15.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 15 сәуір, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 15 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл АЛАҢ

SARYARQA SAMALY

ҰБТ-2021

Өтініш беру

басталды

Бүгін мектеп түлектері

үшін ең маңызды сынақ –

ұлттық бірыңғай тестілеудің

негізгі кезеңіне өтініш

беру басталды. Облыстық

білім беру басқармасының

мәліметіне сүйенсек, биыл

4479 оқушы 11-сынып

бітіреді. Облыс көлемінде

үш тестілеу аудиториясы

жұмыс істейді.

Тілеуберді САХАБА

«Ең алдымен өтінішті қалай береді?»

деген сауалға жауап берейік. Торайғыров

университеті қабылдау комиссиясының жауапты

хатшысы Сәуле Кісембаеваның сөзінше, ҰБТ-ға

өтінішті әр бала үйіндегі жеке компьютері

немесе смартфон телефоны арқылы бере

алады. Өтініш Ұлттық тестілеу орталығының

«app.testcenter.kz» сайты арқылы беріледі.

Ол үрдіс ешқандай құжат пен фотосуретті

талап етпейді. Ең бастысы, тестілеу пунктін

және ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы

уақытын білсе болғаны. Естеріңізде болса,

бұған дейін әрбір түлекке екі реттен тест

тапсыруға мүмкіндік берілетінін хабарлаған

болатынбыз. Тіркелу кезінде екеуінің де уақытын

көрсетуі керек. Оның уақыт аралығында

ешқандай шектеу жоқ. Екінші мүмкіндігіңізге

бір күннен кейін, бір аптадан кейін немесе

бір айдан кейін барсаңыз да сақталады.

- Биылғы мектеп түлектері үшін ҰБТ-ның

негізгі кезеңі 30 сәуірден басталады. Соған

дейін тіркеліп үлгеру қажет. Тіркелу «app.

testcenter.kz» сайтында жүргізіледі. Оқушы

алдымен көрсетілген сілтеме арқылы сайтқа

кірген соң өзіне ыңғайлы тілді таңдайды. Тіл

таңдағаннан кейін «Кіру/Тіркелу» парақшасы

ашылады. Соның «Тіркелу» бөліміне кіріп,

өзіңіздің жеке электронды адресіңізді жазып,

астындағы «Тіркелу» батырмасын басасыз.

Осы операцияны орындағаннан кейін жеке

почтаңызға өтіп, хат арқылы келген сілтемені

ашу керек. Егер, жаңа хабарлама «Кіріс»

жәшігінен көрінбеген жағдайда «Спам»

жәшігінен іздейсіздер. Келген хаттағы «Электронды

мекенжайды растау» батырмасын

басу арқылы тестіленушінің деректерін

толтыру парақшасына өтесіз, - деп түсіндірді

Сәуле Камалиденқызы.

Мамандардың сөзінше, екі сынақ нәтижесінің

ең жоғарғысы арқылы мемлекеттік грант

конкурсына қатысады. Дарынды балаларға

арналған Абай атындағы гимназия мұғалімі

Серік Төлегеновтің сөзінше, маңызды сынақтан

жоғары нәтиже көрсету үшін білім дайындығымен

қоса психологиялық еркіндік те керек. Себебі,

кейбір балалар қысылтаяң уақытта біліп

тұрған сұрағына да жауап бере алмай қалуы

мүмкін. Сондықтан, мұғалімдер мен атааналар

осы жағына көп көңіл бөлгені жөн.

- Еліміздің білім саласында бұрын-соңды

болмаған академиялық әділдік орнап келеді.

Былтырғы жылдан бері түлектердің өз

білімдерімен оқуға түсуге мүмкіндік жасалуда.

Бұл – білім саласы өкілдерін көптен

күттірген өзгеріс. Себебі, бұған дейін неше

түрлі қитұрқы оқиғалардың кесірінен сабақ

бетін көрмеген оқушылар оқуға түсіп, өз

білімімен тапсырғандар «далада» қалып жатты.

Бұл әділетсіздік талайдың өміріне балта

шапқаны анық. Ал қазір нағыз дарындар

ғана озып шығатын күн туды. Жалпы, біздің

оқушыларды өз таңдаған пәндерімен қатар

психологиялық жағынан да дайын деуге

болады. Себебі, көбі бұған дейін қаңтар және

наурыз айларында болған ақылы тестілеуге

қатысып, аудиторияға өздерінің бойларын

үйретті, - дейді Серік Барлыбайұлы.

Айта кетерлігі, биыл елімізде 120 мыңнан

астам жас түлек ҰБТ сынағын тапсырады.

Жоғары оқу орындарының мемлекеттік грантына

арналған тестілеу 30 сәуірде басталып,

30 маусымға дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Футболдан ел чемпионатының жаңа маусымы басталды. Өзгеріс

көп. Мемлекет басшысы: «Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет

бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз

етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың

бюджетінен қыруар қаржы тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық

спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек.

Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу

қажет», деген болатын. Бұл ретте, қаражатты үнемдеуге көшкен

командалар легионерлерден бас тартып, жергілікті жас түлектерге

сенім артуда. Бұл үрдістің артық-кемшілігі қандай? Легионерлерсіз

ел футболының мерейін өсіруге бола ма? «Алаңның» талқысына

салғанды жөн көрдік.

Легионерсіз көсегеміз

көгере ме?

- Ішкі біріншілікте қазақстандық

тәжірибелі аяқдопшылар аз емес.

Чемпионаттың алғашқы турларына көз

жүгіртсеңіз, отандық футболшылардың

легионерлермен бір деңгейде өнер

көрсеткенін аңғарасыз. Мысалға алсақ,

«Тараз» командасы әр кездесуде жергілікті

футбол мектебінің 7-8 түлегін ойынға

қосуда. Нәтижесі жаман емес. Олар

легионерлерсіз де тәп-тәуір ойын өрнегін

көрсетуге болатынын дәлелдеп жүр. Өзге

командаларда да осы үрдіс байқалады.

Жасыратыны жоқ, бұған дейін отандық

футболшылар легионерлердің тасасында

қалып келген-ді. Ойын практикасы

болмағандықтан, оларды Ұлттық

құрамаға шақыртудың қажеттілігі де

шамалы еді. Қазір бас бапкер ретінде маған ойыншыларды таңдауға

зор мүмкіндік туды. Әр позиция бойынша 2-3 мықты футболшыны

Рахметолла ҚАСҚЫРБАЕВ,

облыстың туризм және спортты дамыту

басқармасының басшысы:

- Бүгінде жоғары лигада ойнайтын волейбол клубында тек

отандық спортшылар өнер көрсетеді. Бұл үрдіс футбол, хоккей

клубтарында да жалғасуда. Өткен аптада футболдан еліміздің

бірінші лига ойындары басталды. Чемпионатта облыс намысын екі

бірдей команда – «Ақсу» және «Екібастұз» клубтары қорғайды. Қос

ұжымның құрамы көбіне Павлодар футбол мектебінің түлектерімен

жасақталған. Аймағымызда қолға алынған футболды дамыту

тұжырымдамасының көздегені де сол. Хоккейге келсек, биыл

маусым соңында «Ertis» командасымен бір топ легионерлер қош

айтысып, жергілікті жас ойыншыларға сенім артылған болатын. Жас

команда қарсыластарына есе жібергенімен, зор үміт қалдырды.

Олар алдағы 2-3 жылдың ішінде мол тәжірибе жинақтап, өңір

- Легионерлер деген кімдер? Олар -

шетелден келіп ойнайтын футболшылар,

жалпы спортшылар. Бұл - қалыптасқан

әлемдік тәжірибе. Жақсы нәтижеге қол

жеткізем дейтін кез келген команда

легионерлерсіз мақсатына жете алмайды.

Біздің чемпионатта да қарап тұрсаңыз,

командалардың бәрінде көшбасшы

ойыншылардың дені - шетелдіктер.

Әсіресе, орталық қорғаныс, орталық

шеп пен алдыңғы шеп түгелдей

легионерлердің «қарамағына» өткендей.

Кезінде «Ертісті» Карлуш Фонсекасыз

елестете алмаған болсақ, қазірде

«Ордабасы» Жоау Паулусыз, «Қайрат»

Вагнер Лавсыз қайрат таныта алмайды.

Шетелдіктер бізден гөрі футболы дамыған

елдердің ойын өрнегін, тәжірибесін,

қала берді, физикалық әлеуетін бірге ала келеді. Жанкүйерлер

соны көруге асығады.

Талғат БАЙСУФИНОВ:

футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының

бас бапкері:

Айбек ЖҰМАТОВ,

футбол жанкүйері, журналист:

Дегенмен, жергілікті футболшылардан мүлдем бас

тарту керек дегенді білдірмейді. Жергілікті ойыншылар

мен шетелдіктер арасында баланс ұстанып отырмаса

тағы болмайды. Кезінде Владимир Муханов баптайтын

«Ақтөбе», Дмитрий Огай дәуіріндегі «Ертіс» осындай

қағиданы берік ұстанып, командаларының ойыны талайларды

тамсандырған. Ел футболына бейжай қарамайтын клуб

басшылары, жаттықтырушылар жергілікті футболшылар мен

мықты-мықты шетелдіктердің басын қосып, күшті команда

жасақтай алады. Нәтижесінде жергілікті ойыншылар легионерлерге

қарап жетілсе, команда шетелдіктердің шеберлігі

арқасында алға басады. Жанкүйер стадионды толтырады.

Жұмыс осылай жолға қойылғанда «Құда да тыныш, құдағи

да тыныш» болады.

«Алаңды» үйлестірген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Агробанк ашу керек пе?

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым

Ошақбаев несие беретін ауыл шаруашылығы саласындағы

ұйымдардың бәрін бір қаржы ұйымына біріктіруді ұсынды.

- Карантиннен кейін бізді экономикалық

тығырықтан алып шығатын салалардың

бірі – ауыл шаруашылығы. Алайда бюрократиялық

процедураларға байланысты

қаржыландыруға қатысты шешімдер

кешеуілдеп қалды. Бұл бағытта жұмысты

барынша жеделдету керек, - дейді Рахым

Ошақбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер

іріктесем, Ұлттық құраманың ойынына қан жүгіретіні сөзсіз. Ал

отандық футболшылардың шетел чемпионаттарында шеберлікті

шыңдауы маңызды. Бұл жағдай ойыншыларға да, ұлттық

құрамаға да пайдасын тигізері анық. Ресей, Польша, Беларусь

сияқты елдердің чемпионаттарында жасындай жарқылдап

жүрген қазақстандықтар бар. Соларға сенім артамыз.

Соңғы жылдарда Қытай футбол федерациясы ішкі

біріншілікке жасы 30-дан асқан әлемдік футбол жұлдыздарын

жиі шақырды. Стадиондағы көрермен саны артқанымен,

футбол деңгейі көтерілді деуге келісу қиын. Сондықтан да,

футболдың деңгейін арттыру легионерге байланысты емес.

Инфрақұрылым мәселесі шешіліп, балалар спортына көп

көңіл бөлінсе, ұпайымыз түгел болмақ.

спортын алға сүйрейтіні сөзсіз.

Легионерлерден бас тартып,

үнемделген қаражатты

балалар спортын дамытуға,

инфрақұрылым жұмыстарын

жүргізуге жұмсау көзделуде.

Жұмсалып та жатыр. Бізде

кәсіби мамандар мен бапкерлер

жеткілікті. Тек инфрақұрылым

ісін жүйелі жалғастыру қажет.

Салынып жатқан жаңа нысандар

арқылы олимпиадаға қатысатын

спортшыларымыздың қатары

артатынына сенімдімін. Өңірден

Олимпиада жүлдегері шығу үшін

барлық жағдай жасалуы керек.

палатасының фейсбук-парақшасында онлайн

режимде сөйлеген сөзінде.

Сарапшының айтуынша, ауыл шаруашылығын

қаржыландыру тұрғысында банк

жүйесіне ғана иек арту мүмкін емес.

«Банк бәріне, әсіресе шағын және ұсақ

бизнес өкілдеріне уақытында ақшаны

жеткізе алмайды. Сол себепті мүлде жаңа

ҚАРЖЫ

амал-әдіс керек. Қазіргі дағдарыстың

теңдессіз сипаты бар. Тіпті бәлкім, қазір

елде Агробанк ашуға дейінгі қадамдарға

барған жөн болар. Несие беретін ауыл

шаруашылығы саласындағы ұйымдардың

бәрін бір қаржы ұйымына біріктіріп, сол

арқылы кәсіпкерлерді төмен пайыздық

несиемен қолдаған жөн. Кепілдік қалдыру

тәртібінен кетіп, нақты бизнес-жоспарларға

қаражат аудару керек», - дейді ол.

О.ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!