15.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 15 сәуір, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 15 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл ҚАРЖЫ

SARYARQA SAMALY

ОНЛАЙН-ЖЕЛІ

Біржолғы зейнетақы төлемі:

Биыл қазақстандықтардың сөздік қолданысына «Жеткілікті шек» деген тіркес қосылды. Бұл –

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» қаржының әр жасқа сәйкес белгіленген

көрсеткіші. Осы көрсеткіштен артық сомасы бар тұрғындар сол қаражатты ипотекалық

несиені өтеуге немесе ресімдеуге, ем-домға және инвестициялық компаниялардың басқаруына

бере алады. Бұл ретте тұрғындардың басым бөлігі «Жеткілікті шектен» асатын сомасын баспана

мәселесін жақсартуды құп көреді. Осы тақырып төңірегінде «Отбасы банк» АҚ Павлодар

облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Алтынбек Шайдуллинмен онлайн

желі ұйымдастыруды жөн көрдік. Сала маманы тұрғындардан алдын ала келіп түскен және

@saryaraqa_samaly парақшасындағы тікелей эфир кезінде қойылған көптеген сұраққа жауап

берді.

Тілші сауалы:

- Алтынбек Мақсотұлы,

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорындағы» артық ақшасын

пайдалану мүмкіндігі берілгелі екі

ай өтті. Осы уақыт аралығында

тұрғындардан қанша өтініш

түсті?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Ресми мәліметке көз жүгіртсек,

осы уақытқа дейін 96 мыңға

жуық қазақстандық 619 млрд

теңге болатын аударым жасады.

Оның ішінде 25 мыңнан астам

тұрғын біздің банк арқылы 169

млрд теңгелік ипотекалық несиені

өтеді. Павлодар облысы бойынша

39 мыңға жуық адам «Жеткілікті

шектен» асқан сомасын осы

мақсатта пайдалана алады.

Тілші сауалы:

- Тұрғындардың өтініштері

enpf-otbasy.kz порталы арқылы

қабылданады. Кейбір өтініш

берушілер сайтта өтініш толтыруда

қиындықтар болғанын білдіріп

жатты. Бүгінде олқылықтар

жойылды ма?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Бастапқыда құжаттарды

жүктеу, өтініштерді толтыру кезінде

техникалық мәселелер туындады.

Сайт жұмысын түсіне алмаған

азаматтар кездесті. Онлайн-платформада

жұмыс істеу кез келген

адамға түсінікті болуы үшін бейнематериалдар

дайындап, әлеуметтік

желілерге жүктедік. Қазіргі таңда

бұл мәселелердің барлығы шешімін

тапты деуге болады.

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Жоқ, біржолғы зейнетақы

төлемін пайдалану ережесінде бұл

мәселе қарастырылмаған. Пәтерді

өз қаржыңыздың есебінен жалдау

немесе жинақ шоттағы қаржыңызды

пайдаланып, ипотекалық несие

ресімдеу сияқты жолдар ғана бар.

Тілші сауалы:

- enpf-otbasy.kz сайты арқылы

берілген өтініштер көп жағдайда

не себепті кері қайтарылып

жатады?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

зайыбымның әкесінің атында.

Ал әйелім некеге тіркелгенде

әкесінің тегінде қалған. Пәтер

сатушы мен зайыбымның тегі

бірдей болса, зейнетақы қоры

жинақты бермей қоюы мүмкін

бе?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Біржолғы зейнетақы төлемін

жақын туыстарынан, яғни жолдасынан,

ата-анасынан, ата-әжесінен,

баласынан, немере-жиенінен

үйді сатып алуға пайдалануға

болмайды. Үй сатып алған кезде

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Иә, «Жеткілікті шектен» асқан

соманы жақын туыстарға аударуға

болады. Ол үшін enpf-otbasy.kz

сайтына электрондық-цифрлық

қолтаңба арқылы кіріп, «Бірыңғай

жинақтаушы зейнетақы қорындағы»

қаржыны туысыма аудару деген

бөлімді таңдап, тиісті жолдарды

толтырсаңыз болғаны.

Ақерке ТҰРҒЫМБАЙ:

- Менің «Отбасы банкте»

депозиттік шотым бар. Қазіргі

уақытта бағалау көрсеткіші –

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Бағалау көрсеткіші қаражатты

жинау мерзіміне, шотты ұсынылған

сома көлемінде толтыру негізінде

қалыптасады. Депозиттегі қаржы

неғұрлым көп болса, бағалау

көрсеткіші соғұрлым жоғары

болады. Біржолғы зейнетақы

төлемі алғашқы жарна ретінде

пайдаланатындықтан, ол бұл

көрсеткіштің өсуіне ешқандай

әсер етпейді. Оны депозиттегі

қаржыға қосып, сақтауға тағы

болмайды.

Айдана:

- Қазір үй алайын десем,

жинақ шоттағы қаржы алғашқы

жарнаға жетпейді. Жылдың

соңына дейін зейнетақы

қорындағы қаржыны көбейтіп,

пәтер алуға мүмкіндік бар ма?

Оған дейін біржолғы зейнетақы

төлемін пайдалану бағдарламасы

аяқталып қалмай ма?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

Айжан КЕНЖЕБАЕВА, Ақсу

қаласы:

- Мен зейнетақы шотындағы

қаржымның бір бөлігін үйді

жөндеуге, қалғанын тісімді емдеуге

пайдалана аламын ба?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Жинақ шоттағы қаржыңыз

«Жеткілікті шектен» асса, оны үйді

жөндеуге жұмсауға болады. Бірақ

бұл ретте ескеретін бір жайт бар:

жөндеуге жеке өтініш беру мүмкін

емес. Біржолғы зейнетақы төлемін

үйді сатып алу кезінде алғашқы

жарна ретінде пайдаланар болсаңыз

ғана қалған қаражатты пәтерді ретке

келтіру үшін жұмсауға мүмкіндік

бар. Ал бұған дейін сатып алған

баспананы жөндеуге пайдалана

алмайсыз. Одан тағы да артық

сома қалса, стоматологиялық

қызметке жаратуға болады.

Данияр:

- Мен биыл жұмыс бабымен

Павлодар қаласына келдім.

Келісімшарт бойынша осында

3-4 жыл жұмыс істеуім керек.

Пәтер жалдап тұру қымбатқа

түсетін түрі бар. Сондықтан

зейнетақы шотындағы қаржыны

баспананы ұзақмерзімді жалға

алуға жұмсасам деймін. Бұл

мүмкін бе?

- Оның бірнеше себебі бар.

Мәселен, кейбір тұрғындар

«Жеткілікті шектен» асатын

қаржысы болмаса да өтініш береді.

Кейбіреулер өтініш беру кезінде

алуға болатын қаржы көлемінен

көп соманы көрсетеді. Осы орайда

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорындағы» инвестициялық табыстың

күн сайын құбылатынын ескере

отырып, тұрғындарға өтініш беру

кезінде алуға болатын соманы

20-30 мың теңгеге аз етіп

көрсетуге кеңес береміз. Айталық,

«Жеткілікті шектен» асатын сома

500 мың теңгені құраса, өтініште

470-480 мың теңгені белгілеген

жөн. Сонымен қатар, сайттағы

жолақтарды толтыру кезінде аударылатын

соманың дұрыс жазылуына

мән беру керек. Кей адамдар

санның алдына «0» жазады,

енді бірі «500 мың 50 тиын» деп

тиынына дейін көрсетеді. Бұл –

дұрыс емес. Мұндай жағдайда

өтініш кері қайтарылуы мүмкін.

Айта кетер тағы бір жайт, баспана

алмай тұрып өтініште көрсетілген

соманы өзгертуге болады.

Мұрат, Павлодар қаласы:

- Жинағымды пайдаланып,

пәтер сатып алайын деп

жоспарлап отырмын. Ол пәтер

ерлі-зайыптының баспанаға қатысты

құқығы теңдей болып белгіленеді.

Сәйкесінше, зайыбына қатысты

ақпарат та «Бірыңғай жинақтаушы

зейнетақы қоры» АҚ, екінші деңгейлі

банк тарапынан тексеріледі.

Маржан:

- Мен біржолғы зейнетақы

төлемі арқылы ипотекалық

несиені мерзімінен бұрын

өтесем, пәтерді қашан сата

аламын?

Алтынбек ШАЙДУЛЛИН:

- Егер қаржы институттары

тарапынан баспананы меншіктен

шығаруға шектеу қойылмаса, келесі

күні-ақ сатуға мүмкіндік бар. Осы

жылдың 23 қаңтарынан кейін

5 жылдан астам уақытқа ипотекалық

несие ресімдеген азаматтар ғана

5 жыл бойы пәтерін сатылымға

шығара алмайды. Қарызын бес жыл

аралығында қайтарған жағдайда

баспананы сатуға рұқсат беріледі.

Самал:

- Әпкем ипотека рәсімдеп,

баспана алғысы келіп жүр. Алайда

бастапқы жарна үшін төлейтін

қаржысы жоқ. Мен зейнетақы

қорымдағы қаражатты туысыма

аудара аламын ба? Оның тәртібі

қалай?

3,4. Егер біржолғы зейнетақы

төлемі арқылы үй алатын болсам,

бағалау көрсеткіші өсе ме?

- Әзірше бағдарламаға қатысты

мерзімдік шектеулер жоқ. Осы

жылдың соңында аласыз ба, әлде

келесі жылы баспаналы боласыз

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!