06.04.2018 Views

12(46)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Журнал «Интернаука» № 12 (46), 2018 г.

ФИЛОЛОГИЯ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Ахметова Айгүл Арғынқызы

магистр, аға оқытушы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

Қазақстан, Астана қ.

Тіл дамыту жұмыстары - тілді оқытудағы ең

маңызды мәселе. Өйткені, тіл дамыту жұмыстары

студенеттердің жалпы ойын дамытуға бағытталады.

Сондықтан тіл дамыту жұмыстары арқылы ойын

жүйелі, дұрыс айтып беруге, мәдениетті сөйлеуге,

сөздік қорын молайтуға мүмкіндік жасаймыз.

Тілді үйренушілерге қазақ тілін оқытудағы

басты мақсат - сөйлей білуге, өз ойын айта білуге,

жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік

қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Қазақ тілін

орыс тілділерге игертуде коммуникативтік қарымқатынас

бірінші орында тұрғандықтан, тіл

материалдары болсын, оны игертуге негізделген

жаттығулар болсын, сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары

болсын түгелдей қазақша сөйлей білуге, өз ойын айта

білуге бағытталуы қажет. Қазақ тілін орыс топтарына

нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін

жетілдіру, түсіну - бүгінгі күннің маңызды мәселесі.

Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту

жұмыстары студенттердің жалпы ойын дамытуға

бағытталады. Яғни, студенттердің тілін дамыту

мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла,

сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде

ұйымдастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі

сапалы болуы оқытушының өзіне, білім деңгейіне,

кәсіби шеберлігіне байланысты. Сабақ барысында

қазақ халқының асыл қазынасы болып саналатын

ауыз әдебиеті жанрларының түрлерін, тұрақты сөз

тіркестерін, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен

жаңылтпаштарды, әдет-ғұрып, ұлағатты нақыл

сөздерді тағы басқа тағылымдарды үйрету арқылы

студенттің танымы кеңейтіледі. Осылайша жеке

тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тілді үйренуге

ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін

іске асыруға бағытталады.

Мақал-мәтелдер - ұзақ жылдар бойы халықтың

іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі.

Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты

сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол

қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде

халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі,

көңілге түйген ақылының кені жатыр.

Қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуші ғалым

М.Ғабдуллин: «Ең алдымен, әлеуметтік жағынан

алғанда, мақал-үлкен толғау, образ арқылы берілген

1. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазыңыз:

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

оңбас.

Жауда қалған бұлбұлдан

сен тыныш.

Отанын сатқан

Отанға кайтқан ит артық.

Отан қадіріне жетпеген

адал адам Отанын сүйеді.

Отан елдің анасы,

өз қадіріне жетпейді

Отаның тыныш —

ел ердің анасы.

89

логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам

өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде, қоғамдық

жағдайларда кездесетін әртүрлі құбылыстарға,

тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға,

байсалды тұжырым есебінде қолданылады», - деп

мақал-мәтелге сипаттама береді [1, 70 б]. Ал

қазақтың белгілі ғалымы Ә.Қайдар мақал - мәтел

туралы былай дейді: «Қазақ мақал - мәтелдерінің

халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып

білуде дүниетанымдық, логикалық,

этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі,

дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан

құбылыстардың бәріне мақал - мәтелдердің қатысы

бар. Дүние болмысының өзінде о бастан - ақ

қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша

заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға

топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай

шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді» [2, 16 б].

Мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң,

мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы, ол сол

халықтың сөздiк қорының байлығын танытады.

Тіл үйренушілердің қызығушылығын арттыруда

мақал-мәтелдердің үлгілерін пайдаланудың маңызы

зор. Мақал-мәтелдермен танысу және оларды

білудің тәрбиелік мәні де жетерлік.

Мақал-мәтелдер сабақтың түрлі кезеңінде және

оқытудың барлық деңгейлерінде (бастауыш, орта,

жоғары) тілдік дайындығы түрлі деңгейдегі

оқушыларға пайдаланыла алады. Олар мұғалімнің

алдына қойған мақсаты мен оқытудың аталған

деңгейінде оқушыларда қандай қабілеттерді

қалыптастыруды көздейтіндігіне байланысты.

Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді

пайдаланудың негізгі мақсаты:

1. Тілді үйренушілердің сөздерді дұрыс айту

дағдысын қалыптастыру.

2. Кейбір грамматикалық құбылыстарды

түсіндіру және бекіту.

3. Сөздік қорын кеңейту және байыту.

4. Сөйлеу әрекетіне ынталандыру.

5. Аударма қабілеттерін қалыптастыру.

Мақал-мәтелдер тәрбиелік жағынан да,

студенттердің сөздің қорын молайтуда да теңдесі

жоқ мұра екенін мойындай отырып, қазақ тілі

сабақтарында олармен жұмыстың сан түрін

жүргізуге болады. Мысалы:

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!