03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Қысқы кезеңге

дайынбыз!

Қыс мезгілінде тұрғындарды алаңдататын негізгі

мәселенің бірі – қауіпсіздік. Бұл уақытта бет қаратпас

суық пен қалың қардың салдарынан жолда қалған

жолаушылардың саны көбейетіні рас. Қақаған

қыста жолда тұрып қалған жүргізушілер мен жолаушыларды

кім құтқарады? Олар қайда хабарласуы

керек? Өңірде құтқарушылар мен техника саны

жеткілікті ме? Осы орайда, облыстық төтенше

жағдайлар департаменті басшысының орынбасары,

подполковник Мейрамбек Батырқұловпен

әңгімелескен болатынбыз.

ДІН-ДІҢГЕК

Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылының

құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Ел

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және аталған

мерейтойға орай елді мекенде күмбезі мен мұнарасы

келіскен жаңа мешіт ашылды.

Мүткеновте -

жаңа мешіт

- Мейрамбек Қажымаханұлы,

қыс мезгілінде құтқару

қызметіне жүктелетін міндет

еселене түсетінін білеміз.

Мамандардың қысқы кезеңге

дайындығы қандай деңгейде?

- Облыс әкімінің бірінші

орынбасарының басшылығымен

қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

2021-2022 жылдарға арналған арнайы

жоспар бекітілді. Оған сәйкес,

облыстық және республикалық

маңыздағы жолдардағы төтенше

жағдайлардың алдын алу,

жұртшылыққа ауа райы жөнінде

дер уақытында хабар беру мәселесі

назарға алынады. Жолаушылардың

қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

жеке құрамнан 1262 адам құтқару

қызметімен айналысатын болады.

Сонымен қатар, қар тазалайтын

338 бірлік техника сақадай сай

тұр. Жолаушыларды оқшаулауға

арналған 71 техника әзірленсе,

қиын жолдарда 134 техника

жүре алады. Сонымен қатар,

жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз

етуде жергілікті атқарушы орган

27 мердігер ұйыммен келісім

жасаған. Сол себепті қақаған

аязда, ақ түтек боранда жолда

қалған жолаушыларды құтқаруға

дайынбыз.

- Жолда қалған жүргізушілер

мен жолаушыларды

орналастыруға арналған жылыту

бекеттерінің әзірлігі

қандай?

- Далада қалған жолаушылар

үшін жергілікті атқарушы органмен

бірлесіп, 181 жылыту бекеті дайындалды.

Бұдан бөлек, үш мобильді

бөлімше, екі жолдағы медициналыққұтқару

қызметі және 13 жолда

құтқару бөлімшесі жұмыс істейді.

Жалпы алғанда 199 жылыту орны

бар. Олар 15 мың адамды орналастыра

алады. Жылыту бекетінде

жолаушыларға ыстық тамақ беріледі,

жатын орын да қарастырылған.

- Қақаған аязда, ақ түтек

боранда жолға шығып кеткен

жолаушылар кімнен көмек

сұрай алады?

- Ең бірінші кезекте «102» нөміріне

қоңырау шалып, құтқарушыларға

қандай бағыттағы жолда келе

жатқанын айтуы керек. Өзіне

жақын жердегі елдімекенді білсе,

жақын маңдағы құтқару қызметі

жіберіледі. Көліктегі адам саны

6 ЖЕЛТОҚСАН - ПРОКУРАТУРА КҮНІ

мен жанармай мөлшерін де айтуы

тиіс. Ұялы телефоны үнемі қосулы

болуы тиіс. Құтқарушыларың оқиға

орнына жету мүмкіндігі жолдың

жағдайы мен ауа райына байланысты.

Мәселен, Екібастұздан

Шідертіге жету уақыты 1-1,5 сағатқа

созылуы мүмкін. Десе де, мамандар

жедел жетуге тырысады.

Ұялы байланыстан ажыратылған

елді мекендер бар. Егер аязды күні

көлік тоқтап қалса, жол-жөнекей

кездесетін өзге техникалардан

көмек сұрау керек. Салон ішінде

отыра бермей, үсік шалмас үшін

үнемі қозғалыста болып, жаттығу

жасау маңызды. Кез келген жүргізуші

өзімен бірге жылы киім, майшам,

сіріңке, азық-түлік алып жүргені

дұрыс. Қандай бағыт бойынша

жолға шыққанын туыстарына айтуы

керек. Бұл әрекет оқыс жағдайдан

қорғайды. Жалпы, құтқару қызметі

ауа райы туралы хабарламаны

тәуліктің кез келген уақытында

жолдап, ескертіп отырады. Тұрғындар

СМС-хабарламаға мән берсе екен

дейміз.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Мешіт 200 адамға арналған,

қос мұнаралы, күмбезді, келісті

ғимарат етіп салынған. Имам

бөлмесі, дәрісхана, әйелдер намаз

оқитын бөлме, дәрет алатын

орын, киім ілетін дәлізі бар.

Мешіттің салтанатты ашылуына

облыстың бас имамы Жолдас қажы

Қоспақұлы, Ақтоғай ауданының

бас имамы Ахметолла қажы

Жандарбекұлы, Ақтоғай ауданының

әкімі Қаршыға Арынов және

басқа да ел алдында жүрген

азаматтар қатысты. Құрметті

меймандар ауыл халқын жаңа

мешіттің ашылуымен құттықтап,

Алланың үйі игілікті істерге

бастамашы болып, иманды да

ибалы жастарды тәрбиелеп

шығаруға ұйытқы болатынын

жеткізді. Мешіттің бой көтеруіне

атсалысқан белсенді азаматтарға

Алғыс хаттар мен

сый-сыяпаттар табысталды.

- Өткен жылы басталған

мешіттің құрылысына Қазақстанның

түкпір-түкпірінде, сондай-ақ жақын

және алыс шетелдерде тұратын

ауыл тумалары мен жергілікті

ауылдық округінің тұрғындары

түгелдей өз үлестерін қосты.

Әлбетте, бұл игі істің бастамашысы

болып, ұйымдастырып,

ұйыстырған азаматтар болды.

Осының нәтижесінде мешіт

құрылысы толық аяқталып, ел

игілігіне ұсынылды, - деді облыстың

бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Ауыл ақсақалдары ақ батасын

беріп, ақ жаулықты аналар шашу

шашып, ізгі ниеттерін білдірді.

Салтанат соңы ауылдық мәдениет

үйінде мәдени-рухани шарамен

жалғасын тапты.

Өз тілшіміз.

Әділдік жолында

Ел Тәуелсіздігімен қатар жасасып келе жатқан маңызды мемлекеттік органдардың

бірі - прокуратура. Биыл отандық прокуратураның құрылғанына

30 жыл толады. Бұл ретте Павлодар облыстық прокуратурасы да өзіне жүктелген

жауапты міндетті абыроймен атқарып, азаматтардың бостандығы мен заңды

құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында талмай еңбек

етіп келеді.

Жалпы, аймағымыздағы бақылаушы

органның құрамында 13 аумақтық

және бір мамандандырылған

табиғатты қорғау прокуратурасы

жұмыс істейді. Аталмыш мекемелерде

200-ден астам прокурор

еңбек етуде. Олардың қалтқысыз

қызметі мен біліктілігінің нәтижесінде

облысымызда жыл сайын

қылмыс көрсеткіші орташа есеппен

16,3 пайызға азайып келеді.

Мәселен, 2020 жылы құқық

бұзушылықтар саны 25,2 пайызға

кемісе, ағымдағы жылдың 10 айы

ішінде бұл көрсеткіш 7,4 пайызға

азайған. Бұдан бөлек, прокура-

тура жалпы құқық қорғау органдарының

жұмысының нәтижелілігі мен

тиімділігін арттыру бағытындағы

көптеген жаңаша бастамаларға

мұрындық болып келеді. Сондай-ақ,

түрлі заңсыз әрекеттердің салдарынан

мемлекетке келтірілген

қомақты шығындар өтеліп келеді.

Азаматтардың конституциялық

құқықтары қорғалуда. Мысалы,

Екібастұз қаласының прокуратурасы

жергілікті 308 оқытушыға

жалпы сомасы 27 млн теңге

көлеміндегі қарызын қайтартып

берді. Бұдан бөлек, білім беру

мекемелерінің 322 қызметкерінің

8 млн теңге көлеміндегі зейнетақы

және әлеуметтік төлемдері қалпына

келтірілді.

Тағы бір кемшілік «Богатырь

Көмір» ЖШС-не қатысты

анықталды. Аталмыш кәсіпорын

екі жыл бойына ауыр жұмысқа

жұмылдырылған қызметкерлерінің

жалақысын дұрыс төлемей келген.

Тек прокуратураның араласуымен

1577 қызметкердің еңбекақысы

қайта есептеліп, төленді.

Прокуратура органдарының

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының

жүзеге асу барысына жүргізген

тексерулердің нәтижесінде

223 кәсіпкерге жалпы сомасы

100 млн теңге көлеміндегі бұған

дейін ала алмай келген гранттары

өтелді. Сонымен қатар, жалпы

көлемі 172 мың гектарды құрайтын

194 жайылым мемлекет меншігіне

қайтарылды.

Екі мердігер кәсіпорын мемлекеттік

жекеменшік серіктестік

аясында Павлодар қаласының

көшелерін жарықтандыруға бөлген

405 млн теңгені қолды қылуға

тырысқан. Прокурорлар бұл заңсыздықтың

да жолын кесті. Прокуратура

мамандары бизнес өкілдерімен

жиі кездесіп, мәселелерін

тыңдап әрі шешіп келеді.

Аймағымыздың бас прокуроры

Қайрат Әбдіханов құзырлы орган

адам құқығын қорғауды бірінші

орынға қоятынын айтады.

- Құқығы тапталып, жапа

шеккендер бізден көмек сұрап

келеді. Оларға жәрдемдесу – кәсіби

міндетіміз ғана емес, адамгершілік

парызымыз. Прокурорлар жеке

кәсіпкерлердің мәселесін тыңдаудан

жалыққан емес. Май ауданының

прокурорына жолыққан бір кәсіпкер

мемлекет тарапынан несие алып,

жалпы аумағы 140 шаршы метрді

құрайтын балаларға арналған ойын

алаңын ашқанын айтқан. Алайда

карантин талаптарына сәйкес,

тек жалпы аумағы 500 шаршы

метрден асатын мекемелердің

қызметіне рұқсат берілген болатын.

Осыған байланысты ол жұмысын

жүргізе алмай отырғанын жеткізіп,

көмек сұрады. Біз жоғары билікке

хат жолдап, мәселені шешуді

сұрадық. Сөзіміз жерде қалмай,

жалпы аумағы 500 шаршы метрге

жетпейтін нысандардың жұмыс

істеуіне рұқсат берілді. Осылайша,

мәселенің республика деңгейінде

шешілуіне де атсалысып келеміз.

Сонымен қатар, өңірде санитарлық

талаптың қатаң сақталуын қадағалау

бойынша да тексерулер

жүргізілді, - дейді Қ.Әбдіханов.

Осылайша, облыстық прокуратура

мамандары әділдік жолында

жүруде. Қоғамда заңсыздыққа жол

бермей, тұрғындардың құқығын

қорғауда. Күрделі салада еңбек

етіп жүрген прокурорларды төл

мерекесімен құттықтап, еңбектеріне

жеміс тілейміз!

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Суретті түсірген -

Есенжол Исабек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!