15.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 16 қазан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

Тіркеушіні қалай

танимыз?

1 қазанда халық санағының дәстүрлі форматы басталды.

Тіркеушілер үйлерді аралап, онлайн режимде сауалнамадан

өтпеген тұрғындардың мәліметтерін толтыруға

көшті. Оларды қолындағы сөмкесі, шарфы мен арнайы

куәлігінен тануға болады.

Бұл ретте тұрғындар

тарапынан «Санақ жүргізетін

мамандардың шарфы мен

сөмкесінде неге 2020 жыл

деп жазылған?» деген

сипаттағы сауалдар жиі

түсуде.

Әуелде жалпыұлттық

халық санағы 2020 жылы

өтуі тиіс еді. Алайда әлемді

жайлаған пандемияға

байланысты оны 2021

жылға шегеру туралы

шешім қабылданды. Ал

маңызды шараға дайындық

2018 жылдан басталған

болатын. Оның аясында

шараның әдістемесі әзірленіп,

бекітілді. Қажетті

электрондық жүйелер жетілдіріліп,

санаққа қажетті

құралдардың көлемі

(оның ішінде атрибутика)

анықталып, бөлінген бюджет

негізінде сатып алу шаралары

жүргізілді.

Қолданыстағы логотип

бедерленген көк түсті

шарфтар, куәліктер, жадынамалар

2020 жылы, яғни

санақты шегеру туралы

шешім шығарылғанға дейін

сатып алынды. Сондықтан

үйлерді аралайтын интервьюерлердің

атрибутикасын

қосымша шығын

шығармай, сатып алынған

түрін қолдану ұйғарылды.

Айта кетейік, пандемияға

байланысты шегерілген

халықаралық шаралар

символикасында да 2020

жыл деп жазылған еді.

Мәселен, биыл өткен

Токио жазғы олимпиадасы

«Tokyo-2020», футболдан

Еуропа біріншілігі «Euro-

2020» атауымен өтті.

Бұл ретте интервьюер

туралы мәліметті тексеру

мүмкіндігі бар екенін еске

саламыз. Куәлікте аумақтық

статистика департаменті

басшысының қолымен және

мөрімен расталған куәлікте

тіркеушінің фотосуреті,

толық аты-жөні болады.

Куәліктің жоғарғы жағында

тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Бұл нөмірді sanaq.gov.kz

сайтында «Интервьюерді

іздеу» жолағына енгізуге

болады. Кейін сайтта

санақшының деректері

көрсетіледі. Сондай-ақ,

интервьюерге қатысты

мәліметті 1446 нөміріне

қоңырау шалу арқылы

тексеруге болады.

Ұлттық статистика

бюросының

Павлодар

облысы бойынша

департаменті.

ӨҢІР

Май ауданында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік

бағдарламасы аясында инфрақұрылымдарды

жетілдіру қарқынды жүзеге асуда.

Көше жолдары

жөнделді

Жуырда осы мақсатта Кеңтүбек ауылының көшелері орташа

жөндеуден өтті. Бүгінде жалпы ұзындығы 3,8 шақырымды

құрайтын көше жолының жұмысы толықтай аяқталды.

Кеңтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Студент Хамидолланың айтуынша, ауыл ішіндегі жолдарды

қалыпқа келтіру үшін 94 млн қаражат бөлінген. Аталған

қаражатқа Ә.Молдағұлова, Ж.Қорабаев, Қ.Сәтбаев, Ы.Алтынсарин,

Бейбітшілік, Жеңіс, Совхоз көшелерінің жолына асфальт төселді.

Қазіргі уақытта «Асфальтобетон-ПВ» ЖШС мамандары

жөндеу жұмысын жоспарлы мерзімінен ерте аяқтады.

Бүгінде жол азабын тартқан ауыл тұрғындары мен көлік

жүргізушілер жаңа жолдың игілігін көріп отыр.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

ЕРТЕҢ - ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Әр ағашты баптау – сауапты іс

Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде орман шаруашылығын дамыту мақсатында

2 млрд қарағай отырғызуға тапсырма берген болатын. Оның 6 пайызы Павлодар облысы

аумағында тамыр тартпақ. Осы орайда, биыл сәуір айынан бастап орман көлемін арттыру

бойынша аймақтық жоспар жүзеге аса бастағаны белгілі. Маңызды шаруаны атқаруда

орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі ерен.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Әңгімеміздің кейіпкері Бағдат Мұхамедьяров

Май ауданында орналасқан Көктөбе орман

шаруашылығында еңбек етеді. Аталған

шаруашылық Павлодар өңірлік орман

және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі

мемлекеттік мекемеге қарайды.

- 2014 жылдан бастап орман шебері

ретінде жауапкершілігі мол істің басықасында

жүрмін. Көктөбе орман шаруашылығының

аумағы 8525 гектарды құрайды.

Мұнда 3 бөлімше жұмыс істейді. Біздің

бөлімшеден менен бөлек 4 қорықшы бар.

3525 гектар аумақтың жағдайына жауап

береміз. Яғни, өрттің алдын алып, ағашты

заңсыз кесу оқиғаларына тосқауыл қою –

басты міндетіміз.

Тәртіп сақшыларымен бірге рейдтік

шаралар ұйымдастырылады. Содан болар,

соңғы уақытта заңсыз ағаш кесу фактісі

мүлдем тіркелген жоқ. Бірақ, өрттен қауіп

көп. Орманға жақын орналасқан шабындықтар

отқа оранып, орманға қарай

лап қоятыны бар. Өкінішке қарай, өрт

оқиғалары көбіне адами факторлардың

салдарынан орын алып жатады. Бұл ретте,

тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүйелі

жүргізіліп тұрады, - дейді Б.Мұхамедьяров.

Аталған орман шаруашылығында қаратерек,

көктерек және үйеңкі өседі екен.

Орманның бір бөлігін Ертіс өзені қоршап тұр.

Яғни, мұнда шағын аралдар кездеседі. Бұл

ретте, қорықшылар қайықпен «қаруланған».

Иелігінде автокөлік және өзге де қажетті

құрылғылар бар. Бірақ, қару ұстауға рұқсат

жоқ.

- Жоспарға сай санитарлық ағаш кесу

жұмыстары да атқарылады. Ормандағы

тәртіпті бақылап жүргенде әлсіз ағаштарды

белгілеп аламыз. Жыл сайын шамамен

400-500 текше метр ағаш кесіледі. Оны

жергілікті тұрғындарға отын ретінде ұсынамыз.

1 текше метр ағаштың бағасы – 2 мың

теңге. Қаражаттың барлығы мемлекеттің

қазынасына түседі, - дейді әңгімеміздің

кейіпкері.

Бағдат ағаның зейнеткерлік ауылына

қадам басуына 1 жыл 2 ай уақыт қалыпты.

Мұны тегін айтып отырғанымыз жоқ. Орман

шаруашылықтарында еңбектеніп жүргендердің

дені – егде тартқан азаматтар.

Жалақының аздығынан жастар бұл жұмысқа

жоламайтын көрінеді.

- Қатарымызда жастар аз. Соңғы уақытта

1-2 жас жігіт жұмысқа араласты. Оның өзі

жергілікті ауылдың азаматтары. Әйтпесе,

сырттан ешкім келгісі жоқ. Баспана, жалақы

мәселесі алдан шығады. Зейнеткерлік

жасқа жақындаған сайын жылдап жинаған

тәжірибеңмен бөліскің-ақ келеді. Орман

шаруашылығында еңбек еткісі келетін

маманның есте сақтау қабілеті жоғары

болуы керек. Орманның картасын жатқа

білуің тиіс. Су тасығанда, өрт болғанда

тілсіз жаудың ортасында қалып қоймас үшін

орманның әр нүктесін назарда ұстаған жөн.

Бастысы – кез келген жұмысты жандандыру

үшін адал ниет болса жеткілікті, -

дейді орман шебері.

Бағдат Мұхамедьяров атақ қуып көрген

емес. Орман шаруашылығын дамытудағы

еңбегі үшін саладағы мекеме тарапынан

алған марапаттары жетерлік. «Орманның

әр ағашын күту – сауапты іс. Бұдан басқа

марапат керек емес», - дейді ол.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!