20.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ДЕНСАУЛЫҚ

20 қаңтар, бейсенбі, 2022 жыл 7

ОНЛАЙН ЖЕЛІ

«Омикрон»:

тұрғындардың жауапкершілігі маңызды

Ерғалы АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Тілші сауалы:

- Қазіргі таңда облысымыздағы

эпидемиологиялық ахуал қандай?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- 14 қаңтардан бастап эпидемиологиялық

жағдайды бағалау матрицасына сәйкес

Павлодар облысы коронавирустың таралуы

бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Өңірде

коронавирус дерті жылдам таралып, өршіп

тұр. Өткен аптада тәулігіне 150 адам

тіркелді.

Тілші сауалы:

- Бүгінде облыстық емдеу мекемелерінде

қанша адам ем қабылдауда?

Дертке шалдыққандарды емдеуге арналған

төсек-орын саны қанша?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Өңірде коронавирустық инфекциядан

емдеуге арналған 900-ге жуық төсекорын

бар, онда қазіргі таңда 360-қа жуық

адам ем қабылдауда. Бүгінде стационарлық

төсек-орындардың жүктемесі 38 пайызды

құраса, реанимациялық төсек-орындар

жүктемесі – 12 пайыз. Күнделікті 13-15

адамның жағдайы ауыр деп бағаланып,

4 адам өкпені жасанды желдету аппаратына

қосылған.

Тілші сауалы:

- Екпе кабинеттерінің жұмыс тәртібі

қандай? Аймақ тұрғындарына вакцинаның

қандай түрлері салынуда?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Медициналық ұйымдардағы екпе

кабинеттері күнделікті жұмыс істейді.

Бүгінде өңірде «QazVас», «Спутник», «Pfizer»,

қытайлық «CoronaVaс» және америкалық

«Сomirnaty» вакциналары қолжетімді.

Тілші сауалы:

- Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның

I, II компоненті қанша адамға

салынды?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Жалпы алғанда, облыста 18 жастан

асқан 497 мыңнан астам адам егілуге тиісті.

Оның 70 пайызы 1 компонентті, 67 пайызы

екінші компонентті салдырған. Нақтылай айтсақ,

балалар мен жүкті әйелдерді қоса алғанда

1 компонентпен 357 мыңнан астам,

339 мыңға жуық адам екі компонентпен

егілді.

Тілші сауалы:

- Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер

мен вакцина қоры жеткілікті ме?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Өңіріміз қажетті дәрі-дәрмектермен,

медициналық қорғаныш құралдарымен жеткілікті

түрде жабдықталған. Медициналық

ұйымдар екі айға жететін дәрі-дәрмек

қорымен қамтамасыз етілген. Ал вакцина

қорына келсек, «Спутник», «QazVаc», «Coronavac»

вакциналарының қоры мол. Сонымен

қатар жүктіліктің 16-37 аптасындағы жүкті

әйелдерге, лактация кезіндегі әйелдер

немесе 18 жасқа дейінгі балаларға салынатын

америкалық «Comirnaty» вакцинасының

да қоры бар.

«Омикрон» штамының көбеюі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды

күрделендіріп отыр. Тұрғындарды толғандыратын тағы бір

мәселе – ревакциналау. Оқырмандардан редакциямызға жиі түсетін

сауалдарды ескере отырып, «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы

парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. «Тікелей желі»

қонағы – облыстық денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің

стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлімі

бастығының міндетін атқарушы Ерғалы Асылбек «омикрон штамы»

және ревакцинациялау мәселелері тақырыбында әңгіме өрбітті.

Тілші сауалы:

- Бүгінде облыстың қанша тұрғыны

ревакцинация жасатты? Неше адам

ревакцинацияға жатады?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Елімізде ревакцинация өткен жылдың

22 қарашасында басталған болатын. Бүгінде

өңірде 38 мыңнан астам адам ревакцинацияланды.

Әр айға сәйкес жоспар

құрылған. Қаңтар айының соңына дейін

150 мың адам ревакцинациядан өтуі тиіс.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес

60 жастан асқан ересек адамдарға «Comirnaty»

вакцинасын салуға рұқсат етіледі.

Ал 60 жасқа дейінгі ересек адамдарға

«Спутник-лайт» вакцинасы қолданылады.

Ағымдағы айдың соңына дейін аталмыш

вакцина өңірге әкелінеді деп күтілуде.

Тілші сауалы:

- Облыста «Омикрон» штамы тіркелді

ме?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Қазіргі таңда Алматы, Нұр-Сұлтан

қалаларында «Омикрон» штамы тіркелгені

мәлім. Әзірше, біздің өңірде «Омикрон»

штамы тіркелген жоқ. Облыстық ПТР зерттеу

жүргізетін ұлттық сараптама орталығы

таңдау арқылы зерттеуге тиісті он

шақты биоматериалды алып, Алматының

сараптамалық орталығына жіберген. Сол

жерде «Омикрон» штамын анықтауға қатысты

зеттеулер жүргізілді. Талдау нәтижесінде

штамм анықталған жоқ.

Тілші сауалы:

- «Омикрон» штамы несімен қауіпті?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Коронавирустың инкубациялық кезеңі

14 күн болса, «Дельта» штамы 5-7 күнде

анықталады. Белгілі зерттеулерге сүйенсек,

«Омикрон» штамының инкубациялық кезеңі -

2-3 күн, яғни ауру бірден белең алуы мүмкін.

Көп адамның бір уақытта ауырып қалуы

сәйкесінше денсаулық сақтау мекемелерінің

жүктемесін арттырады. Көпшілік жаппай

ауруға шалдыққан жағдайда қажетті

ресурстардың жетіспеушілігі байқалуы

мүмкін. «Омикрон» осы жағынан қауіпті.

Тілші сауалы:

- «Омикроннан» қалай қорғануға

болады?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Коронавирустық инфекцияға қатысты

медициналық ұсыныстарға сәйкес ең

алдымен санитарлық-эпидемиологиялық

қағидаларды сақтау қажет. Яғни көпшілік

жиналатын орындарға бармау, жеке қорғаныш

құралдарын қолдану, бетперде кию,

жеке бас гигиенасын сақтау, қол жуу,

денсаулықты күтіп, иммунитетті көтеру,

дұрыс тамақтану қажет.

Тілші сауалы:

- Көбіне қандай жастағы адамдарға

жұғады? Оның балаларға қаупі бар

ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Коронавирустық инфекция барлық

жастағы адамдар үшін қауіпті. Әсіресе,

жасы үлкен адамдар қатты ауыруы мүмкін.

Себебі жастарға қарағанда олардың денсаулықтары

әлсіздеу келеді. Коронавирустық

инфекция жұқтырған созылмалы аурулары

бар адамдар ағзасының ауруға төтеп

беруі қиындау болады.

Тілші сауалы:

-Өңірдің «қызыл» аймаққа қайта

көшуіне байланысты тұрғындарға қандай

кеңес бересіз?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Бұл ретте тұрғындардың жауапкершілігі

маңызды. Ең бастысы, ауру белгілері пайда

болса, өзін-өзі емдеумен айналыспаған

абзал. Алдымен үйге дәрігер шақырту

керек. Кәсіби маман науқастың жағдайына

байланысты клиникалық хаттамаға сәйкес

емдеу шараларын тағайындайды. Коронавирус

– вирустық ауру. Сондықтан вирусқа

қарсы дәрілер қабылдау қажет. Көп адамдар

дәрігердің тағайындауынсыз антибиотиктер

іше бастайды. Бірақ коронавирус кезінде бұл

дәрілер көмектеспейді. Керісінше, ағзаның

дертке қарсы күресін бәсеңдетіп, ауруға

қарсы төтеп беру мүмкіндігін төмендетеді.

Тілші сауалы:

- Ауырғандар саны күрт көбейсе,

қосымша госпиталь ашыла ма? Алдағы

уақытта шектеу шаралары болуы

мүмкін бе?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Өңірдің «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты

шектеу шаралары қабылданады.

Жағдай күрделі сценарийге дейін жететін

болса, қажеттілікке сәйкес кезең-кезеңімен

төсек-орындар ашылады. Облыста төрт

мыңға жуық төсек-орын ашу мүмкіндігі

бар. Бүгінде тоғыз жүзге жуық төсекорынның

38 пайызында науқастар емделуде.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына

сәйкес оқушыларды, студенттерді

онлайн форматқа көшіру керек болса,

тиісті шаралар қолданылады. Бұл ретте

облыстық бас санитарлық дәрігердің

қаулысына сүйенетін боламыз.

Түйін:

«Онлайн желі» қонағы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы

мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық

технологиялар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ерғалы

Асылбек атап көрсеткендей, әр адам өз денсаулығы үшін жауапты.

Көпшілік карантин талаптарын толық сақтап, қауіпсіздік шараларын

жіті қадағалай отырып, шектеулерге құлақ асатын болса,

бұл сыннан да сүрінбей өтпек.

«Онлайн желіні» жүргізген – Торғын ОРАЗАЛЫ.

ШАҺАР

ӨҢІР

Облыста биыл ресми түрде бір

ғана мұз өткелі ашылды. Ертіс

өзеніндегі мұздың қалыңдығы

жеткіліксіз болғандықтан, биыл

жоспарланған 8 мұз өткелінің

барлығын ашу мүмкін болмады.

Мұз өткелі

ашылды

Аққулы ауданының Ямышев ауылы

аумағында ашылған өткелдегі мұздың

қалыңдығы 65-70 сантиметрді құрайды.

Бұл 3-5 тоннаға дейін салмақты көтеруге

жеткілікті.

- Биыл қыста өзен арқылы өтетін мұз

өткелдерін 8 учаскеде, атап айтқанда,

Май, Ақтоғай, Ертіс, сондай-ақ Тереңкөл

аудандарында ашу жоспарланғанымен,

бүгінде біреуі ғана жұмыс істейді. Ол

Ертіс өзенінде Аққулы ауданы Ямышев

ауылының жанында орналасқан, - дейді

Павлодар облысы төтенше жағдайлар

департаментінің азаматтық қорғаныс

басқармасының аға офицері Ерлан

Қасымов.

Мұздың беріктігі ауа температурасына

тікелей байланысты. Биыл жалпы

облыс бойынша Ертіс өзеніндегі мұздың

қалыңдығы 30-35 сантиметр, Усолкада –

40-45 сантиметр. Бұл мұз өткелін ашуға

жеткіліксіз. Мамандар атап өткендей,

мұздың құрылымын қадағалау маңызды.

Құтқарушылар арнайы жабдықталған

өткелдерден тыс жерлерге шықпауға кеңес

береді. Облыстың төтенше жағдайлар

департаменті жаяу балықшыларға мұздың

қауіп төндірмейтінін, алайда автокөлікпен

мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынатынын

ескертеді.

Облыс бойынша Ақсу ауданының

Еңбек ауылында, Ертіс ауданының Ертіс

ауылында, Аққулы ауданының Шабар

және Ямышев ауылдарында, Май ауданының

Баскөл және Көктөбе, Павлодар

ауданының Жаңақала, Набережное,

Тереңкөл ауданының Песчан, Береговое,

Жаңабет, Железин ауданының Башмачное,

Береговое, Железинка ауылдарында мұз

өткелдерін ашу мүмкіндігі бар. Алайда

мұздың жеткілікті мөлшерде қатпауы

себебінен биыл өткелдердің біреуі ғана

пайдалануға беріліп отыр.

Т.ӘБІЛДА.

Қыстың сәні –

сырғанақ

Бұдан былай Павлодар қаласының

тұрғындары сырғанақ орындарын

жұмыс күндері тегін пайдалана

алады.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз

қызметі хабарлағандай, соңғы күндері

қала тұрғындарынан балалар ойнайтын

мұз төбешіктерінің жұмысына қатысты

шағымдар көптеп түскен. Яғни, тұрғындар

өздерінің құралдарымен барған күннің

өзінде сырғанауға кәсіпкерлер мүмкіндік

бермеген. Қала әкімдігі осы шағымдарды

ескере отырып, кәсіпкерлерді жұмыс

күндері ақысыз қызмет көрсетуге көндірді.

- Павлодар қаласында 11 сырғанақ

орны бар. Оның 9-ы жеке кәсіпкерлерге

тиесілі. Меморандум негізінде аптаның

жұмыс күндерінде балалар өздерінің

тюбингін алып барған жағдайда ақысыз

ойнай алады. Ал сенбі және жексенбі

күндері бір бала үшін 500 теңге төлеуі

керек. Егер кәсіпкерлерден жалға

алатын болсаңыз, 1 сағатқа 1000

теңге төлейсіздер. Одан бөлек «Ертіс»

шаңғы базасы мен «Зеленая роща»

базасында құйылған мұз төбешікке қай

күні барсаңыздар да ақысыз сырғанай

аласыздар. Себебі, мұны қалалық спорт

және дене шынықтыру бөлімі орнатқан, -

дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Т.САХАБА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!