20.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

20 20 қаңтар, бейсенбі, 2022 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

РУХАНИЯТ

«Алаш кітапханасы»

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың кітап қоры

«Qyr balasy» қоғамдық қорының ғалымдары мен жас зерттеушілері

әзірлеген, «Алаш кітапханасы» сериясы бойынша

шыққан кітаптармен толықты.

Алаш зиялыларының бұрын жарияланбаған

шығармалары осы сериямен жарық көріп отыр.

Алаш тұлғаларының еңбектері, көтерген мәселелері

қай кезде болса да өзекті. Заманауи дизайндағы

кітаптардың ішінде тарихи фотосуреттер мен QR-коды

арқылы ашылатын видео дәрістер бар.

Олардың қатарында «Кенесары заманынан» атты

шығармалар жинағы бар. Кітапқа ақмолалық Алаш

қайраткері, дәрігер, публицист, аудармашы, репрессия

құрбаны Біләл Малдыбайұлының әдеби–ғылыми мұрасы

жинақталған. Туынды көпшілік оқырманға арналған.

Алаш қайраткері, ақын, сатирик, публицист, Қазақстандағы

білім беру саласының көрнекті ұйымдастырушысы,

педагог Біләл Сүлейұлының «Үміт» шығармалар

жинағына әр түрлі мерзімді басылым беттеріне жарияланған

әдеби мұрасы және тұлғаның өмір жолы,

шығармашылығы мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты

зерттеу мақалалары топтастырылған.

Ал, төл еңбегі мен көсемсөздер жинағына репрессия

құрбаны, ұлттық білім беру ісінің негізін қалаушылардың

бірі Абдолла Байтасұлының туындылары жинақталған.

Кітапта көрнекті қаламгердің оқу–ағарту туралы

ойлары, ғылыми-зерттеу мақалалары мен баяндамалары,

қоғамдық–саяси көзқарастары енгізілген. Кітап - ұлт

руханиятына қызығатын көпшілік оқырмандарға арналған,

сонымен қатар көсемсөздің үздік үлгілерімен танысқысы

келетін зерттеуші қауым үшін де құнды еңбек.

Тағы бір кітап - «Алаш арысы – Біләл Малдыбайұлы».

Ол - жас зерттеуші Ерден Нұрахметтің алғашқы зерттеу

еңбегі. Кітапқа ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысының

мүшесі, педагог, дәрігер, ағартушы, аудармашы,

ақмолалық қайраткер Біләл Малдыбайұлының өмір

жолы мен қоғамдық–саяси, әдеби-мәдени қызметіне

қатысты ізденіс жұмысы арқау болған. Автор зерттеу

еңбегінде Алаш арысының оқырманға беймәлім тұлғасын

жан-жақты ашып, оның шығармашылық мұрасын көрсеткен.

Кітап тарихсүйер оқырман қауымға арналған.

ИНФОГРАФИКА

Жазгүл ҚАЖЫБАЕВА,

С.Торайғыров атындағы облыстық

кітапхананың бөлім басшысы.

САУАЛ – СІЗДЕН

Аты-жөнін

өзгертудің

реті қандай?

Жанар, Павлодар қаласы:

- Баланың аты-жөнін өзгерту

турасында ақпарат алғым келеді.

Қандай жағдайда өзгертуге болады?

Оның тәртібі қандай?

Сауалға Павлодар қаласындағы

№3 Халыққа қызмет көрсету

орталығының басшысы

Азина МҰХАМЕДЬЯРОВА жауап

береді:

- Баланың тегі мен есімін атааналар

туған кезде береді. Бірақ,

төлқұжат деректерін өзгерту қажеттілігі

туындайтын. Ол үшін Азаматтық хал

актілерін тіркейтін бөлімге хабарласу

керек. ҚР заңнамасына сәйкес, 16 жасқа

толғанға дейін әкесі немесе анасының

өтініші бойынша бала төлқұжаттағы

аты-жөнін өзгерте алады. Баланың

еркіне сай басқа асыраушысының

тегін де таңдауына құқылы. Егер бала

10 жасқа толған болса, онда ол да

өзгертуге келісімін беруі шарт. Ал

10 жасқа дейін баланың рұқсаты қажет

емес. Ата-анасы ажырасқан жағдайда,

бала, әдетте туған кезде алған тегін

сақтайды. Асырап алу жағдайы бойынша

баланың толық аты-жөні мен тегі сот

тәртібімен шешіледі. Халыққа қызмет

көрсету орталығына қызметке жүгінген

соң, 5-15 күн аралығында құжаттар

дайын болады. Қазіргі ХҚКО-ның

базасында техникалық олқылықтар

орын алуда. Әуелі ХҚКО-на келіп,

өтініш толтыру керек. Қажетті құжаттар

тізіміне тоқталар болсақ, өзгерістер,

толықтырулар мен түзетулер туралы

өтініш, жеке басын куәландыратын

құжат, азаматтық хал актісін тіркеу

туралы анықтама, көрсетілетін қызметті

алушының өкілі жүгінген жағдайда

нотариат куәландырған сенімхат қажет.

Қай вакцинаны

салдыру қажет?

Әйгерім, Ақсу қаласы:

- Егер алғашқы екі компонентте

«Спутник» вакцинасын салдырған

болса, ревакцинацияда қандай

түрін таңдаған дұрыс?

Сауалға облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы

Айдар СЕЙІТҚАЗИНОВ

жауап береді:

- Қазақстандық дәрігерлердің басты

мақсаты – халықты коронавирустен

қорғау. Сондықтан да, алдағы

уақытта мұның алдын алу үшін ревакцинация

қажет. Оның ішінде «Спутник V»

векторлық вакцинасын алған адамдар

екінші препараттан соң «QazVac»,

«CoronaVac», «Hayat-Vax» немесе м-РНКвакцина

«Pfizer»-лік «Comirnaty»-ды

9 айдан соң қабылдауы тиіс.

Ал, керісінше «Sinopharm», «Corona-

Vac», «Hayat-Vax», «QazVac» сынды

белсенділігі жойылған вакциналарды

алғандар 6 айдан кейін «Спутник

V» векторлық вакцинасымен немесе

м-РНК-вакцина «Pfizer»-лік «Comirnaty»-

мен егіледі. м-РНК-вакцинасын салдырғандар

белсенділігі жойылған

немесе векторлық вакцинаның түрімен

6 айдан кейін егілуі қажет.

Айдарды жүргізуші -

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Редакциядан:

Құрметті оқырман!

Егер сізді мазалаған

сұрақтар болса,

ssamaly29@gmail.com

поштасына немесе

87473737784 WhatsApp нөміріне

жолдауыңызға болады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!