29.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 29 сәуір, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ҰБТ-2021

БІЛІМ 29 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 5

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП»

Биылғы сынақ

бұрынғыдан өзгерек

Осы аптада мектеп

түлектеріне жоғары оқу

орны гранттарына жолдама

беретін ең негізгі ҰБТ басталады.

Яғни, ақысыз тестілеу

сынағы 30 сәуір күні

басталып, 30 маусымға дейін

жалғасады. Ал осы жылы

оқушылардың қалаған

ұпайына қол жеткізіп,

армандаған оқу орнына

түсуіне мүмкіндік беретін

бірқатар өзгеріс енгізілді.

Ендеше, солардың ең

негізгілеріне тоқталайық.

Тілеуберді САХАБА

2019 жылдан бері мектеп түлектері бір

жылда төрт рет тест тапсырып келеді.. Яғни,

оның біреуін қыста, біреуін көктемде және

екеуін жазда өткізетін. Ал биыл бұл салаға

тағы бір үлкен реформа жасалып, тестілеу

толығымен электрондық, яғни, компьютерлік

форматқа ауысты. Мұндағы «Бір компьютер -

бір камера» қағидатының мақсаты – біреу.

Ол – академиялық әділдікті сақтай отырып,

мемлекеттік грантты 11 жыл бойы көз

майын тауысып оқыған білімді оқушыға

беру. Сондықтан, биылғы тестілеу бұрнғы

сынақтардан мүлдем өзгеше болмақ.

Торайғыров университеті қабылдау

комиссиясының жауапты хатшысы Сәуле

Кісембаеваның сөзінше, тест сынағы кезінде

рұқсат етілмеген құралдарды пайдалануға

мүлдем жол берілмейді. Оқушылар көбінде

ұялы телефон, планшет, плеер құрылғысы,

калькулятор, сымды және сымсыз құлаққап,

шпаргалка сынды басқа да көмекші

құралдар пайдалануға әрекеттенеді. Ондай

қадамға барған балалар бірден аудиториядан

шығарылып, нәтижесі жойылады

дейді. Өткен жылғы сынақ барысында да

осы жағы қатаң бақылауға алынды. Сол

кезде әртүрлі тыйым салынған құрылғылар

мен шпаргалкалар алып кіреміз деп

ұсталғандар «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп

құлағынан айырылыптының» кебін киген

еді. Яғни, тест аудиториясынан шығарылып,

бір жылға шектеу қойылған болатын.

Жалпы, электрондық тестілеудің артықшылығына

тоқталсақ. Біріншіден оқушы тест

тапсыратын күні мен уақытын өзі таңдайды.

Екіншіден, тест тапсырушының уақыты

әжептәуір үнемделді. Яғни, бұрынғыдай

жауап парағын бояп отырмайды, дұрыс

жауабының тұсындағы пернені басып өте

береді. Үшіншіден, алдыңғы белгілеп кеткен

жауабын қайта өзгерту мүмкіндігі бар.

Егер, қағаз жүзінде болса олай өзгерте

алмас еді. Төртіншіден, абайсыздан басқа

ұяшықты бояп кету секілді қауіп болмайды.

Бесіншіден, қате толтырылған деректерді

түзетуге, тест тапсыру барысында тілін

және пәнін ауыстыру мүмкіндігі берілген.

Алтыншыдан, тест нәтижесін бірден

алады, бұрынғыдай кешке дейін оқу орны

алдында сарылып күтіп жүрмейді. Егер,

нәтижеге қанағаттанбаса, 30 минут ішінде

апелляцияға беруге болады. Жетіншісі – бір

оқушыға екі рет тест тапсыруға мүмкіндік

берілді.

- Биыл Қазақстан тарихы мен математикалық

сауаттылық пәндерінің тапсырмалар

саны азайды. Бұрын 20 сұрақ болса, енді

15 сұраққа жауап береді. Ал оқу сауаттылығы

20 сұрақ күйінде қалды. Ал бейіндік

пәндердің сұрағы 35 болып көбейді. Сонда

барлық сұрақтар саны – 120, ең жоғарғы

ұпай көлемі – 140. Тест тапсыру уақытында

да өзгерістер бар. Мысалы, жаратылыстану-математика

(математика, физика,

химия, биология, география) бағытын

таңдаған талапкерлер үшін 240 минут,

яғни, 4 сағат уақыт берілген. Ал қоғамдықгуманитарлық

(Қазақстан тарихы, қазақ

тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,

шет тілі) пәндер бойынша тапсыратын

болсаңыз, 225 минут жұмыс істейсіз, -

дейді Сәуле Камалиденқызы.

Бұл жерде түлектердің білім дайындығынан

бөлек, психологиялық әзірлігі де

мығым болуы керек. Әсіресе, аудиториядағы

әр минуты санаулы әрі маңызды

екенін ескеріп, сол берілген уақытты

тиімді пайдалануға дағдылану керек.

Негізі, ұйымдастырушы тарап берілген

уақытты қалай пайдалану керек екенін

де жүйелеп қойған. Мысалы, алғашқы

1 сағаттан кейін орныңыздан тұрып, 2

минуттық үзіліс жасап, бой жазып алуға

болады. Басталғаннан кейін 2 сағаттан

соң 15 минуттық үзіліс беріледі. Онда

дәретханаға шығуға, су және дәрі-дәрмек

ішуге мүмкіндік бар. 3 сағаттан кейін тағы

3 минуттық үзіліс жасауыңызға болады.

Тест аяқталып, нәтижесін көргеннен кейін

оған қанағаттанбайтын болсаңыз, бірден

сыртқа беттемей, апелляциялық кезеңді

күтіңіз. Яғни, сынақ аяқталғаннан кейін

5 минуттан соң барып апелляцияға өтініш

жібересіз, оның жауабын бар болғаны

30 минут ішінде алып үлгересіз.

Осы ретте апелляцияға қандай жағдайда

беру керек деген заңды сұрақ туындайды.

Мысалы, тест тапсырмасының құрамы

бойынша сұрақтың дұрыс жауабы болмаса

немесе тест сұрақтары қате құрастырылған

жағдайда қайта тексертуге құқығы бар.

Сонымен қатар, техникалық қателіктер де

орын алуы да мүмкін. Мысалы, тапсырманың

жартысы көрінбесе, сызбалар көрінбесе,

компьютер дұрыс жұмыс істемесе.

Соңғысы орын алған жағдайда тестілеудің

аяқталуын күтпей бірден апелляцияға

берген жөн.

ҰБТ бойынша мемлекеттік комиссия

мүшесі Балжан Солтанованың сөзінше,

аудиторияға жеке куәлік, қалам, су, дәрідәрмек,

көзілдірік және оның қорабы сынды

бірнеше затқа ғана рұқсат береді.

- Аудиторияға кірген соң бірден киім ілетін

бөлмеге өтеді, онда тест тапсырушыларға

арнайы бөлме қарастырылған. Одан шыққан

соң фойедегі биометрикаға жақындап,

жеке куәліктері бойынша салыстырып,

өздерін растайды. Сонымен қатар, сол

күні тест сынағына қатысқанын растайтын

тіркеу парағына қолын қояды. Одан

кейінгі кезең – оқушымен бірге алып

бара жатқан заттарды тексеру. Металл

іздегіш құрылғының көмегімен оқушының

бойында қандай зат барын тексеріп, тыйым

салынған құралдар болса, сол жерге алып

қалады. Осы тексеруден өткеннен кейін

тест тапсыру кабинетіне өтіп, өзінің қалаған

орнына жайғаса береді, - дейді Балжан

Мағауияқызы.

Облыстық білім беру басқармасының

мәліметінше, ағымдағы жылы 4479 оқушы

11-сынып бітірсе, 82 пайызы (3682) ҰБТ

тапсыруды жоспарлап отыр. Жалпы, республика

бойынша 125 мың оқушы тест тапсырады

деген мәлімет бар. Ал биылғы түлектерге

берілетін мемлекеттік гранттар саны

45 мыңды құрайды.

Абайдың жас оқырманы

БАЙҚАУ

Ұсыныстар

айтылды

Баянауыл аудандық

білім беру бөлімінің

ұйымдастыруымен «Оқуға

құштар мектеп» жобасын

іске асыру жолдары»

тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты –

кітапханашылардың кәсіби

өсуіне қолдау көрсету және

өз жұмыстарын тиімді

жүргізу бойынша кеңес

беру.

Семинарға аудандағы мектеп

директорларының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарлары, білім беру бөлімнің

әдіскерлері, кітапханашылар және атааналар

комитетінің мүшелері қатысты.

Семинар барысында №2 жалпы

орта мектебінің, №1 Майқайың орта

мектебінің, Ш.Айманов атындағы жалпы

орта мектеп-интернатының, З.Ақышев

орта мектебінің кітапханашылары «Оқуға

құштар мектеп» жобасын тиімді іске

асыру жолдарын айтты. Сонымен

қатар, сәуір айына дейін атқарылған

жұмыстары туралы баяндап, алдағы

жоспарларымен бөлісті.

Мәншүк ШУМАҚОВА,

Баянауыл аудандық білім

бөлімінің әдіскері.

Нағыз білім -

кітапта

Мектеп оқушыларының

кітап оқуға деген қызығушылығын

арттыру әр

мұғалімнің басты міндеті

болуы тиіс. Май ауданына

қарасты Ақжар

орта мектебінде осы

бағытта көптеген игі істер

атқарылуда.

Мақсаты – бүгінгі қоғамға қажетті әрі

сұранысқа ие кітаптарды оқушыларға

ұсыну және олардың тіліне жеңіл әрі

тез қабылдайтын шығармаларды ғана

оқуына кеңес беру. Жақында мектеп

ішіндегі «Келешек» өзін–өзі басқару ұйымы

«Менің сүйікті кітабым» тақырыбында

презентация өткізді. Сонымен қатар,

аға тәлімгер Ерсұлтан Жаңабайұлының

ұйымдастыруымен кітаптар көрмесі

ашылды.

Бұл «Оқуға құштар мектеп» жобасы

аясында ұйымдастырылып жатқан іс

шаралардың бастамасы ғана. Алдағы

уақытта кітапқа байланысты бұдан

да маңызды тақырыптар көтеріліп,

оқушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылатын

болады. Оған оқушылармен қатар

ата-аналар да қатыстырылады.

Әсем АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ,

Ақжар орта мектебі

директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары, Май ауданы.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге, -

деп қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт

Торайғыров жырлағандай, Абайды оқу, оның

асыл мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу —

ортақ парыз. Жақында «Павлодар дарыны»

бос уақытты қамту және балалардың

дарындылығын дамыту орталығы 1-4-сынып

оқушылары арасында «Абай оқулары»

байқауын ұйымдастырды. Мақсаты - Абай

Құнанбайұлының шығармаларын жас буын

арасында насихаттау, өлеңдерінде айтылған

асыл қасиеттерді олардың бойына сіңіру.

Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің қазақ

тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Қалалық «Абай оқуларына» қала мектептері

бойынша ең үздік шыққан оқушылар

ғана қатысады. Байқау 2 номинация

бойынша өтті. Бірінші – «Өлең – сөздің

патшасы, сөз сарасы». Абай, Шәкәрім

өлеңдерін жатқа оқу. Екінші – «Көңілім

әнді ұғады», яғни Абай, Шәкәрім әндерін

орындау. Оқушылардың барлығы жоғары

дайындықпен келді деуге болады.

Байқаудың қорытындысы бойынша

қазылар алқасы «Өлең – сөздің патшасы,

сөз сарасы» бірінші номинация бойынша,

Абай шығармасын жақсы орындай білетін

және сахна шеберлігі жоғары балаларды

таңдады. Қорытындысы бойынша, №38

орта мектептің оқушысы Самир Мүбәраков

жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда ол Абай

атамыздың 51 өлеңін, 1 поэмасын және

1 аудармасын жатқа біледі.

Р.АЙДАРХАНОВА,

«Павлодар дарыны» бос уақытты

қамту және балалардың дарындылығын

дамыту орталығының әдіскері.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!