06.04.2018 Views

12(46)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Журнал «Интернаука» № 12 (46), 2018 г.

құрылды. Ол медициналық орталықты басқару

үдерістерін автоматтандыру тиімділігінің өсуіне,

сондай-ақ қызметтің барынша ашықтығына кепілдік

беріп, абсолютті бақылау, деректерді жүйелі түрде

сақтау барлық мекемелерде тұрақты түрде дамуға

мүмкіндік жасайды. Науқастарға сапалы қызмет

көрсету және сақтандыру мекемелерімен, заңды

тұлғалармен өзара әрекеттесуге науқастың жеке

басына қатысты барлық жазбаларды сенімді

сақтауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 8

қаңтардағы «Ақпараттық Қазақстан - 2020»

мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей

заманауи ақпараттық технологиялардың қазіргі

заманғы дамуы мамандар мен тұрғындар үшін

медициналық көмек көрсетудің жаңа жолдарын

дамытуға қолайлы жағдай жасап отыр. Көптеген

озық мемелекеттерде денсаулық сақтау саласында

жаңа технологияларды белсенді пайдалану

науқастар мен қызметкерлердің

телеконференциясын өткізу, әр түрлі мекемелер

арасындағы науқастар туралы ақпарат алмасу,

физиологиялық параметрлерді қашықтан жазу,

нақты уақыттағы оталарды бақылау арқылы

қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау саласында

компьютерлік бағдарламаларды енгізу қызметтердің

сапасын арттыруға, қызметкерлердің жұмысын

айтарлықтай жылдамдатуға және науқастарға күтім

жасау шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл

жеңілдіктер әр клиникада қол жетімді. Сондықтан

да бұл мемлекетте мекеменің қызмет көрсетуі мен

жұмысын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік

беретін ішкі жүйе болып табылады. Яғни, атап

айтқанда денсаулық сақтау саласында мына

мәселелерді шешуге көмектеседі:

• клиникадағы науқастардың есебін жүргізу;

• олардың жай-күйіне қашықтан қарау;

• диагностикалық сынақтардың нәтижелерін

сақтау және беру;

• белгіленген емдеудің дұрыстығын қадағалау;

Науқас туралы барлық ақпарат мекемедегі

медицина қызметкерлеріне қол жетімді болатын бір

құжатта ұсынылып, барлық сауалнама нәтижелері

мен рәсімдердің нәтижелері электрондық

медициналық жазбаға тікелей енгізіледі. Бұл жас

мамандарға алдын-ала белгіленген емнің сапасын

бағалап үйренуге, диагностикадағы дәлдіктерді

анықтауға мүмкіндік береді.

Медицинада ақпараттық технологияларды

қолдану дәрігерлерге кез-келген уақытта қолайлы

кеңес беруді жүргізуге мүмкіндік беріп,

медициналық қызметтердің қолжетімділігін

арттырады. Адамдар тәжірибелі дәрігерлерден

қашықтан білікті көмек ала алады. Бұл әсіресе

географиялық жағынан алыс жерлерде тұру,

физикалық мүмкіндіктері шектеулі, төтенше

жағдайда, жабық кеңістікте орналасқан жағдайда

қажет. Аудиовизуалды қарым-қатынас арқылы

науқаспен байланыс орнатуға және оған қажетті

қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай

жүйенің жарқын көрінісі Ресейдің денсаулық

сақтауды ақпараттандыру саласындағы қол

жеткізген жетістігіне мысал болатын - RoboMed

бірыңғай медициналық жүйесі. Жүйедегі

жаңартулар пайдаланушыларға медицинадағы қол

жетімді барлық ақпараттық технологияларды

пайдалануға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау

саласын ақпараттандыру шеңберінде Ресейде

ұлттық телемедицина жүйесін құру жоспарланып

отыр. Бұл технология медицинада қызмет сапасын

айтарлықтай жақсартып қана қоймайды, сонымен

бірге шығынды азайтуға көмектеседі. Мысалы,

дәрігерлерге ғылыми конференцияларға бару үшін

ақша бөлуге тура келеді. Олар осындай іс-шараларға

қашықтан қатыса алады. Сонымен қатар E-gov

жүйесінде халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін

қамтамасыз етуде «Менің денсаулығым» жеке

кабинеті іске қосылып, азаматтарға қолайлы

бірнеше электрондық медициналық қызметтер

ұсынылған. Денсаулық сақтау сақтаудағы заманауи

ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері

денсаулық сақтаудың барлық аспектілеріне оң

әсерін тигізеді. Мысалы, менеджерлер үшін міндетті

медициналық сақтандыру қорымен, аумақтық

денсаулық сақтау мекемелерімен тиімді қарымқатынас

жасау мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Компьютерлік бағдарламаларды арнайы бағыттарда

қолдануға мысал ретінде, мекеменің дәрімен

қамтамасыз етілу жүйесін де айта кетуге болады.

Ақпараттық технологиялар:

• табыс пен шығын операцияларын тіркеуді

жүзеге асырады;

• қоймаларды бақылауды жүзеге асырады;

• дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

өтінімдерді ресімдейді;

• дәрілік заттарды тұтынуды бақылайды.

Білім беру саласында медициналық білім беру

ошақтарында ақпараттық технологиялар белсенді

қолданылады. Қашықтан семинарлар өткізу мен

студенттерге қажетті білім беруді ұйымдастыруға

мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар жас

мамандарды көрнекті дәрігерлердің дәрістеріне

қатысуға, жаңа білім мен тәжірибені ұштастыруға

жол ашады.

Медициналық мекемелерге арналған бағдарлама

кәсіпорындардың компьютерлендіруіне байланысты

сұранысқа ие. Медициналық мекемелерге арналған

компьютерлік бағдарламалар күнделікті жұмыс

үрдістерін жеңілдетеді және тұтынушылар үшін де,

қызметкерлер үшін де жұмыс істеуге қолайлылық

туғызады.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде дамыған

мемлекеттердің тәжірибелерінен сабақ ала отырып,

бүгінде көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар

енгізілді. Мемлекеттік денсаулық сақтау саласын

дамыту қызмет көрсету деңгейін айтарлықтай

деңгейге жеткізді. Қазақстан Республикасының

денсаулық сақтау саласын дамытуда «Саламатты

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының

мақсаттарына жету жолдары мен бағыттары

негізінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда олар:

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі;

«Қазмедақпарат» медициналық ақпараттық

жүйесі;

Электронды кезекті басқару жүйесі;

85

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!