15.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 16 қазан, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ҚАУІПСІЗДІК

Облыстағы кейбір қалалар мен аудандарда

жол-көлік апаттары азаймай тұр.

Бұл ретте жылдамдықты өлшейтін

құралдардың, арнайы техникалардың

жетпеуі оқыс оқиғалардың орын алуына

әсер етпей қоймайды. Жаяу жүргіншілер

жолында да бағдаршамдар, жарық

шамдары аз.

Техникалар

аздық етеді

Басы 1-бетте

Мол өнім түседі

Оралхан ҚОЖАНОВ

Ғылымсыз

қиын

Әрине, еңбек – шаруаныкі.

Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін

пайдалана білген шаруалар

кәсібін дөңгелетіп, сәйкесінше өңір

экономикасының алға жылжуына зор

үлес қосуда. Алдыгүні облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов Ертіс және Тереңкөл

аудандарындағы ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілерінің жұмысымен

танысып, оң нәтижелер үшін алғысын

білдірді.

Ертіс ауданындағы үздік шаруашылықтардың

бірі – «Три К». Шаруа

қожалық басшысы Оразалы Атимов

суармалы алқаптың көлемі 631,4 гектарға

жеткенін айтады. Биыл алқаптың 250,4

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен

өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның отырысында өңірдегі

жолдар мен көшелерде апаттық жағдайлардың санын

азайту жолдары талқыланды.

Облыстық полиция департаменті бастығының

бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша,

2015 жылы аймақта 1021 жол-көлік оқиғасы орын алса,

өткен жылы 705 апат тіркелді. Жол-көлік оқиғаларының

жалпы саны азайғанмен, кейбір аудан-қалаларда жазатайым

оқиғалардың саны артуда. Мәселен, Екібастұз

қаласында былтыр 94 апат болса, биыл 109 жол-көлік

оқиғасы тіркелді. Ақсу қаласында жол апаттарының

саны 9-дан 14-ке дейін өсті.

- Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің

бірі - жылдамдықты шамадан тыс асыру бойынша

124 дерек тіркелді. Бұл оқиғалардың жалпы санының

27,5 пайызын құрайды. Елді мекендерде алып жүруге

болатын радиолокаторларды қолдануға тыйым

салынғандықтан, автоматты режимде жұмыс істейтін

стационарлық жылдамдық өлшегіштерді орнату қажет.

Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы 37 стационарлық

жүйенің тек 21-і жұмыс істеп тұр. Облыс орталығында

олардың санын көбейтіп, бұл жүйелерді Екібастұз бен

Ақсуда орнату керек, - деді Ж.Қайыров.

Жаяу жүргіншілер жолына қатысты да мәселе

бар. Сараптамалық жұмыстар нәтижесі өңірдегі 970

өтпе жолдың тек 49-ы бағдаршаммен, 20-сы жарық

шамдарымен, 75-і стробоскоптармен жабдықталғанын

көрсетті. Жыл басынан бері қозғалысы реттелмейтін

жаяу жүргіншілер өткелдерінде 50 жол-көлік оқиғасы

орын алып, бір адам қаза тапты және 87 тұрғын

түрлі жарақат алды. Бұған дейін тәртіп сақшылары

Павлодар қаласындағы 12 қауіпті жол учаскесіне және

Екібастұздың осыған ұқсас бес жеріне бағдаршам орнатуды

ұсынған болатын. Аталған қалалар басшылығы жол

қиылыстарын жобалау басталғанын айтып, жұмыстарды

келесі жылы аяқтауға уәде берді.

- Алдымен қолданыстағы бюджетке қарай облыс

орталығында қауіпсіз инфрақұрылым құру қажет. Жалпы,

әр әкімдік полиция бөлімдерімен бірлесіп, көлік және

жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту жоспарларын

осы жылдың соңына дейін және келесі жылға

дейін бекіту керек, - деді Ә.Сқақов.

Жиын барысында қыс кезінде қала сыртындағы

жолдарды күтіп ұстау мәселесі де қаралды. Полиция

департаментінің ақпараты бойынша өткен қыста облыс

аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда

71 апат орын алған. Бірақ жолдарды күтіп ұстауға

жауапты мекемелер бұдан сабақ алмағанға ұқсайды.

Олар биыл да жолдарды күтіп ұстауға қажет инертті

заттарды, жанар-жағармайды қажетті көлемде алмаған.

- 93 арнайы техниканың 24-і жөндеуді қажет

етеді. Біздің облыстың аумағында 1,6 мың шақырымнан

астам республикалық жолды күтіп ұстау үшін

55 арнайы автокөлік қажет. Алайда іс жүзінде мұндай

техниканың тек 36 бірлігі бар. Оның өзінде жетеуі

жұмыс істемейді, - деді Ж.Қайыров.

Аймақ басшысы тәртіп сақшыларына жол қызметтерінің

дайындығын ұдайы бақылауды және жолдарды

қар басып, қозғалыс тоқтаған жағдайда қолайсыздық

тудырған мердігерлер туралы тұрғындарға хабарлауды

тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

гектарына жүгері, 381 гектарына күнбағыс

отырғызылыпты. Жақын күндері майлы

дақылдарды жинауға кіріспек. Қазірдің

өзінде жай алқаппен салыстырғанда

4 есе артық өнім алуға болатынын

болжап отыр.

- Жай алқапта өскен жүгерінің

1 гектарынан 153 мың теңге пайда

табуға болса, суармалы алқапта 470

мың теңге табыс түседі. Айырмашылық

жер мен көктей. Биыл 400 гектарға

зығыр ектік. Әр гектардан шамамен

1 тонна өнім жиналады. Нарықтағы

бағасы – 320-340 мың теңге (1 тоннасы).

Майлы дақылдарды өсірудің машақаты

көп болғанымен, бағасы қымбат. Табыс

табудың бірден-бір жолы – осы. Соңғы

5 жылда техника паркін толығымен

жаңарттым. Майлы дақылдар дұрыс

кептірілуі керек. Бұл ретте, 2 кептіргіш

қондырғысын іске қостым. Бүгінде

сыйымдылығы 1 мың тоннаны құрайтын

көкөніс қоймасын қайта жаңғырту

жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек,

2 мың гектар суармалы алқапты іске

қосуға жобалық-сметалық құжаттар

әзірленуде. Жалпы, баптап күте білсең,

әр жердің берекесі бар. Мәселен, биыл

маусым айында тұрғындарға да, төрт

түлікке де пайдасы жоқ деген азғантай

ғана жайылым жерден 350 миллион

теңгенің өнімін алдық. Ертіс өзені

дәл жанымызда ағып тұр. Оны тиімді

пайдаланып, суармалы алқапты дамыту

жоспарда бар, - дейді О.Атимов.

Суармалы алқапты іске қосуға

«Оразбаев» шаруашылығы да ниетті.

Бүгінде мұнда 280 гектар жерді суландыру

үшін 3,2 км су құбыры төселіп,

5,2 шақырым электр желілері тартылған.

Жыл соңына дейін сорғы станциясы

пайда болып, келесі жылдың көктемінде

жоба сәтті жүзеге асады деп күтілуде.

Сөйтіп, мал азығы сапасын жақсартып,

620 басқа арналған тауарлы сүт

фермасын іске қосу жоспарда бар.

Бұдан кейін аймақ басшысы жергілікті

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері

басшыларымен кездесті. Диқандар

суармалы алқапты дамытуға қолдау

көрсетуді сұрады. Әбілқайыр Сқақов

әр ауданда суармалы алқапты қосудың

картасы әзірленіп, бұл іске ғылыми

тұрғыдан қарау керектігін айтты.

- Аймағымызда Ертіс өзенінің суын

9 аудан кәдеге жарата алады. Яғни,

суармалы алқапты дамытуға мүмкіндік

мол. Өзеннен шалғай орналасқан

шаруашылықтарға жасанды су арнасын

іске қосқан тиімді шығар. Сол себепті, әр

жобаны жіті зерттеп, ғылыми негіздерге

сүйенген абзал. Суармалы алқапты

дамыту бір бөлек, бізде қайта өңдеу

саласы ақсап тұрғаны жасырын емес.

Қазір әлемдік тәжірибеге сүйенсек,

ауыл шаруашылығы саласының дамуы

қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарымен

өлшенеді. Шаруаларды қолдау жалғаса

береді. Десе де, алдағы уақытта қайта

өңдеу бағытында еңбектеніп жүргендерге

басымдық берілетінін естен шығармаған

жөн, - деді облыс әкімі.

Жем-шөпке

субсидия бар

Тереңкөлдік шаруалар да жиын-терім

жұмыстарын ойдағыдай аяқтауға жақын.

Майлы дақылдарды жинау кезек күтіп

тұр. Айтпақшы, еліміздегі қарақұмық

алқабының 54 проценті Павлодар облысына

тиесілі. Биыл павлодарлықтар

орташа есеппен гектарынан 8,1 центнер

өнім жинағанның өзінде 43 мың

тонна қарақұмыққа қарық болады деп

күтілуде. Оны өсірумен «Құндыз» шаруа

қожалығының басшысы Игорь Щербак

мықтап айналысуда.

- Қарақұмықтың «Девятка» сортын

егеміз. Қайта өңдеумен айналысатын

кәсіпкерлер қуана-қуана талап алады.

Биыл аталған дақыл 1,2 мың гектарға

тамыр тартты. Шауып та үлгердік.

Кепкенше егіс алқабында жатады. Әр

гектарынан 8-10 центнер өнім береді

деп болжап отырмыз, - дейді И.Щербак.

Аталған шаруашылықтың картоп

сақтау қоймасында болған Әбілқайыр

Сқақов «екінші нанның» сапалы екеніне

көз жеткізді. Мұнда әрқайсысының

сыйымдылығы 2 мың тонналық заманауи

қондырғылармен жабдықталған

4 қойма бар екен.

Тереңкөлдік шаруашылықтармен

кездескен аймақ басшысы өсімдік

шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығын

дамытуды мықтап қолға алу

керектігін айтты. Ол үшін мемлекет тарапынан

барлық қолдау қарастырылған.

- Биыл шағын фермерліктер мен

шаруа қожалықтары алғаш рет мал

азығына субсидия алады. Жалпы

сомасы 500 млн теңгенің субсидиясына

мыңға жуық шаруашылық ие болады.

Оларға ірі қара малдың бір басы үшін

10 мың теңге, бір қой үшін 3 мың

теңге беріледі. Шаруалардың азыққа

жұмсайтын шығындары орташа есеппен

30 процентке төмендейді. Осылайша,

АӨК есебінен өңірлік экономиканы

әртараптандыру жөніндегі жоспарларымыз

жүйелі іске асуда. Екі жыл

ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі жалпы

өнім көлемі 255 млрд теңгеден 350

млрд теңгеге дейін артты. Өсім барлық

бағыттар бойынша байқалады, - деді

Ә.Сқақов.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам

Өтешов суармалы алқапты дамыту

жұмыстары жалғасын табатынына

сендірді. Бүгінде өңірде оның көлемі

132 мың гектарды құраса, алдағы

5 жылда 225 мың гектарға жетеді

деп күтілуде.

Ертіс және Тереңкөл

аудандары.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!