03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл 7

КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгінде бірқатар қызмет көрсету орындары

мобильді аударымдардан бас тартып, тұрғындардан

ақыны қолма-қол ақшамен қабылдауға

көшті. Бұған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының

«Салық және кейбір міндетті төлемдер

туралы» Кодекске өзгертулер енгізуі себеп болды.

Алайда бұл ретте кәсіпкерлер жаңашылдықтың

түп төркінін түсінбей, асығыс шешім қабылдап

жатқан көрінеді.

Қолма-қол ақшаға

қайтып ораламыз ба?

Қазіргі таңда қандай да бір

қызметтің ақысын банктердің

мобильді қосымшасы арқылы

аудару дағдыға айналды. Тұрғындардың

басым бөлігі бұрынғыдай

әмиян ұстап, қалтасына ақша

салып жүрмейді. Дүкенге телефонмен

барса жеткілікті. Сөрелерде

көрсетілген ұялы телефон нөмірі

бойынша тауар құнын әп-сәтте

аудара салады. Такси, сұлулық

салондары, көлік дөңгелектерін

жөндеу сияқты қызмет көрсету

орындары да мұндай жүйеге

әлдеқашан көшіп қойған.

Бірақ «Салық және кейбір

міндетті төлемдер туралы» Кодекске

өзгерістер енгізуге қатысты заң

жобасы депутаттар тарапынан

мақұлданғаны сол еді, электронды

түрде төлем қабылдау

сап тыйылды. Түптеп келгенде,

мұндағы өзгерістер «мобильді

төлем» деген түсінікті енгізуге

ғана байланысты. Қазіргі уақытта

тауарлар мен қызмет түрлерінің

ақысы «аударымдар» деген

тетік арқылы жасалса, келер

жылдан бастап «төлемдер» деген

батырманы басу арқылы іске

асуы мүмкін. Мүмкін деп отырған

себебіміз – Сенат депутаттары

жаңашылдықты құптағанмен,

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев әзірше тиісті құжатқа қол

қойған жоқ.

Соған қарамастан отандық

тауарлар мен қызметтер нарығында

«дүрбелең» туындады.

Әсіресе, бұған дейін банк картасына

аударым жасауды өтінген

саудагерлер, такси жүргізушілері

енді қолма-қол ақшамен есеп

айырысуды талап ететін болды.

Олардың басым бөлігі желтоқсан

айынан-ақ кәсіпкерлердің шоттарына

мобильді қосымшалар арқылы

түсетін қаражаттың барлығы

мемлекеттік кіріс органдары

тарапынан бақыланып, қосымша

салық салынады деп пайымдайтын

көрінеді.

- Мен өз-өзін жұмыспен

қамтыған азамат ретінде тіркеліп,

бірыңғай жиынтық төлем жасаймын.

Бұған дейін такси қызметі ретінде

тұрғындардан тапсырыс қабылдап,

діттеген жерге апарғаным

немесе сәлемдеме жеткізгенім

үшін белгіленетін ақыны өзімнің

немесе жұбайымның банк шотына

аударуын өтінетін едім. Себебі

соңғы уақытта тұрғындардың дені

мобильді аударымға көшкен соң

біз де қолма-қол ақшадан қағылып

қалдық. Кейде жолаушыларға

беретін қайтарым ақша болмай

жатады. Бірақ қарашаның соңында

депутаттар Кодекске өзгертулер

енгізген соң әлеуметтік желілерде

«енді мобильді қосымша арқылы

түскен табыстың бәрі бақыланып,

қосымша салық салынады» деген

ақпаратты көзім шалды. Егер әр

тапсырыстан түсетін табыстың

бір бөлігін салыққа төлеп, бір

бөлігіне жанар-жағармай сатып алар

болсам, пайда көрмейтін түрім бар.

Оған қоса, бөлшектерді ауыстыру,

көлік жөндеуге кететін шығындар

бар. Сондықтан соңғы бірнеше

күнде тапсырыс қабылдаған кезде

ақыны қолма-қол ақшамен ғана

қабылдайтынымды ескертетін

болдым, - дейді Қуаныш есімді

такси жүргізушісі.

Азық-түлік дүкеніндегі сатушылардың

басым бөлігі де қолма-қол

ақшамен есеп айырысуды құп

көретін болды. Олардың сөзінше,

тұтынушылардың 70 пайызы тауар

бағасын аударыммен, 20 пайызы

банк картасымен, тек шамамен

10 пайызы қолма-қол ақшамен

төлейді. Егер қызмет көрсетушілер

аударым жасаудан жаппай бас

тартса, бұрынғы төлем тәсіліне

қайтып келер түріміз бар. Ал

ел билігі керісінше электронды

сауда айналымына көшу қажеттігін

алға тартады. Сол үшін де осы

жылдың шілде айында шағын

және орта бизнес нысандары

төлемдерді POS-терминалдар

арқылы қабылдауы тиіс деген

талап қойды. Қаржы министрлігінің

дерегінше, жыл басынан бері

ел көлемінде барлығы 36 трлн

теңге онлайн аударым жасалды.

Бірақ жақын күндері бұл сома

едәуір азаятын сияқты.

Сондықтан салық органдары

Кодексте қарастырылған

жаңашылдықты түсіндіруге кірісті.

Облыстық мемлекеттік кірістер

департаменті түсіндіру жұмыстары

басқармасының басшысы Галина

Бирюкова жаңа салық түрі енгізілмейтінін

хабарлады. Қосымша

міндетті төлем түрі пайда болуына

қатысты тараған мәлімет – жалған

ақпарат.

- Бұл заң жобасына сәйкес,

«мобильді төлемдер» түсінігі пайда

болады. Ол туыс-туғандардан,

тамыр-таныстардан арасында

бір түсетін аударымдар мен

кәсіпкерлікті жүргізу есебінен

шотқа аударылатын төлемнің аражігін

ажырату үшін қажет. Яғни,

кімнің қатардағы тұрғын, кімнің іс

жүзінде кәсіпкер екенін анықтауға

мүмкіндік береді. Бірақ салық салу

режимінде ештеңе өзгермейді.

Салық мөлшерлемесі, оны төлеу

мерзімі, есеп беру уақыты сол

қалпы сақталатындықтан, бизнес

нысандарына қосымша жүктеме

түспейді, - дейді Г.Бирюкова.

«Төлем» мен «аударым» деген

жеке жолақтардың пайда болуы

тұтынушыларға да тиімді болмақ.

Себебі қазіргі уақытта қандай

да бір тауар ала қалсаңыз,

мобильді қосымша арқылы

аударым жасайсыз. Бірақ бұл

ретте түбіртек берілмейді. Яғни,

ертеңгі күні тауарды қайтару,

ауыстыру мүмкіндігі болмайды.

Егер тауар бағасын «төлем» батырмасы

арқылы төлер болсаңыз,

өз құқығыңызды қорғай аласыз.

Осы орайда келер жылдың

1 қаңтарынан бастап «e-Salyk

Business» мобильді қосымшасын

қолдану арқылы жаңа арнайы

салық режимі енгізілетінін еске

сала кетейік. Бұл қосымша арқылы

жеке кәсіпкерлікті тіркеуге, салық

режимін таңдауға, оны кассалық

аппарат ретінде қолдануға

болады. Сондай-ақ, 2023 жылға

дейін жеке кәсіпкерлер табыс

салығынан босатылғанын атап

өткен жөн. Демек, Кодексте бір

түсінік енгізілгенмен, қосымша

салық салынбайды. Сол себепті

қызмет көрсету орындары мен

тұтынушыларға электронды аударымдарды

төлем тәсілі ретінде

қолдануға еш кедергі жоқ.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Экономика

негізі

2011 жылдың 29 қарашасында

ҚР Президентінің Жарлығымен

бұрынғы Павлодар химия зауытының

аумағында «Павлодар» арнайы

экономикалық аймағы өз жұмысын

бастады. Сол уақыттан бері мұнда

еліміздің экономикасын ілгерілеткен

ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Сондай жобалардың бірі –

тазалау құралдары мен дезинфекциялық

өнімдерді шығаратын

«Белизна ПВ» кәсіпорны. Кейін

химиялық тыңайтқыштарды дайындайтын

«АгроХимПрогресс» пен

қыздырылған мұнай коксын

шығаратын еліміздегі алғашқы

әрі әзірше жалғыз зауыт –

«УПНК ПВ» ЖШС іске қосылды.

Осылайша, аймақтағы алғашқы

өндіріс орындарының қазығы

қағылды.

Араға бес жыл салып, яғни 2016

жылы өндіріс орындарының саны

жетеуге жетті. Бұл уақытта май

өндірісімен айналысатын «Evooil

Kazakhstan» және алюмосиликатты

микросфералар дайындайтын

«Металлогамма» кәсіпорындары

қатарды толықтырды.

Атап өтер маңызды жайт, осы

10 жыл аралығында бюджеттің әр

теңгесіне тартылған инвестиция

көлемі азайған емес. Мемлекет

мұндағы инфрақұрылымды жақсарту

үшін қомақты қаржы салса, оның

1 теңгесіне кемінде 10 теңге жеке

қаражат құйылады. Бұл көрсеткіш

бойынша «Павлодар» бірнеше жыл

бойы еліміздегі ең тиімді аймақ

аталып келеді.

Бүгінде аталмыш аймақтың

инвестициялық портфелі жалпы

сомасы 323,44 млрд теңге болатын

44 жобаны қамтиды. Оның қатарында

14 кәсіпорын тұрақты түрде өнім

ӨНДІРІС

Осыдан 10 жыл бұрын облыс орталығында

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы

құрылды. Химия, мұнай-химия және металлургия

саласындағы өндіріс орындарын біріктірген

бұл аймақ жыл сайын өз тиімділігін дәлелдеп

келеді. Бұған бюджеттің әр теңгесіне 10 теңге

жеке инвестиция тартылуының өзі айғақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

баспасөз жиынында Павлодар

облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық

инспекциясының басшысы Руслан

Төлепбаев мәлім етті.

- 2021 жылдың 1 желтоқсанынан

бастап Қазақстан бойынша «Ақбөкен»

акциясының екінші кезеңі басталады.

Акция екі кезеңнен тұрады.

Біріншісі, көктемгі төлдеу кезеңінде

15 сәуірден 15 мамырға дейін

жалғасады. Екінші, қысқы кезең

1-31 желтоқсан аралығында өтеді.

Аталмыш акцияның мақсаты – киіктер

санының популяциясын сақтау.

Сондай-ақ, киіктерді, олардың

мүйіздерін және басқа да дериваттарын

заңсыз өндірумен, өткізумен

және сатып алумен айналысатын

шығарады. Тағы 18 жобаны іске

қосу бойынша жұмыстар атқарылып

жатыр. Ал 12 жоба жақын уақытта

іске қосылуы тиіс.

Биыл «Павлодарда» үш зауыт

жұмысын бастады. Алғашқысы –

микросфера дайындайтын «Казциносфера»,

екіншісі – дизель отынына

арналған қоспалар шығаратын

«CDR Group», үшіншісі – металдың

сұрыпталған құймаларын өндіретін

«Металлэкс». Жыл соңына дейін

2,2 млрд теңгелік тағы екі жоба

жүзеге асады. Соның нәтижесінде

56 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Жалпы, арнайы аймақ іске кіріскен

10 жылда мұнда 1700-ден астам

тұрақты жұмыс орны пайда болды.

- 2011 жылдан бастап

барлығы 82 млрд теңге инвестиция

тартылды. Оның 20,8 млрд

теңгесі – шетелдік қаржы. Арнайы

аймақтың өндіріс көлемі 195 млрд

теңгеден асты. Дайын өнімнің

басым бөлігі сыртқа экспортталады.

Осы уақыт аралығында

бюджетке 12 млрд теңгеден астам

салық төлемдері аударылды, - деп

хабарлайды облыстық кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық

даму басқармасы.

Осылайша, «Павлодар»

арнайы экономикалық аймағы

өңір экономикасының негізіне

айналып отыр. Бұрын-соңды

елімізде болмаған өндіріс түрлерін

қолға алып қана қоймай, жергілікті

тұрғындарды тұрақты жұмыспен

қамтып, бюджетке түсетін міндетті

аударымдар жасайды. Ендігі мақсат

– отандық және шетелдік инвестицияны

көптеп тартып, әл-ауқатты

одан әрі арттыру.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

«АҚБӨКЕН»

Киік - киелі

жануар

Павлодар облысында 10 мыңға жуық киік тіркелген.

Оларды аулауға заңмен қатаң тыйым салынған.

Браконьерлерге 6000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде

айыппұл салынады немесе олар 3 жылдан 10 жылға

дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

браконьерлік топтардың қызметін

анықтау және оған тосқауыл болу, -

деді Руслан Төлепбаев.

Инспекция басшысының айтуынша,

ақбөкеннің аталығын заңсыз

атқандарға 500 АЕК, ал аналығы

мен төлін аулағандарға 350 АЕК

мөлшерінде айыппұл салынады.

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды

аулағаны үшін айыппұл

3 есе ұлғаяды, яғни 3-4 млн

теңгеге дейін жетеді.

Киіктерді, басқа да аулауға

тыйым салынған жануарлардың

етін сату, аулау, тасымалдау сияқты

заңсыз әрекеттер анықталса,

87053842131 немесе 8(7182)

60-72-01 нөмірлеріне қоңырау

шала аласыздар. Жануарларға

қамқор болайық!

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!