03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Модульді пункттер

салынады

Биыл елімізде алғаш рет Павлодар облысында модульді

полиция пунктері салына бастады. Дәл осындай орталықтар

Ақсу қаласында да құрылады.

УСПЕН АУДАНЫ

Жанармай бекеті ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Успен ауданында

жаңа жанар-жағармай құю бекеті ашылды. «Қосақ»

шекара бекетінің жанында орналасқан нысанның пайда

болғанына автокөлік иелері дән риза.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың

жол бойындағы сервистік желіні дамыту

тапсырмасына сәйкес Успен-Қаратай

автожолында орналасқан «Монолит» автожанармай

құю станциясы тұрақты қызмет

көрсетеді. Өңірдің кәсіпкерлік картасын

дамыту аясында бой көтерген нысан

Лозов ауылдық округінің 7 тұрғынын

тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жанармай құю бекеті жаңа техникалармен

жабдықталып, заманауи

талаптарға сай салынған. Газ, дизельдік

отын, АИ-92, АИ-95 сұрыптағы жанармайларымен

тәулік бойы қызмет етеді.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Осы уақытқа дейін облыс орталығында

төрт және Баянауыл ауданында бір

пункт ашылып еді. Ендігі ретте Ақсу

қаласында үш пункт жұмысын бастамақ.

Олардың құрылысы басталып та кетті.

Атап айтқанда, Әуезов көшесі, 87 және

Ленин көшесі, 43 мекенжайларында

модульді, ал «Skif» супермаркетінің

аумағында стационарлық пункт пайда

болады. Бұл орталықтар қажетті құралжабдықтардың

барлығымен қамтылып,

азаматтарды тәулік бойы қабылдайтын

болады.

Учаскелік полиция инспекторлары

аталмыш мекенжайларда орналасқан

үйлердің тұрғындарымен кездесіп, жаңа

жобаның басым бағыттарын түсіндірді.

Көпшілік мұндай бастаманы қолдап,

полицияның халыққа жақындай түсеріне

сенім білдірді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

-

МАЙ АУДАНЫ

Арзан өнімдер сатылды

Май ауданының орталығында ауыл шаруашылығы тауарларының

жәрмеңкесі және ауылшаруашылық техникаларының

көрмесі ұйымдастырылды.

Аталмыш шараның барысында елді

мекендер жылқы, сиыр, қой еттерін,

оған қоса, сүт, айран, құрт, ірімшік

әкелді. Жәрмеңкеде ұсынылған барлық

ет-сүт тағамдарының бағасы жергілікті

нарықпен салыстырғанда 15-20 пайызға

төмен сатылды.

Сондай-ақ, «Тәуелсіздік алаңында»

ауылшаруашылық техникаларының

арнайы көрмесі өтті. Бұл көрмеде тракторларды

құрастырумен айналысатын

«Димаш» жеке кәсіпкерлігінің техникалары

таныстырылды. Аталмыш шағын

зауыт өндірісті бастау үшін осы жылы

5 млн теңге грант ұтып алған болатын.

Бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр.

Шара соңында аудан дамуына үлес

қосқан ауыл шаруашылығы саласының

қызметкерлеріне Алғыс хат табыс етті.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

-

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Кәсіпкерлерге қолдау зор

Ақтоғай ауданында ашылған шағын индустриялық аймақ

кәсіпкерлердің аз уақыт ішінде кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік

берді. Жаңа орталықта әзірге маникюр, ателье, шаштараз,

аспаз және шет тілін үйрететін бөлім бар.

Ауыл тұрғыны Арай Серікбаева «Бастау

бизнес» бағдарламасы бойынша білім

алып, кәсібін дамытуға грант жеңіп алыпты.

- Біздің ауылда үйге тамақ жеткізуге

сұраныс бар, бірақ мұндай қызметтерді

ұсынатын кәсіпкерлер өте аз. «Бастау

бизнес» бағдарламасы бойынша оқып,

грант алып, тағам дайындайтын жобаны

қолға алдым. Біз тапсырыс берушіге үйге

жеткізуге болатын аспаздық өнімдер,

кәуап пен салаттар ұсынамыз, - дейді

жеке кәсіпкер.

Ал ауданда алғашқы тіл мектебін

ашқан Жанар Дарханқызы «Тенгри» оқу

орталығы қазақ және ағылшын тілдерін

оқытатынын айтады.

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

- Шағын индустриялық аймақтың

ашылуы кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау

деп білемін. Мемлекет тарапынан осындай

қамқорлық болғанына ризамыз. Себебі,

пандемия кезінде көптеген кәсіпкерлер

қиындықтарға тап болды. Қала берді,

халыққа сапалы қызмет көрсететін жақсы

ғимарат табу да өте қиын. Бүгінгі ашылған

орталықта жоғары сынып оқушылары

ҰБТ-ға дайындалады және дипломатия

сабақтарын өткізу жоспарлануда, - дейді

Жанар Дарханқызы.

Жергілікті әкімдік бұл бағыттағы жұмыстар

жалғасын тауып, кәсіпкерлік саласының

дамуы қарқын алатынын айтты.

Мал өсірсең, қой өсір…

О.АХМАДИЯ.

Тереңкөлдік Алексей Зинковский «Еңбек» мемлекеттік

бағдарламасының «Бастау» жобасы аясында білім алып,

6 млн 800 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Бұл

қаражатқа 140 бас қой сатып алуды жоспарлап отыр.

Кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама

жеке бизнес ашуға мүмкіндік бергенін

айтады. Осы жоба арқылы мал санын

көбейтіп отырған таныстары көп екен.

- Өзім ірі қара өсірумен айналысамын.

Енді қой шаруашылығын дамытқым

келеді. Ұсақ малды Баянауыл ауданынан

сатып алмақпын. Бұл бағытта жұмыс

жүргізілуде. Маған қолдау білдірген

жергілікті кәсіпкерлер палатасының

ұжымына алғыс айтамын. Екі қолға -

бір күрек таба алмай отырған жандарды

бағдарламаға қатысуға шақырамын, -

дейді А.Зинковский.

Мемлекеттен алған қаражаттың тең

жартысын қысқы жем-азыққа жұмсамақ.

Болашақта екі жұмыс орнын ашуды да

жоспарлауда. 250 гектар жер мен трактор

сатып алуды да қарастыруда. Жеке

қожалық ашуды қолға алған кәсіпкердің

ісіне табыс тілейміз.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

-

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Қолжетімді жәрмеңке

Аудан орталығында

кезекті ауыл

шаруашылығы

жәрмеңкесі өтті.

Шараға барлық

ауылдық округтің

шаруа қожалықтары

мен кәсіпкерлері

қатысып, тұрғындарға

ет, сүт, бал, жем, отын

өнімдерін ұсынды.

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімінің

мәліметінше, жәрмеңкеде 1,8 тонна

сиыр еті, 300 келі жылқы еті, 500 келі

қой еті және 500 келі құс еті сатылды.

Етке деген сұраныс жоғары болғанын

атап өту керек. Сондай-ақ, 800 келі

сүт өнімі, 4 тонна картоп, 300 келі

ЕРТІС АУДАНЫ

Су құбыры іске қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Нұрлы жер»

бағдарламасы аясында Майқоңыр ауылын ауызсумен

қамтамасыз ететін су құбыры пайдалануға берілді.

Жобаны «Дәнекер» ЖШС жүзеге асырды.

Бүгінде құдықтар орнатылып, су

құбыры желілерін төсеу аяқталды. Бірінші

көтерілетін 2 сорғы станциясы және

тазарту станциясы, су қорының резервуарлары,

сарқынды суларға арналған

резервуар, екінші көтерілетін сорғы станциясы

орнатылды.

Майқоңыр ауылы ауызсумен толық

нан-тоқаш өнімдері де саудаланды.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі барысында

ауыл азаматтарына 5 тонна жем,

2 тонна мал азығы мен 10 текше метр

ағаш сатылды. Жәрмеңкеге риза болған

жұртшылық шараның жиі өткізілуін сұрады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

қамтылып, 78 тұрғын үй (18-і үй аз

қамтылған отбасылар) мен ауылдың

әлеуметтік нысандары орталықтандырылған

су жүйесіне қосылды.

Жалпы ұзындығы 11,6 км су құбыры

желісі тартылып, тереңдігі 550 метр

болатын 2 ұңғыма қазылған.

Т.ӘБІЛДА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!