29.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 29 сәуір, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ТАРИХ 29 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 15

Омарғали Құдышевтің Павлодар

облысындағы еңбегі туралы кезінде

жазылған әріптестер естелігі мол.

Бұл туралы сәл кейін келтіріп

өтеміз. Әзірге О.Құдышевтің өзінің

Павлодар жеріне келуі туралы

естелігін алға тартсақ:

«Бұл 1956 жылдың жазы еді.

Мен Алматыда әжептәуір жауапты

қызметте жүргенмін. Қазақ,

ұйғыр тілдерінде араб әрпімен

шығатын, Батыс Қытайда тұратын

қазақ және ұйғыр ағайындарға

арнап шығарылатын «Жаңа өмір»

журналының дардай редакторы

едім. Оған қоса осы журнал

аттас баспаның бақандай директоры

болатынмын. ...Міне сөйтіп

редакторлық әрі директорлық

қызметтің бейнеті мен рахатын

бастан кешіріп жүргенімде күндердің

бір күнінде Орталық Комитетке

шақыртты. Әкімшілік қыстау әдістері

әлі де болса ХХ съезден кейін де

белең алып тұрған-ды. Бақсам,

«Қызыл туға» редактор керек екен.

Сол қызметке бірнеше кандидатураның

ішінен маған

тоқталыпты.

– Павлодарға қайткенде де

барасың, сондағы газеттің редакқарумен

де қызмет еткен

болып, соғыстан майор шенінде

оралды.

Омарғали Құдышевтің әскери

тілшілік еңбегі бағаланып,

«Қызыл жұлдыз», екінші дәрежелі

«Отан соғысы» ордендерімен,

ондаған медальдармен марапатталды.

Қайта

оралу

Бейбітшілік орнаған соң әскери

тілшілер социалистік құрылысқа

белсене араласты. Сол күндерді

еске алғанда О.Құдышев өзі

былай деген: «Қазақстанда өзі

де сирек болған журналистер

қатары соғыстан кейін тіпті селдіреп

қалған екен. Сондықтан да бейбіт

күндер құрылысы кезінде республика

баспасөзінде кадрдың

жетіспеушілігі анық сезіліп

тұрды. Ол кезде редакцияда

түнеп қалу, баспаханада таң

атқызу апта сайын қайталап

кезігетін үйреншікті істер болатын».

О.Құдышев 1952 жылы

5 ноябрьде «Үгітші блокнотының»,

«Қазақстан мұғалімінің» орысшақазақшасына,

«Социалистік Қазақстан

газетіне», барлығы 5 басылымға

редактор ретінде қол қойған

екен. Міне, осының өзі-ақ кадр

тапшылығының дәлелі болса керек.

Ал Павлодар облыстық «Қызыл Ту»

(қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінің

редакторы бола жүріп тың игеру

секілді халық өмірінің үлкен тарихи

маңызды игілікті іске өзі бастаған

коллективпен бірге елеулі үлес

қосты.

О.Құдышев Павлодар облыстық

«Қызыл Ту» газетінің редакторы

болып 1956 жылдың 6 тамызында

облыстық партия комитетінің

қаулысымен бекітілді. Дәл осы

қаулымен оған дейін газеттің редакторы

болған Әзілхан Нұршайықов

әдеби шығармашылықпен еркін

айналысу мүмкіндігін алуы үшін

«Социалистік Қазақстан» газетінің

облыстағы меншікті тілшісі болуына

байланысты қызметінен босатылды.

Кереку

жерінде

торы боласың, нықтай, шегелей

сөйледі бастық. ...Онша көне

қоймадым. Мінезім жұмсақ сорлы

басым екінші шақыртқанда және

қыстаған соң: «Жарайды, барсам

барайын», - дедім. Сонымен не

керек, шілде айының аяқ кезінде

Павлодарға келдім. Өз еліме

келгендей сезімге бөлендім

мен мұнда. Әр кезде, әр жерде

қызметтес, әріптес болған кісілер

едәуір баршылық екен» деп жазады

кейін О.Құдышев «Редактор болу

оңай ма» атты 1989 жылғы жазбасында.

Бірге қызметтес болған, қол

астында істеген әріптестерінің

естелігіне үңілсек, Омарғали

Құдышұлының редакторлық,

журналистік болмысын танығандай

боламыз. Ол журналистиканың

барлық жанрында қалам тербей

алатын, шапшаң жазатын қасиетке

ие болған.

«Қызыл ту» газетінде ұзақ

жылдар қызмет еткен журналист,

Ұлы Отан соғысының ардагері

Әбдеш Баймұрзин:

«Қаламы төселген, тіл ұстартқан

жаңалықты сезгіш, жақсы

журналистің бойындағы ерекше бір

қасиет тақырып таңдау деп білеміз.

Омекеңде бұл қасиет мол еді», деп

біраз мысалдар келтіреді. Бірде

жерлесіміз Қалмұқан Исабаев Ертіс -

Қарағанды каналының құрылысы

туралы әуелі «Жол-жөнекей»

атты көлемі екі баспа табақтай

жолжазба ұсынады. О.Құдышев оны

қабылдап, атауын «Арман арнасы»

деп сәтті өзгертеді, жазушы да

ырза болады. Кейін Қ.Исабаев

осы атаумен әдеби кітап

шығарды.

«Омекең бұрын көп қолданылмай

жүрген жақсы сөздерді ұнататын.

О.Құдышев - еңбеккерлер ортасында

Ал жауыр болған жаттанды сөздерді

жек көретін. Сондықтан редакцияның

қызметкерлері әзірлеген іріліұсақты

материалда бір жылтыраған

жаңалықты байқап қалса, бір өзі

ойлап тапқандай қуанып, қарқылдап

күліп алатын» деп еске алған

Ә.Баймұрзин.

«О.Құдышев редактор ретінде

ұйымдастырушы ғана емес,

нағыз тәрбиеші де бола білді.

Қаламының желі бар дарынды

жастарды, кейбір кемшіліктеріне

қарамастан қолдап, демеп, оларға

қамқорлық жасап жүрді. Ақын

Төлеужан Ысмайыловтың дарынын

бағалаған, Рамазан Тоқтаровты

шетел тілдері институтын бітіріп,

шалғай ауылдағы бір мектепке

француз тілінен сабақ беруге кетіп

бара жатқан жерінен редакцияға

алып қалған. Сөйтіп кейін оның

белгілі жазушы болып қалыптасуына

септігін тигізген еді» деп жазады

белгілі ғалым, журналист Зейнолла

Әйтімұлы.

О.Құдышевтің қызының айтуынша,

З.Әйтімов үнемі редактордың

жанынан табылған, аға мен інідей

жақын сырласқан, туыстай болған.

Қайбір жылы Алаш арыстарының

бірі абақтыдан босап келгенде

онымен көрісуге жас журналист

З.Әйтімовті бірге алып барған

көрінеді. Одан кейін О.Құдышев

Алматыға қызметі ауысып кеткенде

де ағалы-іні ретінде сыйластығын

үзбеген, отбасымен араласып

тұрған.

,,...Қаламының желі бар дарынды жастарды, кейбір кемшіліктеріне

қарамастан қолдап, демеп, оларға қамқорлық жасап жүрді. Ақын

Төлеужан Ысмайыловтың дарынын бағалаған, Рамазан Тоқтаровты

шетел тілдері институтын бітіріп, шалғай ауылдағы бір мектепке

француз тілінен сабақ беруге кетіп бара жатқан жерінен

редакцияға алып қалған...

Жарқын

жылдар,

шуақты шақтар

«Қазақ КСР Жоғары Советі мен

үкіметінің хабаршысы» газетінің

бас редакторы, Қазақстан Журналистер

одағының хатшысы, «Біздің

Отан» («Шалқар») газетінің редакциясында,

т.б. орындарда жұмыс

істеді. Десе де, оның өмірінде

Павлодар облыстық «Қызыл ту»

газетінде қызмет еткен уақыты

(1956-1962 жылдары) жарқын кездесулерге,

ұмытылмас әсерлерге толы

болғанын аңғару қиын емес. «Әкем

солай айтатын» деп қызы Нұргұл

Құдышева да газетке берген арнайы

сұхбатында ерекше әңгімеледі:

«Біз Павлодарға 1956 жылдың

күзінде көшіп келдік. Маған және

бауырым Нұрланға қала ұнады, бірақ

Алматыда өскен бізге Павлодар

жері салқын көрінді. Сондықтан

анам Тойдық Болатова белсенді

әйел, компартия қызметкері болса

да жұмысқа шықпай, бізді күтіпбақты.

Ол кездегі Интернациональная,

қазіргі Михаил Есенәлиев

көшесі, 12-інші үйде тұрдық.

«Қызыл ту» газетінің редакциясы

Ленин көшесінде, бір қабатты

ағаш үйде орналасқан еді. Іші

онша үлкен емес, қызметкерлердің

ортақ бөлмесі, әрі қарай әкемнің

жұмыс бөлмесі болатын. Типография

алыс емес еді, әкем жаңа

газет шығарда түні бойы сонда

болатын. Ол облыс бойынша жиі

іссапарда жүрді, кейде бауырымды

бірге ертіп әкететін. Алматыға

қоныс аударғанымызда олар

Павлодарда нағыз достар

тапқанын, сонысымен ыстық

болатынын айтқаны есімде.

Расында, газет қызметкерлері

жиі бір-біріне қонаққа баратын.

Отбасымыз өмір бойы Зейнолла

Әйтімов, Асқаров, Катеринин,

Хазыров, Хоразов, Тұрғанбек

Катаев (кейін жоғары және орта

білім министрлі болды), Михаил

Есенәлиевтер, (кейіннен сыртқы

істер министрлігінде қызмет етті),

Қабдеш Нұркиндердің отбасымен

үлкен сыйластықта болды. Жазушылар

одағында әкеме Павлодар

жерінде жас ақын-жазушылардың

басын қосуға тапсырма берген екен.

Олар әр ауданнан жиналып, біздің

үйімізге келетін. Шаңырағымызда

Павлодар жерінің таланттары өнерін

көрсететін, магнитофонға жазып

алатын, суреттерге түсетін. Рамазан

Тоқтаровтың отбасымен дос едік.

Әкемнің музыкаға қабілеті болатын,

домбырада, пианинода ойнайтын.

Кейде менің өтінішіммен радиодан

берілген әндердің мелодиясын

салып беретін.

Әкем мейірбан адам еді. Анам

қаталдау болса, ол қалжыңқой

еді. «Жылымықтың» әсері ме

екен, Мәскеуде, Кремльде өткен

Л.Брежневтің Жоғарғы Советте

журналистермен кездесуінде тек

әкем ғана жымиып, күлімсіреп

тұр. Сол үшін анам ұрысатын:

басқалары ұстамды тұрғанда сен

ғана күліп тұрсың, деп.

Әкем үнемі заманның лебін,

талабын сезе білетін, тарихи

сәттерді сезінетін. Көп оқитын,

барлығын кеңінен сараптайтын.

1976 жылы маған партияға өтуге

ұсыныс түскенде, әкем райымнан

қайтарған еді. Бәлкім партияның

уақытша құбылыс екенін түсінді ме

екен. Ол соғыс туралы ештеңе

айтпайтын. Еске алғанда ұнатпайды

деп ойлайтынмын, бірақ айтуға

да рұқсат берілмеді ғой. Қазір

мен әкемді, оның жүріп өткен

еңбек жолын мақтан етемін.

Ол 1991 жылы тамызда дүние

салды», - деп еске алады Нұргүл

Омарғалиқызы.

«Редактор болу оңай ма»

атты жазбасында О.Құдышев: «Өз

басым қай жерде, қайда жүрсем

де, қандай қызмет атқарсам да,

әйтеуір өртеніп кетпей, жалындап

жұмыс істеуге тырысып бақтым»

деп сөзін бітірген екен...

Иә, Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» (бұрынғы «Қызыл ту») газеті

92 жылдық тарихында елімізге белгілі публицист, қайраткер Омарғали

Құдышевтай тарлан азаматтардан, басшылардан кенде болған жоқ. Десе

де, зырғып аққан уақыттың ығында есімдері аталмай жататынын, болмаса

сирек естіліп қалатынын қайтерміз. Олардың есімдерін әр кез атап, жас

журналистерге, жалпы елге насихаттап отырудың ешбір уақасы жоқ. Олар

елге қызмет етудің, өзін аямай, халық игілігін аялай жұмыс істеудің үлгісін

көрсетті.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!