29.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 29 сәуір, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

БЕРЕН 29 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 7

«...Отан соғысы күндерінде ауданымыздың

еңбекшілері жан аямай еңбек

істей отырып, 1942 жылы мемлекеттік

мал өсіру планын асыра орындағаны үшін

партия мен үкіметіміз ауданымызға СССР

Жер Халық комиссариятының ауыспалы

Қызыл туы мен бірінші дәрежелі сыйлығын

берді. Бұл Отан соғысы күндерінде ауданымыздың

зор табысы, абыройлы ісі болып

отыр.

1943 жылы мал өсіруде аудан бойынша

105 пайызға орындап, мемлекетке

17,5 мың центнер астық өткіздік. Сол секілді

ет, май, жұмыртқа, ірімшік жоспардан

асыра орындады...». (Баянауыл ауданы)

1943 жыл.

* * *

«...Соғыс күндерінде ауданымыздың

еңбек майданының ерлері де арта түсіп

отыр. Мысалы: Өткен 1943 жылы танк және

авиация колоннасын жасауға Ыбыраев

Оразалы 155 мың, Бәженеев 150 мың,

Тұрғылақов 100 мың, Шағалин Молша

50 мың сом қаржы берді. Сол сияқты

ауданымыздың бірнеше ондаған адамдары

30-40 мың сомнан қаржы берді.

Осының нәтижесінде ауданымыз Сталин

жолдастан 2 рет алғыс телеграммасын

алды...». (Баянауыл ауданы) 1944 жыл.

«Кеудесінде «Батырлығы үшін» медалі

жарқыраған соқталы, қара торы жас жігіт –

танк башнясының командирі, сержант

Балташ Қасымжанов - тәжірибелі жауынгерлердің

бірі. Оны бөліміндегі жолдастары

жақсы біледі. Сөзге сараң, іске шебер,

арыстандай жүректі Қасымжанов талай

ұрыстарға қатысып, ерлік көрсеткен.

- Танкілер шабуылында немістерді қаладан

қуып шықтық. Жендеттер Белоруссияның

әп-әсем қаласын сондай талқандаған екен,

бүкіл қаладан бір-ақ бүтін үй қалыпты.

Міне, мұны көрген көз жүректі кек алуға

шақырады, - дейді Қасымжанов жолдас.

Бірде Қасымжановтың танкісі басқа

танкілер қатарында жаудың күтпеген

жерінен, ағаш ішінен шығып, немістерді

баса жаншып, оқ ататын точкелерін

талқандады.

Неміс жендеттері біздің ар-намысымызға

тиіп, бізді әбден өшіктірді ғой, сондықтан

намысқор жүрек еш нәрсеге тоқтар емес,

Қазақ танкисі

1944 жылдың 4 шілдесі күні «Жауға қарсы аттан» газетінде

«Қазақ танкистері» атты мақала шыққан.

Туған елдің сәлемі

Соғыс жылдары, 1942 жылдан бастап қан майданда жарыққа шыға

бастаған «Жауға қарсы аттан» газеті - майданға аттанған жерлестеріміздің

ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің жанқияр еңбектері туралы

жазған басылымның бірден-бірі. «Жауға қарсы аттан» газетіне қысқаша

шолу жасасақ.

жауды жеңбей тоқтау болмақ емес! -

дейді жас жауынгер Қасымжанов».

Осы мақаланың бас кейіпкері Тереңкөл

ауданы Тегістік ауылының тумасы Балташ

Қасымжанұлы 1939 жылы 16 қаңтарда

әскер қатарына шақырылып, 1940 жылға

дейін 24-ші курсанттар даярлайтын танк

полкінде даярлық курсынан өтіп, кейіннен

осы полкта механизатор жүргізуші болып

істеді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысында

тілерсектен қан кешіп, қан майданда

кескілескен ұрыстарға қатысып, 1943 жылдан

1944 жылға дейін зенитті артиллерия

дивизионында жүргізуші болды. Кейіннен

Беларусь, Прибалтика майдандарындағы

ұрыстарға қатысты.

Қырғын соғыстың бел ортасында жүріп,

қасындағы жолдастарына күш-қайрат бере

отырып, Прибалтика майданындағы Бешенский

ауданында жаудың 1 танк, 2 автокөлік,

30 офицер мен жауынгерлерінің көзін

«...Қазақстан әйелдері Отанымыздың

соғыс күштерін нығайту

ісіне үздіксіз атсалысуда. Павлодар

облысының Баянауыл ауданындағы

«Теңдік» ауылшаруашылық артелінің

колхозшы әйелдері тамаша бастама

жасады. Олар Совет Одағының Батыры

Мәншүк Мәметованың атындағы

танк колоннасын жасау құрылысына

қаржы жинау жұмысын ұйымдастырды.

Әйелдер советінің председателі

Шегебаева жолдас қолма-қол

10 мың сом ақша берді. Аз уақыттың

ішінде облыс бойынша 2 миллион

сом қаржы жиналды.

Павлодарлықтардың бұл тамаша

бастамасын республиканың басқа

облыстарының әйелдері де қызу

қолдап отыр...». 1945 жыл.

Ұлы Отан соғысы өткен сұрапыл

жылдары туралы қанша оқып,

естіп білсек те, туған елдің сол

жылдардағы қиын жағдайы, тыл

еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі мен

қазақ жауынгерлеріміздің Отанды

қорғау жолындағы жанқиярлық ерліктері

мәңгі ұмытылмайды.

құртқаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен

марапатталды. Отанын шексіз сүйген

Б.Қасымжанов фашист басқыншыларын

ойсырата талқандап, асқан ерлік танытты,

1946 жылы батыр елге оралды.

Ержүрек ағамыздың бұл ерліктері

мәңгі жасап, ұрпаққа - ұран, елге мұра

болып қала бермек.

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің қызметкері.

«Ұмытылмаған қаһармандар»

Біздің атамыз Нұрым

Тасболатов 1913 жылы

Куйбышев ауданына

қарасты «Қазанға – 13 жыл»

кеңшарында дүниеге келген.

Кеңес әскерінің қатарына

1942 жылы 19 мамырда

шақырылды.

Хабарсыз

кеткен

майдангер

Атамыз соғысқа дейін, яғни, 1932-34

жылдары Алматы қаласындағы РККА-да

қызмет атқарды, Қазақ кавалерия ұлттық

полкінің старшинасы және ВКП(б) мүшесі

әрі коммунист болған. Ұлы Отан соғысынан

бұрын атамыз Халхин-Голда болған ұрыстарға

қатысып, мол әскери тәжірибе жинады.

Ол жақтан келген соң милиция бөлімінде

жұмыс істеді. Одан кейін Ұлы Отан соғысына

аттанды.

Біздің әжеміз Тілектес Мұхамеджанованың

туыстарының естеліктері бойынша, Нұрым

атамыздың соңғы хаты Ржев қаласынан

келген. Хатта ол кавалериялық бөлімшелерде

қызмет етіп жүргендігін хабарлапты. Сол

кездегі бұл қаланың стратегиялық маңызы

қаншалықты зор екені баршаға белгілі

және осы Ржев қаласының маңындағы қан

төгісте көптеген қазақстандық жауынгерлер

қаза болған. Ресей Қорғаныс министрлігінің

орталық мұрағатының мәліметтеріне сүйенсек

(Подольск қ.), сержант Тасболатов Нұрым

1943 жылдың қаңтар айынан бастап хабарошарсыз

кеткен болып саналды.

Біздің әжеміз (Нұрым атаның қызы) әлі

күнге дейін ұрыста қаза тапқан әкесі туралы

мәлімет табылады деп үміттенеді. Себебі,

ол кісі өмірде әке махаббаттына бөленген

жоқ. Әжеміз 1942 жылдың қыркүйегінде

әкесі майданға шақырылғаннан кейін

дүниеге келді.

Майдангердің туыстары да қайтыс болған

жері туралы мәлімет табуға талпынды, әлі

де жалғастырады. Біздің парызымыз – өз

өмірлерін құрбандыққа шалып отырып,

Ұлы Жеңісті бізге сыйлаған ата-бабаларымызды

ұмытпау, есімдерін ұлықтау.

Мұхамеджанов

немерелері.

Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойының құрметіне облыстық ардагерлер

кеңесінің бастамасымен «Ұмытылмаған қаһармандар» жобасы қолға алынған

болатын. Аталған жобаны біздің басылым да қолдап, дәл осындай айдармен

арнайы материалдар беріле бастады. Мақсаты – кезінде ерліктері еленбей қалған

майдангерлердің есімін кейінгі ұрпаққа дәріптеу.

«Ұмытылмаған қаһармандар»

айдарының алғашқы кейіпкері –

Қайыржан Оспанов. Потанин

атындағы тарихи өлкетану музейінің

мәліметіне сүйенсек, майдангер

1909 жылы дүниеге келген. Әскерге

Павлодар облысының Максим

Горький аудандық әскери комиссариаты

арқылы шақырылып,

Украинаның Выхвостово елді

мекенінде шайқасқан.

Мұрағат материалдарында майдангердің

шайқас кезіндегі асқан

батылдығы мен көзсіз ерлігі егжейтегжейлі

баяндалады. Сонымен

қатар, оның есімі «Ұмытылған

қаһармандар» кітабына да енгізілді.

Ол Украинаның Выхвостово аумағын

жаудан қорғаған 56-атты полкіне

қарасты 14-гвардиялық атты

дивизиясының танкке қарсы атқыш

(ТҚМ) қаруының мергені болған.

Выхвостово елді мекенінде алғашқы

ұрыста ол қорғаныс шебінде болып,

ерекше ерлік көрсетті. Қараңғы

түн. Қарсыластың шабуылы үдей

түсіп, үш жақтан оқ жаудырды.

Эскадрон командирі жауынгерлерге:

«Араларыңызда бұл бөгетті

жеңетін адам бар ма?» - деп

сұрады. Сарбаздардың алғашқысы

болып Оспанов: «Мен, командир

жолдас!», - деп жауап берді. Эскадрон

командирі Оспанов жолдаспен

қол алысып: «Байқа, абай бол!» -

деді. Оспанов жолдас үш танкіге

қарсы аса қуатты ТҚМ қаруымен оқ

жаудыра бастады. Әрбір оқ басынан

ұшып, секунд сайын өлім алдында

тұрса да, ол жау пулеметтеріне

жақындай түсті. 15-20 метр қалса

да Оспанов кері шегінбестен

жауға қарай гранаталарды

бірінен соң бірін лақтыра берді.

Пулеметтің үстінде мерт болған

неміс сарбаздарының мәйіттері

салбырап, ал тірі қалғандары артқа

шегініп, қаша бастады. Ержүрек

Оспанов мергендікпен тағы да

5 неміс жауынгеріне оқ жаудырып,

бетін қайтарды. Қайсар жауынгерге

эскадрон көмекке келді.

Операция аяқталған соң сарбаздар

батырдың қолын алып, жеңісімен

құттықтады. Жолдас Оспанов ойран

салған жерде қиратылған үш жау

пулеметі мен оққа ұшқан 15 неміс

сарбазы жатты.

1943 жылдың 3 қазанының

таңғы уақытында Оспанов жолдас

алдыңғы шепке қару тасымалдап

келе жатқан жау автоколоннасын

көріп, «Тоқтаңдар, сұмырайлар,

мен сендерді тойдырамын!» - деп

500 метр қашықтықта оларға оқ

жаудырды. Бір неміс автомашинасы

суға батты, басқа үшеуі

ішіндегі қару қорымен отқа

оранды. «Міне, сендерге таңғы

ас!» - депті Оспанов лаулаған

отқа қарап тұрып.

Қаһарман Оспанов сол елді

мекенде орын алған кезекті

шайқаста ауыр жарақат алды.

Қайсар жауынгерді санитарлық

арбамен госпитальға апарар жолда

ауыр жарақатына қарамастан

емделіп, қайта келіп, бар жігерімен

жаумен күресетінін айтты. Бірақ,

ол мүмкін болмады...

Ержүрек Оспанов 1943 жылдың

11 қазанында «Қызыл Ту» орденімен

марапатталған. Сонымен қатар,

Кеңес Одағы Батыры атағына

да ұсынылғанымен белгісіз

бір себептерге байланысты ол

мақұлданбай қалды. Дегенмен,

ержүрек жерлесіміздің есімін кейінгі

ұрпақ ұмытпайды. Уақыт ұзаған

сайын жадымызда жаңғыра түспек.

Тілеуберді САХАБА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!