29.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 29 сәуір, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY ТЕМІРҚАЗЫҚ 29 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 17

Тәуелсіздік көшелері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты –

сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен

музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық

рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің

ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,

ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің

бір парасы ғана» – деп, тарихымызды жадымызда сақтап, алға қарай

дамуымызды меңзеді.

Ал енді біз рухани құндылық деп салтдәстүрімізді,

әдет-ғұрпымызды, ана сүті

арқылы қанымызға сіңген тілімізді, тарихтағы

батыр жауынгерлерімізді, әдебиетіміздегі

ақын-жазушы, жырауларымызды, сондай-ақ

мәдениетіміздегі сырлы суретшілерімізді

жалпы айтқанда дара тұлғалар мен аңызға

айналған адамдарды айтамыз.

Уақыт талабы, қоғамның сұрауы –

рухани қазынамызды сақтай отырып

жаңару, жаңғыру.

Жуықта Павлодар қаласындағы көше

атауларын жаппай жаңарту қызу талқыға

салынды. Еліміз көп ұлт өкілдері тұратын

мемлекет болғандықтан, Павлодар қаласында

да әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп

жатыр. Көше атауларының өзгеруі өзге ұлт

өкілдеріне қазақ елінің тарихын тереңнен

білуге, ұлы ғалымдардың, батырларымыз

бен ақын-жазушылардың есімімен танысуға

мүмкіндік болатын игі іс деп ойлаймын.

Көше атауы қазақ халқының ұлан-байтақ

жерінен, ғасырлар қойнауына кеткен тарихынан,

ерекше далалық мәдениетінен, халық

жадында ізі қалған белгілі тұлғаларынан

мол ақпарат береді.

Енді осы жаңарған көшелер кімдердің

есімімен аталады және оның тарихы қандай

деген сұраққа жауапты бір-екі ауыз сөзбен

баяндар болсақ:

Қаламыздағы «Мир» көшесіне Олжабай

ЗЕРДЕ

Кез келген мектептің негізі - педагогикалық

кадрлар. Мен, директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары ретінде, жұмысымның жетекші

бағыттарының бірі-педагогикалық кадрларды

жаңа міндеттерге сәйкес жетілдіру деп

санаймын. Павлодар облысының білім беру

басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру

бөлімінің «№26 гимназия-мектебі» КММ –

оқушылар мен педагогтар саны бойынша

қаладағы ең үлкен мектептердің бірі болып

саналады. Мектепте 1189 оқушы оқиды,

94 педагог жұмыс жасайды, оның ішінде

педагог-шебер санатына - 1, педагог-зерттеуші

санатына – 27, педагог - сарапшы санатына

- 14, педагог – модератор санатына

21 мұғалім ие. Педагогикалық құраммен

жұмыс жасаудағы ең бастысы - мұғалімдерге

жұмыста қажет кәсіби қасиеттерін дамытуға

уақытылы көмек көрсету, сонымен қатар,

оларды шығармашылық бастамаға бағыттау.

Бұл үшін өз құзыреті шегінде өзінің

кәсіби міндеттерін орындау үшін олардың

білімін жаңарту және жетілдіру, зияткерлік

және мәдени деңгейін арттыру, білім беру

саласындағы заңнамалық және нормативтік

актілерді зерделеу, ақпараттық-коммуникативтік

батыр есімі ұсынылғаны мәлім. Олжабай –

қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына

қарсы азаттық күресіне белсене қатысқан

батыр, халық қамқоршысы. Бөгенбай,

Қабанбай, Наурызбай, Малайсары

батырлармен көптеген жорықтарға бірге

шыққан. Олжабай - Абылайдың ту ұстаушы

батырларының бірі болған.

Сонымен қатар «Ермаков» көшесі Мұстафа

Шоқай атымен ауыстырылылмақ. Мұстафа

Шоқай – қоғам қайраткері, ғалым. Ол

Алаш қозғалысының төл перзенті, түркі

халықтарының басын қосып біріктіру идеясы

жолында күрескен.

«Набережная» көшесі Шоң би атауымен

жаңармақ. Шоң би - Баянауыл өлкесінің

тумасы. Ол өз заманының төбе биі, аға

сұлтаны болған. Арғын тайпасының айдабол

руынан шыққан, Абылай хан ордасындағы

билер кеңесінің беделді мүшесі Едіге

бидің ұлы.

«Циолковский» көшесінің атауы Бауыржан

Момышұлы деп өзгертілмек. Бауыржан

Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры,

халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер,

даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті

жазушысы. Қаламыздың көшесі Бауржан

Момышұлының есімімен аталуы - біз үшін

мақтаныш. Өте дұрыс қабылданған шешім

деп ойлаймын. Қазақ батырларын еліміздің

әрбір тұрғыны білуі шарт.

Сондай-ақ «Теплов» көшесі «Бөгенбай

батыр» болып жаңғырады. Ақшаұлы

Бөгенбай – Жоңғар басқыншылығына қарсы

азаттық жорығын ұйымдастырушылардың

бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы.

«2-ші Южная» деп аталып кеткен көше

Баянауыл ауданының тумасы кеңестік және

қазақстандық актер, опера әншісі, театр

режиссері педагог-профессор, Қазақ КСР-нің

Халық артисі «Платинді Тарлан» тәуелсіз

сыйлығының және Халықаралық Айтматов

сыйлығының иегері Кәукен Кенжатаевтың

есімімен аталатын болды.

Бұған қоса, ақиық ақын, жыр тарланы,

қазақ поэзиясының қайнар көзі, Мұқағали

Мақатаевтың есімі бұрынғы «Парковаяға»,

Мағжан Жұмабаев «Донецкаяға» берілмек.

Баянауыл ауданында дүниеге келген Ұлы

Отан соғысының ардагері «Қызыл Жұлдыз»,

Табысты жұмыс

Екібастұз өңірі әрдайым мықты шығармашылық педагог кадрларымен

ерекшеленеді. Бүгінгі таңда біз аға буын, мектеп басшылары,

педагогтар негізін қалаған үздік дәстүрлерді жалғастырып

келеміз.

технологияларды игеру мақсатында мектеп

жоспарына сәйкес кемінде бес жылда бір рет

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру

курстары өткізіледі. Бұл олардың кәсіби

қызметін бағалау, атқаратын лауазымдарына

сәйкестігін растау мақсатында оларды

аттестаттау үшін міндетті және қажетті шарт

болып табылады. Мұғалімнің кәсіби және

шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру

процесін басқару менеджері бола отырып, мен

өз жұмысымды кадрлармен шығармашылық,

сапалы, оң нәтижеге ықпал ететін түрде

жүргізуге тырысамын. Жұмысымыздың

қорытындысы келесі жетістіктер болып

табылады: информатика пәнінің мұғалімдері

Б.Елубаева, Ж.Ақылбекова, республикалық

басылымдардың бірлескен авторлары, қазақ

тілі пәнінің мұғалімі А.Баймағанбетова,

«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы

қазақ тілі пәніне арналған дидактикалық

материалдар» атты әдістемелік құралының

авторы, бастауыш сынып мұғалімі С.Оспанова

облыстық «Педагогикалық шеберлік» байқауында

ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Педагогпсихолог

С.Жазубаева облыстық «Жылдың үздік

психологы» байқауында І дәрежелі диплом

«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен,

ГДР-дің Герман- Совет достығы қоғамының

алтын белгісімен марапатталған және

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының

лауреаты Қалмұқан Исабайдың есімі бұрынғы

«Кубанская» көшесінің атауын алмастырмақ.

«Совхозная» деп аталған көшеге, белгілі

педагог-әдістемеші, ғалым, Қазақ КСР-іне

еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек

Ері, педагогика ғылым кандидаты Павлодар

облысының тумасы – Рафиға Нұртазинаның

есімі берілмек. Ал орта жүздің белгілі

биі, шешен, Баянауыл сыртқы округінің

аға сұлтаны болған Қазанғап бидің есімі

«Таганрогская» көшесіне берілетіндігі де -

қуанышты жаңалық.

Жоғарыда аталған көше аттарының

жаңаруы біздің жүрегімізге рух береді.

Тәуелсіз елдің тағдыры үшін жанын қиған

батырлар мен еліміздің өркендеуіне үлес

қосқан ұлыларымызды ардақтай білейік.

Осы тұста Елбасы Н.Назарбаевтың

алаштың арыстары туралы айтқан мына

сөзі кеудеге жалын береді: «Ұлы тұлғаларын

білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап

тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан

біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап

қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз.

Сондықтан халқы мен елінің алдындағы

өздерінің перзенттік парызын айқын да

анық түсінген, қандай да қиын-қыстау

жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған

адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім

жұртының азаматы болып қала бермек.

Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз

ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып

келген».

Осыған сәйес Павлодар қалалық

мәслихаты шешімінің негізінде жарық көрген

Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысын

толықтай қолдаймын.

Ертарғын ШАХМАН,

«Торайғыров университеті» КЕАҚ

төрағасының ӘӘжТЖ жөніндегі

орынбасары,

Павлодар қалалық маслихатының

депутаты.

иегері болды. Мектебіміз «Оқу жылының

нәтижелері бойынша рейтингтегі жоғары

көрсеткіштері үшін» қала әкімінің диплом

иегері атанды, үздік мектептер қатарына

енгеніміз үшін облыс әкімінің гранты берілді.

Директордың кадрларға жауапты орынбасары

ретіндегі міндеттерімнің бірі -

мектептің болашағын ойлау. Он жылдан

астам педагогикалық еңбегі бар мұғалімдер

ғана емес, сонымен қатар өз өмірлерін

педагогикаға арнауды шешкен жас мамандар да

мұғалімнің абыройын құрметтеуі өте маңызды.

Жас мұғалім өзінің алдында тәлімгер, дос,

құрметті адам идеалын көруі үшін мектепте

жас мамандар мен педагогикалық еңбек

ардагерлерінің кездесулерін ұйымдастырады.

Мектепте дәстүрлі түрде «Тұсаукесер»

іс-шаралары өткізіледі, онда жас мұғалімдер

тәлімгерлерімен бірге өздерін таныстырады,

өз пәнінің маңыздылығын ашады. Кездесудің

негізгі сәті еңбек ардагерлерімен, олардың

жұмыс тәжірибесімен танысу болып табылады.

Жас мұғалімге кеңестер беріледі.

Сонымен, жас мамандармен кездесуде ҚР

Білім беру ісінің үздігі А.Абелькасимова мен

К. Амеркенова бізде болды.

Әсел ЖҰМАБЕКОВА,

Екібастұз қаласындағы «№26

гимназия-мектебі» КММ директорының

оқу жөніндегі орынбасары.

БІЛІМ

Дарындығадархан

жол

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

«Қазақстанның ұлы держава

болуы үшін бізге күш-қуаты,

қажыр-қайраты мол, ақылды

да ойлы, дарынды жастар

керек» деген еді. Әрбір ұстаз

шәкірттерінің жан-жақты

білімді, шығармашылығы

жоғары, бәсекеге қабілетті

болып қалыптасуына жағдай

жасауды түпкілікті мақсаты

деп санайды.

Мектебімізде дарынды оқушылардың

интеллектуалдық деңгейін және шығармашылық,

логикалық қабілеттерін дамыту

мақсатында дарынды балаларға арналған

бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп

келеді.

Мектеп ұжымының қажырлы еңбегінің

нәтижесінде мектеп ұжымы «2017-2018 оқу

жылында мектептер арасындағы рейтингтен

жоғары көрсеткіштері үшін» қала әкімінің

дипломымен марапатталды.

2019 жылы облыстық тамыз конференциясында

Екібастұз қаласының №26

мектеп-гимназиясы облыс әкімінің грантымен

марапатталды.

Пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындауда

бірлескен жүйелі жұмыстың нәтижесінде

«Ең үздік олимпиадалық команда-2017»,

«Ең үздік олимпиадалық команда-2018»,

«Ең үздік олимпиадалық команда-2019»

номинацияларын жеңіп алды.

Мектебімізде дарынды да талантты

оқушылар баршылық. Жыл санап халықаралық,

республикалық облыстық сайыстарда жүлделі

орындар иеленген оқушылардың саны да

артып келеді.

Халықаралық «Сәтбаев оқулары» атты

ғылыми-практикалық конференциясында

Рамазан Жансая мен Жұмағұлова Айтуар,

Карыпбек Диас ІІ дәрежелі дипломмен

марапатталды. Республикалық «Зерде»

атты ғылыми жобалар сайысында Асалбек

Айым және Омар Әділет ІІІ орын иеленді.

Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында

«Сөз шеберлері» бағыты бойынша

Ғұмар Әлішер І орын, облыстық «Мәшһүр

Жүсіп оқуларында» Елубаева Назым І орын

иеленді.

«Зерде» қалалық ғылыми жобалар

сайысында Кабыкенов Ермахан, Хамит

Ханшайым, Жақсылық Аяулым, Нұрғали

Нұрсұлтан, Рахметжанова А., Ғұмар Әлішер

жүлделі орындарды иеленді.

Облыстық ғылыми жобалар сайысында

Кабыкенов Ермахан, Хамит Ханшайым,

Ғұмар Әлішер, Жақсылық Аяулым жүлделі

орындардан көрінді.

Халықаралық ғылыми конференцияларға

оқушылардың қатысу көрсеткіші жыл санап

артып келеді. «Евразия халықтарының

өзекті зерттеулері мен перспективалық

ынтымақтастығы» атты халықаралық

ғылыми-практикалық конференциясында

11а-сынып оқушысы Елубаева Назым,

8ә-сынып оқушылары Елубаев Дамир,

Сайкен Нұрдәулеттер жүлделі орындарға

ие болды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық

мерейтойына арналған «Халықаралық

педагогикалық идеялар фестивалі: Абайдың

гуманистік ойлары қазақстандық білім

берудің негізі ретінде» атты конкурсында

24 оқушы жетістікке жетіп, жүлделі орындарды

иеленді.

Әр оқушы жеке тұлға десек, сол

оқушылардың тұлға болып қалыптасуына

мектеп ұстаздары күш-жігерін салып, еңбек

етті. Мектеп ұстаздары оқушылардың

спортқа деген сүйіспеншілігін де арттыруда

көп еңбек атқарып жүр. Олардың

барлығының атын атап өту ұзақ тізімді

қажет ететіні анық.

Анар ТҮСІПЖАНОВА,

Екібастұз қаласындағы №26

гимназия-мектебі

директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!