15.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 15 сәуір, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2

15 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

COVID-19: ВАКЦИНА

Аймағымызда COVID-19-ға

қарсы екпе тұрғындарға

жаппай салына бастады.

Маңызды науқан жөнінде

облыс әкімдігінде жедел

штабтың отырысы өтіп,

аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов бірқатар тапсырма

берді.

Пайдасын

түсіндіру

маңызды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының

мәліметінше, бүгінде өңірде 74 егу бөлімшесінде

коронавирусқа қарсы екпе алуға болады.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірдегі жағдай бойынша

облыста 13 мыңға жуық адам «Спутник V»

препаратының бірінші компонентін, тағы

4 мыңнан астам тұрғын вакци-наның екінші

компонентін алды. Соңғы үш күнде 1,8 мың

адам вирусқа қарсы екпені қабылдады. Алдағы

уақытта тағы да препарат жеткізілмек.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұл бағыттағы

жұмыстарды жеделдету қажеттігін атап өтті.

- Өңірге вакцина жеткізілген кезде біздің

ресурстарымыз дайын болуы тиіс. Орын

жетпеген жағдайда емханалар өзге нысандарды

жалға алу шартын жасауға болады.

Тұрғындар арасында түсініспеушілік туындамас

үшін оларға екпені қайдан алуға болатынын

түсіндіріп, ақпараттандыру керек, -

деді аймақ басшысы.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы қала мен аудан

әкімдеріне барлық егу пункттерін аралап,

олардың жұмысын үздіксіз бақылайтын тұрақты

топ құруды тапсырды.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы Батырбек

Әлиевтің мәлімдеуінше, кәсіпкерлік нысандарында

эпидемиологиялық режимнің сақталуын

қадағалайтын мониторингтік топтар әлі күнге

дейін құқық бұзушылықтарды анықтауда. Көп

жағдайда тәртіп ережесін бұзу, нысандардағы

адамдар санының көп болуы және әлеуметтік

қашықтықтың сақталмауы сынды фактілер

тіркелуде. Осы орайда, 12 нысанда орын

алған жағдай бойынша әкімшілік айыппұл

салынған. Сонымен қатар, материалдар

сотқа жіберіле бастады. Дүйсенбі күні екі

шағын орта бизнес нысанының жұмысын

15 күнге тоқтату туралы шешім қабылданды.

Тағы екі нысан бойынша материалдар сотқа

берілді. Батырбек Әлиев Павлодар облысы

COVID-19–дың таралуы бойынша «сары» аймаққа

енгенін еске салды.

- Эпидемиологиялық жағдай бір тәулік

ішінде өзгеруі мүмкін. Жергілікті басшылар

халықтың вирусты жаппай жұқтыру жағдайларын

болдырмай әрі таралмауына ықпал етуі тиіс.

Барлық жүктемені денсаулық сақтау жүйесіне

артуға болмайды, - деп атап өтті аймақ

басшысы.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры

Серік Сәдуақасовтың айтуынша, «Ashyq»

жүйесі пандемия жағдайында бизнестің жұмысын

қауіпсіздендіруге көмектесуі тиіс. Пилоттық

жоба аясында өңірдегі 10 компания қосылуға

өтінім берген. Кәсіпкерлерді жаңа жүйені

пайдалануға тарту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Жауапкершілік артуы тиіс

Өткен демалыс күндері Ақтоғай ауданына қарасты Шілікті ауылындағы бірнеше аула

мен жол учаскесін су басқаны белгілі. Бұл төтенше жағдай су тасқынының алдын алуға

қатысты бірқатар кемшіліктің бетін ашып берді.

Кеше төтенше жағдайлар жөніндегі

тұрақты комиссияның отырысында

облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай

ауданы басшылығының жұмысын сынға

алды. Бір апта бұрын су басу қаупі бар

ауылдардың барлығы тексерілгенмен,

төтенше жағдайдың алды алынбағанын

айтты. Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға

Арыновтың сөзінше, бұған дейін Шіліктіні

су басқан емес. Сондықтан тек Жалаулы,

Шұға және Шолақсор ауылдарына көп көңіл

бөлінді. Енді мұндай жағдай қайталанбас

үшін Шіліктідегі су өткізу құбырын ретке

келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама

әзірленбек. Ә.Сқақов бұл салаға жауапты

аудан әкімінің орынбасарын қосымша

шараларды уақытылы қабылдамағаны

үшін жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Жиын барысында дала өртінің алдын

алу мәселелері де талқыланды. Облыстық

төтенше жағдайлар жөніндегі департамент

бастығы Ернұр Өтегенов бұл бағыттағы

бірқатар күрмеулі мәселе бар екенін және

оларды шешу жолдарын атады. Айталық,

облыстағы бірқатар орманшылықтың

материалдық-техникалық қамтылуы көңіл

көншітпейді. Сондықтан биыл қажетті

құрал-жабдықтарды сатып алуға 150 млн

теңге қарастырылып отыр. Ал облыстық

орман шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы

Руслан Төлепбаев орманшылықтарда

жанар-жағармай қоры тым аз екенін алға

тартты. Себебі облыстық бюджеттен тиісті

қаржы бөлінбейтін көрінеді. Сондықтан

мекемелер шама-шарқына қарай ғана

алуға мәжбүр.

- Бұл – облыстық емес, жергілікті

аудан-қалалардың бюджетіне қатысты

мәселе. Егер жергілікті әкімдер өрттің

алдын алу шаралары маңызды емес деп

санаса, кейін сол үшін өздері жауап береді.

Түптеп келгенде, жанар-жағармай алуға

кететін шығын – қомақты қаражат емес, -

деді Ә.Сқақов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы шабындық

жерлерге қасақана өрт қоятын адамдарды

тауып, оларды жауапкершілікке

тарту мәселесін алға тартты. Ол үшін

сол шабындық жерлер иелерінің тізімін

жасап, олармен жұмысты күшейту керек.

Бұл ретте облыстық полиция департаменті

бастығының бірінші орынбасары

Жасқайрат Қайыров Ертіс өзенінің жағасын

бақылауға техникалардың мүмкіндігі

жетпегендіктен атты патруль ұйымдастырылғанын

хабарлады. Полиция өкілдері

қажетті құралдармен жабдықталды.

Жиын барысында суда шомылу маусымына

қатысты мәселелер де талқыланды.

Ернұр Өтегеновтің айтуына қарағанда,

былтыр қайғылы жағдайлар саны едәуір

азайды. Десе де, биыл сақтық шараларын

мықтап қолға алу қажет.

- Жаздың аптап ыстығында тұрғындарды,

әсіресе балаларды үйде ұстап отыру

мүмкін емес. Барлығы өзен, көлдің

жағасына қарай ағылады. Қауіпті жағдайлардың

алдын алу үшін жаға-жайларды

заңдастырып, құтқарушылар станциясын,

медициналық пунктті ашқан дұрыс.

Айталық, биыл бірінші рет балаларға

арналған жағажай ашылмақ. Сол

сияқты бірқатар ауданда барлығы

9 жағажайды демалыс орнына айналдыру

жоспарда бар. Облыстық туризмді және

спортты дамыту басқармасы оқушылар

үшін жүзу үйірмелерін көптеп ашса игі, -

деді Е.Өтегенов.

Бұл ретте балалардың жазғы демалыс

кезіндегі қауіпсіздігіне баса көңіл бөлінді.

Облыстық білім беру басқармасының

басшысы Дінислам Болатханұлының

айтуынша, 104 мың бала үшін демалыс

ұйымдастырылып, әр түрлі бағыттағы

700 лагерь жұмыс істейді. Осы мақсаттарға

257 млн теңге қарастырылған. Егер

эпидемиологиялық ахуал тұрақты болмаса,

шаралар былтырғыдай қашықтан өтеді.

Отырыс соңында облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов жоғарыда аталған мәселелер

бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді,

аудан-қала әкімдеріне мәселелерді жіті

бақылауға алуды тапсырды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Сақтықта қорлық жоқ

Баянауыл және Ақтоғай аудандарындағы ауылдар мен тас жолдарды су басу қаупі

байқалмайды. Десе де, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан жауапты сала өкілдері елді

мекендердегі бөгеттерді нығайтып, бірінші кезекте қажет азық-түлік қорын жасақтады.

Облыс әкімінің орынбасары Асайын Байханов пен облыстық

төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Ернұр

Өтегенов Баянауыл және Ақтоғай аудандарындағы су басу

ықтималдығы жоғары аумақтарды тікұшақпен аралап,

автокөлікпен жүру мүмкіндігі жоқ жерлердегі су деңгейін

тексерді.

Мобильді топ барған бірінші аумақ – Қалқаман - Баянауыл –

Үміткер – Ульянов тас жолының 101–105-ші шақырымдарының

аралығы. Мұндағы жағдайды Баянауыл және Екібастұз

құтқарушылары қадағалап отыр. Қарағанды облысындағы

Ақжар қоймасынан жіберілетін судың тас жолды шайып кетуі

мүмкін. Сондықтан барлық қажетті техника мен жабдықтар,

оның ішінде мотопомпа мен құрылыс машиналары дайын

тұр. Мол көлемдегі су бұл аумаққа алдағы бірнеше тәулік

дересінде жетуі ықтимал.

А.Байханов пен Е.Өтегенов Шорман, Көкдомбақ және

Жаңатілек ауылдарындағы жағдайды да көріп қайтты. Қазіргі

уақытта бұл елді мекендерді су басу қауіпі төніп тұрған

жоқ. Сондай-ақ, Жаңажол – Ескелді ауылдары арасын

қосатын облыстық маңызы бар автомобиль жолының су

тасу ықтималдығы жоғары бөлігі тексерілді. Соңғы күндері

бұл аумақтағы су деңгейі айтарлықтай төмендеді.

Ақтоғай ауданы Шолақсор және Жалаулы ауылдарындағы

жағдай да бақыланды. Бірнеше күн бұрын Ақмола облысындағы

су қоймасынан Сілеті өзенінің арнасынан су жіберілген болатын.

Ол Шолақсорға жетуі мүмкін. Сол себепті төтенше жағдайлар

жөніндегі департамент пен жергілікті билік өкілдері жағдайды

жіті қадағалап отыр. Тиісті сақтық шаралары алдын ала

ұйымдастырылып, бөгеттер нығайтылып, азық-түлік пен бірінші

кезекте қажет тауарлардың қоры құрылды. Шолақсорға жақын

жерде орналасқан Жалаулы ауылының тұрғындарына да судан

төнер қауіп жоқ.

Мобильді топ таяу күндері еріген қар суы мен жаңбырдың

салдарынан Шілікті кентінің аумағында шайылып кеткен жол

учаскесінің жағдайын назардан тыс қалдырған жоқ. 12 сағат

аралығында мұнда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп,

көліктердің қозғалысына жағдай жасалды. Бүгінгі күні аталған

ауылды су басу қаупінің жоқтығы анықталды.

Мамандар Баянауыл ауданындағы Қалқаман – Ульянов тас

жолының 101–105 шақырымдарының арасы мен Шолақсор

ауылы маңайындағы жағдайды ерекше бақылауға алды. Су

тасқыны салдарынан жол шайылған күннің өзінде бір тәулік

ішінде ретке келтіру жұмыстарын толық аяқтауға қауқарлы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!