07.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

10

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз

2018 жыл

Сән мен сымбат

www.shymkala.kz

Көктем – қызкеліншектер

үшін гардеробты

жаңартатын

мезгіл. Ендеше,

таңдау жасаудың уақыты

келді. Киімдердің

сәні мен түсінде, аяқ

киімдер мен аксессуарларының

ерекше үлгіде

болғанын қалайтын жандарға

сәнгерлер жаңа

топтамаларын ұсынып

үлгерді. Олай болса, маусымның

ең сәнді дүниелеріне

шолу жасап өтсек.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Табиғатқа жақын

түстерді таңдаңыз

Түстер. Ит жылы болғандықтан

табиғатқа жақын қоңыр,

сары, көгілдір, қоңырқызыл,

черри қызанағы және

күлгін түстер сәннен орын алады.

Көктем-жаздың басты түсі –

күннің шуағы мен өмірлік энергия

беретін сары және тыныштандыратын

лаванда, күлгін

түстер болмақ.

Лаванда түсі қатал, салқынқанды

жандардың өзінің

бейнесін нәзік етіп көрсетеді.

Матасы шифон, атлас, жазғы

болады. Бұл әшекейлер сәнге

енген черри қызанағы, қоңыр

қызыл, қоңыр түсті киімдермен

жарасым таппақ.

Танамоншақ пен түйреуіш

– нәзіктік сыйлап, әйелдердің

болмысын айқындай түсетін

керемет зергерлік бұйымдар.

Оны енді көктемгі-жазғы жейде,

костюм және былғары күртешеге

жарастыра тағу сәнге

айналады.

Сөмкелер. Классикалық

қара түсті сөмкелер сәннен қалып,

қоңыр, көгілдір, қызғылт

сары түспен алмасады. Жазғы

сөмкелердің киімнің матасымен

сәйкес келетін, шашақпен

безендірілген, ұстағанға ыңғайлы

шағын түрлері дүкен сөрелерінен

көптеп орын алады.

Шашақтар

оралды...

«Поп

– арт»

Әлемге танымал сәнгерлер

биыл өз топтамаларына

50-80 жылдар аралығындағы

сән үлгілерінің элементтерін

енгізген. Атап айтқанда, «Ұлы

Гэтсби» дәуіріндегі шашақты

киімдерге биыл қайта ораламыз.

Белдемше, көйлек, сыртқы

киімдердің етегі немесе

жеңі ұзын шашақтармен безендіріледі.

Аяқ киім, қол сөмкенің

өзінің бір бөлігінде шашақтар

байқалса, бұл биылғы

сән екенін ұмытпаңыз. Тіпті,

жас қыздар үндістер секілді

маңдайын шашақты баулар,

ленталар, шәлілермен орауына

болады.

Дүкендерде геометриялық

кескіндер, адамның, жан-жануарлар

мен көкөністердің бейнесі

айшықталған киімдерді

көрсеңіз, бұл 70-жылдардағы

«поп-арт» стилінің оралғанын

аңғартады. Көктемгі пиджак,

жейде, шалбар, тіпті классикалық

көйлектерді дизайнерлер

«поп-арт» стиліне салып, ерекше

үлгіге айналдырған. «Ашық,

түрлі-түсті реңктегі көйлектер

кез келген ортада әйелдерді айрықша

көрсетіп, өмірге деген

құштарлығын, шығармашылық

тұрғыдағы шабытын шарықтатады»

дейді сәнгерлер. Сән

әлеміндегі кеңесшілер осы бағытты

таңдағанда аксессуарлары

(сөмке, шашқа қажетті әшекейлер)

киімнің матасынан болса,

керемет үйлесім табатынын

айтады.

70-жылдары жүріп-тұруға

ыңғайлы киімдер сәнде болған.

Яғни, көйлек, ұзын белдемше

жейдесімен, жемпір, шалбарды

кең пішімде сәнді етіп ұсынған.

Ол «бохо-стиль» деп аталған.

Стильдің ерекшелігі киімге

үйлестіріп басына қалпақ,

аяғына өрнектермен айшықталған

етікпен киюінде. Бохостиль

жастармен қатар 50-ден

асқан әйелдерді қатты қызықтырған.

Мұның себебін дизайнерлер

табиғи маталарға басымдылық

беруімен және жастың

келуімен басталатын кейбір

кемшіліктерін жасыра алатынымен

түсіндіреді.

2018 жылдың көктем-жазының

топтамасындағы аяқ киімдерге

пластик, мөлдір материалдарды

бір бөлігіне пайдалануда.

Бұл элементтерді қысқа

етік, туфли, жаздық туфли,

сүйретпелердің өзінен көруге

болады.

стилі

қайта

оралды

жеңіл, тіпті, костюмдер тығыз

матадан тігілсе де жарасымды

көрінеді.

Биылғы сәнгерлер айтқан

көктемгі сыртқы киімдердің

ерекшелігі – түсінде. Әсіресе,

плащтар гүлмен айшықталған

және ашық түстермен ұсынылады.

Жастар үшін сулықтардың

матасы джинсымен алмастырылып,

сәнгерлер қара, көк

түсті джинсы плащтың қысқа

көйлек, шолақ шалбар, кроссовкамен

де сәнді көрінетінін

айтады.

Аксессуралар. Кө з д і ң

жауын алатын інжу моншақтарды

ұнататын қыз-келіншектер

үшін жағымды жаңалық

бар. Биыл інжуден моншақ

қана емес, сырға, білезік,

шашқа арналған әшекейлерді

ойланбай сатып алуыңызға

Ұлттық нақыштағы

киімдер сәнде

Көктемнің алғашқы күнінде

Қазақстанның сәнгерлері Шымкентте

бас қосты. «SHYMKENT

POP UP STORE» ұлттық дизайнерлер

көрмесінің VIII маусымы

«Шымкент плаза» ойынсауық

орталығында салтанатты

түрде ашылды. Облыстық

кәсіпкерлік палатасының

ұйымдастыруымен өткен шараның

мақсаты – отандық тауар

өндірушілерге қолдау жасап,

шетелдік мамандармен тәжірибе

алмасуға мүмкіндік жасау.

Көрмеге 30-ға жуық бренд

компаниялармен қатар ТМД

елдерінен Литва, Грузия, Қырғызстан,

Өзбекстанның танымал

дизайнерлері де қатысып,

эксклюзивті киім үлгілері мен

аксессуарларын ұсынды.

Көрмеге қатысушы алматылық

«Akka style» ательесінің

өкілі Ақбала Әбуова мұндай

көрменің шығармашылыққа

шабыт беріп, тұтынушыларға

тауарларын таныстыруға үлкен

мүмкіндік беретінін айтады.

– 35-50 жастан асқан әйелдерге

арналып тігілген киімдер

топтамасын алып келдік.

Сыртқы және күнделікті киетін

киімдердің бір-екі данадан заманауи

үлгіде тігеміз. Алматы,

Астана қалаларында шоурумдарымыз

бар. Осы көрмеде

тұтынушылардан сұраныс болып

жатса, Шымкентте өз дүкенімізді

ашу ниетіміз бар, –

дейді отандық дизайнер.

Грузиялық дизайнер Магда

Твалиашвлидің Шымкентке алғаш

келуі. «MAGDA» бренді нарықта

киім және аяқ киім коллекциясымен

танымал.

– Қазақстандық дизайнерлермен

тығыз қарым-қатынас

орнатып келеміз. Жуырда Алматыдан

өз дүкенімізді ашуды

жоспарлап, қазір осы бағытта

жұмыс істеп жатырмыз. Көрме

аясында Қазақстанның дизайнерлерімен

танысып, олардың

жұмысы біздің қызығушылығымды

арттырды, – дейді грузиялық

дизайнер.

Отандық дизайнерлер ұсынған

топтамалардың ұлттық нақышқа

бет бұрғаны байқалады.

«Aidar Khan», «Kurak-korpe» сән

ательесі елімізде осы бағытты

ұстанған. «Тұрмысқа арналған

киімдерді ұлттық нақышпен,

заманауи үлгіде тігуге тапсырыс

беретіндер саны артып

отыр» дейді ателье өкілдері.

Іс-шараға келушілерге отандық

дизайнерлердің көктемжаз

топтамасы ұсынылды. Бұдан

бөлек шеберлердің қолдан

жасалған әшекей бұйымдары,

былғары сөмкелер, косметикалар

және кәдесыйлар көрмеден

орын тапты. Сондай-ақ, көрмеде

балаларға арналған дефиле,

визажистер және стилистердің

шеберлік-сабақтары өтті. Айта

кетейік, фэшн-фестиваль Шымкентте

осымен 8 рет ұйымдастырылып

отыр.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!