20.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

16 20 қаңтар, бейсенбі, 2022 жыл бетпе-бет

SARYARQA SAMALY

онлайн желі

Жастарға жол ашатын

жобалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде

жастардың білімін көтеру, әлеуметтік жағдайларын тұрақтандыру бағытында

бірқатар ұсыныс айтты. Соның ішінде «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс

орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеруді тапсырған

болатын. Осылайша, оқуын енді бітірген жас мамандардың тұрақты жұмыс тауып,

өз саласы бойынша тәжірибе жинауына мол мүмкіндік берілмек. Сол секілді биыл

халықты жұмыспен қамту саласына көптеген өзгерістер еніп, жаңа жобалар жүзеге

асырылуда. Газетіміздің Іnstagram-дағы парақшасындағы кезекті онлайн желіде

осы тақырып сөз етілді. Эфир қонағы – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Арман Заитов.

Тілші сауалы:

- Арман Жұмагелдіұлы, биыл «Жастар

тәжірибесі» бағдарламасына бірқатар

тиімді өзгерістер енгізілген екен. Әңгімені

осыдан бастасақ...

- «Жастар тәжірибесі» жобасы

2021 жылға дейін «Еңбек» мемлекеттік

бағдарламасының аясында жүргізіліп келген

болатын. Биылдан бастап «Кәсіпкерлікті

дамыту» ұлттық жобасының құрамына

енді. Сонымен қатар, бағдарламаның

ішкі ережелеріне де бірқатар өзгерістер

енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына

сәйкес бағдарламаның мерзімі

ұзарып, жұмысқа қабылданған жастардың

айлығы 30 АЕК-ке дейін көтерілді. Бұған

дейін 25 АЕК болатын. Ал бұрын «Жастар

тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа

қабылданған адам сол жерде 6 ай уақыт

қана жұмыс істеу мүмкіндігі болған болса,

енді ол мерзім 12 айға дейін ұзарды. Биыл

облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес орта

және жоғары оқу орындарын аяқтаған жас

мамандарға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл

соңына дейін 600-ден астам жас маманды

осы бағдарлама арқылы жұмыспан қамту

көзделген.

Тілші сауалы:

- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының

игілігін кімдер көре алады?

- Бұл жобаға 18-29 жас аралығындағы

қыздар мен жігіттер қатыса алады. Дегенмен,

мемлекеттік органдар ол бойынша өзгерістер

әзірлеуде. Сондықтан, алдағы уақытта жас

мөлшері 35 жасқа дейін көтерілуі мүмкін.

Тілші сауалы:

- Мемлекет басшысы көңіл бөлген

жобалардың бірі – «Алғашқы жұмыс

орны» бағдарламасы. Бұған қандай

өзгеріс енді?

- «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы

облыста өткен жылдан бастап жүзеге асырылуда.

Бұл жоба да 18-35 жас аралығындағы

жастарға арналған. Ал «Жастар тәжірибесі»

бағдарламасының басты ерекшелігі мынада:

ешбір жерде жұмыс істемейтін немесе

оқымайтын адамдар қатыса алады. Яғни,

қолында дипломы болмаса да, жұмыс

тауып беруге тиіс. Өткен жылға дейін

бұл жобаның мерзімі бір жыл болса,

б и ы л 1 , 5 ж ы л ғ а д е й і н ұ з а р д ы Т . ө л е н е т і н

еңбекақысы 30 АЕК-ке дейін ұлғайды.

Тілші сауалы:

- Жұмыссыз азаматтар осы бағдарламалар

бойынша ұсынылатын жұмыс

орындарына ие болуы үшін қандай

құжаттар жинап, қайда баруы керек?

- Ең алдымен тұрғылықты мекенжайындағы

«Жұмыспен қамту» орталықтарына жүгінсе

болады. Ең бастысы, қолында жеке куәлігі

болуы керек. Егер бар болса дипломы

мен еңбек кітапшасын ала барсын.

- Халықты нәтижелі жұмыспен қамту

бағытында ойластырылған жобалардың

бірі – «Ұрпақтар келісімшарты». Бірақ

бұл бағдарлама өткен жылы біздің

облыста жүзеге асырылған жоқ...

- Иә, «Ұрпақтар келісімшарты»

бағдарламасын біз енді қолға алудамыз.

Яғни, пилоттық жоба ретінде

21 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Оған әр ауданнан бір-бір

адамнан, Ақсу мен Екібастұз қаласынан

3 адамнан және Павлодар қаласынан 5

адам қатыса алады. Бағдарламаның қағидасы

бойынша, алты айдан кейін зейнеткерлікке

шығатын қызметкер өзіне «мұрагер» іздейді.

«Жұмыспен қамту» орталығында тіркелген

бір жас маманды жұмыс орнына шақырып,

қызметінің қыр-сырын үйретеді. Жас маман

сол уақытта «Жұмыспен қамту» орталығы

белгілеген көлемде айлық алып отырады

да, зейнеткер демалысқа кеткеннен кейін

сол орынға жайғасады. Бір ерекшелігі,

кәсіпорын еңбек демалысына шыққан

қызметкердің орнына маман іздеп сабылмайды,

алты ай бойы тәжірибе жинаған

дайын маманды тағайындайды.

Майгүл, Павлодар қаласы:

- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы

арқылы жұмысқа орналасу үшін

қандай құжаттар жинау қажет?

- Кез-келген жерде ең бірінші сұрайтын

құжат – жеке куәлік пен білімі туралы

диплом. Егер бар болған жағдайда еңбек

кітапшасын қосымша ұсынсаңыз да болады.

Басқа құжат жинап, сабылмайсыздар.

- Биыл мемлекеттік бағдарлама

аясында қанша адам қысқа мерзімді

курстардан өтеді?

- «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жоспары

бойынша 1000 адамды кәсіпкерлік салаға

оқыту жоспарланған. Мұндай оқыту курстары

үш форматтан тұрады. Біріншісі - жұмыс

берушілердің өтініштері бойынша оқыту

(310 адам), екіншісі – жұмыс орнында

оқыту (141 адам), үшіншісі – онлайн оқыту

(544 адам). Курсқа қатысқан азаматтарға

арнайы сертификат беріледі. Онлайн оқыту

skills.enbek.kz сайтында жүргізіледі. Азаматтар

өздері тіркеліп, ұнаған мамандықты

таңдап, тегін білім алуға мүмкіндігі бар. Оқу

мерзімі – 3 ай.

Ермек, Аққулы ауданы:

- Облыстық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

жаңа жобаларымен, әсіресе жастарға

арналған жоспарларымен ауыл жастары

қалай танысуға болады?

- Біз қала және аудан әкімдіктерімен

тығыз байланыстамыз. Соның ішінде

аудандардағы «Жастар саясатын дамыту

орталықтарымен» бірлесіп жұмыс істей

отырып, жастардың ұсыныс-тілектеріне құлақ

асудамыз. Сонымен қатар, тұрғындармен

кездесулер өткіземіз. Бұдан бөлек, өңірлердегі

«Жұмыспен қамту орталықтарының»

әлеуметтік желідегі парақшаларында

мәліметтер жарияланады. Жалпы айтқанда,

басқарманың жаңалықтары тұрғындарға

қолжетімді деуге болады.

Тілші сауалы:

- Биыл жұмыссыз жүрген азаматтарды

қоғамдық және әлеуметтік жұмыс

орындарына тарту шарасы қалай орындалады?

- Биыл 725 адамға әлеуметтік жұмыс орындарына

жолдама беру жоспарланған. Алғаш

рет мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік

жұмыс орындары арқылы мемлекет тарапынан

табысының 50 пайызына субсидия

беріледі. Басқа санаттағы адамдардағы

субсидия мөлшері табысының 35 пайызын

құрайды. Негізінен, қоғамдық жұмыс орындарына

күнкөрісі төмен адамдар жіберіледі.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының

тапсырмасына орай ең төменгі жалақының

мөлшері 60 мың теңге болғаны мәлім.

Міне, осы өзгеріске сәйкес қоғамдық және

әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс

і с т е й т і н а з а м а т т а р д ы ң е ң б е к а қ ы с ы д а

60 мың теңгеден жоғары болуы шарт.

Тілші сауалы:

- Мемлекет басшысы назар аударып,

атап өткен мәселелердің бірі – жас

кәсіпкерлерге берілетін грант мөлшерін

ұлғайту. Сонда бір реттік қолдау қаржысының

мөлшері қаншаға көбейді?

- Бұған дейін шағын кәсіпкерлік аясында

ерекше жоба ұсынған жастарға 200 АЕК-ке

дейін грант берілетін. Биыл оның көлемі

өсіп, 400 АЕК-ке көтерілді. Бұл 1,2 млн

теңгені құрайды. Грант беру шарттарына

өзгеріс енген жоқ. Ал грантты тағайындау

процедурасы онлайн режимге ауысты.

Бұрын жас кәсіпкерлердің бизнес жоспарларын

сараптау үшін арнайы комиссия

құрылатын еді. Енді ондай жобалардың

тиімділігі портал арқылы электронды түрде

бағаланып, ең жоғары балл алған адам

грантқа ие болады.

Тілші сауалы:

- Биыл халықты жаппай жұмыспен

қамту бағытында жаңа бағдарлама

енгізілді ме?

- Иә, «Кәсіпкерлікті қолдау» ұлттық

жобасы аясында «Күміс жас» деп аталатын

жаңа жоба қолға алынды. Бұл - жасы

келген егде адамдарға арналған жоба.

Яғни, 55 жастан асқан, бірақ ешбір жерде

жұмыс істемейтін адамдар қамтылады.

Атап айтқанда, ешбір жерде жұмыс

істемей, 1 жылдан көп жүрген адамдарды

тартып, оларды тұрақты жұмысқа

орналастыру мәселесі көзделген. «Күміс

жас» бағдарламасы бойынша жұмысқа

орналасқан адамның еңбекақысының

50 пайызы мемлекет бюджетінен төленеді.

Осы бағдарламамен биыл өңірде

173 адамды жұмыспен қамту мақсатында

қаражат қарастырылды.

Түйін:

Халықты жұмыспен қамту – ең маңызды салалардың бірі.

Сондықтан, тікелей эфир барысында негізінен «Жастар тәжірибесі»

бағдарламасының шарттары мен ережелеріне қатысты сұрақтар

түсті. Спикер барлық сауалдарға толық әрі түсінікті жауап беруге

тырысты. Саладағы жаңашылдықтар мен өзгерістер біздің газетте

алдағы уақытта да тұрақты жарияланатын болады.

«Онлайн желіні» жүргізген – Тілеуберді САХАБА.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!