20.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY 20 қаңтар, бейсенбі, 2022 жыл

5

ЖАНАРМАЙ

Шекті баға:

нарық қалай өзгерді?

Баға бақылауда

болады

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

Осыдан жеті жыл бұрын отандық жанар-жағармай нарығы еркін айналымға жіберілді. Яғни,

ел билігі бағаны белгілеу ісіне араласуды тоқтатты. Содан бері кейбір кәсіпорындар сұйытылған

отынды жиі қымбаттата бастады. Оның соңы наразылық шеруіне ұласқанын жұрт жақсы

біледі. Кейін мемлекеттік реттеу қайта қолға алынып, әр өңір үшін шекті бағалар белгіленді.

Бұған облыс жүргізушілері риза ма? Бағаны тұрақты сақтап қалу туралы келісімге келген жанаржағармай

бекеттерінің өкілдері не дейді?

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев елдегі жанаржағармай

өнімдерінің бағасын

өсіруге 180 күндік мораторий

жариялады. Яғни, шілде айына

дейін көлікке арналған отын

қымбаттамауы тиіс. Президент

берген тапсырмаға сәйкес,

Павлодар облысына қатысты

бағалар белгіленді. Атап айтқанда,

бұған дейін біздің өңірде газдың

бір литрі 115-120 теңгеге сатылып

келсе, енді 70 теңгеден аспауы

тиіс. Облыс орталығынан 200

шақырымнан астам қашықтықта

орналасқан елді мекендерде

ары кетсе 75 теңгеден сатуға

болады. Сол сияқты АИ-92, 93

маркалы бензинің бағасы 182

теңгеден, АИ-95 маркалы жанармай

215 теңгеден, жазғы дизель

отыны 230 теңгеден сатылуы

керек. Жергілікті билік өкілдері

бекеттердің барлығы аталған

шекті бағаларды сақтауы тиіс

екенін ескертіп, меморандумдар

жасады. Мәселен, осы

аптада Павлодар қаласының

әкімі Асайын Байханов пен

«LF Trade» ЖШС Павлодар

облысы бойынша басқарушы

директоры Ардақ Сыздықов

келісімге қол қойды. Соның

негізінде 18 қаңтар мен 18 сәуір

аралығында «Pegas» атауымен

танымал жанармай бекеттерінде

АИ-92 маркалы бензин 179

теңгеден, АИ–95 жанармайы 212

теңгеден сатылады. Бұл бекеттің

Павлодар, Екібастұз және Ақсу

қалаларында барлығы 14 сату

нүктесі бар.

Компанияның басқарушы директоры

Ардақ Сыздықов жанармайдың

шекті бағасын белгілеумен

қатар, олармен қамту мәселесі

де реттелсе екен деген

тілек білдірді.

- Әу бастағы жоспар бойынша,

биылдан бастап АИ-92 маркалы

бензиннің литрін 182 теңгеден,

АИ-95 жанармайының бір литрін

215 теңгеден сатуымыз керек еді.

Бірақ елдегі жағдайға байланысты

бұрынғы бағаны сақтап, шекті

бағадан үш теңгеге арзан сатуды

жөн деп шештік. Ендігі ретте

мұнай өнімдерімен қамтамасыз

етудің механизмі де құрылса

екен дейміз. Себебі кей кездері

тұтынушыларға қажет көлемдегі

өнім бекеттерде болмай жатады, -

дейді ол.

Ал «ГазПромНефть» ЖШС

Павлодар облысы бойынша

басқарушы директоры

Виталий Чашкин Павлодар

мұнай-химия зауытынан өнім жеткізуде

еш қиындық жоғын алға

тартты. Тіпті, жергілікті филиал

арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы

қалаларына жанар-жағармай

түрлері тасымалданатын көрінеді.

- Біздің компанияға қарасты

бекеттерде баға жарты жылдан

бері өзгерген жоқ. Көлік жүргізушілері

АИ-92 маркалы бензиннің

бір литрін 179 теңгеге алады.

Алдағы жарты жыл аралығында

да осы баға сақталмақ, - дейді

В.Чашкин.

Жоғарыда бұған дейін жанаржағармай

нарығында мемлекеттік

реттеу болмағанын айттық.

Енді Мемлекет басшысы

Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен мұнай

өнімдерін саудалайтын бизнес

нысандарындағы баға шілде айына

дейін қатаң бақыланатын болады.

Осы орайда өңірдегі бекеттердегі

баға саясатына мониторинг жүргізу

облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасына жүктелді. Аталмыш

ведомствоның өкілдері қалалар

мен аудандардағы жағдайды

қатаң қадағалауы қажет. Басқарма

ұсынған мәліметке сүйенсек,

аймақта газ бен жанармай түрлерін

саудалайтын 120-ға жуық

орын бар. Бұл бекеттердегі отын

қоры жеткілікті.

- Облыстағы мұнай өңдеу

орындарында қаңтар айында

барлығы 150,9 мың тонна, ақпанда

135,5 мың тонна дизель отыны

шығарылмақ. Сол сияқты осы

айда АИ-92, 95 және 98 маркалы

бензиннің 146,7 мың тоннасы

дайындалса, келесі айда 131,3

мың тоннасын өндіру жоспарланып

отыр, - дейді басқарма

басшысының орынбасары

Сағыныш Нұрқымбаев.

Ал облыстық табиғи монополияларды

реттеу департаментінің

басшысы Ибрагим

Тангиев шекті баға белгіленгелі

өнімді одан асырып сатқан

бекеттер болмағанын алға тартты.

Мұндай факт тіркелген жағдайда

кәсіпорынға қатысты жауапкершілік

шаралары қолданылады.

Шекті баға

көңілден

шыға ма?

Көлік жүргізушілері жанармай

қымбаттаған сайын мемлекеттік

реттеуді қайтаруды сұрайтын. Енді,

міне, көптің тілегі орындалып, ел

билігі бағаны бақылауда ұстайтын

болды. Демек, жанармайдың құны

бұрынғыдай құбылмайды. Бірақ

кей тұрғындар шекті бағаны әлдеқайда

төмен етіп белгілеу керек

еді деп пайымдайды. Мәселен,

Железин ауданының тұрғыны

Серік Серкебаев қазіргі күні

жеке көлікке қарағанда таксимен

қатынау тиімді екенін алға тартты.

- Ел билігінің шекті бағаны

белгілеуі – құптарлық іс. Әйтпегенде,

жыл басынан бері жанармай

тағы да қымбаттап, жүргізушілердің

қалтасын қағар еді.

Тек шекті бағаны белгілер тұста

жұртшылықтың пікірі де ескерілсе

игі. Мәселен, бүгінде АИ-92

маркалы бензиннің бір литрін

182 теңгеден асырмау туралы

талап бар. Бірақ бұл баға былтыр

да болды. Тым құрығанда

жанармайдың түр-түрі өндірілетін

Павлодар облысында оның

бағасын 160 теңгеге дейін түсірсе

әлдеқайда дұрыс болар еді деп

есептеймін. Себебі мұнай осы

облыста өндіріледі. Яғни, жол

шығындарына айтарлықтай қаржы

жұмсалмайды. Ал қазіргі баға

көлік иелеріне әле де тиімсіз.

Нақты мысал келтірейін: мен

Железин ауданының орталығында

тұрамын. Облыс орталығына

өз көлігіммен келіп-кету үшін

5 мың теңгеге 30 литрге жуық

жанармай алуым керек. Павлодар

қаласына таксимен келсем

де сол баға шығады, - дейді ол.

Павлодар қаласының тұрғыны

Александр Черненко да

шекті бағаны әлі де төмендету

керек деп пайымдайды.

- Былтыр бекеттерде АИ-95

маркалы жанармайдың литрі 207

теңгеден сатылған болатын. Кейін

бензиннің бұл түрінің бағасы

бақыланатын болып, оны 215

теңгеден асырмау туралы талап

қойылды. Бұдан соң кей бекеттерде

өнім арзандаудың орнына

керісінше 212-215 теңгеге дейін

қымбаттады. Сондықтан шекті

бағаны тым құрығанда 180 теңге

көлемінде бекіту керек еді деп

ойлаймын. Әйтпегенде, кәсіпкерлер

бағаны түсірудің орнына керісінше

көтеріп жіберді, - дейді жүргізуші.

Көлік иелерінің көпшілігі шекті бағаның енгізілуін

құптайды. Әйтсе де, оны әлі де төмендетсе

екен деген тілектерін бүгіп қалмады. Сондай-ақ,

мемлекеттік реттеудің толығымен қайта қолға

алынғанын қалайтындар аз емес. Сондықтан бұл

мәселе әлі де талдау мен саралауды қажет етеді.

ӨЗГЕРІС

Сыртқа

сатылмайды

Елімізде алдағы бір ай

аралығында мұнай өнімдерін

өндіру және сату

құрылымын реформалау

бойынша заңнамалық түзетулер

енгізілмек. Соның

аясында транзиттік көліктердің

өтуі, кейбір өнімдерді

сыртқа экспорттауға

қатысты шектеулер қойылмақ.

Қазақстандағы жанар-жағармай

бағасы көршілес мемлекеттермен

салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Сондықтан біздің ел арқылы өтетін

транзиттік көліктердің барлығы дерлік

жергілікті бекеттерден жанармай алуға

асығады. Ендігі ретте мұндай көлік

иелеріне шектеу қойылуы әбден

мүмкін. Бұл туралы ҚР энергетика

министрі Болат Ақшолақов айтты.

- Министрлік Еуразиялық Экономикалық

Одаққа қатысушы көрші

елдерімен салыстырғанда бағалардың

бірдей болмауына байланысты

жанар-жағармай түрлері бағаларына

бақылау жүргізу бойынша қосымша

шаралар қабылдауды қарастырып

отыр. Олардың қатарында өздігінен

орнатылған бактары бар көліктің

кіруіне тыйым салу, транзиттік көлікпен

тәулігіне тек бір рет өту, кейбір

мұнай өнімдерін елдің аумағынан

тыс жерлерге экспорттық кеден

бажын төлемей, теміржол көлігімен

жөнелтуге тыйым салу шаралары

бар, - деді министр.

Бұл ретте ҚР Премьер-министрі

Әлихан Смайылов мұнай өнімдерін

жеткізу тізбегін қысқартып, баға

белгілеу тәжірибесін талдауды тапсырды.

Сонымен қатар, құзырлы

органдар көмір бағасын өткен жылғы

деңгейде сақтап қалу үшін шаралар

қабылдауы тиіс. Ал Индустрия

және инфрақұрылымдық даму

министрлігі толық жұмыс істемей

тұрған немесе тоқтап қалған тамақ

өнеркәсібі мекемелерін тексеріп,

олардың толықтай іске қосылуы үшін

керек жұмыстарды қолға алуы керек.

Бетті әзірлеген -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!