03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл ДУМАН

SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ

Ән айтылып,

күй төгілген күн

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай аймағымызда

мерекелік шаралар ұйымдастырылды. «Шаңырақ»

облыстық халық шығармашылығы және мәденисауық

қызметі орталығы ұжымы концерт өткізді.

Сондай-ақ, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкадрама

театры Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа

саяхат» қойылымын көрерменге тегін ұсынды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

«Елімнің тұңғыш Елбасы»

атты концерт барысында Тұңғыш

Президентіміздің сүйіп тыңдайтын

әндерінің бірі «Сәулем-ай» Серік

Рысбектің орындауында шырқалды.

Бұл халық әні «Шаңырақ

сазы» халықтық-фольклорлықэтнографиялық

ансамблінің сүйемелдеуімен

шырқалды. Оған қоса,

композитор Алтынбек Қоразбаевтың

«Үшқоңыр» әні көрермен

ықыласымен бірлесе орындалды.

«Шаңырақ» орталығы басшысының

міндетін атқарушы

Жарқынбек Амантай қала тұрғындары

мен қонақтарын мерекемен

құттықтап, «Ел тірегі –

Елбасы: тарих пен тағылым»

атты «Жасын» жобасының жеңімпаздарын

марапаттады. Аталмыш

зияткерлік сайыстың қорытындысы

бойынша 3-орынды №2

орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Ділназ Тоқболатова, 2-орынды

№2 орта мектебінің 11-сынып

оқушысы Алмаз Сейітхазин, ал

1-орынды Қ.Бекқожин атындағы

орта мектептің 10-сынып оқушысы

Шынболат Орымбай иеленді.

Сонымен қатар, өңіріміздің

рухани ордасы Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театры

Сақыпжамал СҮЙІНБАЙ,

медицина саласының ардагері, театрдың тұрақты көрермені:

- Мерекеге орай ұйымдастырылған тегін қойылымды

тамашаладық. Театр әртістерінің шығар биігі көп болсын.

Балғын шақтың естеліктерінен көрініс берген қойылымның

режиссері мен театр басшылығына алғысым зор. ҚР Тұңғыш

Президенті күнімен барша қазақ халқын құттықтай отыра,

індеттен аман-есен өтіп, бейбіт күнде қауышуды тілеймін.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

ұсынған «Балалық шаққа саяхат»

қойылымы жұртшылықты күлкімен

қатар мағыналы ойға батырды. Бір

уақытта көрермен көңілі босап жатқан

болса, енді бір мезетте балалық

шақтың тәтті сәттерін еске

түсірді.

- Ертіс-Баян өңірінің рухани

қара шаңырағы Ж.Аймауытов атындағы

Павлодар облыстық қазақ

музыка-драма театры Б.Соқпақбаевтың

«Балалық шаққа саяхат» қойылымын

мерекеге орай тегін ұйымдастырды.

Театрға келушілердің

арасында балалардың қызығушылығы

жоғары екендігіне қуаныштымыз, -

деді театрдың әдеби-драма бөлімінің

меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!