29.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 29 сәуір, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY ҚОБЫЗ САРЫНЫ 29 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 19

Біз үшін қымбат жан еді

Өзектері өртеніп сағыныштың,

Тілек арнап жүректен алып

ұшқан.

Туыстары қимастықпен

еске алады,

Кездерді бірге жүріп, бақыт

құшқан.

Бізге ерекше қымбат жан,

балаларының қадірлі әкесі,

немерелерінің сүйікті атасы Төлебаев

Машрап Төлебайұлы арамызда

жүргенде 1 мамыр күні 80 жасқа

толушы еді. Амал не, бұдан 8 жыл

бұрын, 72 жастан асқан шағында

дүниеден озған болатын.

Ағамыз Машрап Төлебайұлы 1941

жылы 1 мамырда Май ауданының

Баскөл ауылында дүниеге келген.

1959 жылы Ермак қаласында орта

мектепті бітіріп, сол жылдың күзінде

жаңадан құрылып жатқан Қызыл-

Құрама совхозында жұмысшы болып

еңбекке араласты.

Оқу жолын жоғары оқу орнында

жалғастыруға қартайған әке-шешені

тастап кете алмауы себеп болған,

кейіннен жүргізушілер курсын

аяқтап, шаруашылықта жүргізуші

болып жалғастырды. Біраз уақыт

өткен соң, сол кездегі шаруашылық

басшылары жергілікті кадрларды

дайындауға көңіл бөліп, Машрап

ағамызды бухгалтерлік мамандығы

бойынша оқуға жіберген. 1962 жылдың

күзінде оқуды аяқтағаннан кейін

ол кісіні автопаркке бухгалтер етіп

тағайындайды. Кейіннен орталық

бухгалтерияда есеп айырысу бөлімінде

қызмет атқарды.

Сол жылдар менің есімде ерекше

сақталып қалды. Тың жерлерді

игеріп, шаруашылық қарқынды дами

бастады, оған ұйтқы бола білген

жаңадан тағайындалған шаруашылық

басшысы Доғалов Нажмиден ағамыз

болатын. Көктемгі егіс, күзгі орақ

кездерінде, адам күші жетпей

жатқанда шаруашылық басшысы

Машрап ағамызға қосымша жұмыс

тапсырып, яғни шаруашылықтың

жақын фермаларын (шошқа, құс),

тұрмысқа қажетті объектілерді (асхана,

наубайхана, балабақша, мектеп және

т.б), сумен қамтамасыз ету үшін

автоводовоз бекітіп, кеңседегі жұмыс

аяқталған соң ағамыз сол жұмыстарды

Егер де барлығының сол

секілді жүрегі мейірімге толы,

жаны таза, қамқор әрі жанашыр

болса, жеріміз тұтас жұмаққа

айналар еді!

Біздің есімізде әрдайым оның

кішкентай қыз секілді бейнесі, биязы

мінезі мен нұрланып тұратын жасыл

көздері сақталады. Өткен жылдың

12 маусымында қайғылы оқиғадан

кейін жаны да, тәні де сұлу

Ақмаралымыздан айырылып қалдық.

Ол қолынан келгенше

жақындарынан, достарынан,

әріптестерінен көмегін де,

жылы сөздерін де аямай, үнемі

қолдау көрсететін. Көп жылдар

бойы ұстаздық жолында еңбек

етті. «Ұстаздық еткен жалықпас,

үйретуден балаға» деп Абай

атамыз айтқандай, шәкірттерін

білім нәрімен сусындатып, оларға

тәлім-тәрбие беріп, бойларына

әрдайым жақсы қасиеттер дарытты.

Оның шәкірттерінің шарқ ұрып,

Ақмаралды сағынып, әлеуметтік

желілерде жазған: «Тағдыр неге

сонша қатыгез? Ең мейірімді

жанды алып кетті», «Менің ең

сүйікті ұстазым!» - деген сөздері

жүрегімізді қақ айырады.

Балаға деген махаббаты ерекше

болатын. Кішкентай жиендеріне

үнемі тәттілер пісіріп, сыйлықтар

дайындап, еркелетіп отыратын.

Олармен түрлі тақырыптарда

әңгіме құрып, сырласатын.

Ақмарал бес саусағынан

өнер тамған талантты әрі алғыр

жан еді. Дәмді етіп тамақ та

әзірлейтін, отбасылық той-думан

тындыратын. Сол кездерде 11-12

жастағы мен ағамыздан бір елі

қалмай жүруші едім.

Келесі бір естен кетпес шақтар,

сол кездегі ауыл жастарының қоғам

істеріне араласуы. Жас жігіттер

мен қыздар жиналып, мереке

күндері шағын пьесалар қойып,

соңын концертпен жалғастыратын.

Жастайынан өнерге жақын Машрап

ағамыз бұл қызықтардың бел ортасында

болушы еді, баянда ойнап,

қойылымдарға қатысатын.

Осы шараларға қатысушылар

Нұрханов Рашит, Сейсембаев

Мамаш, Балтабаев Қасқырбай,

Балтабаев Тоқтасын (Ашатай),

Қылышев Нығмет, Сыздықов Болат,

Тышқанбаев Нұрғазы ағаларымызбен,

Есімханова Қантай, Мағауиянова

Сара, Хамитова Майдан, Жаскен,

Зарыққан апаларымыз болатын.

Өкінішке қарай, осы кісілердің

көпшілігі бұл күндері арамызда жоқ.

1969 жылы Машрап ағамыз

Қызыл-Құрама совхозында кәсіподақ

ұйымының төрағасы қызметін атқарды,

ал 1971 жылы осы шаруашылықтың

бас зоотехнигі болып тағайындалды.

Осы қызметтер бабында бекітілген

Мәшекеңнің автокөліктері, қосалқы

бөлшектердің, саймандардың

жетіспеуіне қарамай, тоқтаусыз

жүретін еді, өйткені техника тілін

жетік білетін ағамыз ақауы шыққан

көлігін жүргізушісіне сене бермей,

өзі жөндейтін.

Ағамыздың тағы да бір айта

кететін қыры, ол жылқы жануарын

жақсы көретін. Жылқыны жастайынан

бағып-қағуға көзі қаныққан,

себебі Төлебай атамыз жылқышы,

кейіннен колхоздың жылқы фермасын

басқаруы әсер еткен болар. Жалпы,

Төлебай атамыз жылқыны бағудан

басқа, оны емдеумен де айналысқан.

Жылқының тісін егеу, таңдайынан,

аяғынан қан алу, тұяғын қашау

сияқты жұмыстарды атқара білетін.

Машрап ағамыз Қызыл-Құрамада

бас зоотехник қызметін атқарып

жүрген кездерінде, әсіресе қыс

айларында ат ұстап, шанаға жегіп,

шаруашылықтың мал фермаларын

аралайтын. Сол кездерде ат-шанамен

бірге аралауды совхоз басшысы

Доғалов Нажмиден ағамыз да қатты

ұнататын еді.

да ұйымдастыратын, сонымен бірге

мектепішілік іс-шараларды да өте

қызықты етіп жүргізетін. Жаңа

технологиялар мен компьютер

құралдарын тез меңгеретін. Талғамы

биік болатын, жаны сұлулықты

жақсы көретін! Әрдайым әдемі

болып жүретін.

Өзі нәзік болса да, күш-жігері,

рухы мықты болатын. Ешқашан

жұмысындағы, үйдегі, жалпы

өміріндегі қиыншылықтарға мойын

бұрмай, оларды жеңе білетін.

«Мүмкін өзінің жарық өмір

жолының қысқа болатынын сезіп,

барынша барлығына жақсылық

жасауға тырысқан шығар» деген

ой санамызға сан келеді. Оның

соңғы күні де солай басталған

болатын... Көмегі мен қамқорлығын

аямай, күні бойы жақындарына

жүгіріс жасады. Көптен күткен

және аңсаған немересі Әліби

өмірінің мәніне айналған еді.

Қазір ол бір жаста. Әрқашан

да аман-сау, бақытты болсын!

«Уақыт - емші» дейді. Алайда,

біздің жүрекке түскен қайғы

жеңілдер емес, қайта тереңдеп

бара жатқан сияқты... Сол бір

қорқынышты күнге қайта оралып,

қайғылы оқиғаны тоқтатқымыз

келеді. Амал қанша, тағдырдың

жазғаны өте қатал. Ақмаралға

деген махаббатымыз ешқашан

өшпейді, оның сұлу бейнесі мен

нәзік дауысы, сыңғырлаған күлкісі

м ә ң г і ж ү р е г і м і з д е с а қ т а л а д ы !

Оның жаны жұмақта болар, тегі...

Ешкімді алаламай, ақжарқын

мінезімен жүрегінің жылуын

қалдықсыз сыйлай білді. Егер

Кейіннен Ақшиман, Қазан, Май

совхоздарында бас зоотехник қызметін

атқарғанда атқа міну құмарлығын

тастаған емес. Әсіресе ай сайынғы

малдың есебін алу кезеңінде жылқы

санағына өзі қатысып, салт атқа

мініп, жылқыны үйір-үйірімен санауға

шебер еді.

Бойына ойы сай Мәшекеңнің

көпшілік біле бермейтін қырлары

жеткілікті еді. Жоғарыда айтып

кеткендей, жылқыға құмарлығы,

техника тілін жақсы игеруі, музыкаға

қабілетінен басқа ағамыз спортқа да

жақын болатын, ол кісі жастайынан

жұмыспен айналысқан. Сондықтан

болар, штанганы жақсы көтеріп,

волейболды ойнауды ұнататын, бұған

қосымша суда керемет жүзе білетін.

Тағы да бір айта кететін ерекшелігі -

ауданның кез келген жерінде қырдың

жолдарынан адаспайтындығы.

Міне, ағамыздың осындай мінезқұлықтарын

көріп, соңынан ерген

Қызыл-Құраманың кейінгі буыны

Әубәкіров Сансызбай, Әріпов,

Оразалы, Есімханов Қуат, Бозжігітов

Сәркен, Бақасов Ноян, Мұстафин

Дәулет, Қалиев Мұрат, т.б. ағамызға

қарап бой түзедік, ой жинақтадық,

ағамызға ұқсағымыз келді десек

те артық болмас.

Ағамыздың іскерлік қабілеті Май

ауданының ірі шаруашылығының бірі

С.Киров атындағы асыл тұқымды

қой шаруашылығын басқару кезінде

(1979-1987 жылдар) ерекше көріне

білді. Совхоз экономикасы өрлеп,

қосымша салалар ашылып (аң

фермасы, жеміс-жидек бағы, көкөніс

бақшасы) шаруашылық байлығы арта

түскен болатын. Тағы да бір еске

түсіретін жайт, жылда қырықтық

кезінде жайлауда орналасқан 35-40

отар қойды жиекте орналасқан жүн

қырқу пунктіне 40-45 шақырым

жерден айдауға мәжбүр болатын,

осыны ескере отырып, жайлауда

жүн қырқу пунктін тез арада салып

ұйымдастыруы өте тиімді болғаны

баршаның есінде.

Екінші бір ұтымды шешім - осы

шаруашылықтың астық қырманы

25 шақырым қырда орналасқан

болатын, соны орталыққа ауыстыруы.

Өйткені, орақ науқаны кезінде

қырманға түскен астықты дер кезінде

кептіріп өңдеу үшін қырда кісі күші

Асылымыз Ақмаралға арнау

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» – демеуші ме

еді атам қазақ. Осы қанатты сөз ойға оралған сайын парасаты

биік, пейілі таза, көңілі мәрт, жақындарының қамы

үшін құрақ ұшып, жанына жалау болған, адалдығы мен

ізгілігінен таймаған Ақмарал бауырымызды ұдайы еске

алып отырамыз. Уақыт өтіп барады: ол дүниеден өткелі бір

күз өтті, қыс та өтті, енді, міне, көктем де келді. 2 мамыр

күні сүйікті Ақмарал бауырымыз 64 жасқа толар еді...

адамның өміріндегі ең маңызды

қасиет - ізгілік болса, ол бәрімізге

соны сыйлап беріп кетті.

Асыл да қымбатты Ақмарал

қызымыз,

Немерені көру арманына жеткен.

Қалай аз болды ғұмырың?

Иіскеп сүю үшін күнде жүрген.

Бір жарым айда батқан күнмен

Алланың берген сызығыда

жетті ғой!

Бақытты ғұмырың жол үстінде

бітті ғой!

Жомарт-ақ жүрегің ашық еді

жаранға,

Сыйлы едің қайын жұртқа,

ұжымға,

Сүйкімді едің ортаңа, туған

ағайынға.

Адал едің досыңа, жан жарыңа,

Бірге көрген өмірдің тауқыметін.

Кеттің-ау еркелей алмай

жанұяңа,

Қуанышпен еркелейтін шағыңда...

Ардағым, жаным, Ақмаралым!

Тірі адам жасайды тіршілігін,

Бүгінде еске немерең салады -

Тәй-тәй басып сәбилік күлкісімен.

Еске алушы:

Шарапиденовтер

отбасы.

(403)

жетпей жататын, ал орталыққа

ауыстырған соң, бұл сұрақтар оңай

шешіліп, өз пайдасын молынан

бергені сөзсіз.

Шаруашылық басқарғанда,

кейіннен ауданның алғашқы әкімі

қызметін атқарғанда (1992-1996)

өзіне көмекші ретінде дұрыс

мамандарды, іскер басшыларды

таба білуінің арқасында бастаған

істері жемісін бере білді.

Бірге істеген әріптестері,

қарамағындағы қызметкерлері

Мәшекеңнің мінезі қатал болғанымен

әрқашан әділ шешім қабылдайтынын,

үлкенді аға тұтып, кішіні сыйлай

білетінін әрдайым айтып жүреді.

Жігерлі де талапшыл басшы бола

білген Машрап Төлебайұлы Май

ауданының өрлеуіне, әлеуметтікмәдени

саласының дамуына орасан

үлес қосты. Ағамыз басқарған

жылдары ауданның барлық елді

мекендері өздерінің тарихи атауына

өзгеріп, егеменді еліміздің өркендеуіне

өз үлестерін қоса білді.

Қатардағы жүргізушіден бастап

ауданның басшысына дейін көтеріліп,

үлкен еңбек жолынан өткен. Күрделі

мәселелерімен міндеттерді шешуге

бар ынтасымен атсалысып, зор

беделге ие бола білген Машрап

Төлебайұлын еске ала отырып,

айтарым: жатқан жерің жайлы,

жаның жаннатта болсын, қадірлі аға.

Балаларың, немере- шөберелерің

амандықта болып, қуаныштарға

бөленсін!

Ағамыздың жарқын бейнесі

мәңгі біздің жадымызда сақталады.

Еске алушы: туысы, Май

ауданының Құрметті азаматы

Шәріп Қайырбайұлы СӘРСЕМБАЕВ.

Шаханова Орынтай

Теміржанқызын

еске аламыз

(391)

Асыл анамыз – Шаханова Орынтай

Теміржанқызының бақилық болғанына бір

жыл толды.

Жан ана, аяулы ана, ардақты ана, бұл өмірде

сенен жақын, сенен қымбат кім бар екен?

Жүзінен мейірімділік пен жылылық төгілген,

өмір сыйлаушы, перзентіне нұр шашып, келешекке

ақ жол, адал ниет нұсқаушы, асқан

құдірет иесі – ол өзіңсің, ана.

Анамыздың байсалды да байыпты тұлғасы,

иманжүзділігі, ұлағатты да дана сөздері, бізге

берген өнегелі тәлім-тәрбиесі, мағыналы өсиеттері,

мейірімге толы жанары, өмірдегі ең жұмсақ

алақаны, айдын-шалқар ақылы, көркем мінезі -

барлығы есімізге сан оралып, анамызға деген

сағыныш оты жүрегіміздің түбінде маздап жанып,

көкірегімізге мұң ұялап, көңіліміз босап, жанарымыз

еріксіз жасқа толады.

Анамыздың беделді, абыройлы, елге сыйлы

болғанын, анамызбен жүздесіп, сырласқан,

анамыздың қолынан дәм татқан қанша адамдардың,

ауыл азаматтарының әңгімесінен естіген сайын

көкірегімізді мақтаныш кернеп тұрады.

Қазақ әйеліне тән бар асыл қасиетті

бойына жинап, тере білген абыз ойлы, шешен

тілді, он қолынан өнер тамған, жүзінен сәуле

нұрын шашқан ақ жүректі анамыздың ошағы

ешқашан сөнбейді, асыл бейнесі ұрпағының,

ағайын-туысының, халқының жүрегінде мәңгі

сақталады.

Аллаһ Тағала анамызды өз рахымына, өз

мейіріміне алсын деп тілейміз!

Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа

болсын, жан Ана!

Еске алушы: Шахановтар әулеті.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат комитетінің

мерзімді басылымды, ақпарат

агенттігін және желілік басылымды

есепке қою, қайта есепке

қою туралы 19.06.2019 ж.

№17747-Г куәлігі берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет:

сейсенбі, бейсенбі және сенбі

күндері шығады, апталық

таралымы 8433 дана,

бүгінгі көлемі 5 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 705

Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар

мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан түскен

барлық хаттарды тегіс жариялауды

және оларға жауап беруді

міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу үшін

редакцияның жазбаша рұқсаты

алынып, газетке сілтеме жасалуы

міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!