15.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12 16 қазан, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

30 ИГІ ІС

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Теміртау қаласы Тұңғыш

Президентінің тарихи-мәдени

орталығы басшысының орынбасары

Гүлжан Кударинованың

айтуынша, шараның басты

мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті

Тәуелсіздік – теңдесі

жоқ байлық!

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

Павлодар қаласындағы «Ertis» музейінде «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты көрменің

ашылуы өтті. Аталмыш көрмені Теміртау қаласы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музей ұжымы және Г.Н.Потанин атындағы Павлодар

облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды.

Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолының

негізгі кезеңдерімен таныстыру,

еліміздің Тәуелсіздік

жылдарындағы жеткен жетістіктері

және Елбасының Қазақстан

Республикасының қалыптасуы

мен дамуына сіңірген еңбегінің

маңыздылығын насихаттау.

Көрмеге Елбасының еңбек

ТАҒЗЫМ

Есімі құрметтелді

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде режиссер, актер,

драматург Әнуар Қаниұлы Қалиевтің 90 жылдығына арналған «Өнер

тарланы» атты еске алу кеші өтті. Шараға Әнуар Қалиевтің ұрпақтары мен

жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алқалы жұрт алдымен музей

қорында сақталған Әнуар

Қаниұлының жеке заттары мен

фотосуреттерінен құралған

«Сахна – менің өмірім» атты

көрмемен танысты. Өнер иесінің

көзін көргендер оны сағынышпен

еске алып, атқарған абыройлы

жұмыстарын әңгімеге арқау етті.

Кеш қонағы ақын, Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі,

Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері Арман Бақтанұлы

Әнуар Қалиев жайлы ғибратқа

толы естеліктерімен бөлісті.

- Әнуар ағамыз Баянауыл

ауданында қызметте болған кезде

сол кісінің қолында тұрдым.

4-сыныпта оқып жүрген кезімде

ең алғашқы өлеңімді жаздым.

Алғашқы сыншым да, ақылын

айтар кеңесшім де Әнуар ағам

болды. Осы кісінің тәлім-тәрбиесін

жолынан сыр шертетін фотоматериалдар,

мемлекет басшылары

мен делегация өкілдері

сыйлаған кәдесыйлар, жеке

заттары мен ғылыми еңбектері

қойылды.

- Жалпы мұнда Қарағанды

облысының ежелгі кезеңінен

Тәуелсіздікке дейінгі тарихы

қамтылды. Көрме Тұңғыш

Президентіміздің өмірбаян

кезеңдері мен арнайы берілген

сыйлықтар, Қоянды жәрмеңкесі

этнографиясы, археология,

Қарағанды облысындағы киелі

жерлердің географиясы және

де «Арқаның ардақты азаматтары»

атты мәдениет, спорт,

өнеркәсіп саласындағы жетістіктер

бөлімдерінен тұрады. Шараға

200-ден астам жәдігер әкелінді, -

деді Қарағанды облыстық

тарихи-өлкетану музейінің бөлім

меңгерушісі Нұрболат Алдабаев.

Оған қоса, 2010 жылы Қарқаралы

алдық. Өлең өлкесіндегі жеңісім

мен жемісім де Әнуар ағамның

арқасы, - деді Арман Қаниұлы.

Сондай-ақ, шара барысында

Жұлдыз Әнуарқызы әкесі жайлы

естеліктерді топтастырып, оның

кітап болып жарыққа шығуына

атсалысқан азаматтарға алғысын

білдірді.

Әнуар Қалиев 1931 жылы

10 қазанда Павлодар қаласында

дүниеге келген. Әкесі Қаниден

2 жасында, анасы Кәсіптен

6 жасында айырылған бала

облыстық балалар үйінде өседі.

Ата-анасынан ерте қол үзген

болашақ драматургтің балалық

шағы мен есею кезеңдері

Павлодар, Талдықорған, Шымкент

өңірлерінде өткен. 1947 жылы

Павлодар қаласы Абай атындағы

№10 қазақ орта мектебінің 9-

сыныбын тәмамдап, еңбек

жолын жергілікті қазақ драма

театрында бастайды. 1950 жылы

Шымкент қаласының қазақ

драма театрына актер болып

қабылданады. Біраз жылдардан

кейін Шымкент шаһарынан туыпөскен

жері Павлодар қаласына

оралып, Аққулы аудандық халық

театрының режиссеры болады.

Осы театрда Бейімбет Майлиннің

«Шұға», Мұхтар Әуезовтің

«Айман-Шолпан», Ғабит Мүсіреповтің

«Қыз Жібек» сынды басқа да

күрделі спектакльдерін сахналайды.

1963 жылы Баянауыл

аудандық атқару комитетінің

мәдениет бөлімі меңгерушісі

болып тағайындалады. Халық

композиторы, әнші, ақын Жаяу

Мұса Байжановтың ескерткіш

бюстін туған жері Жаңатілек

ауылына орнатуға да атсалысты.

Сондай-ақ, Әнуар Қаниұлы

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

ауданындағы Талды-2 қорымына

зерттеу жұмыстары барысында

тарих ғылымдарының кандидаты,

археолог Арман Бейсенов Алтын

адамды тапқан еді. Көрмеге

Алтын адамның көшірмесі

әкелінгенін атап өтті.

Сонымен қатар, көрмеде

әнші-палуан Мәди Бәпиұлының

жеке заттары, халық әртісі Қали

Байжановтың шапаны мен

домбырасы, әнші Жәмила

Шашкинаның сахналық киімі,

тұңғыш ғарышкер Тоқтар

Әубәкіровтің кителі, олимпиада

чемпионы С.Сәпиевтің бокс

қолғаптары, т.б. заттар ұсынылды.

Аталмыш көрме 5 қарашаға

дейін жалғасады.

аудармашылықпен де айналысқан.

Сирия жазушысы Мовахи

Аль-Хаялидің «Коробок спичек»

әңгімесі қазақ тіліне аударылып,

1973 жылы Азия,

Африка елдері жазушыларының

конференциясына орай

баспасөз беттерінде жарияланды.

Өлкетанушы, жазушы,

ақын Дмитрий Примакпен бірлесе

отырып, Зейтін Ақышевтің

«Жаяу Мұса» атты пьесасын

орыс тіліне аударып, қалың

көпшілікке тарту етті.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

орай «30 игі іс» қайырымдылық

марафоны басталғаны

белгілі. Осы жоба шеңберінде

Екібастұз қаласындағы

«Атамұра» мәдениет орталығында

«Екібастұз інжумаржандары»

атты тегін

шеберлік сағаты өтеді.

«Екібастұз

інжумаржандары»

Оны «Қазақстан іскер әйелдер

ассоцациясының» мүшесі, кәсіби

қолөнер шебері, модель Гүлперизат

Өтебаева жүргізбек.

Шеберлік сағаты бірнеше бағытты

қамтиды және қатысушылары үш түрлі

әлеуметтік топқа бөлінген. Мысалы,

шараға үйде отырған көп балалы аналар,

мүмкіндігі шектеулі бала күтімінде

отырған аналар және жалғызбасты,

әлеуметтік жағдайы төмен аналар

қатыса алады.

Шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық

талаптар сақталады.

Яғни, бір уақытта 50 адам

ғана кіреді. Оның өзі 15-16 адамнан

бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір қатысушы

толық 2 күн сабақ алуға болады.

Тапсырыстар қазан айының 18-іне

дейін қабылданады.

Шараның жабылу рәсімі 26 қазан

күні болады. Сол күні бұйымдары ең

үздік деп танылған 3 адамға тігін

машинасы тарту етіледі.

Айта кету керек, жеке кәсіпкер

Гүлперизат Өтебаева тігін саласымен

бірнеше жылдан бері шұғылданып

келеді. Бастапқы кезде екі бөлмелі

пәтерде бір тігін машинасымен бастап,

аз уақытта кәсібін кеңейткен.

- Алғаш бастаған кезде аядай

ғана бөлмеде отыратын едім. Кейін

қала әкімдігі қолдау көрсетіп, арнайы

орын берді. Қазір қазақтың ұлттық

бұйымдары мен костюмдерін тігеміз.

Алдымдағы тағы бір мақсатым – өзім

қатарлас қыз-келіншектерге үйрету.

Себебі, әлеуметтік көмек күтіп үйде

отырудың қажеті жоқ, - дейді жеке

кәсіпкер.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!