29.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 29 сәуір, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

14 29 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл ТАРИХ

SARYARQA SAMALY

Қаламмен де,

Әскери тілші, бас редактор Омарғали Құдышев туралы

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Тарих бедерінде

Осы бір суреттерде үнемі басына

шляпа киіп, жымиып түсетін (Брежневпен

түскен суретінде де жымиып

тұрғанына сүйсінуге болады),

дөңгелек өңді, ашық маңдайлы

тұлғаны көргенде көз тоқтатып,

ойланып қалатынымыз рас. Егер

алға қарай озып кетіп айтатын

болсақ, Омарғали Құдышевтың

мінезі де сондай ашық-жарқын,

өз ортасын өзіне қарай үйіріп

тартып, үлкенге әңгіме, кішіге

қолпаштау айта алатын азамат

болған.

Омарғали Құдышев туралы

Павлодар облыстық «Сарыарқа

самалы» газетіне қызметке келген

2000 жылдар басында ардагер

ағалардан жиі еститін едік. Тұтас

бір тілшілік мектептің іргесін салып,

көптеген ақын-жазушылардың

қалыптасуына, тіпті қарадүрсін

жазатын журналистердің тілін

ұстартып, сөз әлемінде қанат

жаюына сенім білдірген қамқор

басшы болғанын ағалар жиі

әңгіме ететін. Әрине, газетіміздің

92 жылдық тарихында басылымның

тізгінін небір марғасқалар, қазақ

айтатындай, жақсылар мен

жайсаңдар ұстағаны мәлім. Десе де,

республикаға аты мәлім Омарғали

Құдышевтың басшылық еткен

жылдарын аймақтық баспасөздің

қуаттанып, қайратқа мінген кезеңі

деп бағалауға болады. Бұл сөзімізді

бүгінде еліміздің публицистика

саласында есімі мәшһүр біраз

ағаларымыз растайды деп сенеміз.

Шынын айтқанда, Омарғали

Құдышұлының Павлодар өңіріндегі

еңбегі туралы қайта бір архивке

айналып соғып, естеліктер жинауымызға

бір оқиға түрткі болды.

Биылғы Наурыз мейрамының алды

еді. Қазірде ғаламтор мүмкіндігі

мол, газеттің Фейсбук парақшасына

тіркелуді сұраған бір мейманымыз

«Газет оқырманысыз ба?» деген

автоматты түрде қойылатын сауалға:

«сонда қызмет еткен редактордың

қызымын» деп жауап қатқан екен.

Тарихымызды түгендейтін қасиетіміз

бар еді, елең еттік. Аты-жөні

Құдышева Нұргүл. Кешқұрым

мезгіл болса да, бірден хабарласып,

танысып әңгімелестік. Ол

кісі бүгінде Мәскеу қаласында

тұрады екен. Бір кездері

әкесі қызмет еткен

Павлодар өңірін, газетінің

жағдайын әлі де болса

қызығушылық танытып,

біліп, сұрастырып

тұратынын аңғардық.

Сөз арасында белгілі

журналист Омарғали

Құдышев туралы соңғы

уақытта жарияланымдар

азайғанын да тілге, тиек

етіп қалды. Біз өз тарапымыздан

жіберілген

олқылықты түсініп, тез

орнын толтыруды міндетіп

етіп алдық. Әрине, біраз

архивтік деректер қолға

түскенше, отбасылық

естеліктер, әр кездегі

Саяси

жетекші, майор

Міне, қолымызда - Павлодар

облыстық мемлекеттік архивінің

біздің сұрауымыз бойынша жіберген

құжаттар көшірмесі. Әрине, өзі

редактор, өзі облыстық кеңестің

депутаты, өзі облыстық партия

комитеті бюросының мүшесі,

облыстық журналистер ұйымының,

әдеби бірлестігінің жетекшісі болған

қайраткер туралы деректер бірнеше

парақтан тұратыны заңдылық.

Соның ішінде өз қолымен

Соғыстан кейін Павлодар өңірінде қазақ баспасөзінің дамуына зор

үлес қосқан, соңынан өзіндік мектебін қалыптастырған қайраткерлер

баршылық. Өкінішке орай солар туралы кейінгі қаламгер қауым

жете білмейді. Павлодар облысында осындай қайратымен танылған -

әскери журналист-публицист, гвардия майоры Омарғали Құдышев.

Ол қызмет еткен 1950 жылдар соңы мен 1960 жылдар басында облысымызда

шаруашылықтар өркендетіліп, қала құрылысы қарқынды

дамып, бүкілкеңестік тың игеру науқанына әзірлік жүріп жатқан

болатын. Облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы ретінде газетте

қоғамдық өмірдің қайнауын сол қалпында беруге күш салды. Кейін

өзі айтқандай, ол Павлодар өңіріндегі қызметі барысында өмірлік

айнымас достар, жанашыр қауымды тапты.

газеттік мақалалар

жиналғанша, қала берді,

сол уақыттағы тарихи

жағдайды көкірегімізге

тоқып, зерделеп танығанымызша

біраз

уақыт өткенін несіне

жасырайық. Ендігі

жерде Омарғали ағамыздың

өзі айтқандай, өмірінің ең бір

нұрлы, дос-жаранмен сыйласып,

мазмұнды өткен шағы туралы

жазуға іштей пісіп-жетілгенімізді

сезініп, қолға қалам алдық. Әрине,

білмегенімізден кем-кетік, жетпей

жатқан тұстарымыз болары ақиқат.

Десе де, мойнымыздағы борыштың

өтеуі осы бір дүниенің тууына

әкелді.

жазылған «Автобиографиясына»

ықыласымыз

бірден ауды. Өмірбаяны

туралы әріптестерінің

деректерінде кездессе

де, өзі жазған дүниенің

шындығы басымырақ болар.

Ол кездегі әдемі қол

жазуымен берілгендей,

Омарғали Құдышев 1912

жылы Семей облысы Жарма

ауданы Ақжал руднигінде

кеншілер отбасында өмірге

келген. Әкесі 1917 жылы өмірден

озып, ағасы Ахметқалидың қолында

1927 жылға дейін тәрбиеленген. 1933

жылы Семей қазақ педагогикалық

техникумын оқып бітіріп, сол жылдан

бастап 1935 жылға дейін Лениногорск

қаласында жұмыс істейді.

Ол жерде толық емес мектептің

оқу істері жөнінен меңгерушісі

болып, математика және физика

пәндерінен сабақ береді. 1935-37

жылдары Кеңес армиясының

қатарында борышын өтейді. 1940

жылы Қазақстан Компартиясы

Орталық комитетінің жанындағы

Коммунистік журналистика институтын

бітіріп шығады. Ұлы Отан

соғысы басталғанға дейін Семей

облыстық «Екпінді» газетінің бөлім

меңгерушісі, жауапты хатшысы

қызметтерін атқарған. Ал 1941 жылдан

бастап 1946 жылға дейін Кеңес

Армиясы құрамында майданда

болып, саяси жетекші, саяси

үгітші, дивизия газетінің тілшісі,

редакторының орынбасары болып

қызмет еткен.

Бүгінде тарихи деректерден

кеңес билігі соғыс уақытында

жауынгерлердің рухын көтеру

бағытында жұмыс жоғары

деңгейде жүргізуге баса мән

бергені белгілі болып отыр. Атақты

Бауыржан Момышұлы өз күнделігінде:

«Майдандағы қазақтарда

ана тілі, туған әдебиеті, туған

музыкасынан аз болса да нәр

беріліп тұрмауын қылмыс деп

айтар едім» деп жазуы көп нәрсені

аңғартса керек. Расында, тарихтағы

ұлттық батырлар туралы мақалалар

жауынгерлердің рухын атойлатып,

фашистермен күресуге дәрмен

берді.

Міне, көзімізге 1943 жылдың

8 июнінде Солтүстік-Батыс майданында

қазақ және татар тілдерінде,

әскери құрылымдар арасында таралымы

5 мың данаға дейін жететін

Оңнан солға қарай: әскери тілшілер Омарғали Құдышев, Сәду

Машақов, Дихан Әбілев, Москва, 6.IХ.1942 жыл

газеттер ұйымдастыру туралы Халық

Қорғаныс комиссарының орынбасары

Е.Щаденконың бұйрығы

да түседі. Яғни, мұндай рухтықидеологиялық

қозғалыс барлық

майданда жүрді.

ҚазҰУ профессоры Сағымбай

Қозыбаевтың айтуынша, жауынгерлерге

рух беретін газеттер

қазақ тілінде 1942 жылдың

қараша айынан бастап шыға

бастады. Жұмысшы - Қызыл

әскер командованиесі Бас саяси

басқармасының мәліметінше, 1942

жылдың соңы мен 1943 жылдары

Ұлы Отан соғысы және Орта Азия

майдандарында 42 газет, 7 журнал

жарық көріп тұрған. Қазақ тілінде

20 майдандық, дивизия газеттері,

жүздеген жауынгерлік парақтар

шығып жатты. Ұлттық әскери

құрылымдардың құрылуымен

бірге жауынгерлердің әскери және

рухтың тәрбие мәселесі өзекті

болды. Сол үшін олардың ұлттық

салт-дәстүрі мен психологиясын

есепке ала отырып ана тілінде

газет шығару ісі өрледі.

Не керек, 1942 жылдың екінші

жартысында барлық майдандарында

әртүрлі тілде әскери

басылымдар шыға бастады.

Мәселен, Батыс майданда

«Красноармейская правда» –

«Қызыл әскер ақиқаты», Брянск

майданында «На разгром врага» –

«Жауды жоюға», Калинин майданында

– «Вперед на врага» – «Жауға

қарсы аттан», Волхов майданында –

«Фронтовая правда» – «Майдан

ақиқаты», генерал-майор Иван

Панфилов атындағы 8-гвардиялық

дивизияда «За Родину» – «Отан

үшiн», Ленинград майданында «На

страже Родины» - «Отан қорғауда»

атты газеттер ұйымдастырылды.

Майдандық газеттер сарбаздардың

бойында Отанға деген сүйіспеншілікті

тәрбиелей отырып, жауға деген

кекшілдікті ұлғайтты. Бұл олардың

ерлікпен Отан қорғауына зор

ықпал етті.

Майдандық газеттерге жұмыс

істеуге қазақ интеллигенциясы мен

журналистикасының ірі өкілдері

жіберілді. Олардың арасында Кеңес

Одағының батыры М.Ғабдуллин,

С.Бәйішев, И.Нұрғалиев, Б.Бұлқышев,

Қ.Бекхожин болса, кейіннен ақынжазушылар

Жұбан Молдағалиев,

Дихан Әбілов, Төлеутай Ақшолақов,

Әнуар Ипмағамбетов, Қалмақан

Әбдіқадыровтар осы топтан

табылды.

Осындай қасиетті борышты

атқару үшін Омарғали Құдышев те

сапқа қосылды. Майданға түскен

барлық қазақстандық журналистер

әскери тілші атанған жоқ.

О.Құдышев 1935 жылы әскерден

кейін 48-інші кавалериялық полктің

кіші комсомол құрамына кіріп,

типографиясында жұмыс істеп,

полктың «Қызыл сақшы» газетінде

жауапты хатшы болғаны маңызды

рөл атқарған болса керек. Сондай-ақ

95-кавалериялық дивизиясының

қызыләскерлік «Қызыл семсер»

газетінде еңбек етіп, мақалалары

сол уақытта «Фрунзовец»,

«Лениншіл жас» газеттерінде

жарияланып тұрды. Әскери

журналист Ұлы Отан соғысын

44-гвардиялық атқыштар Барановичской

дивизиясының құрамында

ротаның саяси жетекшісі (политрук),

полк үгітшісі болып қызмет

етті, 1943 жылы маусым айынан

бастап 1944 жылдың қазанына

дейін дивизиялық «Боевой путь»

газетінің редакторының орынбасары

болды.

Осы дивизияның құрамында

Калинин, Ростов облыстарын,

Украинаның сол жағалауын, Белоруссия,

Шығыс Польша жерін

азат етуге қатысты. 1945 жылы

О.Құдышев Кеңес Армиясының

Жоғары әскери-педагогикалық

институтын оқып бітірді. Әрі

қарай Қиыр Шығыс майданында

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!