03.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 4 желтоқсан, сенбі, 2021 жыл 3

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Бір оператор

қалуы тиіс

Бүгінде Павлодар

қаласындағы қоғамдық

көліктерде электронды

билет жүйесі аясында

екі оператордың жұмыс

істейтіні белгілі. Трамвайлар

мен үлкен

класты автобустарда

«Avtobys», шағын автобустарда

«O-CITY»

көлік карталарымен

жолақысын төлеуге

болады. Алайда екі

картаны қатар алып

жүру жолаушыларға

айтарлықтай қолайсыздықтар

тудырады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сондықтан Павлодар қаласының

әкімі Асайын Байханов жолаушыларды

тасымалдаумен айналысатын алты

кәсіпорын басшылығымен кездесу барысында

желтоқсан айының ортасына

дейін бір ғана операторды қалдыруды

тапсырды. Шаһар басшысының

пайымынша, қоғамдық көліктердің

барлығында бірдей тек бір қызмет

көрсетуші компания қалуы тиіс.

Бұл өзгерісті «Трамвай басқармасы»

АҚ желтоқсанның алғашқы күнінен-ақ

бастап кетті. Екі жыл бойы трамвайларда

«O-CITY» жүйесі жұмыс

істеп, кондукторлар тұрғындардың

банк картасын қызыл валидаторға

жанастыру арқылы жолақыны электронды

түрде қабылдаған еді. Осы

уақыт аралығында 4 миллионнан

астам транзакция жасалды. Бірақ

кәсіпорын басшылығы таяуда бұл

жүйеден бас тартты. Жолаушыларға екі

көлік картасымен жүру ыңғайсыздық

тудырмас үшін трамвайларда жыл

басында іске қосылған «Avtobys»

жүйесін қалдыруды құп көрді. Яғни,

енді қоғамдық көліктердің бұл түрінде

жалғыз оператор қалды.

Ал шағын автобус иелері керісінше

«Avtobys» жүйесімен жұмыс

істеуге бейілді емес. Кейбір көлік

жүргізушілерінің сөзінше, бұл жүйе

бойынша қызмет көрсететін «Смарт

Автобус ПВ» компаниясының комиссиясы

тым жоғары. Әр билет бағасының

10 пайызын аталмыш кәсіпорынға аудару

қажет. «O-CITY» жүйесіне жауапты

«BPC Kazaknstan компаниясы болса,

COVID-19

Өңірлік коммуникациялар

қызметінде

облыстағы ағымдағы

эпидемиологиялық

жағдай және вакцинациялау

науқанына

байланысты баспасөз

конференциясы өтті.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы мекемелерін стратегиялық

дамыту және инновациялық технологиялар

бөлімі басшысының міндетін

атқарушы Ерғалы Асылбек ағымдағы

эпидемиологиялық жағдай туралы

баяндады.

Соңғы тәулікте коронавирус

жұқтырған 87 адам тіркелген, оның

85-і дерттің симптомдық түріне

шалдыққан. Қазір облыс бойынша

стационарда 731 адам емделуде.

Реанимациялық төсек-орындарда

9 адам өкпені жасанды тыныс алдыру

аппаратына, 18 адам инвазивті емес

өкпені тыныс алдыру аппаратына

қосылған.

6 пайыздық комиссияға келісіп отыр.

Сол себепті жолаушыларды шағын

автобуспен тасымалдаушыларға дәл

осы оператор тиімді болып тұр. Бұған

дейін «Смарт Автобус ПВ» жетекшісі

Талғат Тоқтасынов шағын автобустарда

«Avtobys» валидаторларын

небары бір күн ішінде орнатуға

дайын екенін айтқан болатын. Тек

ол үшін жүргізушілердің өзі осы

жүйеге көшуге бейілді болуы керек.

Осылайша, облыс орталығындағы

жолаушыларды тасымалдайтын және

электронды билет бойынша қызмет

көрсететін компаниялар өзара мәмілеге

келе алмай отыр. «Павлодар облыстық

көлікшілер одағы» қауымдастығының

басшысы Василий Рудаковтың сөзінше,

алдағы 10 күн дересінде операторлар

мен кәсіпорындар қалай болғанда

да ортақ байламға келуі тиіс. Ол

үшін билет бағасынан ұсталатын

комиссия көлемі де қайта қаралуы

әбден мүмкін.

Асайын Байханов пен жолаушыларды

тасымалдайтын кәсіпорындар

басшылығымен кездесу барысында

тариф мәселесі де көтерілді. Естеріңізде

болса, тұрғындарды тасымалдауға

жауапты мекеме өкілдерінің

80 теңгелік тарифке көңілі толмайтынын

жазған едік. Олар бұл тариф

бекітілген 2017 жылдан бері дизель

отыны, автобус бөлшектерінің қымбаттағанын

алға тартып, жолақыны кемінде

100 теңгеге дейін өсіру керек екенін

білдірді. Тіпті, «Павлодар облыстық

көлікшілер одағы» қауымдастығының

төрағасы Василий Рудаков жергілікті

биліктің бұл ұсынысты қарауы үшін

сотқа арыз беруге бекінгені есімізде.

Алайда Асайын Қуандықұлы тарифті

арттыруға жол берілмейтінін кесіп айтты.

Жақын уақытта қоғамдық көліктерде

қатынау ақысы 80 теңге болып қалуы

тиіс. Ал шығындардың өтемі ретінде

кәсіпорындарға бюджеттен өтемақы

мен субсидия қарастырылады.

Бұл ретте жергілікті билік алты

кәсіпорынның барлығына жеңілдікпен

жүретін 16 санат өкілдері үшін өтемақыны

уақытылы төлеп отырғанын атап өткен

жөн. А.Байхановтың айтуынша, жыл

басынан бері жолаушыларды тасымалдайтын

компанияларға 332 млн теңге

көлемінде өтемақы берілді. Сондай-ақ,

өткен аптада қосымша бөлінген

192 млн теңгені төлеу басталды.

Бүгінгі таңда оның 94 млн теңгесі

аударылды. Қалған сома жыл соңына

дейін толық беріледі.

- Павлодарлықтардан қала әкімдігіне

жүргізушілер мен кондукторларға

қатысты көптеген шағым түседі. Көп

жағдайда жүргізушілер тұрғындарға

оларды тегін тасымалдайтынын

және жеңілдікпен жүретін жолаушылар

үшін өтемақы төленбейтінін айтады.

Бұл – жалған ақпарат! Оның тарауына,

сол арқылы адамдарды адастыруға

жол беруге болмайды. Біз тасымалдаушы

компанияларға тиісті төлемдерді

уақытылы төлеп отырмыз. Алдағы

уақытта да міндеттемелерді орындаймыз.

Ал сіздердің міндеттеріңіз –

қызметкерлер мен автобустарды жалға

алушыларға мәселенің мән-жайын

түсіндіру. Маршруттар бойынша

келісімшартты алты кәсіпорынмен

жасаған соң, сәйкесінше өтемақы

да сол алты кәсіпорынға беріледі.

Қоғамдық көліктерді жалға алушылар

мен әкімдік арасында ешқандай құжат

жоқ. Сол себепті оларға тікелей түрде

өтемақы төленбейді. Оны автобустарды

жалға беруші мен жалға алушы

өзара шешуі тиіс. Біз қоятын басты

талап – жолаушыларға сапалы қызмет

көрсету, тұрғындарға сыпайы сөйлеу,

түсініспеушілік тудыратын, шындыққа

жанаспайтын ақпараттарды таратпау, -

деді А.Байханов.

Айта кетелік, бүгінде қала тұрғындарының

30 мыңға жуығы көлік

карталарын алып үлгерді. Дифференциалды

тарифке көшу үшін тағы

30 мың жолаушы картаны сатып алу

қажет. Бірақ нақты қай картаның

жарамды болары әзірше белгісіз. Ол

қоғамдық көлік иелері мен операторлар

арасындағы келіссөздерден

соң белгілі болады.

Ахуал тұрақты

- Жалпы төсек-орындар қоры

25 пайызға қысқартылды. Зеленая

роща көшесіндегі және теміржол

ауруханасындағы стационарлар

жабылды. №3 қалалық ауруханада

төсек қорының саны азайтылды.

Коронавирус инфекциясының таралу

қарқыны бойынша облыс «сары»

аймақта орналасқан.

Жүкті әйелдер статистикасына

сәйкес соңғы тәулікте жаңа 5 жағдай

тіркелді. Жүкті әйелдер арасында

облыс бойынша барлығы 58 адам

ем қабылдауда. Соның ішінде 27

әйел стационарлық, 31-і амбулаторлық

ем қабылдауда. Өңірде 54 бала

медициналық бақылауда. Оның 19-ы -

стационарлық, 35-і амбулаторлық ем

алуда, - деді Ерғалы Амангелдіұлы.

Қазіргі таңда 342 мыңнан астам

адам 1 компонентпен егілсе, 317

мыңнан астам адам екі компонентті

толық қабылдаған. Спикердің айтуынша,

облысқа екі компонентті «Pfizer»

вакцинасының 29250 дозасы әкелінген.

Бүгінде екпе алған 1726 адамның

1155-і жасөспірім, 61-і жүкті әйел, 510

әйелдің емізулі баласы бар. Облыста

ревакцинация басталғалы 654 адам

екпе алған.

Торғын ОРАЗАЛЫ.

Ұлттық өнерді ұлықтаған

кешке жиылған жұртшылық

нағыз суырып салма айтыстың

куәгері болуда. Мерейлі мереке

қарсаңында ұйымдастырылып

отырған облыстық аламан

ардагер ақындарды марапаттау

рәсімінен басталды.

Облысқа аты танымал айтыс

ақтаңгерлері Жұмкен Сейітов,

Бейсенбі Мұқажан, Шолпан

Байғалы, Қанат Шайғазин Ертіс-

Баян өңірінің руханиятына,

айтыс өнерін дамытуға қосқан

қомақты үлесі үшін облыс

әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

атынан Құрмет грамотасымен

марапатталды. Алғыс хатты

табыс еткен облыс әкімінің

орынбасары Айзада Құрманова

ақындарға сәттілік тілеп, айтыс

- ел руханиятының төрінен

орын алатын өнер екенін атап

Кеше Ж.Аймауытов

атындағы қазақ

музыка-драма

театрында Ел

Тәуелсіздігінің

30 жылдығына

арналған «Тәуелсіздікке

тағзым» атты

облыстық ақындар

айтысы басталды.

Дүбірлі айтыс

басталды

өтті. Жыр додасына түскен

дүлдүлдердің шабысына,

сөз қағысына баға беретін

қазылар алқасының төрағасы

«Алаш» әдеби сыйлығының

лауреаты, ақын Ғалым

Жайлыбай күн бұрын өткен

баспасөз конференциясында

жергілікті тұрғындарды нағыз

суырып салма айтыс күтетінін

айтқан болатын. Облыстың

28 ақынынан 14 жұп құралып,

жүйріктер жеребе арқылы өзінің

қарсыластарын сахна үстінде

біліп отырды. «Айтыс десе

ішкен асын жерге қоятын»

ұлттық өнердің жанашырларын

бүгін екінші айналым мен

финал күтеді.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суретті түсірген -

Есенжол Исабек.

Басы 1-бетте

Ерікті болу -

жүрек қалауы

Форум барысында түрлі форматтағы оқыту-дамыту

тренингтері мен семинарлар ұйымдастырылды. Тәжірибелі

еріктілер мен белсенділер өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен

бөлісті. Сонымен қатар коммуникация жөніндегі маман,

Astana Group президентінің кеңесшісі Әлішер Елікбаев

волонтерлік қызметпен айналысатын барлық қайырымдылық

ұйымдары бір арнаға тоғысып, жүйелі түрде қайырымдылық

жасау керектігі туралы әңгіме өрбітті.

Шара аясында «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығын

тапсыру салтанаты өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму

вице-министрі Болат Тілепов қатысушыларды құттықтап,

елдегі азаматтық қоғамның қалыптасуындағы еріктілердің

ерекше рөлін атап өтті. Ал Павлодар облысы әкімінің

орынбасары Айзада Құрманова павлодарлық еріктілердің

Қазақстандағы еріктілер қозғалысының бастамашыларының

бірі болғанын тілге тиек етті.

– Павлодардың осы форумды өткізу орталығы ретінде

таңдалғаны кездейсоқ емес. Кезінде алғашқы еріктілер

орталықтарының бірі Павлодарда, қазіргі ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаты Вера Ким мен облыстық мәслихат

депутаты Динара Айтжанованың басшылығымен құрылған

болатын. Көптеген павлодарлық белсенділер «волонтерлік

туралы» заңды әзірлеуге қатысты,-деді Айзада Амангелдіқызы.

«АЅАА» Шымкент қаласының ACCESS түлектері» жастар

ҚБ, «JasStar» волонтерлік желісі, «Жерұйық Кеген жастары»

ҚБ «Үздік волонтерлік ұйым» атанды. Қазақстанның белсенді

еріктілері мен үздік волонтерлік ұйымдары «Корпоративтік

еріктілік көшбасшысы», «Коронавирустық инфекциямен

күреске қатысқаны үшін», «Тұрақты даму мақсаттарының

көшбасшылары», «Үздік әлеуметтік көмекші», «Төтенше

жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін», «Хабарсыз

кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін және

тағы да басқа аталымдарымен марапатталды.

Т.ӘБІЛДА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!