29.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 29 сәуір, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 29 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 3

COVID-19: ВАКЦИНА

«QazVac» егіле бастады

Облыс тұрғындары отандық «QazVac» вакцинасының бірінші компонентін

қабылдай бастады. Екінші компоненті 21 күннен соң салынады. Бұл ретте

шалғайдағы елді мекен тұрғындарының да екпе алуына жағдай жасалды.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы Айдар

Сейітқазинов облыс әкімдігінде

өткен аппарат жиыны барысында

жоспар бойынша өңірге 45 мың

доза вакцина бөлінуі тиіс екенін

хабарлады. Бүгінде отандық «QazVac»

екпесінің 2 мың, ресейлік «Спутник V»

вакцинасының 6 мың және қытайлық

«Sinopharm» вакцинасының 14 мың

дозасы жеткізілді.

- Осы уақытқа дейін облыстың

26 754 тұрғыны «Спутник V»

вакцинасының бірінші компонентін,

7474 адам екінші компонентін

қабылдады. Отандық «QazVac»

екпесін бір күн ішінде 201 адам

алды, - деді А.Сейітқазинов.

Сәуір айының соңына дейін

екпе алған тұрғындардың санын

42 мыңға дейін арттыру жоспарда

бар. Яғни, күніне орта есеппен

10 мың адам екпе алуы керек.

Осыны ескере отырып, қосымша

екпе кабинеттері ашылып, жылжымалы

кешендер жолға шықты.

Мәселен, автосапаржай маңындағы

кешенде жарты күннің ішінде 90 адам

Ертіс-Баян өңірінде

коронавирус

жұқтырғандар

саны күн санап

артып келеді. Өткен

аптада 400-ге жуық

адамның COVID-

19-ға шалдыққаны

анықталған.

Бүгінде «қызыл» аймаққа

енген облыста алдағы уақытта

жағдай тұрақталмаса, карантин

талаптары күшейтілуі мүмкін.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен онлайн

брифингте айтылды. Облыстық

санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының

орынбасары Зәмзәгүл Досжанованың

сөзінше, соңғы аптада 394 адамның

КВИ жұқтырғаны анықталған.

Жалпы, аймақта Павлодар қаласы,

Павлодар және Май аудандары

«қызыл аймаққа» енсе, тек Баянауыл

ауданы ғана «жасыл аймақта».

- Облыстағы эпидемиологиялық

екпе алды. Үш түрлі вакцинаның

дозасы жеткілікті болса, шалғай

ауылдардағы медициналық пункттер

мен дәрігерлік амбулаторияларда

да егу жұмыстары жүргізіледі.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша,

ұжымдық иммунитетті қалыптастыру

үшін тұрғындардың кемінде

60 пайызы вакцина қабылдауы тиіс.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

тұрғындарға қолайлы болуы үшін

егу кабинеттері, жылжымалы кешендер,

көшпелі пункттердің жұмыс

тәртібі, олардың орналасқан жері

туралы мол мағлұмат беру керек

екенін айрықша атап өтті.

- 26 сәуір күні облыстың

«қызыл аймаққа» енгені белгілі.

Сәйкесінше қосымша шектеу шаралары

енгізілуі мүмкін. Қабылданатан

шаралар, екпе егу жұмыстары,

«Ashyq» жүйесін қолдану туралы

тұрғындарға жан-жақты түсіндірілуі

тиіс, - деді Ә.Сқақов.

Айта кетейік, бүгінде облыс

орталығындағы 35, Екібастұздағы

5 және Ақсу қаласындағы бір қызмет

көрсету орны «Ashyq» жүйесіне

қосылды.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Карантин күшеюі

мүмкін

жағдайды осы аптаның соңына дейін

бақылайтын боламыз. Егер вирусты

жұқтырушылар көбейсе, карантиндік

шектеу шаралары күшейтілетін

болады. Ондай жағдайда әлеуметтік

ұйымдар жабық түрде жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану орындары сағат

9.00-20.00 аралығында толымдылығы

30 адамнан асырмай қызмет

көрсетеді. Павлодар-Ақсу бағытынан

басқа ауданаралық жолаушылар

тасымалы бойынша қоғамдық көліктер

тоқтайды. Демалыс күндері моншалар

мен сауналардың жұмысына шектеу

қойылып, жабық емес базарлар

жексенбі күндері, жабық базарлар

сенбі, жексенбі күндері жабылады.

Кеңселерде ұжымның 80 пайызы

қашықтан жұмыс істеуге көшеді.

Ал азық-түлік дүкендері сағат

20.00-ге дейін істейді. Театрлар

мен кинотеатрлардың жұмысы

тоқтайды, - деді З.Досжанова.

Спикердің айтуынша, мектеп

оқушылары арасында да КВИ

жұқтырушылар саны өскен.

Сондай-ақ, жиында КВИ-ге қарсы

екпе егу жайы сөз болды. Емханаларда

адам санын көбейтпеу

мақсатында және адамдардың

көп жиналуына жол бермеу үшін

облыс орталығында жылжымалы

медициналық кешендер көптеп

ашылуда.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы Айдар

Сейітқазиновтің айтуынша, облыс

халқының 5,9 пайызы коронавирусқа

қарсы вакцина алған.

Айта кетелік, өңірде 135 егу

пункті бар. Оның ішінде 37 жылжымалы

болса, 48 пункт резервте тұр.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

МӘСЕЛЕ

Қой бағасы неге қымбат?

Редакцияға оқырмандарымыз хабарласып, тірі салмақтағы қой бағасының

күрт қымбаттап кеткеніне наразылықтарын білдірді. Кейбір сатушылар бағаны

100 мың теңгеге дейін көтерген. Бұл дегеніңіз жарты сиырдың еті емес пе?!

Қасиетті Рамазан айында қой

бағасының қымбаттауы жағымсыз

құбылысқа айналғалы қашан?! Бірақ,

«бағаны көтеру керек» екен деп

шектен шығып, ұсақ жануарды

бірнеше мың теңгеге артық бағалау

ақылға сыймайтын дүние сияқты.

Сатып алушылардың базынасы бұл.

- Үй ішімен ақылдасып, ауызашар

берейік деп шештік. Ауылдық жерде

бағасына келісіп, қой табу оңай

ғой. Қалалық жерде сатушылар

ұсынған бағаны көргенде жағамды

ұстадым. Тіпті, қалаға жақын

орналасқан ауылдардағы баға да

тым қымбат. Қасиетті Рамазан айы

уақытында қойды 100 мың теңгеге

сату тіпті ақылға сыймайды. Бұл

айда керісінше сауапты іс жасап,

алушыларға аз да болсын жеңілдік

ұсынса, сауап болмай ма... Қой

бағасы тым қымбат. Бағаны кім

реттейді? – деп қынжылады қала

тұрғыны Сәбит Сүлейменов.

Осы мәселе бойынша облыстың бас

имамы Жолдас қажы Бердімұратовқа

хабарласып, пікірін білдік.

- Жыл сайын Рамазан айы басталмас

бұрын ҚМДБ тарапынан

үндеу жасалып, кәсіпкерлерді қой

бағасын өсірмеуге шақырамыз.

Бірақ, нәтиже шамалы. Жалпы бұл

мәселе әр адамның санасына байланысты.

Пайда ойлаған бизнесмендер

қойларын семіртіп, Рамазан айы

мен Құрбан айт уақытын әдейі күтіп

отырады. Негізі ауызашар беруге

ниеттенген адамдарға дастарханға

ет қоймаса да болатынын түсіндіріп

жатырмыз. Жеңіл-желпі палау сияқты

ас қойса да жеткілікті. Байқаймын,

соңғы уақытта бұл ұсынысты қаперге

алып, дастарханға ет қоймайтындар

көбейіп келеді, - дейді бас имам.

Баға саясатын бір білсе, облыстық

кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық

даму басқармасы білер деп,

басқарма басшысының орынбасары

Дәулен Қабдушевке хабарластық.

Ол әлеуметтік маңызы бар азықтүліктің

тізімінде қойдың еті жоқ

екенін алға тартып, облыстық ауыл

шаруашылығы басқармасына хабарласу

керектігін айтты. Ал облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасына

телефон шалғанымызда, мекеменің

бас маманы Айдос Жақыпов: «Біз

тек қой өндірісінің дамуына, асыл

тұқымды қой шаруашылығын субсидиялауға

ынталымыз», деп жауап

берді. Әңгіме арасында ол шын

мәнінде қойдың бағасын ешкім

реттемейтінін жасырмады.

Байқағанымыз, қой бағасын тұрақтандыруға

ешкім жауапты болмағандықтан,

сатушылар ойларына

келгенін істеп отыр. Қысқасы, «әй

дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқ.

Бағынбай кеткен баға мен қалтасының

қамын ойлаған алыпсатарлардың

қылығы қынжылтпай қоймайды.

Ал сіз қойды неше теңгеге сатып

алдыңыз, оқырман?

Оралхан ҚОЖАНОВ.

ТІКЕЛЕЙ ЖАУАП

Газетіміздің өткен санындағы «Төте сауал»

айдарында облыс орталығындағы Усолка шағын

ауданындағы жылу мәселесі көтерілген еді.

Оқырмандар пәтердегі жылу мөлшеріне көңілдері

толмайтындарын айтқан болатын. Бұл мәселеге

қатысты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен

жауап келіп түсті.

- Усолка шағын ауданындағы жылу мәселесі алдағы қысқы

маусымға дейін шешіледі деп күтілуде. Бүгінде облыс орталығында

ірі жоба – ТМ-42 жылу магистралінің құрылысы басталды. Жылу

магистралінің ұзындығы 4 шақырымды құрайды. Жоба құны –

3,3 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары қаланың ДЭУ аумағынан

басталып, Назарбаев даңғылы арқылы Казправда көшесіне жетіп,

кейін М.Мақатаев (Парковая) көшесіне ауысып, Бестужев көшесіне

дейін жалғасады. Кесте бойынша 8 айдың ішінде құрылыс

жұмыстары аяқталып, жаңа жылыту маусымында Усолка шағын

ауданымен қатар, Затон және Достық аудандарындағы жылу

мәселесі оң шешімін табатынына сенім мол.

Төте сауал

қойыңыз!

Құрметті оқырман қауым! Көпті толғандырған ел ішіндегі

кейбір мәселелердің шешуші органдардың назарына уақытылы

жете бермейтінін ескере отырып, газет бетінде жаңа

айдар ашуды жөн көрдік. Кез келген салаға қатысты әлеуметтік,

тұрмыстық мәселе мен ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді,

фотодеректеріңізді бізге жолдаңыз. Өз кезегінде біз оны

басылымда жариялап, кейін журналистеріміз оның шешімі

мен жауабын табуға көмектеседі.

Сауалдарыңызды @saryarqa_samaly инстаграм-парақшасындағы

дайректіге және WhatsApp-тағы 8705

152 8557 нөміріне жолдаңыздар.

Редакция.

ДОСТЫҚ

«Шәмшінің әндері

жаныма жақын»

Көптеген ұлт өкілдері

қоныстанған Қазақстанды

мекен еткен әрбір

этнос өкілінің өзінің

туған тарихын біліп, төл

мәдениетімен сусындап

өсуіне толық мүмкіндігі

бар. Бүгінде ана тілінде

үн қатып, ұлттық өнерін

дәріптеп жүргендер аз

емес. Солардың бірі -

«Татар-башқұрт» этномәдени

бірлестігінің мүшесі

Гайнутдин Ташимов.

Бүгінде жасы 65-тен асқан

Гайнутдин Ташимов бала күнінен

баян аспабын жанына серік еткен.

11 жасында алғаш осы музыкалық

аспапқа аңсары ауып, 15 жасында

Павлодар қаласындағы музыкалық

мектепте білім алады. Міне, сол

күннен бері татар ұлының қолынан

баяны түскен емес.

- Музыкалық мектепті бітіргеннен

кейін Отан алдындағы

азаматтық борышымды өтеп келдім.

Кейіннен өнер жолынан алыстап,

23 жыл алюминий зауытында

қызмет еттім. Алайда өнерге

деген құштарлық бойыңда болса,

қаныңда тулап жатса, одан қол үзе

алмайды екенсің. 1990 жылдары

өнерге біржола бет бұрдым. Яғни,

сол жылы аймағымызда «Татарбашқұрт»

орталығы құрылған

болатын. Бірлестік құрамында

«Чишмя» ансамблі құрылды. Міне,

соның жетекшісі болдым. Кейіннен,

1995 жылы, «Чуваш қоғамдықмәдени

орталығы жасақталды.

Татар, чуваш, қазақ халықтарының

тілі ұқсас келеді. Мәдениеті де

бір-бірінен алыс емес. Маған

осы орталық жанынан «Сеспель»

вокалды ансамблін құрып, соған

жетекшілік өтуімді сұрады. Бірден

келістім. Бір сөзбен айтқанда,

алғаш «Достық үйі» ашылған кезде

осында келгендердің бірі -

менмін, - дейді Г.Ташимов.

Ассамблея қабырғасында өтетін

түрлі мәдени іс-шаралар Гайниден

Ташимов жетекшілік ететін қос

ансамбльсіз өтпейді. Бірнеше

жанр мен түрлі ұлттың әндерін

нақышына келтіре орындайтын

баяншының репертуарында татар,

башқұрт, чуваш ұлтының әндерінен

бөлек, қазақтың халық әндері мен

Шәмші Қалдаяқовтың танымал

туындылары да бар.

- Менің жаныма Шәмшінің әндері

өте жақын. Оның әндерін тек

қазақтар ғана емес, біздегі өзге

ұлт өкілдері де сүйіп орындайды.

Жалпы, өнер ұлтқа бөлінбейді.

Сонымен қатар, біздің Қазақ елін

мекен етіп, бар бақытты осы

жерден тауып отырғанымызды

ескерсек, Қазақстандағы әрбір

өзге ұлт өкілі Қазақ халқының

тілін ғана біліп қоймай, оның

мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын

толық білуі керек деп ойлаймын, -

деді ол.

Бүгінде «Чишмя» және

«Сеспель» вокалды ансамблінің

өнерін тек павлодарлықтар ғана

емес, Ресейдің көршілес облыстары

және еліміздің өзге де

аймақтары тамашалап үлгерді.

Қ.МҮСӘЙІП.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!