03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

10 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл ӨНЕГЕ

SARYARQA SAMALY

БІЛІМ

Химия - оқушылар үшін қиындық тудыратын

пәндердің бірі екені жасырын емес. Десе де,

есеп пен теориядағы қиындық пәнді игеруден

қашқақтауға себеп бола алмас.

Таңғажайып

химия

Шәкірттерімнің қызығушылығын

арттыру мақсатында түрлі әдістерді

қолданып, сабақты пайдалы өткізуге

тырысудамыз.

Иә, өмірдегі кей құбылыстарды

бақылай отырып, оның себебін

білу үшін ғылымның тілі қашанда

маңызды болмақ. Егер келіспесеңіз,

химиктердің көмегінсіз жасалған

бір затты тауып көріңізші. Сіз

пайдаланатын дәптерден бастап,

барлық техниканың құрамында

органикалық не бейорганикалық

зат бар. Химия тек қышқыл, сілті

ғана емес, оның қатарына әр түрлі

қоспа, тұнба мен балқытпа да

кіреді. Қарындашыңыздағы графиттің

өзі – химиялық зат.

Химик болу – бұл тек химия

ғылымымен шектеліп қалу емес.

Химиктерден үздік философтар

шығады. Мысалы, Джозеф

Пристли тарихта оттегіні ашқан

химик ретінде із қалдырса, кейінгі

өмірінде үздік философтардың бірі

ретінде көзге түскен. Ендеше,

оқушылар заман талабына сай

әр пәнді жетік меңгерсе, білімді

Тиімді жүйе

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қоғам қажеттіліктеріне

сай келетін осы заманға лайықты азамат

тәрбиелеу балабақшадан басталады» деген

болатын. Сондықтан да, бүгінгі өскелең ұрпаққа

уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру

мәселесі толассыз, күн сайын өзгеріп тұрған

әлеммен бірге қатар жүрері анық.

Әлемде «e-Learning» деп атап

кеткен электрондық оқыту жүйесі

ерекше орын алады. Оны Отандық

білім жүйесіне енгізудің маңызы

зор деп санаймын. «e-Learning»

дегеніміз не? Бұл – интернет және

мультимедианың көмегімен оқыту,

яғни электрондық оқыту жүйесі.

Ол барлық әлем елдерінің білім

беру жүйесіне жаңа ақпараттықкоммуникациялық

технологиялармен

келген.

Қазіргі таңда баланың танымдық

қызығушылығын қалыптастыру

үшін жаңа технология түрін

қолдану қажет деп есептеймін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың

оқу-танымдық іс-әрекетін,

белсенділігін қалыптастыруда

олардың қабілеттерін дамытуға,

танымдық жан қуаттарының оянуына

ықпал етіп, ізденісіне, талабын

ұштауға білім деңгейін жетілдірудің

маңызы ерекше. Балалардың

бойына оқу қызметін меңгерту, ол

танымдық білсенділікті дамытудың

басты бағыты болып саналады.

Тапсырмаларды орындау барысында

балалардан белсенді ойлау

талап етіледі. Осының нәтижесінде

балалар өздігінен бақылауды

үйренеді, олар да тапсырылған

істі орындаудағы жауапкершілікті

сезіп, еңбексүйгіштік, табандылық

қалыптасады. Осы жұмыстың

негізгі мақсаты - балалардың

танымдық міндеттерін қалыптастыру,

шығармашылық қабілеттері

мен қызығушылығын жетілдіру,

білімге құштарлығын ояту. Мектеп

жасына дейінгі балалардың

танымдық әрекеттеріне бастапқы

диагностикалық зерттеулерді еңгізу

арқылы бағалау пікірлерінің

әділдігі айтарлықтай күшейтілуі

мүмкін. Ол үшін негізгі танымдық

жастардың қатары артып, еліміз

дами түспек.

Динара КӘКІМОВА,

Нығыман Алшынов

атындағы Жалаулы орта

мектебінің химия пәні мұғалімі,

Ақтоғай ауданы.

үрдістердің қалыптасу деңгейін

зерттеу жөніндегі диагностикалар

жиынтығы ұсынылады. Танымдық

белсенділікті психологиялықпедагогикалық

құбылыс ретінде

анықтау, бұл мектепалды даярлық

кезеңіндегі балалардың тұлғалық

сапасының ерекшелігіне талдау

жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін

қалыптастыру жағдайлары мен

құралдарын қарастыруға мүмкіндік

береді. Себебі меңгерілген білімнің

сапасы мен беріктігіне тек балаларды

оқыту, дамыту және тәрбиелеудің

нәтижесі емес, сонымен қатар

балалардың заманауи ізденіс

арқылы, электрондық жүйемен

өзіндік танымдық іс-әрекетіне

қатысуымен тәуелді болып келеді.

Қазіргі таңда адамзат

қоғамына ғылыми жаңалықтар

мен инновациялық технологиялар

қаншалықты маңызды болса, мектеп

жасына дейінгі баланы тәрбиелеу

мен оқыту саласын заман талабына

сай дамыту соншалықты уақыт

сұранысын қанағаттандыратын

жаңа бағдарламалармен, технологиялармен

қамтамасыз ету

болып отыр.

Қорыта келгенде, аталған технология

балабақшада балалардың

жас ерекшеліктерін ескеріп, әр

сатыға балалардың қабылдау

мүмкіндіктеріне сай пайдалануға

болады.

Электронды білім беру бойынша

жүзеге асырылатын ауқымды жоба

Қазақстанның білім беру жүйесін

ақпараттандырудағы серпіліс болады

деген сенімдемін.

Мейрамгүл ТӨЛЕУБАЕВА,

№20 балабақшаның

педагог-психолог,

Кенжекөл ауылы.

МЕРЕЙ

Тұлғасы биік

ұстаз

Бар ғұмырын ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеуге арнаған Тілеужан

Қарабаев бүгінде сексеннің бесінші белесін бағындырып отыр. Талай

шәкіртке білім нәрін сепкен Сәтбаев ауылының тұрғыны Тілеужан

ақсақал – математика пәнінің жілігін шағып, майын ішкен ардагер

ұстаз.

Әріптесім Тілеужан Қарабаевты

1977 жылдан бері жақсы танимын.

Ол кісіні қарапайым, сабырлы

да салмақты адам ретінде қатты

құрметтеймін. Мен Теңдік мектебінің

оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі

болғанымда Тілеужан аға Алексеевка

орта мектебінің директоры

болып қызмет атқарды.

Бір қарағанда түсі суық, аз

сөйлейтін адам боп көрінгенімен,

әзіл-қалжыңға да жақын тұрады.

Мамандығына адал, шебер

ұйымдастырушы, қос тілді қатар

меңгерген мықты ұстаз әрі іскер

басшы. 1979 жылы Шадыра орта

мектебінде директор болып

еңбек еткен кезінде шебер

ұйымдастырушылық қабілетін

байқадым. Ол кісінің сауаттылығы,

тиянақтылығына сүйсінесіз. Білікті

маман ретінде жас мамандар –

біздерге білмегенімізді үйретіп,

қиналған сәтте қолдау көрсетіп,

бағыт-бағдар беретін еді. Осындай

білікті ұстаздарға қарап бой түзеп,

еңбек еттік.

Сексеннің сеңгіріне шығып

отырған абыз ағаның жеке

кітапханасы құнды кітаптарға

бай. Балаларға арналған ертегі,

жұмбақ, мақал-мәтелдер жинақтары,

жылдар бойы жинаған жеке мұрағат

папкалары, Кеңестер Одағының

батырлары, Баянауылдан шыққан

ғалымдар, мемлекет қайраткерлері,

ақын-жазушылар, қоғам және

өнер қайраткерлері, палуандар,

қолөнер шеберлері, т.б. атақты

адамдар туралы деректер жекежеке

папкаларға жинақталыпты.

Кішігірім мұрағат дерлік.

- 1936 жылы Жаңатілек ауылы

қазіргі Жаяу Мұса ауылында

орта шаруа отбасында дүниеге

келдім. Әкем Әбілғазы ұста,

балташы, етікші болса, анам

Бикен Қазелқызы он саусағынан

өнер тамған шебер адам болды.

Отбасымда 6 бала тәрбиелендік.

Қазір жалғыз қарындасым екеуіміз

ғана қалдық, - деп Тілеужан аға

өмір жолын ойша бір шолып өтіп,

одан ары толғана баяндады.

- Ауылдағы бастауыш мектепті

тәмамдап, Қарағанды қаласындағы

№2 Жамбыл атындағы орта

мектебін үздік бітірдім. Менің

мектеп, институт қабырғасында

білім алып, саналы азамат болып

қалыптасуыма ағам Мұқан зор

еңбек сіңірді. Ол кісі Қарағанды

қаласында еңбек етіп, «Құрметті

шахтер», «Құрмет белгісі» орденінің

иегері атанған.

Тілеужан аға бала кезінде ақын

болуды армандапты. Балалық

арманының жетегінде жүріп жазған

тырнақалды туындылары баспасөз

беттерінде жарық көрген екен.

- 1948 жылдың қараша

айында белгілі ақын, «Пионер»

журналының редакторы Мұзафар

Әлімбаев мектебімізге келді.

Мұзағаң өлең жазуға талпынып

жүрген оқушыларды жинап алып,

жазғандарымызды қарап шықты.

Менің өлеңдерімді ұнатып, бір-екі

өлеңімді көшіріп жаздырып алды.

Менің ауылды, әжемді сағынып

жазған өлеңдерім болатын. 1950

жылдың көктемінде болуы керек,

өлеңдерім «Пионер» журналына

жарқ етіп шыға қалды! Ол кезде

республикалық журналға шығу –

үлкен сенсация! Бүкіл мектеп

болып, оқушылар мен мұғалімдер

маған таңғала қарады. Студент

кезімде Қарағандының облыстық

газетінде де өлеңдерім жарық

көрді. Аудандық «Ленин туы»,

«Жеңіс» газетінің тілшісі болып

жүргенде 2-3 өлеңім газет бетінде

жарияланды. Кейін жастары мен

шамалас мықты ақындардың

шығармаларын өз жазғандарыммен

салыстырдым да, өлең жазуды

біржола қойдым. «Ақындығым»

осымен аяқталды. Осыдан 5-6

жыл бұрын бір кездескенде Зекең

(Зекебай Солтанбаев): -Тілеужан,

жыр дәптерің бар ма? - деп

сұраған еді. Ол кісіге менің

жазғандарым ұнайтын. Мен: -

Ойбой, Зеке, мен бұрынғыдай

бұрқыратып өлең жазбаймын, -

дедім де, жоғарыдағы уәжімді

айттым, - деп Тілеужан аға әдемі

естелігін одан әрі сабақтады.

- Спорт пен салауатты өмір

салтын серік еткен адамның

денсаулығы мықты болатыны

белгілі. Жас күнімнен спорттың

барлық түрлерімен шұғылданып,

бүгінгі күнге дейін салауатты

өмір салтын ұстанамын. Орта

мектепті үздік бітірген соң ақын,

журналист, спортшы боламын

деген армандарымның барлығы

қалып, Қарағанды қаласындағы

педагогикалық институттың математика

бөліміне оқуға түстім.

Институтты үздік аяқтап, туған

жерім Баянауылға жолдамамен

келдім. Аудандық білім бөлімінің

бастығы Бәкір аға Қазыханов

Алексеевкадағы жеті жылдық

орыс мектебіне қызметке жіберді.

«Орыс тілінде сабақ беру қиын

ғой» деп едім, Бәкір аға болмай,

«сенің дипломың үздік, игеріп

кетесің» деп сенім білдірді. Сол

жылы ата-анамды көшіріп алып,

еңбек жолын бастадым. Менің

алғашқы қабылдаған 6-сыныбымда

ересек оқушылар білім

алды. Шәкірттерім өзімнен 3-4

жас қана кіші еді. Ұзын бойлы

бойжеткен қыздар мен жігіттер.

Ересек оқушыларды оқыту оңай

болмады. Ізденіс пен еңбектің

арқасында барлық қиыншылықты

жеңіп, өзіме артылған сенімді

ақтадым, - деп қайырды Тілеужан

аға риза кейіппен.

Тілеужан Қарабаев 1960

жылы Жаңатілек сегіз жылдық

мектебінің оқу ісінің меңгерушісі,

1967-1978 жылдары Алексеевка

орта мектебінің директоры, 1979

жылдан зейнеткерлікке шыққанға

дейін Шадыра орта мектебінің

директоры болып қызмет етті.

Еселі еңбегі бағаланып, 1974

жылы Казақ ССР-нің халық

ағарту ісінің үздігі, 1984 жылы

көп жылдық ерен еңбегі үшін

КСРО Жоғарғы Кеңесінің және

Павлодар облыстық халық депутаттар

кеңесінің медалі, «Еңбек

ардагері» медалі, т.б. көптеген

марапаттарға ие болған.

Тілеужан Қарабайұлы – шыққан

биігіне адал еңбекпен

жеткен, мансап пен марапатқа

ұмтылмаған, ардан аттамаған

жан. Бар бақытым отбасым деп

ғұмыр кешіп отырған парасатты

адам. Зейнеткерлікке шыққаннан

кейін де өмірлік белсенділігін

жоғалтқан жоқ. Тілеужан аға –

көп жылдар бойы еңбек еткен

мектебінің қамқоршысы, Сәтбаев

ауылының үлкен-кішісіне ақылкеңесін

айтып, игі істің жанашыры

болып жүрген ақсақалдар

алқасының төрағасы, ауылдың

құрметті ақсақалы.

Әкесі Қарабай темір ұстасы

болса, анасы қолөнер шебері

еді. Ал Тілеужан аға шәкірттерге

білім берген ұстаздардың ұстасы.

Отанасы Мәпиза апай - ұлттық

қолөнер бұйымдарын тігетін ісмер

адам. Мәпиза апай Шадыра

орта мектебінің интернатында

тәрбиеші болып қызмет етті. Ол

кісінің кітапты көп оқитын жақсы

қасиетін оқушылар үлгі етуші еді.

Сөз соңында Тілеужан аға мен

Мәпиза апай сынды жастарға үлгі

болар тамаша жандардың өнегелі

ғұмыры ұзақ болсын демекпін!

Нескен МӘЛІКОВА,

«Қазақ ССР-іне

еңбегі сіңген» мұғалім,

Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы,

Сәтбаев ауылы.

Сурет ғаламтордан алынды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!