20.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

ӨҢІР 20 қаңтар, бейсенбі, 2022 жыл 17

«Андас» - ауыл тірегі

Оралхан ҚОЖАНОВ

Ауылдағы ағайынды

қолдау қажет

Мемлекет басшысы аграрлық сектор

ел экономикасының негізгі буыны екенін

атап көрсетіп, еңбек өнімділігін арттыру

міндетін алға қойған еді. «Андас» шаруа

қожалығының басшысы Зейнолла

Сәлменбаев ауыл шаруашылығы саласын

дамыту үшін ауыл тұрғындарын барынша

қолдау керектігін айтады. Мәселен, электр

энергиясының пайдасын ауылдағы ағайын

молынан сезінуі керек деп есептейді.

- Қалада жаңа үйлер бой көтерген

сайын ауылдың халқы да қалаға қарай

ағылуда. Тұрғындар ауылда тұрақтап қалу

үшін жаңа үйлер ауылда да салыну керек.

Туған ауылыма барсам, ішім күйеді. Небары

30-ға жуық үй қалған. Инфрақұрылым

жұмыстары жүргізілсе, халық ауылда қалады

ғой. Қазір көмір бағасы удай қымбат.

Бір қысқы маусымнан аман шығу үшін

әр шаңырақ көмірге 200 мың теңгеден

аса қаражат шығындайды. Қалаға жанталаса

көшудің бірден-бір себебі - осы.

Аймағымызда электр энергиясы молынан

өндірілетіндіктен, ауылдағы ағайынға арзан

тарифпен үлестіру керек деп есептеймін, -

дейді шаруашылық басшысы.

З.Сәлменбаев шама-шарқынша Набережное

ауылының гүлденуіне зор үлес қосып

келеді. Екі қолға - бір күрек табылғандықтан,

еңбекке жарамды азаматтардың қалаға

көшу ойында да жоқ. Бүгінде аталған

шаруашылықта 50-ден астам жұмыскер

еңбек етеді екен.

Көкөніс көп

Облыстағы картоптың үлесі жайлы сөз

қозғалса, «Андас» шаруа қожалығы ойға

оралатыны рас. Биыл мұнда 1100 гектарға

картоп отырғызылыпты. Әр гектардан

шамамен 40-60 тонна, кейде 70 тонна өнім

жиналатынын ескерсек, шаруашылықтың,

облыс былай тұрсын, өзге өңірлерді ұзақ

уақыт картоппен қамтуға мүмкіндігі зор.

Егіс алқабынының жай-күйін шаруашылық

басшысынан гөрі агроном жақсы білетіні

анық. Бұл ретте, бас агроном Мұхтар

Бексейітовті әңгімеге тарттық.

- Биыл егіс алқабына жылдағыдай

картоптың «Гала» және «Импала» түрі

отырғызылды. Соңғысы - ерте пісетін

сорт. Былтыр оны сәуірдің 16-сында еккен

едік. Биыл көктем суық болды. Сәйкесінше,

ерте пісетін сорт 30 сәуірде ғана егілді.

Қосымша техникалар жұмылдырылып, егу

жұмыстары ойдағыдай атқарылды. Яғни,

жоғалтқан түгіміз жоқ. Бастысы – өсімдікке

Аймағымызда Тәуелсіздік алған жылдардан кейін құрылып, бүгінде

аяққа тік тұрған шаруашылықтар аз емес. Солардың бірі – Павлодар

ауданы, Набережное ауылындағы «Андас» шаруа қожалығы. Өсімдік

және мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған ұжым -

көпке үлгі.

күтім керек. Осы ретте, жаз бойы 6-7 рет

өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдіктің

жапырақтарын бақылап, кейде қалай өсіп

жатқанына көз жеткізу үшін қазып та көрдік.

Минералды тыңайтқыштардың қолданылуы

маңызды. Биыл зиянды құрттар, арамшөптер

ара-тұра кездесті. Тыңайтқыштардың

арқасында жағдай тұрақталды. Ерте пісетін

картоптың мерзімі 60, 70, 90 күнге дөп

келеді. Бір гектардан 40 тонна өнім жиналса,

оның өзі орташа көрсеткіш болып

табылады. 60-70 тонна өнім жиналса –

еңбегіміздің ақталғаны. - дейді М.Бексейітов.

Күзгі жиын-терім жұмыстары кезінде

мұнда 49500 тонна картоп, 7140 тонна

сәбіз жиналыпты. «Екінші нанның» өнімділігі

гектарына 450 центнерге тең. Сәбіздікі

350 центнерді құраған.

Бас агроном картоптың «Гала» сорты

өте сапалы әрі өнімді екенін айтады.

Десе де, бір түптен шамамен 30 картоп

алынса, өнімнің сапасы төмендейтінін

еске салды. Яғни, көп жиналды екен деп

қуануға болмайды.

- Картоп толығымен суармалы алқапта

жатыр. Суармалы жердің пайдасын айтпаса

да түсінікті ғой. Биылғыдай қуаңшылық орын

алған уақытта табиғатқа тәуелді болмайсыз.

Биыл Ресейде қуаңшылылықтың салдарынан

көптеген шаруашылықтардың картобы

күйіп кетті. Өзбекстанда картопты өсірудің

екінші кезеңі жүргізілмеді. Сәйкесінше,

биыл картопқа деген сұраныс артты. Өнімді

тиімді бағамен өткізуге жол ашылды, -

дейді М.Бексейітов.

Әңгіменің төркінін түсінсек, шаруаларға

өнімді жинай сала сатқан тиімді. Қоймаң

болса, көкөністі сақтап, нарықта сұраныс

артқан кезде босатуға да болады. Бірақ,

тұрақтандыру қорымен байланыс орнатқысы

жоқ. Қор ұсынған баға өзге сатып алушылардан

артық емес. Яғни, қормен байланыс

орнатудың артықшылығы байқалмайды.

Келісімге келсең, өнімді өз қоймаңда

сақтауың керек. Бұл – үлкен жауапкершілік.

Себебі, мемлекет қаржысын алғаннан кейін

өнімнің сапасын жіті қадағалау қажет.

Өзге де талаптары жетерлік. Оны айтып

отырғанымыз тегін емес. «Андас» шаруа

қожалығы бұл істе аузы күйгендердің бірі

екен. Содан болар, биыл республика былай

тұрсын, Ресей, Қырғызстаннан келген сатып

алушылармен байланыс орнатқан.

Төрт түлікті

түлетеді

Әу баста кәсібі 50-60 гектар жерден

басталған шаруашылықтың тыныс-тіршілігі,

ізденісі, ғылымға ден қоюы, жаңашылдығы

мақтауға тұрарлық. Қазір мұнда тауарлы

сүт фермасының құрылысы жалғасуда.

Ендігі жерде өсімдік шаруашылығымен

қатар, мал шаруашылығын дамытуға ниетті.

- Жыл сайын ірі жобаларды іске

қосуды әдетке айналдырдық. 2019 жылы

сыйымдылығы 19000 тоннаны құрайтын

көкөніс сақтау қоймасы салынды. Жоба

құны – 725 миллион теңге. Сондай-ақ

420 гектар суармалы алқап пайдалануға

берілді. Бұл іске 156 миллион инвестиция

құйылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы

лизингке 6 «Valley» маркалы тамшылатқыш

техника сатып алынды. Былтыр 180 миллион

теңгеге 2000 тонналық көкөніс қоймасын

салдық. Бұдан бөлек, 250 миллион теңгеге

тағы 600 гектар жерді суармалы алқапқа

айналдырдық. Қосымша 7 «Valley» техникасы

қатарға қосылды. Биыл сыйымдылығы

8000 тоннаны құрайтын көкөніс қоймасы

пайда болды. Құны – 280 миллион теңге.

Сонымен қатар, 1100 басқа арналған тауарлы

сүт фермасының құрылысы жалғасуда. Жоба

құны – 5 млрд теңге. Оны 2023 жылға дейін

іске қосу жоспарлануда. Жылдағы дәстүр

бойынша биыл 600 гектар жер суармалы

алқап ретінде тіркелді. Бұл іске 210 миллион

теңге қаржы жұмсалды. 7 «Valley» техникасы

сатып алынды. Бағытымыз айқын. Жоспарымыз

жарқын. Шаруашылықты дамыту

арқылы ауылды гүлдендіруге, тұрғындардың

әл-ауқатын көтеруге тырысудамыз, - дейді

З.Сәлменбаев.

Өз пайдасын ғана ойламай, ауылдың

ажарын арттыруды мақсат еткен «Андас»

шаруашылығы сияқты ұжымдар әр елді

мекенде орын тепсе, ел еңсесі тік болар

еді. Осы орайда, Олимпиада чемпионы,

марқұм Жақсылық Үшкемпіровтің Елбасына

айтқан мына сөзі еске оралады. «Көп

болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Ең

болмаса сол қазақтың бес мың жігіті сол

ауылды көтеріп жіберсек, содан асқан

қандай бақыт керек? Міне, мен соны

ойлаймын, аға», деген еді даңқты спортшы.

Сол күнге жетейік!

МЕРЕЙ

Құрметке

кенелген

ұстаз

Ақшиман ауылының құрылғанына

биыл 60 жыл. Тәуелсіздігіміздің

30 жылдық мерейтойымен

қатар келген бұл

мереке - ел-жұрт үшін үлкен

тарих. Айтулы мереке қарсаңында

бірнеше ел ағалары

марапатқа ие болды.

Соның бірі - менің ұстазым Асжанов

Тұрғанбек Жақыпбекұлы. Ол білім беру

саласындағы қажырлы еңбегі мен Май

ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына

сіңірген үлесі үшін Май ауданының

Құрметті азаматы атағымен марапатталды.

Бұл марапат өз иесін тапты деп

ойлаймын. Себебі ұстазым - талапшыл,

сөзіне берік, шыншыл, қайсар мінезді,

парасат пайымы мол, жан жақты тұлға.

Ұстазымыздың алдынан білім алған біз

де осы қасиеттерді бойымызға сіңірдік.

Алдынан өткен шәкірттерінің барлығы

білімді-білікті азаматтар болды. Сол

тәрбиенің арқасында өз Отанын сүйе

білетін, адамды қадірлей алатын, адал

еңбек пен адал астың қадірін білетін

ұрпақ болып өстік. Міне, ұстазымның

осы еңбегі, осы қасиеті үшін ерекше

алғыс білдіргім келеді.

Тұрғанбек Жақыпбекұлы еліміз Тәуелсіздігін

алған жылдары Ақшиман ауылының

әкімі болып сайланды. Ел ішінде

шешілмеген түйінді мәселелердің ретін

тауып, халықтың көңілінен шықты, ауылды

жаңаша бағытқа бастай білді. Осылайша,

ауылымыздың өсіп-өркендеуіне барын

салып, еңбек істеді. Бүгінгі күні Тұрғанбек

Жақыпбекұлы құрметті зейнеткерлікте.

Жұбайы Қуаныш Ахметқызы екеуі қос

қанаттары – Ләйла мен Қанышты өмірдің

белесіне ұшырып, одан өмірге келген

немере, жиендерді тәрбиелеуде. Ардақты

ата, асыл әже болып отырған қос қарияға

зор денсаулық, отбасына баянды бақыт

тілеймін.

Шынар ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ,

Ақшиман ауылы,

Май ауданы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!