екі

нысанға қатысты іс сотқа жіберілген.

Бұл ретте санитарлық талапты бірнеше

мәрте бұзған облыс орталығындағы

«Mojo», «Pastila» клубтарының қызметі

15 күнге тоқтатылған.

ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ

Аймағымызда тазалық айлығы шеңберінде

абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Өткен сенбі-жексенбі күндері облыстың

елді мекендерінен 7,1 мың тонна қоқыс

шығарылған.

Абаттандыру

жалғасуда

12 сәуір күні санитарлық тазалау және абаттандыру

шараларына 2,2 мыңнан астам адам, сондай-ақ

166 шаруашылық жүргізуші субъектілер мен кәсіпорындар,

ұйымдар және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері

қатысты.

Жалпы, 10 сәуірде басталған тазалық айлығына осы

уақытқа дейін 16 мыңға жуық адам және 883 ұйымның

өкілдері атсалысты. Сондай-ақ 129 ірі кәсіпорындар

мен ұйымдардың қосымша техникасы мен автокөлігі

тартылды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында

53 техниканың көмегімен 245 тонна, ал аудандарда

76 техниканың көмегімен 680 тонна қоқыс шығарылды.

Үш ірі қаланы тазалау жұмысына 56 ұйым мен

451 адам жұмылдырылды. Аудандарда 110 ұйым және

1815 адам атсалысты.

Айта кетейік, ауа райына байланысты Железин және

Ертіс аудандарын қардан тазалап, сенбілік ұйымдастыру

жұмысы 17 сәуірге жоспарланған.

Павлодар облысының энергетика және

ТҮКШ басқармасы.

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Киіктің саны

артуда

Бүгіннен бастап елімізде табиғатты қорғау

мақсатында «Киік» акциясы басталды.

Бір айға созылатын шараның мақсаты –

браконьермен күресті күшейтіп, жануардың

тұрақты өсімін қамтамасыз ету.

«Ashyq» жобасына қосылды

Карантин жағдайында табысынан айырылған шағын

және орта бизнестің жұмысын қайта жандандыру үшін

елімізде «Ashyq» кәсіпкерлік жобасы іске қосылғаны

мәлім. Павлодарда аталған жоба аясында алғашқы

қызмет көрсету нысандары жұмыс істей бастады.

Бүкіл әлемді алаңдатқан коронавирустың

салдарынан жапа шекпеген

сала жоқ шығар. Соның бірі - шағын

және орта бизнес. Карантин талаптарына

сәйкес, бұдан бұрын өңірдегі

боулинг орталықтарының жұмысына

тыйым салынған болатын. Облыстың

бас санитарлық дәрігерінің жаңа

қаулысына сәйкес, «Ashyq» кәсіпкерлік

жобасына қатысушы бизнес

нысандарға өз жұмысын жалғастыруға

рұқсат. Мәселен, Павлодардағы

«Batyr mall» сауда-ойын-сауық орталығындағы

боулинг алаңы жобаға

алғашқы болып еніп, өз жұмысын

қайта бастады. Ережеге сәйкес, мекемеге

келушілер саны 50 пайыздан

аспауы тиіс әрі жұмыс уақыты сағат

12.00-24.00 аралығын қамтиды.

- «Ashyq» кәсіпкерлік жобасының

бүгінгі бизнес үшін маңызы зор.

Себебі, санитарлық нормаларды

сақтай отырып, кәсіпкерлік орталықтар

облысымыз қызыл аймаққа енген

жағдайда да өз жұмысын жалғастыра

береді. Арнайы QR-код арқылы жалпы

ПТР-тест базасынан келушілердің

қаншалықты коронавирус тасымалдаушылары

екенін анықтай аламыз»,-

дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы

директорының орынбасары Серік

Әубәкіров.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің

қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасы

бойынша белгілі бір бизнес орталықтарының

жұмысына ғана рұқсат

берілген. Олар - фитнес, компьютер

орталықтары, монша-сауна кешендері

және боулинг алаңшалары.

«Батыр-Павлодар» ЖШС-нің атқарушы

директоры Евгения Маркварттың

сөзінше жобаға өтініш беру, іске енгізу

айтарлықтай қиындық туғызбаған.

Барлығы тиісінше жұмыс істеп тұр.

15 сәуірден бастап боулинг орталығы

келушілерді қабылдай бастайды.

Айтып өтелік, келушілер смартфонына

«Ashyq» қосымшасын орнатуы

тиіс. Арнайы құрылғы ондағы QR-кодты

сканерлеп, азаматтың «жасыл», «көк»,

«сары» және «қызыл» мәртебеге

жататынын анықтайды. «Жасылға»

ие тұрғын қала ішінде еркін жүріптұруға

құқылы. Ал өзге мәртебелер

келушінің қала ішінде қозғалуына

белгілі бір мөлшерде шектеулер

қояды. Мәселен, қосымшасында «сары»

мен «қызыл» жанатын тұрғындар

боулинг секілді көпшілік орындарға

кіргізілмейді. Келушілерде смартфон

болмаған жағдайда ЖСН нөмірі арқылы

да мәртебесі анықталады.

Алдағы уақытта аталған жобаның

екінші кезеңі ретінде қоғамдық тамақтану

орындары мен кинотеатрлардың

жұмысын жандандыру жоспарланып

отыр.

Осылайша жаңа жоба кейбір

кәсіпкерлік нысандарына карантин

жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік

сыйлап отыр. Өңіріміз «қызыл

аймаққа» ене қалғанның өзінде ол

адамдар көп жиналатын орындардың

жұмысын тоқтатпауына кепілдік

береді.

Мұхтар МӘДІБЕК,

ППУ Гуманитарлық жоғары

мектебінің 1-курс студенті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте

акцияның жай-жапсары айтылды. Облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық

инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша,

акция екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы сәуірдің

15-нен басталып, 15-мамырға дейін созылады. Екінші

кезең 1-31 желтоқсан аралығын қамтиды.

- Акцияға орман шаруашылығы және жануарлар әлемі

комитетінің аумақтық құрылымдары, «Охотзоопром» өндірістік

бірлестігінің және құқық қорғау органдарының мамандары

қатысады. Қорғау шаралары Екібастұз, Ақсу, Май және

Баянауыл ауданының аумақтарында жүргізіледі. Табиғатты

қорғау шараларының нәтижесінде жыл сайын киіктің

саны артуда. Соңғы санаққа сәйкес, Павлодар облысында

8-10 мың киік тіркелді. Киіктерді заңсыз аулау

үшін жауапкершілік шараларын күшейту мақсатында

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің

2023 жылға дейін ғылыми мақсаттардан бөлек киіктерді

аулауға тыйым салу туралы бұйрығы бар. Бұл ретте,

киіктің еркегін атқандарға 500 АЕК (1 миллион 400 мың

теңге), аналығы мен төлін аулағандарға 350 АЕК

(1 миллион теңге) айыппұл қарастырылған, - дейді

Р.Төлепбаев.

Киікті қорғау шараларына жауаптылардың бірі – «Охотзоопром»

өндірістік бірлестігі. Ондағы инспекторлар екі

мобильді топ құрып, ауыссыммен жұмыс істейді екен.

Қажетті техникалары сақадай сай. Тіпті, МИ-2 тікұшағының

көмегіне жүгіне алады. Бейнебақылау жүйесі де іске

қосылған. Белгілі болғандай, төлдеу кезеңінде киіктер

3 күндей бір орында тұрақтап қалады. Әйтпесе, жануардың

үздіксіз қозғалыста болып, жиі орын ауыстыратынын

атап өткен жөн. Шаруа қожалықтардың жеріне кіріп

кететін жағдайлар да тіркелген. Бұл ретте, шаруашылық

басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аймағымызда соңғы рет киіктерді ату фактісі 2018 жылдың

9 тамызында орын алған.

О.ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!