03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл КӨКЖИЕК

SARYARQA SAMALY

АРНАУ

«Сарыарқа

самалына»

ПОГОНДЫ ЖУРНАЛИСТ

Полиция десек, бірден көз алдымызға иығында жұлдыз белгісі бар арнайы формамен жүретін маманды

елестетеміз. Ал, сол киімнің ішіндегі адамның кім екеніне көңіл бөле бермейміз. Осы орайда өңіріміздегі

полицейлердің жұмыс барысымен танысып, қызметтері туралы сөз қозғауды жөн санадық.

Сарыарқаның самалы,

Атқарар арлы жұмысы,

Замана үні тынысы,

Тамыршысы дәуірдің,

Ұлттың рухы, ырысы.

Жатпайтын әсте демалып,

Беттеліп әрбір жаңалық.

Жарысып қатар уақытпен,

Көретін жарық жаңарып,

Кемеліне жеткізген.

Тереңіне үңіліп,

Тіл кестеден өткізген.

Жалындайтын жанатын,

Арман, еңбек, мың үміт,

Ақ маржан ойдың кестесі,

Тізіліп түсер дестесі.

Шежіре, шешен ойға бай,

Тасқа түскен таңбадай,

Оқып ләззат алатын,

Тарихта қалатын.

Сүрінгенге сүйеніш,

Жығылғанға жұбаныш,

Табыстыға қуаныш.

Жақсылықтың жаршысы,

Қырағылығы қырандай,

Намысы берен ұрандай,

Қалаған жерге қадалған,

Жасыннан жаны нәр алған,

Журналистер жұлдызы,

Найзағай намыс жаралған.

Жетесізін жемірдің,

Шұғыласын өмірдің,

Көлеңкесін тірліктің,

Берекесін бірліктің,

Назарда берік ұстаған,

Шындықтың жолын нұсқаған.

Шашақты найза болаттай,

Қауырсын қалам ұштаған.

«Бес асыл іске» шақырған,

Терең ой, талап, ақылдан,

Тапсыратын жылма-жыл,

Арда көңіл оқырман.

«Сарыарқаның самалы»

Қаламы желдей есілген,

Елдің даңқын өсірген

Журналистер, тілшілер,

Халықтың кетпей есінен.

Жүрегіне жол тапқан,

Жаңалық десе зыр қаққан,

«Сарыарқаның самалы».

Тәуелсіз қазақ елінде,

Әр үйдің тұрған төрінде.

«Сарыарқаның самалы»

Павлодардың жерінде,

Аймақтың көзі, құлағы,

Тілінің кәусәр бұлағы.

Шапағат, шындық, шырағы,

Отан үшін қырағы.

Халқының соққан жүрегі,

Ұлтының сана тірегі.

Ұлттық төл басылым,

Інжу, маржан асылым,

Жарқыраған жақұттай,

Жиырма бірінші ғасырым.

Рухым, жаным, азығым,

Бағытым, темірқазығым,

«Сарыарқаның самалы»,

Көбейе берсін жазылым.

Халыққа тиген пайдасы,

Тәуелсіз елдің айнасы,

Алмастай асыл тілімді,

Халқыма жеткіз үнімді,

Шашу ғып жұртқа шашайын,

Жүректен шыққан жырымды.

Шынасыл ШОТБАҚҰЛЫ,

ҚР Білім беру ісінің үздік

қ ы з м е т к е р і , а қ ы н .

Полицей болу оңай ма?

БӘРЕКЕЛДІ

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

«Қазір біз бандиттен емес, полициядан

қорқамыз» дейді үйіме қарсы тұратын

бір көрші апай. Жасы алпыстан асса да,

апамыздың сөзіне үйіммен қоса маған

да қарсы шығуыма тура келді. Алдымен

бүгінгі қоғам полиция қызметкерлері

болмаса не болады деген сұраққа жауап

іздеп көрейікші. Тәртіп пен заң жоқ жерде

қоғамның құлдырайтыны айтпасақ та түсінікті.

Апамыздың әңгімесіне әлеуметтік желінің

әңгімелері әсер еткен болар. Дегенмен,

елдің тыныштығы бірінші кезекте тұруы

тиіс. Демек, елге қажет мамандықтардың

бірі – полиция. Әрине, бұл мамандықтың

қаншалықты қауіп-қатерге толы екендігі

баршамызға аян. Десе де, сөзбен айту

бір, көзбен көру басқа. Сол себепті, біз

де «сырттан тон пішпей», бір күн полиция

қызметкері болып көрдік.

«Погонды журналист» жобасы аясында

өткен бір күніміз таңғы сағат 08.00-де

патрульдік полиция батальонында басталды.

Таңғы жиналыс жоспарға сәйкес өтісімен,

тәртіп сақшылары өздеріне тиесілі аудандарға,

белгіленген учаскеге жол тартты. Яғни,

шаһарымыздағы әр аудан, әр аумақ -

патрульдік полиция қызметкерлерінің

бақылауында. Солтүстік, оңтүстік және

орталық аудандардағы тәртіпке жауапты қызмет

инспекторларынан жасақталған 3 рота

жұмылдырылады. Біздің маршрут Назарбаев

даңғылынан басталып, Ломов пен Толстой

көшелері арқылы Жібек жолына дейінгі

аймақты қамтыды. Жақсылық Мұсабаев

пен Нариман Оспанов есімді патрульдік

полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық

тәртіп пен жол жүру ережелерінің сақталуын

қадағаладық. Басшысынан бұйрық күткен

адамдай рацияның ар жағындағы үзік-үзік

естілетін дауысқа құлақ түріп отырғанымыз

сол еді, Жақсылық Айбекұлы назарымызды

ортаға бұрып, әңгімесін бастады.

- Негізі, қарбалас жұмыстың бәрі кешке

басталады, - деді ол. - Кафе, мейрамхана, көңіл

көтеретін мекемелерде қоғамдық тәртіпті

сақтамай, заңға қарама-қайшы әрекеттерге

баратын адамдарды жиі кездестіреміз.

Ондай «орынсыз орындар» көп. Оларды

тізімге енгізіп, күнделікті тексеруден өткіземіз.

Сондай-ақ, қаламыздағы барлық ықшам

аудандар мен өндірістік аймақтар қатаң

бақылауда. Жергілікті тұрғындардан түсетін

арыздардың басым бөлігі – үй ішіндегі

жанжал. Әрине, оның бәрі ішімдіктің салдарынан.

Мерекенің соңы заң бұзушылыққа

әкеліп соғатыны өкінішті, - деген Жақсылық

Мұсабаевтың сөзіне әріптесі Нариман

Ғалымжанұлы да қосылды.

- Тәртіп пен тыныштықты сақтау үшін

күні-түні еңбек етуге дайынбыз. Ең бастысы -

елдің тыныштығы. Жергілікті тұрғындардың

Фестивальден олжалы оралды

Қостанай қаласында Қазақстандағы алғашқы мобильді кино

фестивалі өтті. Кино байқауда Pavlodarnews.kz тілшісі Оңғар

Бауыржанұлы «Үздік әлеуметтік ролик» номинациясының жеңімпазы

атанды.

Мобильді кинофестивальдің ұйымдастырушысы,

режиссер Фархат Серкебаевтың

айтуынша, байқауға еліміздің әр аймағынан

200-ден астам жұмыс келіп түскен. Олардың

40-қа жуығы іріктеуден өтіп, 8 аталым бойынша

үздіктер марапатталды.

- Бастапқыда Қостанай облысының қатысушыларымен

ғана шектелеміз деп ойлағанбыз.

Дегенмен, өзге облыс тұрғындары да

белсенділік танытты. Сол себепті байқау

республикалық көлемде ұйымдастырылды, -

деді Фархат Серкебаев.

Фестивальге жолданған бейнематериалдарды

сараптамадан өткізіп бағалаған

қазылар алқасында белгілі қазақстандық

актерлер Мұрат Бисенбин, Төлепберген

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әріптестерім

күндізгі, кешкі және түнгі ауысыммен

24 сағат бойы жұмыс істейді. Тәртіп

сақшыларының қатары кешкі және түнгі

уақытта жаяу патруль қызметкерлерімен

толығады, - деді қызмет инспекторы, кіші

лейтенант Нариман Оспанов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары

жол жүру ережелерінің сақталуын да жіті

бақылайды. Қырағы полиция қызметкерлері

үнемі автокөлік иелеріне жылдамдықты

асырмауын еске салады. Сондай-ақ, таңғы

және түскі уақытта мектептердің алдындағы

жолдарға кезекке тұрып, оқушылардың

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

- Учаскелік аймаққа қатысты біз №14

мектепті бақылауға алдық. Сол сияқты

әріптестеріміз қаламыздағы барлық оқу

орындарын қадағалайды. Білім мекемелерінің

алдындағы жолдарға тұрып, көлік иелерін

жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз.

Әрине, автокөлік иелері патрульдік

қызметкерлерді көрген бойда жылдамдықты

түсіріп, белдіктерін тағып жатады. Бұл жерде

ең басты мақсатымыз – оқушылардың

қауіпсіздігі, - деді қызмет инспекторы,

кіші лейтенант Жақсылық Мұсабаев.

Жол жүру ережесін қозғаған соң, ресейлік

нөмірлі автокөлік мәселесін де сырт айналып

кете алмадық. Айып тұрағына тоғытылып

жатқан автокөліктердің мәселесі қалай

шешіледі деген сауалымызға Нариман

Оспанов жауап берді. Оның айтуынша,

ондай автокөлік иелерінің басым бөлігі

жол-көлік ережелерін сақтамайды.

- Ресейлік нөмірі бар темір тұлпарды

тізгіндеген жүргізушілердің көбі жол жүру

ережесін бұзып жатады. Бағдаршамның

Байсақалов пен блогер Айнұр Нұрсейітова

болды. Фестивальге қатысу үшін бірнеше

ережелер бекітілді. Фильмдер міндетті түрде

телефонға түсіріліп, ұзақтығы 5 минуттан

аспауы тиіс еді.

- Біз «Суицид» тақырыбында әлеуметтік

ролик түсірдік. Өкінішке қарай, қазір қоғамда

осындай қайғылы жағдайлар жиі кездесіп

жатады. Фильм арқылы біз осы мәселені

көтердік, - дейді Оңғар Бауыржанұлы.

Сонымен қатар, ол фильм түсіру барысында

операторлық жұмысы үшін Олег Красильниковке,

тамаша актерлік ойыны үшін Алина

есімді бойжеткенге алғысын білдірді.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суреті түсірген - Есенжол Исабек.

түсіне қарамайтындар да болады. Олардың

көбі автокөлік нөмірі шетелдікі болғасын

айыппұлдан шеттетілеміз деп ойлайды. Бұл -

қате түсінік. Қазір қаламыздың барлық

қиылыстарында бейнебақылау камералары

орнатылған. «Борышкер» жедел алдын алу

шарасы өткізіледі. Айыппұлын төлемегендердің

көліктеріне «тұсау» салуға тура келеді.

Соның нәтижесінде жол жүру ережелерін

бұзған жаңағыдай автокөліктердің иелері

дабыл қағуда. Алайда, заң бәріне ортақ,-

деді ол.

Әңгіме арасында қос патрульдік полиция

қызметкерлеріне қарап қоямыз. Олардың

назары – көшеде. Қаламыздағы қоғамдық

тәртіптің сақталуын, ел тыныштығын күзетіп

келеді. Рация мен диктофонды қатар ұстап

өткен күніміз шытырман оқиғаларға толы

болмаса да, есте қаларлықтай өтті. Жұмыс

барысында жаяу жүргіншілерге арналған

жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.

Белгіленген жолақтан өтпей, жолды кез

келген жерден кесіп өткен азаматтарға

айыппұл да салынды. Себебі, жол-көлік

оқиғаларына байланысты түрлі жазатайым

жағдайлардың орын алуына тек автокөлік

иелері ғана емес, жаяу жүргіншілер де

себеп болып жатады. Сондай-ақ, жарығын

қосуға ұмытып кеткен автокөлік иелерімен

де таныстық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Адамдар

полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы

ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері

тиіс» деген еді. Бұл халық алдында адал

қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір

тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік

жүктейді. Еліміздің іргесі тыныш болып,

байрағымыз биіктен түспесін!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!